Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2015 в 16:59, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым бөлігін қамтитын, елдің өнеркєсіп өндірісінің негізгі ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР
1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет
2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ
2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері
2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.
2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.
2.4 «Өзен» мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.
2.5 «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы
3 МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ
3.1 Мұнай өндіру процесі.
3.1.1 Тасымалдау
3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар
3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар
3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары
3.3 Коррозия, болдырмау әдістері
3.4 Пластикалық труба (Новизна)
4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
4.1 Біріккен менеджмент жүйесі
5 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері
6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын талдау
6.3 Өлшеу құралдарын сынау
6.4 Өлшеу құралдарын жөндеуді және түгендеуді ұйымдастыру
6.5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
6.6 Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
7 МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СЫНАУ
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ
8.1 Еңбек қорғау
8.2 Өндірістік экология
9 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

1351_________.docx

— 155.79 Кб (Скачать файл)

• ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту.

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.

Ключевые направления реконструкции: Завершение строительства комплекса каталитического крекинга, строительство новых установок каталитического риформинга, производства водорода, производства серы, реконструкция установки гидроочистки дизтоплива, авиатоплива, ГФУ. Реконструкция существующей установки каталитического риформинга под изомеризацию.

После реализации проекта планируется перерабатывать 75 % Актюбинских и 25% Кумкольских нефтей.

Павлодар мұнай өңдеу зауыты

Павлодар мұнай өңдеу зауыты 1978 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 1978 жылы битум өндірісі жөніндегі қондырғы пайдалануға берілді. 1983 жылы МӨЗ ауқымды кеңейтілуі болды, оның ішінде терең өңдеу кешенін іске қосу да бар. 1986 жылы баяу кокстау қондырғысы іске қосылды. Зауыт Омск-Павлодар мұнай құбыры бойынша түсетін батыс-сібір мұнайының қоспасын өңдейді.

Бүгінгі күні зауыттың белгіленген қуаты жылына 5,0 млн. тонна шикі мұнайды құрайды.

МӨЗ негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), ал екіншісі – КТ-1 кешені (вакуумді айыру қондырғысы, вакуумді газойлді гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газ фракциялайтын қондырғы).

2008 жығы қыркүйекте зауытта  сутегі өндіру қондырғысы пайдалануға  берілді, ол гидрогенизациялық үрдістер  үшін құрамында сутегі бар  газдың тапшылығын жоюға және  дайын өнімнің сапалы сипаттамасын  айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік  береді.

2009 жылы ПМӨЗ акциялық  бақылау пакетін сатып алу  бойынша мәміле аяқталды.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп инфрақұрылымы объектілеріне инвестицияларды жүзеге асыру бойынша «ҚазМұнайГаз» ҚК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және Италияның энергетикалық Eni s.p.a.» (бұдан әрі – ЭНИ) компаниясы арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік жөніндегі қол қойылған меморандумның негізінде 2009 жылғы қаңтардан бастап «ПМӨЗ» АҚ дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. Бағдарламаның бірінші кезеңі зауытты жаңғыртудың ұтымды сызбасын әзірлеуді және таңдап алуға негізделген. ТЭН және зауытты жаңғыртудың бас жоспарын әзірлеуді 2010 жылы аяқтау жоспарланып отыр, оның нәтижелері бойынша инвестициялардың көлемі нақтыланатын болады.

ҚМГ және ЭНИ өкілдерімен бірлесіп, ПМӨЗ жаңғырту жобасын басқару жөніндегі бірлескен комиссия құрылды, ол жоба бойынша атқарылатын жұмыстарды бақылауға жауап береді.

Жобаның мақсаты:

• мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылықты жылына 7,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту;

• 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;

• ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;

• ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту.

Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.

 

Бренд – «ҚазМұнайГаз» («ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ)

ЖЖМ бөлшек сауда нарығын маркетингтік зерттеулер нәтижелері және тұтынушылардың пікірлері бойынша жанармай құятын стансалардың брендін өзгерту туралы шешім қабылданды.

«ҚазМұнайГаз» жанармай құятын стансалардың жаңа дизайны инновациялық стильді және компанияның үздік әлемдік стандарттарға сәйкес болуға ұмтылысын білдіреді.

Модульдік жанармай құятын стансалардың жаңа корпоративтік дизайн үлгісіндегі алғашқы партиясы «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетингі» АҚ еншілес ұйымдарының иелік етуіне тиді.

Жанармай құятын стансаларды автоматтандыру жүйесін енгізу жөніндегі алғашқы пилоттық жоба сәтті аяқталды, ол еңбек өнімділігін 9 пайызға арттыруға, жанармай құятын стансаларда мұнай өнімдерін бензин таситын машиналардан қабылдау кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік берді.

Жаңа технологиялар сатылатын мұнай өнімдерінің сервис сапасын жақсартуға, тұтынушыларға қызмет көрсету уақытын азайтуға ықпал ететін болады.

«ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетингі» АҚ ISO 9001:2000, ISO 14001:2004 и OHSAS 18001:1999 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін басқарудың интеграцияланған жүйесі енгізілген.

Сапаны толассыз бақылау жүйесі құрылды – мұнай өнімдерін өндіруден бастап оларды жанармай құятын стансаларда отынның сараптамасы мен сапасын бақылау жөніндегі зертханалар желісінің көмегімен сатуға дейін.

Астана, Алматы және Атырау қалаларында орналасқан үш стационар зерхана белгілі еуропалық және американдық өндірушілердің (Petrotest Instruments, Grabner Instruments, Phase Technology, PSL, Varian, Mettler –Toledo и др.) құралдарымен және жабдықтарымен жарақтандырылған.

Тоғыз мобильді сапа зертханалары (МСЗ) сатылатын отынның сапасын шапшаң тексеру үшін қажетті барлық құралдармен жарақтандырылған. МСЗ аз уақыттың ішінде (20 минуттан 1 сағатқа дейін) отынның экологиялық сипатын растайды немесе жоққа шығарады, яғни оның құрамындағы бензол, күкірт, хош иісті қосындылар, көмірсутегін (барлығы 30-дан астам параметрлер) анықтайды. Алынған деректер отынды пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері болып табылады.

Аталған зерханалардың көмегімен «ҚазМұнайГаз» жанармай құятын стансалардың бөлшек сауда желілерінде сатылатын мұнай өнімдерінің сапасын нормативтік құжат талаптарына сәйкес сапаның барлық көрсеткіштері бойынша айына кем дегенде 1-2 рет ұдайы бақылау қамтамасыз етіледі.

«ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетингі» АҚ тұтынушыларын қолдау қызметі тәулік бойы тегін жұмыс істейді: 8-800-080-2222, 8-327-259-6161. «ҚазМұнайГаз» жанармай құятын стансасының кез келген тұтынушысы, бензин сапасы, қызмет көрсету деңгейі қанағаттандырмаған жағдайда, өз тілегі мен ұсыныстарын айта алады. Call-center де анықтамалық қызмет ретінде жұмыс істейді, онда компанияның қызметі туралы ақпарат алуға болады.

Rompetrol Group N.V. (“TRG”) компаниясы

2007 жылғы 24 тамызда Алматы  қаласында «ҚазМұнайГаз» бен The Rompetrol Holding S.A. (Швейцария) арасында The Rompetrol Group N.V. акцияларының 75%-н сатып алу  туралы келісімге қол қойылды.

The Rompetrol Group N.V. (TRG) негізгі  офисі Нидерландада орналасқан, көптеген операциялар мен активтер  Румынияда, Францияда, Испанияда және  Оңтүстік-шығыс Еуропада орналастырылған. TRG еуропалық стандарттарға сәйкес  тұтынушыларға шикізат пен өнімдерді  тұрақты жеткізіп тұруды қамтамасыз  етеді. TRG мұнай өңдеу, мұнай-химия, мұнай  өнімдерінің көтерме және бөлшек  маркетинг саласында белсенді  қызмет етеді, сондай-ақ барлау, өндіру  бойынша операцияларды жүзеге  асырады және мұнай өнеркәсібі  саласында басқа да қызметтер  көрсетеді.

Румыния – бұл Оңтүстік-шығысЕуропадағы 22 миллион халқы бар ірі нарық, онда көлік отынына деген сұраныс жылына баламалы түрде 15 млн. тоннаны құрайды. Мқнай өнімдерін тұтынуға сұраныс барған сайын өсіп келеді.

Румыниядағы мұнай өңдеу кәсіпорны, Румыниядағы, Болгариядағы және басқа да ОШЕ елдеріндегі, сондай-ақ Франция мен Испаниядағы маркетингтік кәсіпорындар The Rompetrol Group N.V. (TRG) компаниялар тобының меншігінде және ол оны пайдаланады. TRG компаниясының қызметі мұнай-химия өндірісін де, трейдингтік және мұнайсервистік қызметтерді де, өндіруші бөлімшелерді де қамтиды. TRG өзінің Petromidia және Vega екі зауытының арқасында елдегі мұнай өңдеу көлемінің шамамен 25 пайызын бақылайды.

TRG компаниясын сатып алу  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін стратегиялық  тартымды болып табылады:

• Бұл осы нарықтағы бөлшек сауда және маркетинг тартымды активтерінің бірі;

• Мұнай өңдеуші зауыт жоғары құрамдағы кұкірті бар ауыр шикі мұнайды өңдеуге икемді;

• Толық интеграцияланған бөлшек сауда және маркетинг кәсіпорындары;

• Румыния ішкі нарығының шоғырландырылған үлесі;

• Мұнай өңдеу өнімдерін экспортқа шығару үшін айтарлықтай мүмкіндіктер;

• Шикі мұнайдың келіп түсу ағыны мен мұнай өңдеуді болашақта дамытуға қатысты ҚМГ үшін орналасқан жерінің жайлылығы.

Соломон компаниясының деректері бойынша, «Петромедия» МӨЗ Оңтүстік-шығыс Еуропадағы анағұрлым бәсекеге қабілетті мұнай өңдеу активтерінің бірі болып табылады.

Компанияда 2008 – 2011 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы әзірленген.

Бұл бағдарлама мынадай негізгі іс-шараларды қамтиды:

1. «Петромедия» МӨЗ жаңғырту 2010. МӨЗ жаңғырту ЕО аумағында 2009 жылғы қаңтардан бастап енгізілген ЕВРО-5 стандарттарының талаптарына сәйкес автокөлік отынын шығаруды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.

2. Бөлшек сауда желісін дамыту. Румынияда, Болгарияда, Грузияда, Украинада және Францияда бөлшек сауда желісін ары қарай дамыту көзделген.

3. Petrochim мұнай өңдеу зауытында этилен крекингі қондырғысын қайта құру және қазіргі бар қуатты жаңғырту.

2008 жылғы 20 желтоқсанда Ромпетрол 3000 тонна көлемінде Евро-5 дизельді  отынының және 4 600 тонна көлемінде  Евро-5 стандартты RON95 маркалы автобензиннің алғашқы партиясын Турцияға «Тоталь» компаниясы үшін өзінің 9А айлағынан жаңа құбыр арқылы жөнелтті.

 

3.1.1 Тасымалдау

Биыл - оттан да ыстық Отанымыз - Қазақстан үшін қастерлі де қасиетті жыл. Тәуелсіздігіміздің тұғырына қонғанына 20 жыл толып отыр. Бұл мерекелі де мерейлі оқиға «Елім» деген кез келген азаматтың жүрегін шексіз қуанышқа, сезімін шаттыққа бөлері хақ. Мұндай жетістікке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тынымсыз еңбегі мен көрші мемлекеттермен мәнді мәмілелер жасасуының арқасында қол жеткізілді. Етекте жатқан ел экономикасының еңсе тіктеп, жаңа белеске көтерілуіне мұнай-газ саласының да қосқан үлесі зор. Мұнай тасымалдаумен айналысатын «ҚазТрансОйл» АҚ-ның табан тіреген асуы да ауыз толтырып айтарлық. Компания жыл өткен сайын қызмет аясын кеңітіп, Тәуелсіздік туын төмендетпеуге қарым-қайратын аянып қалған емес. Мерейтой жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы директоры Жеңісбек Қожасұлы ЛҰҚпановпен сұхбаттасудың сәті түсті. 

 
- Жеңісбек Қожасұлы, әңгімемізді Шығыс филиалының мұнай тасымалы саласындағы атқарып отырған жүйелі жұмысы жайлы бастасақ.  
- 1997 жылы мұнай тасымалымен айналысатын «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының құрылуына байланысты, Павлодар қаласында қадасын қадаған Шығыс Қазақстан магистралды мұнай құбырлары басқармасы - «Шығыс филиалы» аталып, қайта құрылды. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Негізгі қызметі мұнай айдау болып саналатын Шығыс филиалы көршілес мемлекеттерден келетін, еліміздің солтүстігінен оңтүстігіне, орталық аймақтарынан шығысқа қарай, яғни Қытай Халық Республикасына тартылған 4299 шақырым мұнай құбырларына қызмет көрсетеді. «Омбы» қабылдау-тапсыру бекетінде қабылданатын Батыс Сібір мұнайын, «Құмкөл», «Ақшабұлақ», «Торғай - Петролеум» қабылдау-тапсыру бекетінде, «Атасу» мұнай құю эстакадасында қабылданатын Қазақстан мұнайын, «Кеңқияқ - Құмкөл» магистралды мұнай құбыры бойынша Қазақстанның батыс аймақтарынан келетін мұнайды қабылдау, тасымалдау, сонымен қатар Ресей мұнайын «Туймазы - Омбы - Новосібір - 2» мұнай құбыры арқылы тасымалдаумен айналысады. Ал жүк жөнелтушілердің мұнайы «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ, Шымкент мұнай өңдеу зауытына, «Атасу» эспорттық мұнай айдау стансасы арқылы («Қазақстан - Қытай құбыры» ЖШС) аспанасты еліне тасымалданады. Сонымен қатар темір жол көлігімен жақын және шетелдерге жеткізілуі үшін арнайы сыйымдылықтарға мұнай құюды жүзеге асырады. Бір атап өтерлігі, Шығыс филиалы құрылғаннан бергі он төрт жылдың ішінде өндірістік қарқынның тек даму динамикасы бақылануда. Ел экономикасының күретамырына айналған мұнайды экспорттауда Шығыс филиалы тарапынан тежеу болған емес.  
- Шығыс филиалына Тәуелсіздік не берді? Дамуға бағыт алған осы аралықта құрылымдық жүйеде қандай өзгерістер орын алды?  
- Тәуелсіздіктің таңы атқан жылдан бері қарай магистралды мұнай құбырларындағы техникалық жағдай да жақсара түсті. Көп жылдардан бері тозығы жеткен құбырлар ауыстырылды, олардың техникалық-экономикалық қасиеттері бақылауға алынды. Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалына қарасты еліміздегі барлық құбырлар жүйесі автоматтандырылған SCADA технологиясы бойынша басқарылады. Отандық мұнай тасымалы саласының жыл санап алға басуына байланысты тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету турасында тың технология ойластыру мәселесімен бетпе-бет келдік. Себебі сұраныстарды уақытында орындау үшін бірінші кезекте жұмысты жеңіл және сапалы жолға қою қажеттігі туындады. Көптеген жобаларды қарастыра келе, өзімізге тиімдісіне тоқталдық. Алғашында, яғни 2001 жылы SCADA орталықтандырылған диспетчерлік бақылау және басқару жүйесін Шымкент мұнай құбыры басқармасында орната бастадық. Уақыт өте келе, аталмыш технология таптырмайтын құрал болғанына көз жеткіздік. Сонымен қатар құбырлардың техникалық ахуалы да жіті назарда болады. Кейіннен бұл технологияны құрылымдық бөлімшелерге енгізуді қолға алдық. Қазіргі күні барлық нысандар аталмыш автоматтандырылған жүйеге көшірілген.  
«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы сегіз магистралды мұнай құбырына қызмет көрсетеді. Атап айтсақ, «Омбы - Павлодар», «Павлодар - Шымкент», «Шымкент - Чарджоу», «Құмкөл - Қарақойын», «Атасу - Алашанькоу», «Туймазы - Омбы - Новосібір», «Кеңқияқ - Құмкөл» және «Торғай - Петролеум». Бұл магистралды мұнай құбырларының көбісі Кеңес уақытында тартылған және Тәуелсіздік жылдарынан бері жаңартылып, Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Ал «Атасу - Алашанькоу», «Кеңқияқ - Құмкөл» секілді магистралды мұнай құбырлары - Тәуелсіздіктің төл қарлығаштары. Негізінен, аталмыш екі құбыр жолы да Қытай Халық Республикасына мұнай айдауға арналған. Мәселен, 2006 жылы пайдалануға берілген «Атасу - Алашанькоу» магистралды мұнай құбыры батыс және орталық Қазақстан мен Сібірдегі мұнай кеніштері шикізатын Қытайға тасымалдауға жасақталған. Негізінен, бұл құбырдың алғашқы жобалық өндірістік қуаты жылына 10 млн тонна болған. Сұраныстардың көбеюіне байланысты болашақта оны жылына 20 миллион тоннаға дейін жеткізу көзделуде. Ол үшін қазір «Атасу» бас мұнай айдау стансасында жаңа қосалқы сорғы қондырғыларының құрылысы жүргізілуде. Жалпы, ұзындығы 962 шақырымнан астам магистралды құбырдың 960 шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Ал «Кеңқияқ - Құмкөл» магистралды мұнай құбыры экономикалық көрсеткіштерді арттырғанын айту ләзім. 2009 жылы пайдалануға берілген бұл мұнай айдау жолының 231 шақырымынан 793 шақырымына дейінгі аралыққа Шығыс филиалының қызметкерлері қызмет көрсетеді. Ол батыс және орталық Қазақстан мұнайын Қытайға тасымалдауға шақталған. Аталмыш құбырды пайдалануға беру жолында «Құмкөл - Атасу» теліміндегі «Құмкөл - Қарақойын» және «Павлодар - Шымкент» мұнай құбырлары, Б.Жұмағалиев атындағы және «Борсеңгір» бас мұнай айдау стансалары қайта жарақтандырылды, «Құмкөл» стансасы салынды. Болашақта «Құмкөл - Қарақойын» бағыты бойынша диаметрі 820 мм ұзындығы екі жүз шақырымнан астам мұнай құбыры төселеді және «Қызылжар» мұнай айдау стансасы салынады деп жоспарлануда.  
 
«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы құрамына алты мұнай басқармасы, яғни Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Үшарал, Солтүстік Қазақстан және өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және құрал-жабдықтарды жинақтау базасы енеді. Оның үшеуі Тәуелсіздік жылдарында құрылған. Атап айтсақ, 1992 жылдың бірінші қаңтарында Қарағанды мұнай құбыры басқармасына қарасты «Қарақойын» желілік өндірістік диспетчерлік стансасы, Жезқазған мұнай құбыры басқармасы болып қайта құрылды. Ал Солтүстік Қазақстан және Үшарал мұнай құбыры басқармалары 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Негізінен, аталмыш құрылымдық бөлімшелер мұнай құбырларының бағыттарына қызмет көрсету қажеттігінен ашылған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан мұнай құбыры басқармасы Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің шекарасы арқылы өтетін құбыр жолына қызмет көрсетеді. Жезқазған мұнай құбыры басқармасы болса, 1339 шақырымдық құбырға, ал Үшарал мұнай құбыры басқармасы операторлық қызметті жүзеге асырады. Қалған басқармалардың тарихы кешегі Кеңес кезінен тамыр тартады. Аталмыш басқармаларға қарасты бас мұнай айдау стансалары техникалық құрал-жабдықтармен жарақтандырылды, қабылдау-тапсыру бекеттері жаңаша жұмыс істей бастады, мұнай құю эстакадалары пайдалануға берілді.  
- Қазіргі күні мұнай айдау стансалары заман ағымына сай жұмыс істеуде. Жаңа технологиялар мен нысандар іске қосылғанын тілге тиек еттіңіз. Солардың жемісі мен артықшылықтары, болашаққа құрылған жоспарлар жайында айта кетсеңіз?  
- «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы еліміз Одақ құрамынан шығып, отау тіккелі бері өндіріс ошақтарына әлемдік деңгейде мойындалған тың технологияларды енгізуді қолға алды. Түрлі құрылыстар жүргізді. Бұл негізгі жұмысты жеңілдетуге және бірінші кезекте сапалық көрсеткіштерді арттыруға бағытталған шаралар болып табылады. Жиырма жылды былай қойғанда, тек соңғы бес жылдың өзінде өндірістік көрсеткіштердің өскендігі анық байқалады. Мәселен, 2005 жылы Шығыс филалы 8 миллион тоннадан астам мұнай айдаса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 20 млн тоннадан асты. Тек бес жылдың өзінде өндірістік көрсеткіш екі еседен астам мөлшерге жоғарылаған. Ағымдағы жылдың тоғыз айында аталмыш көрсеткіш 20 млн тоннадан асып отыр. Жылдық жоспарды асыра орындауға мүмкіндігіміз жетерлік. Ал жүк айналымы 2005 жылы 4614 млн тонна км құраса, былтырғы статистикалық көрсеткіш 12569 млн тонна км болды. Үстіміздегі жылдың тоғыз айындағы есептеуге қарағанда, жүк айналымы 11119 млн тонна км межені бағындырған. Мұның барлығы жұмыстың бір жолға қойылғаны және енгізілген жаңалықтардың жемісі деп бағалау керек. Экспортқа шығарылған мұнай көлемінің артуының және діттеген жеріне қауіпсіз жеткізілуінің арқасында ел экономикасының дамуына да көп серпіні тиді.  
Сындарлы Тәуелсіздік жылдарында құрылымдық бөлімшелерде құрылыстар да қарқын алды. Кеңес кезінен тозығы жеткен стансалар жаңартылды, құбырлар ауыстырылды, жаңа құрал-жабдықтар өндіріске енгізілді. Бұл ең бірінші кезекте экономикалық әлеуеттің артуының арқасында мүмкін болып отыр. Сонымен, 1991 жылы «Павлодар - Шымкент» магистралды мұнай құбыры бойынша солтүстік және оңтүстік бағытта мұнай тасымалын жүзеге асыратын «Борсеңгір» және 1992 жылы «Жуантөбе» мұнай айдау стансалары пайдалануға берілді. «Шымкент», «Қарақойын-2» бас мұнай айдау стансалары салынды.  
Мұнай тасымалы, экспорты мен импорты саласында Қазақстанның мүддесін сақтау қажеттілігімен 1997 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып құрылған Шығыс филиалында ғылыми жаңалықтар басымдыққа ие. Мәселен, «Құмкөл» бас мұнай айдау стансасында 1996 жылы қысқа уақыттың ішінде мәскеулік және қазақстандық ғалымдардың қатысуымен депрессорлық қосым енгізу бойынша қондырғы дайындалып, жөнделді. Түсінікті болуы үшін айта кетсек, Құмкөл мұнайының құрамында парафин мөлшері көп болғандықтан, ол төмен температурада тез тоңазиды. Сондықтан да тасымалдау кезінде құбырда қоймалжыңданып қатып қалмас үшін қыздырылып отыратын. Ал депрессорлық қосым қондырғысын орнатудың арқасында мұнайдың қыздырылуын керек етпейді. Арнайы техниканың арқасында мұнайдың молекулаларын ыдырату мүмкін болды. Бұл - экономикалық жағынан да өте тиімді. Аталмыш технология 1996 жылдары күзгі-қысқы уақытта тәжірибеден сәтті өтті және қазіргі күні де қолданыста. Яғни ғылыми жаңалықтың жемісі нәтижелі болғаны қуантады. Жаңа қондырғының өндіріске енгізілуімен, «мұнай қатып қалады» деген «бас аурудан» арылдық.  
1998 - 2001 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларының жанында спутниктік, транкингілік радио байланыс жүйесі іске қосылды. Соның арқасында Шығыс филиалы үздіксіз және сенімді өндірістік-техникалық байланыспен қамтамасыз етілген. Мұндай игіліктер еліміздегі бірен-саран компаниялардың нысандарында ғана жасалғанын атап өту керек шығар. 2002 жылы Шымкент қаласынан 48 шақырым қашықтықта орналасқан «Шағыр» мұнай құю бекеті пайдалануға берілгеннен бері, мұнай өндіруші компанияларда Ақтау кемежайына темір жол көлігі арқылы экспорттауға мұнай жеткізудің балама мүмкіндігі пайда болды. Ол Ресей аумағына енбестен жүзеге асырылады және бұл экономикалық жағынан тиімді. Өзге мемлекеттің аумағына аяқ баспағандықтан, қаржылық шығындар да болмайды. Жалпы, Шығыс филиалында экономикалық бақуаттылыққа жетелейтін бірқатар жаңа нысандар қатарға қосылды.  
Жалпы, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының негізгі мұнай тасымалдаушы елі - Қытай Халық Республикасы болып табылады. Қазіргі күні «Атасу - Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы жылына 10 млн тоннадан астам көлемде мұнай айдалады. Ал «Қазақстан - Қытай құбыры» арқылы болашақта жылына 20 млн тонна мұнай жеткізуге дейін мүмкіндік пайда болады. Қазір осы мақсатты шындыққа айналдыру турасында жұмыстар атқарылуда. Бұл еліміздің «қара алтын» өндіруші батыс аймақтарын Павлодар мен Шымкент облыстарындағы мұнай өңдеу зауыттарымен қосуға, мұнайды ел ішінде бөлу мәселесін шешуге жол ашты. Аталмыш жобаны жүзеге асыру - Қазақстан экономикасына инвестиция тарту, инфроқұрылымды дамыту және аймақтарда қосымша жұмыс орындарын ашуды көздеуде.  
- Жеңісбек Қожасұлы, Шығыс филиалы әлеуметтік жауапкершілікті жете сезінген және оны іспен дәлелдеп жүрген компания екендігін жұртшылық жақсы біледі. Тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге, жалпы аймақтарға қандай шарапаты тиюде?  
- «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы ел тұрғындарының түтіні түзу шығуы үшін қолдан келген жағдайлардың барлығын жасауда. Бүгінгі мемлекеттік саясат та қазақстандықтардың бақуатты өмір сүрулерін қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін қазынаның ортаймауы абзал. Шығыс филиалы жергілікті бюджеттерге салық түсіру бойынша аянып қалған емес. Дөңгелетіп айтар болсақ, әлеуметтік, жер, көлік құралы, мүлік, қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін салықтар төлеуде. Егер 2006 жылы филиал 1 млрд теңгеден сәл астам салық төлесе, былтыр бюджетке екі млрд теңгеге жуық қаржы құйды. Осылайша бес жылдың ішінде жеті млрд теңге шамасында салық төленген. Бұл тек қана жекелеген төлем, еліміздің өңірлеріне бұдан басқа да жасап жатқан игіліктері аз емес. Филиал өз қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайларының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етуде. Қазіргі күні Шығыс филиалында екі мың алты жүзден астам адам еңбек етеді. Жыл сайын жаңа нысандардың пайдалануға берілуімен, өндірістік көрсеткіштердің артуымен жаңа жұмыс орындары ашылуда. Мысалы, «Атасу - Алашанькоу» магистралды мұнай құбырының пайдалануға берілуімен - Қарағанды және Алматы облыстарында 296, Қызылорда облысында «Кеңқияқ - Құмкөл» магистралды мұнай құбыры пайдалануға берілуі және «Құмкөл» бас мұнай айдау стансасының салынып, модернизациядан өткізілуінің арқасында екі жүзден астам жұмыс орны ашылды. Адамдарды жаңа қызмет орындарымен қамту үрдісі жыл сайын сақталуда. Әрине, мамандарды жұмысқа қабылдаумен қатар, олардың кәсіби біліктіліктерін шыңдауға бағытталған шаралар да қолға алынған. Мәселен, жыл сайын филиалда жұмыс істейтін қызметкерлер отандық және шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға, білімдерін жетілдіруге жіберіледі. Қазіргі ғылыми-техникалық қарқынды дамуды ескерсек, мұнай құбыршыларымыз бұл саладағы кез келген жаңалықтан кенже қалмауы тиіс. Сол секілді жас мамандарға ерекше көңіл бөлінген. Ол жұмыс үдерісін тұрақты жүргізу және алға қарай өрлету, кадрларды алмастыру үшін қажет. Жыл сайын қызметкерлер арасында «Мамандығы бойынша таңдаулы» байқауын өткізу де дәстүрге айналған. Биыл бұл байқау біздің филиалда өтті. Өз мамандық саласы бойынша кәсіби деңгейлерін көтеру мақсатында, ынталандыру турасында жеңімпаздардың жалақыларына бір жыл бойы 10-нан 25 пайызға дейінгі мөлшерде үстемеақы да қарастырылған. Яғни жұмысшылар өздеріне берілетін жалақымен қатар, қосымша ақшалай сыйға да ие болады. Өз ісінің шеберлері халықаралық жарыстарда да бақ таластырып, лайықты орындардан көрінуде. Алдағы жылдары да осы тақылеттес кәсіби байқаулар жалғасын таба беретін болады.  
Жоғарыда «ҚазТрансОйл» Шығыс филиалы өз қызметкерлерінің әлеуметтік қамтамасыз етілуін басты назарда ұстайтындығын айттық. Яғни филиал қызметкерлерінің барлығы және отбасылары медициналық тұрғыдан сақтандырылған. Олар әр жыл сайын медициналық тексеруден тегін өткізіліп тұрады. Мемлекеттік мерекелер мен мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мейрамына орай сыйақы беріледі. Мектеп жасына дейінгі балаларының балабақшадағы төлемін төлеуді компания мойнына алған. Мамандарға түрлі жағдайларға байланысты материалдық көмек те қарастырылған. Сол секілді он бес күндік ауысыммен, яғни вахталық тәртіпте жұмыс істейтіндердің де жұмыс басына жетулері, олардың тұрмыстық жағдайлары шешімін тапқан. Сайын далада орналасқан мұнай айдау стансаларында мамандық иелерінің алаңсыз тынығулары мен жұмыс істеулері үшін қажетті дүниелердің барлығы қолға алынған. Елімізде елу градус суыққа миын қайнатар аптап ыстыққа қарамастан, бетпақ далада гүл жайнатып қойған компания некен-саяқ шығар. Ал біз қызметкерлеріміздің өздерін үйдегідей еркін сезінулері үшін қолдан келгеннің барлығын жасаудамыз. Қызметкерлер қатарымызда жүргенде ғана емес, зейнеткерлік жасына шыққаннан кейін де қанатымыздың астында болады.  
Шығыс филиалы өз қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесін шешумен де айналысуда. Соның жемісі болар, былтыр шілде айында Үшарал қаласында тұрғын үй кешені пайдалануға беріліп, Үшарал мұнай басқармасы қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Яғни аталмыш басқармаға пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша өндірісті ретке келтіру үшін басқа аймақтардан мамандар шақыртылған. Пәтерлерді тарату кезінде көпбалалы отбасылар мен еңбек өтілі жоғары мұнайшыларға басымдық берілді. Қызметкерлерді «кең сарайларымен» қамтамасыз ету үрдісі мұнымен тоқтап қалмайды. Бүгінгі күні қызметкерлерге 30 пәтер сатып алынды. Павлодар қаласындағы Усолка мөлтек ауданында 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысын «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-мен бірге қаржыландыру мәселесі де шешімін тапты. Мұның барлығын мамандарымыздың баспана мәселесін шешіп, еш алаңсыз тер төгулеріне жағдай жасау деп түсінген абзал болар. Сонымен қатар Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде 170 орындық балабақша құрылысы басталды. Ол жергілікті балабақшадағы орын тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған іс болғанын атап өту керек. Бұл аймақтағы мектепке дейінгі мекеменің тұсаукесері де жақын уақытта өтіп, шашу шашылар күн алыс емес деген ойдамын. Шығыс филиалы өз құрылымдық бөлімшелері орналасқан аймақтарда жұртшылықты бұқаралық спортпен айналысуға да үндеу тастауда. Былтыр ғана Павлодар қаласында құны 284 млн теңгеден астам сомаға 5 жасанды жабыны бар спорт алаңын аштық. Жақында Үшарал қаласында осындай екі спорт алаңын салу жоспарланған. Яғни компания мемлекеттік саясаттың орындалуына сүбелі үлесін қосып келеді.  
- «ҚазТрансОйл» АҚ еліміздегі түрлі ұйымдарға қайырымдылық, демеушілік көмектер көрсетуден аянып қалған емес. Бұл игілікті іс жалғасын тауып келе ме?  
- Әрине, халқымызда: «Жетім көрсең, жебей жүр» немесе «Жетім баланы жылату үшін ұрып-соғудың қажеті жоқ, маңдайынан мейірлене бір рет сипасаң жеткілікті» деген қанатты даналық сөз бар. Шығыс филиалы да еліміздегі қоғамның қаңғұртына айналған жетім балалар үйлеріне қол ұшын созып, қайырымдылық көмек көрсетуді өзінің азаматтық парызы санайды. Басқа жылдарды былай қойғанда, былтыр қоғам көп жылдардан бері заманауи технологияларды қолдану арқылы ақыл және дене жағынан шектеулі жеткіншектер мен жастардың денсаулығын құтайтуға бағытталған «Самал» бейімдеу орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне демеушілік көмек көрсетті. Биыл Павлодар, Жезқазған, Петропавл қалаларындағы «Сәби үйі» мемлекеттік мекемелеріне, «Шымкент мамандандырылған сәби үйі» ММ, Қарағанды облысы білім басқармасына қарасты «Құлыншақ» Балалар үйі» ММ ақшалай - бір миллион теңгеден қолғабыс жасады. Соның арқасында аталмыш мекемелерде тәрбиеленіп жатқан ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар жүзіне күлкі үйірілді. Олардың отбасылық бақытқа ие болмаса да тұрмыстарының оң түзелуіне қолғабыс жасалды. Және мұндай қайырымдылық істер болашақта да жасала бермек. Сол секілді түрлі табиғи апаттардан зардап шегіп, қара жамылған аймақтарға да игілік нұрын сеуіп келеміз. Ешбір орган мұндай адамгершілік жомарттыққа итермелеп отырған жоқ, бұл компанияның ортақ шешімімен жүзеге асырылады.  
- Биылғыдай егемендіктің мерейлі жылы қазақстандықтарға қандай тілегіңіз бар?  
- Жасампаздықты ту еткен Тәуелсіз еліміздің тартуы табысты мұнай тасымалы болғаны даусыз. Экономикалық-әлеуметтік өрлеуге бел буған Қазақстанның әлі де бағындырар биіктері аз емес. Оған жетуде «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы ұжымы да аянып қалмайды. Тағылымға толы тарихи жылдарды артқа тастадық, алайда «Азия барысы» атану жолында жаңа даму соқпақтарын бетке алғанымыз анық. Бұл қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыра түсетін сындарлы жылдар болары түсінікті. Межелі мақсатқа жету жолына қатысатын мұнай құбыршылар да өздерін бақытты санайды. Себебі олар мемлекетіміздің іргесін қаласуда. Болашақта бірігіп алар асуымыз айшықты боларына сенім зор. Барлық қазақстандықтарды айтулы Тәуелсіздік тойымен барша мұнай құбыршылар атынан құттықтаймын. Мерекелі де берекелі күндеріміз көп болсын! 

 

 

 

3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар

1. Осы "Металл  конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi - Техникалық регламент) металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне, оларды өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста пайдалану және кәдеге жарату процестерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi.  
Мыналар осы Техникалық регламенттiң техникалық реттеу объектiлерi болып табылады:  
1) осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген металл конструкциялар;  
2) металл конструкцияларды өндiру және монтаждау, тасымалдау және сақтау, құрылыста және кәдеге жаратуда пайдалану процестерi.  
Осы Техникалық регламент металл конструкциялардың тiршiлiк циклi процестерiндегi қауiптi сипаттамалардың пайда болу мүмкiндiгiн ескередi.  
2. Металл конструкцияларды сәйкестендiру Қазақстан      Республикасының Сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) кодтарын және оларға жиынтығында оларды тану үшiн жеткiлiктi болатын таңбалау және iлеспе құжаттар, өлшемдер, көрсеткiштер және талаптар бойынша ҚР МЖ 04-2003 Экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiм жiктеуiшi (ЭҚТ ӨЖ) бойынша тиiстi кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi.  
3. Металл конструкциялардың механикалық қауiпсiздiгiне, өрт  
қауiпсiздiгiне, радиациялық, термикалық қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптар және қауiпсiздiк техникасы мен еңбектi қорғау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiмен , Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Еңбек кодексiмен және Қазақстан Республикасының " Өрт қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы " 1998 жылғы 23 сәуiрдегi, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " 2001 жылғы 16 шiлдедегi, " Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы " 2002 жылғы 3 сәуiрдегi, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарымен белгiленедi.  
4. Металл конструкциялардың тiршiлiк циклi процестерiнде сақтану қажет негiзгi қауiптi факторлар (қатерлер) мыналар болып табылады:  
1) металл конструкцияларды жасау және құрастыру кезiнде  қауiпсiздiк техникасы және еңбектi қорғау ережелерiн сақтамауға байланысты қауiптi өндiрiстiк факторлар орын алуы мүмкiн;  
2) шу мен дiрiлдiң жоғары деңгейi;  
3) қоршаған ортаның, жабдықтың, материалдардың бетiнiң жоғары  
немесе төмен температурасы;  
4) жабдықтың, аспаптың жылжымалы бөлiктерi, жылжымалы бұйымдар, дайындамалар, материалдар;  
5) металдың және абразивтiк материалдардың бөлiнiп кететiн сынықтары және бөлшектерi;  
6) дайындамалардың, аспаптардың, жабдықтардың, қалдықтардың  
беттерiндегi өткiр жиектер, қылтанақтар, кедiр-бұдырлықтар;  
7) ауаның металл және абразивтiк шаңмен, дәнекерлеу аэрозольдарымен жоғары дәрежеде шаңдануы;  
8) жұмыс аймағының жеткiлiксiз жарықтандырылуы;  
9) қызметкерге электр тогының әсер ету мүмкiндiгi;  
10) қауiптi сәулелердiң (радиоактивтiк, рентген, ультракүлгiн, жылу) болуы;  
11) дәнекерлеу жұмыстары кезiнде электр доғасы сәулелерiнiң көру мүшелерi мен бетке терiс әсер етуi;  
12) адам денсаулығына зиян немесе өмiрмен үйлеспейтiн жарақаттар келтiруге қабiлеттi металды сәндеу/қорғау үшiн өңдеуге арналған сұйықтықтардың, заттардың және құрылыс ерiтiндiлерiнде кездесетiн өрт қауiптi және жарылыс қауiптi химиялық компоненттердiң және қосылыстардың болуы;  
13) ерiтiндiлердiң, лактардың, сырлардың және ерекше иiсi бар басқа материалдардың және уландыруға қабiлеттi уытты заттардың бөлiнуi;  
14) металл конструкцияларды монтаждау және пайдалану кезiнде олардың астында жүрген қызметкерлерге құлап кетуi немесе опырылып түсуi мүмкiн жоғары орналасқан және әлсiз бекiтiлген заттар және конструкциялардың берiктiгi нашар бөлiктерi;  
15) құрылыстың бастапқы кезеңiнде бұрандамаларға шамадан тыс  
салмақтар түсуi мүмкiн және көлбеулер, тартпалар түрiндегi тиiстi уақытша байланыстар орнатылмаса, конструкциялардың қирау қаупi бар;  
16) тасымалдау кезiнде жүктiң бiркелкi бөлiнбеуi тежеу немесе бұрылыстағы қозғалыс кезiнде көлiктi басқара алмай қалуға алып келуi, ал бекiтiлмеген жүк қозғалыс кезiнде жылжып немесе құлап кетуi мүмкiн;  
17) дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу орнында өрттiң шығуы;  
18) өндiрiстiк телiмдерде шегiнде және құрылыс-монтаждау алаңдарында қозғалыстағы көлiк құралдарынан, жүк көтергiш машиналардан, тетiктерден және олардың бөлiктерiнен келетiн қауiп.  
5. Осы Техникалық регламенттiң талаптары қолданыста болған және  
құрылыста қайтадан пайдаланылатын металл конструкцияларына  
қолданылмайды.

Информация о работе Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері