Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2015 в 16:59, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым бөлігін қамтитын, елдің өнеркєсіп өндірісінің негізгі ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР
1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет
2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ
2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері
2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.
2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.
2.4 «Өзен» мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.
2.5 «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы
3 МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ
3.1 Мұнай өндіру процесі.
3.1.1 Тасымалдау
3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар
3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар
3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары
3.3 Коррозия, болдырмау әдістері
3.4 Пластикалық труба (Новизна)
4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
4.1 Біріккен менеджмент жүйесі
5 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері
6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын талдау
6.3 Өлшеу құралдарын сынау
6.4 Өлшеу құралдарын жөндеуді және түгендеуді ұйымдастыру
6.5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
6.6 Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
7 МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СЫНАУ
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ
8.1 Еңбек қорғау
8.2 Өндірістік экология
9 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

1351_________.docx

— 155.79 Кб (Скачать файл)

8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ

8.1 Еңбек қорғау

Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады.

Еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбеқ. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді. Сонымен қатар, меншік иелері мен меншік иесі емес тұлғалардың ұжымдық еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбекте болады. Еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек қатынастары (меншік иелерінің еңбегі) еңбек құқығының пәніне кірмейді.

Сонымен, еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.

Еңбек қатынастары келесі ерекше белгілермен сипатталады:

1) еңбек үрдісінде туындайды  және дамиды. Қызметкер өзіне  жүктелген белгілі бір еңбек функциясын орындайды. Еңбек қатынастары – бұл ұзак уақытқа созылатын қатынастар.

2)  еңбек қатынастары  – бұл нәтижесінде жұмыс беруші  еңбек өнімін, ал қызметкер еңбек  шартының жағдайларына қарай  белгілі бір ақы алатын ақылы қатынастар.

3) еңбек қатынастары ерік білдірудің белгісі болып табылады, еңбек және еңбек қатынастары мәжбүрлі түрде жүзеге асырылмайды, ал қызметкер мен жұмыс беруші өз қалаулары бойынша серіктерді, еңбек жағдайын және т.б. тандай алады.

4) қызметкердің еңбек  тәртібіне бағына отырып еңбек  ұжымына қосылуын білдіреді. Бұл  дегеніміз, еңбек белгілі бір ішкі еңбек тәртібі жағдайында жүргізіледі. Ішкі еңбек тәртібінің өзіне тән элементі болып қызметкердің еңбек қызметі үрдісінде жұмыс берушінің, тікелей басшылықтың өкіміне бағынуы табылады. Бұл элемент еңбекпен байланысты өзге қоғамдық қатынастарда көрініс таппайды. Бұл кезде орындаушы еңбек режиміне бағынуға емес, өнімді уақтылы және сапалы дайындауға міндетті.

5) еңбек қатынастары ерекше  заңды фактпен – еңбек шартымен, келісіммен, лауазымға сайлау туралы актімен байланысты.

6) мамандығына, біліктілігіне, лауазымына қарай жұмысқа тікелей қатысудың қажеттігімен байланысты.

7) жұмысқа іс жүзінде қабылданған кезден басталады. Еңбек құқығы қатынастарында жұмысқа қабылдау бұйрықпен рәсімделеді және қызметкерді кәсіпорынның штатына тұрақты, уақытша немесе маусымдық жұмысқа алумен жүзеге асырылады.

8) қызметкерге оны жұмыстан  босату жөнінде бұйрық жарияланған және оның қолына еңбек кітапшасы берілген кезде тоқтатылады.

8.2 Өндірістік экология

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.

Экологияны қорғау жөніндегі жұмыстар қысқа мерзімді жұмыстар емес, жүйелі түрде, кешенді жүргізілетін, ұзақ мерзімді, халық шаруашылығының барлық саласын қамтитын мемлекеттік зор маңызы бар проблемаларға айналып отыр. Өйткені, жалпы айтқанда экологияны қорғау еліміздің тұрмысы мен әл-ауқатының артуына, денсаулығының мықты болуына, айналаның, қоршаған ортаның жақсара түсуіне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салаларының өркендеуіне және т.б. жағдайларды жақсаруына әкеп соғады.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы – экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама институтының рөлі маңызды болып табылады.

Экологиялық сараптама институты іске қосылатын объектінің нақты экологиялық жағдайдағы мүмкіншілігін және қоршаған ортаға деген жағымсыз әсер ету дәрежесін анықтап, жобаны жүзеге асыруға экологиялық көзқарас тұрғысында ғылыми қортындылармен сипаттамалар береді. Яғни, экологиялық сараптама шаруашылық және өзге де қызметтің мүмкін болатын жағымыз әсерін ескертеді және бұл қызметтің экологиялық талаптарға сай келетінін анықтайды. Экологиялық сараптама жүзеге асырылатын объектінің экологиялық зиянды қызмет екендігін анықтайтындықтан табиғат қорғау қызметінің басты құрамы болып табылады. Себебі экологиялық сараптама қоршаған ортаның ластануынан сақтайтын алдын алу шарасы болып табылады.

Экологиялық сараптаманы дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін құқықтық реттеу қажет. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін шаруашылық қызметтің көп түрі дамуына байланысты қоршаған ортаны қорғау және де табиғатты ұтымды пайдалану мақсатында 18 1997 жылдың наурызында “Экологиялық сараптама туралың заң қабылданды. Бұл заңда “қоршаған ортаны қорғау туралың заңда бекітілген экологиялық сараптаманың жағдайы жетілдірілді.

Экологиялық сараптама – қоршаған ортаға келтірілетін зиянның алдын алу құралы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: Экологиялық сараптаманың түрлеріне, мәселелеріне және оның ерекшеліктерінің маңыздылығын ашу.

Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

- экологиялық сараптаманың  мақсатын міндеттерін саралау;

- экологиялық сараптаманың қағидаларын қарастыру;

- экологиялық сараптама  субъектілерін зерттеу.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама және қоғамдық экологиялық сараптама жүзеге асырылады.

Экологиялық сараптаманың мақсаттары:

1) жоспарланып отырған  басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық, норма шығару және өзге де  қызметті іске асырудың қоршаған  орта мен халықтың денсаулығына  ықтимал теріс зардаптарын айқындау  және шектеу;

2) экономикалық даму мен  қоршаған ортаны қорғау мүдделерінің  балансын сақтау, сондай-ақ табиғат  пайдалану процесінде үшінші  тараптарға залал келтіруді болдырмау мақсатында жүргізіледі.

Мемлекеттік экологиялық сараптама oбъектілерi

1. Міндетті мемлекеттік  экологиялық сараптамаға мыналар жатады:

1) жоспарланып отырған  шаруашылық және өзге де қызмет  жобалары және оларға ілеспе, осы Кодекстің 37-бабында айқындалған  кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға  әсерді бағалау материалдары;

2) табиғат пайдалану мәселелеріне  қатысты жоспарлау алдындағы  және жобалау алдындағы құжаттаманың  барлық түрлері, болжамдардың, экологиялық  және өзге де бағдарламалардың  жобалары, мемлекеттік органдар  мен ұйымдар қызметі негізгі  бағыттарының тұжырымдамалары, мемлекеттік  инвестициялық бағдарламалар, шарттар, келісімшарттар, оның ішінде меншік  және жекешелендіру нысандарын өзгертуге қатыстылары;

3) қолданыстағы oбъектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау материалдарымен қоса реконструкциялау жобалары;

4) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерінің жобалары;

5) іске асырылуы қоршаған  ортаға теріс әсерлерге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

6) кәсіпорындарды, объектілер  мен кешендерді, ғимараттар мен  құрылыстарды орналастыруға, салуға, реконструкциялауға, дамытуға, техникалық  қайта жарақтауға, қайта бейімдеуге, жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелер (есептер) және жобалар,  жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын өндіру мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер;

7) аумақтарды ұйымдастыру  схемаларының жобалары;

8) қалалар мен аумақтарды, оның ішінде арнайы экономикалық  аймақтар аумақтарын және шаруашылық  қызметті жүргізудің айрықша  режиміндегі аумақтарды салудың (дамытудың) бас жоспарларының жобалары;

9) осы аумақтарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін, аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары;

10) көршілес мемлекеттердің  қоршаған ортасына әсер етуі  мүмкін немесе оны жүзеге асыру  үшін көршілес мемлекеттермен  ортақ табиғи ресурстарды пайдалану  қажет болатын немесе көршілес  мемлекеттердің халықаралық шарттарда  белгіленген мүдделерін  қозғайтын шаруашылық және өзге де қызмет жобалары;

2009.23.06. № 164-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) технологияларды, техника  мен жабдықты, оның ішінде Қазақстан  Республикасына өткізілетіндерін (әкелінетіндерін) қолдану жөніндегі құжаттама;

12) табиғи ресурстарды  пайдалануға және (немесе) алуға  рұқсаттар (лицензиялар) беруді негіздейтін құжаттама.

2. Мемлекеттік экологиялық  сараптама объектілері мынадай  жағдайларда:

1) экологиялық сараптама  объектісі бұрын жүргізілген  мемлекеттік экологиялық сараптама  ескертпелері бойынша жетілдірілген;

2) мемлекеттік экологиялық  сараптаманың оң қорытындысы  алынғаннан кейін жобалау және  өзге де құжаттамаға өзгерістер  енгізілген жағдайда;

3) сот шешімінің негізінде, қайтадан мемлекеттік экологиялық  сараптамадан өтеді.

9 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  НЕГІЗДЕМЕСІ

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып – алынған қаражаттарды  мемлекет  пен  онын кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді. Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық. Әрқайсысьна қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің ерекшелігіне байланысты. Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкелді. Қаржы саясаты мемлекеттің экономикальқ саясатының негізгі бөлігі болып табылады.

Қаржы жүйесі өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан – алуан  қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.

Қаржы жүйесі – мемлекет  пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру   және   пайдалану   процесіндегі   қаржы   қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай-ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

  Жоғарыда айтылғандардың негізінде, курстық жұмыстың мазмұнын ашуда төмендегідей мақсаттар мен міндеттер алға қойылып отыр :

ақша мен қаржының экономикалық  мазмұнын аша отырып, қажеттілігін көрсету;

ақша мен қаржы жүйесінің құрылымы, қызметін сараптау;

ақша мен шет елдердің қаржы жүйесінің даму ерекшеліктерін қарастырыу;

Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің құрылымын зерттеу;

Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің қалыптасуы, даму жағдайына талдау жасау;

Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы саясатының маңызы, міндеттерін анықтау;

Қазақстан Республикасының ақша мен қаржы жүйесінің дамуындағы мәселелер мен жетілдіру жолдарымен танысу.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Елiмiз Тәуелсiздiк алған алғашқы 4-5 жылда шетелдік капиталдар Қазақстанға келiп, жұмыс iстeyi жүректерi дауаламады. Оның себебi де түcініктi, өйткенi Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн жүргiзiлген жекешелендiру реформалары өте күрделi кезеңге дөп келдi. Саудада да дүкен сөрелерi бос қалып, инфляция қаулай бастады. Yкімет мемлекет иелiгiндегi кәсiпорындарды жеке басқаруға бере бастаған шақты ipi мұнай кәсiпорындардың көбi одан ары қарай жылжуға дәрменi жетпей тоқтап қалуға, өте аз қалды. Бұны жандандыруға ipi шаңырақ көтерген жас мемлекеттiң экономикалық қуаты жетпедi. Осыны көрiп, бiлiп отырған шетелдiк капиталдар Қазақстанға қаржы салып, жұмыс iстeyre батылдық ете алмады.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Әлемдiк тәжiрибелерге сүйене отырып, меншiктiң ұланғайыр реформасын қысқа мерзiмде жүзеге асыруға мүмкiндiк бердi. Сол орындағы күрделi жағдай түзетiлгенге дейiнгi барлық уақытта Президент бұл салаға жете назар аударып отырды. Қазақстанға келiп жұмыс iстеудi ниет еткен шелел капиталдарға мемлекеттiк қолдау мақсатында 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесiне "Шетелдiк капиталдар туралы" заңын, алғаш 1997 жылы 28 ақпанда "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" заңын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қабылдатады. Осы заңдармен бiрге, Қазақстан Ресубликасы  үкіметінің капиталдарға қатысты қаулылары шетелдiк инвесторлардың Қазақстанға келiп жұмыc істеуіне мүмкiндiк бердi. Сонымен меншiк иесi өзгерген нысандарының алғашқыларының қатарында "Қарағанды металлургия комбинаты", "Жезқазған түсті металл АК," және "Балқаш мыс Балқыту комбинаты", "Павлодар аллюминий зауыты", "Қазхром" ТИК, "Ақтөбемұнай" бiрлестiгi және Шымкент мұнай өңдеу зауыты болды.

Информация о работе Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері