Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2015 в 16:59, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым бөлігін қамтитын, елдің өнеркєсіп өндірісінің негізгі ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР
1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет
2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ
2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері
2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.
2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.
2.4 «Өзен» мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.
2.5 «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы
3 МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ
3.1 Мұнай өндіру процесі.
3.1.1 Тасымалдау
3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар
3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар
3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары
3.3 Коррозия, болдырмау әдістері
3.4 Пластикалық труба (Новизна)
4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
4.1 Біріккен менеджмент жүйесі
5 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері
6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын талдау
6.3 Өлшеу құралдарын сынау
6.4 Өлшеу құралдарын жөндеуді және түгендеуді ұйымдастыру
6.5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
6.6 Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
7 МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СЫНАУ
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ
8.1 Еңбек қорғау
8.2 Өндірістік экология
9 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

1351_________.docx

— 155.79 Кб (Скачать файл)

∙ стандарттарды қайта қарастыру. Барлық белгілі ауытқуларды жоймау керек. Кейде стандарттардың өзі нақты болмауы мүмкін, өйткені олар жоспарларға негізделеді, ал жоспарлар болашақтың болжамы.

    Адамдар бақылаудың  ажырамас бөлігі болып табылады. Бақылау процедурасын жасауда менеджер адамдардың іс әрекетін назарда ұстауы керек.

    Тиімді бақылаудың  сипаттамалары:

∙ Бақылаудың стратегиялық бағыттылығы, яғни ұйымның жалпы басылымдықтары сипаттау және оларды қолдау.

∙ Нәтижелерге бейімделу. Бақылаудың соңғы мақсаты ақпаратты жинау, стандарттар бекіту мен мәселелерді анықтау емес, ұйым алдындағы міндеттерді шешу.

∙ Іске сәйкестігі. Бақылау тиімді болу үшін қызметтің бақыланатын түріне сәйкес болуы керек. Ол маңыздыны бағалап, өлшеуі қажет.

∙ Бақылаудың өз уақытында болуы жоғарғы жылдамдықта және оның іс әрекетінің жиілігін емес, бақыланатын құбылысты сәйкес өлшеуді немесе бағалауды жүргізу арасындағы уақытша интервалға байланысты.

∙ Бақылаудың икемділігі. Бақылау жоспарлар тәрізді шеткілікті икемді және өзгерістер арқылы қалыптасатын болу керек.

∙ Бақылаудың қарапайымдылығы. Тағайындалған мақсаттар көзқарасы бойынша қарапайым бақылау болады. Өте көп бақылау әдісі күнделікті тәртіпсіздікке, ретсіздікке әкеледі.

    Бақылаудың үнемділігі. Кезкелген бақылау мақсаттарға  жетуге қарағанда артық тұрса, оқиғаны, жағдайды бақылауды жақсартпайды, жұмысты алдамшы жалға бағыттайды, бұл бақылаудың бір синонимі болып табылады.

∙ Бақылауға барлық қызметкерлерді тарту керек, өйткені жақсы бақылау өзін өзі бақылау болып саналады. Бақылаудың сенімділігін жоғалту үшін қызметші міндеттерінің шегін кеңейту керек.

Бақылаудың мүмкін болатын жайсыз салдары:

∙ Бақылауға бейімделген іс әрекет, яғни мақсатқа жету емес, бақылау талаптарын қанағаттандыру;

∙ Бақылауды қолдануға қажетсіз ақпаратты алу.

    Жайсыз салдарларды  кездестірмеу үшін іс әрекет  туралы ғылым тиімді бақылауды  жүргізу үшін төмендегі нұсқауларды  береді:

∙ Қызметшілермен қабылданатын мағыналы стандарттарды бекіту;

∙ Екі жақты қарым қатынасты бекіту;

∙ аса жоғарға бақылауды болдырмау;

∙ Қатаң, бірақ жетуге болатын стандарттарды бекіту;

∙ стандарттарға жету үщін марапаттау, сияқы беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУ

6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету  бойынша негізгі қызмет түрлері

Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі келесіден тұрады:

-              мемлекеттік метрологиялық қызмет;

-              уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;

-              басқару органдарының, жеке және  заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.

Метрологиялық қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды звеносы болып табылады және келесі мәселелерді шешеді:

-              шаруашылық субъектілердің қызметін  метрологиялық қамтамасыз ету  бойынша шаралар кешенін жүргізеді;

-              өлшемдердің бірлігі мен дәлдігін  қамтамасыз ету;

-              отандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттілігін жоғарлату және қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету;

-              материалдық және энергетикалық  ресурстардың барлық түрлерінің  шынайы есебін қамтамасыз ету;

-              Қазақстан Республикасының экономикасы  мен азаматтарының құқықтары  мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғау.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттары метрология саласында келесі қызметтерді орындайды:

1)           өлшемдердің бірлігін қамтамасыз  ету бойынша мемлекеттік саясатты  құрады және жүзеге асырады;

2)           Қазақстан Республикасының метрология  қызметінің қызметтерін бағыттау, басқару;

3)           қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекітеді;

4)           метрология саласындағы фундаментальді  зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады;

5)           өлшем бірліктерінің мемлекеттік  эталондарын жасау, бекіту, сақтау  және қолдану ережелерін бекітеді, Қазақстан Республикасының өлшем  бірліктерінің эталондық базасын  жетілдіреді;

6)           өлшемдердің бірлігін қамтамасыз  ету бойынша нормативтік құжаттарды  жасау мен бекіту тәртібін  анықтайды;

7)           өлшемдердің құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы талаптарды анықтайды;

8)           өлшем құралдарын пайдалану, өндіру  және жөндеудің тәртіптерін анықтайды;

9)           өлшемдердің бірлігін қамтамасыз  етудің мемлекеттік жүйесінің тізімін жүргізеді;

10) мемлекеттік метрологиялық  бақылауды ұйымдастырады және  жүргізеді;

11) метрология бойынша  халықаралық және аймақтық ұйымдарда  Қазақстан Республикасын таныстырады;

12)  өлшемдердің бірлігін  қамтамасыз ету аясындағы кадрларды  кәсіби дайындау мен қайта дайындауды ұйымдастырады.

 

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың түрлері

 

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау келесілерден тұрады:

1)           өлшем құралдарын шығарылуы, жағдайы  және қолданылуына, өлшеулерді жүргізу әдістерін қолдануға, метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға қадағалау жасау;

2)           сауда операцияларын жүзеге асырудағы  шеттелетін тауарлар санын қадағалау;

3)           кез-келген орамадағы буып-түйілген  тауарларды өлшеп орау, сату және  импортқа шығаруды қадағалау.

 

Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңында метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзушылардың заңнамалық, физикалық және әкімшілік жауапкершіліктері қарастырылған.

Алдын алу шаралары – бұл әкімшілік айыппұлдың түрі, оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік инспекторлары пайдаланады.

Айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тарту стандарттау туралы заңнаманы, сертификаттау және өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету қарастырылған б. 103-1 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексті бұзған үшін жүргізіледі. Олар келесідей көрініс табуы мүмкін:

-              сертификациялық сынақтарды аккредитациясыз  жүргізу;

-              мемлекеттік сынақтардан, метрологиялық аттестациядан, тексеруден өтпеген өлшем құралдарының және стандарттық үлгілірдің айналымы;

-              өлшем құралдарын лицензиясыз  дайындау, тексеру, жөндеу, сату және  уақытша қолданысқа беру, сонымен  қатар стандарттық үлгілерді  дайындау, метрологиялық аттестациядан  өткізу;

-              өлшеулерді орындаудың мемлекеттік  метрологиялық қадағалауына жататын  және метрологиялық аттестациядан  өтпеген әдістерін пайдалану;

-              өлшем құралдарын қолдану ережелерін  бұзу;

-              стандарт талаптарын және сертификаттау  мен метрологияның ережелерінің  сақталуын мемлекеттік қадағалануын жүргізетін органдардың нұсқауларын орындамау.

 

Әкімшілік жауапкершілікке келесі тұлғалар тартылуы мүмкін:

-              меншік формасына қарамастын, шаруашылық  субъектілердің басшылары;

-              өнімді еркін шығару құқығы  бар өндірістік және құрылымдық бірліктердің басшылары;

-              кодексте бекітілген құқық бұзушылықтардың  орын алуына кінәлі бас инженерлер, бас құрастырушылар, бас технологтар, бас метрологтар, тауар сақтаушылар, бөлімшелер басшылары, олардың орынбасарлары  және басқа да лауазымдық тұлғалар.

Тәртіп бұзушы айыппұлды үкім шығарылған күннен бастап 15 күннен кеш емес мерзімде төлеуі қажет.

 

6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын  талдау

Мемлекетте өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету үшін енгізілетін нормалар, ережелер және талаптар нормативті сипатта болады, яғни орындалуға міндетті. Бұл ережелер мен нормаларды сақтамау күрделі мемлекеттік тәртіпті бұзушылық болып табылады да жағымсыз күрделі экономикалық, экологиялық және т.б. сондай салдарға әкеледі. Сондықтан олардың орындалуына мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық бақылау бекітілген. 

Саудадағы мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшеу құралдарының, кәсіпорынның метрологиялық қызметінің, метрологиялық ережелерді енгізу мен орындаудың жағдайы мен қолданылуын, саудада қолданылатын мемлекеттік бақылау құралдарын, өлшеу құралдарын жөндеуші және тексеруші кәсіпорындардың, сауда ұйымдарының тіркелуін тексеру формасында жүзеге асырылады.

Тексерулер таңдамалы сипатта Мемлекеттік стандарттарды мемлекеттік қадағалау органдарының жоспарларымен жүргізіледі. Олар кешендік, топтық, мақсаттық болуы мүмкін. Тексеру құқығы мемлекеттік бақылаушы біліктілігі бар қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторларда ғана болады.

Тексерістерге кәсіпорынның ведомстволық метрологиялық қызметінің жұмысшылары тартылуы мүмкін. Тексеріс нәтижелері актпен рәсімделеді де кепілдеме негізінде кәсіпорынның (ұйымның) басшысының қолына беріледі.

Егер тексеру кезінде тауарларды қабылдау, сақтау және босату шарттарын бұзушылық анықталса (соның ішінде метрологиялық талаптарды сақтамаған үшін), онда мемлекеттік инспектор тәртіп бұзушылықтарды жою туралы нұсқау береді және оны орындаудың нақты мерзімдерін бекітеді. 

Ал осы тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болатын тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік қадағалау органдары тексеріс материалдарын әкімшілік комиссияларға тапсырады

6.3 Өлшеу құралдарын сынау

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жалпы ережелері

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – өлшеу құралдарын шығару, жағдайы және қолданылуын қадағалау үшін стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша, өлшеулерді орындау әдістерін қолдану, сату кезіндегі тауарлардың санын, нормаларын және метрологиялық ережелерін сақтау бойынша, сонымен қатар түрлі орамадағы тауарлардың орау, сату және импортқа шығару кезіндегі санын сақтау бойынша өкілетті мемлекеттік органның қызметі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды өкілетті мемлекеттік орган заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық келісімшарттар мен құжаттар бойынша өлшемдердің бірлігінің қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында жүргіжеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау жоспарлы (периодты), жоспардан тыс және қайталанатын тексерістер түрінде жүзеге асырылады.

Жоспарлы тексерістер үш жылда бір реттен сирек емес, тексеріс кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кесте мемлекетті қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік органның бөлімдерімен, қажет болған жағдайларда тексеріс бірігіп жүргізілетін басқа да бақылау-қадағалау органдарымен кеңесілген түрде жасалады.

Жоспардан тыс тексерістер метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтамау туралы мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың арыздары бойынша жүргізіледі.

Қайталанатын тексерістер алдында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бекітілген нұсқауларды заңда және жеке тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында жүргізіледі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде тексерісті өлшеу құралдары және стандарттау үшін нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындауға қадағалау жасау бойынша мемлекетті инспеторлар – лауазымды тұлғалар жүзеге асырады. Мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары бекітілген.

 

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілері: 

-                    өлшем бірліктерінің эталондары;

-                    өлшеу құралдары;

-                    өлшеулерді жүргізу әдістемесі;

-                    өлшемдердің бірлігін қамтамасыз  ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

6.6 Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру  және жүргізу

Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» - «өлшемдер туралы ілім».

 Өлшемдердің біртұтастығы олардың нәтижелерін өлшемдерді қашан, қай жерде, кім, қандай әдістердің және техникалық құралдардың көмегімен жасағандағына тәуелсіз түрде сәкестендіруге мүмкіндік береді. Өлшемдердің нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығының деңгейі. Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.

Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.

Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін  қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.

Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.

Неғырлым мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заңының, басқа да нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру жүйесі өзінің өзектілігін арттырады. 

Информация о работе Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері