Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 11:55, курсовая работа
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тәрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпактың дене тэрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын көрсетеді.
КІРІСПЕ 3
1
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
4
1.1 Ойын түрлері. Іскерлік ойын. 5-7
1.2 Дидактикалық ойын. 7-11
1.3 Рөлдік-мазмұндық ойын. 11-13
2 ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ
14-15
2.1 Оқушылардың қозғалыс белсенділігін жетілдіруді тәрбиелеу бағытында қолданылатын кейбір ерекшеліктері
15-18
2.2 Ойын арқылы баланың психикалық ерекшеліктерін қалыптастыру
18-20
2.3 Ойын – бала білімін берік меңгерту құралы 20-23
ҚОРЫТЫНДЫ
24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
Ролъді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Оиын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға, өзіне түрліше рольдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады, Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар затты ойша түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді. Мұндай жағдайда ойын баланың ішкі дүниесінде өтеді. Нәзік саусақтарымен жағын сүйеп, ойға шомған кішкентай қыздың қуыршаққа қарап отырған фотографиясын алты жасар Катюша көріп тұр. Қуыршақ іс тігетін ойыншық машинаның жанына отырғызылған. Катюшаның айтқаны: «Кішкентай қыз өзінің қуыршағы іс тігіп отыр деп ойлайды». Кішкене Катя өзінің түсіндіруі бойынша тек оның өзіне тән ойын тәсілін тапты. Баланың жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар.
Ойын арқылы бала ересек адамдардың мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға қажетті қасиет болып саналатын араласа білудің ңегізігі дағдыларына ие болады. Ойын баланы еліктіре және оның өзіне алған роліндегі ережелерді орындауға итермелей отырып, сезімнің және мінез-құлықтың ерікті жігерді реттеудің дамуына себепші болады.
Баланың іс әрекетінің жемісті түрлері саналатын сурет салу мен құрастыру мектепке дейінгі балалық шақтың түрлі кезеңдерінде ойынмен тығыз байланысты. Мәселен, сурет сала отырып бала қандайда бір сюжетті ойнайды. Балалар өзара қырқысып жатқан, бірін-бірі қуып бара жатқан аңдардың, қонаққа бара жатқан және қонақтықтан қайтып келе жатқан адамдардың, соққан желден құлап түсіп жатқан алманың т.б. суреттерін салады. Текшелерден бірдеңені құрастыру ойын барысында ұштасады. Шофер ролін алған бала блоктарды құрылысқа апарады, сосын осы блоктарды машинадан түсіретін жүк түсіруші болады, ақырында ол үй тұрғызушы құрылысшы-жұмысшыға айналады. Бірлесіп ойнағанда бұл міндеттерді бірнеше бала өзара бөліседі. Сурет салуға, құрастырушылыққа деген ынталары басында тек ойын мақсатына сәйкес сурет салуға, құрастыруға бағытталған процесс ретінде болады. Тек мектепке дейінгі естияр да ересек жастағы балаларда ынта іс-әрекеттің нәтижесіне (мысалы, суретке) ауысады да іс ойын ықпалынан азат етіледі.
Ойын іс-әрекеті ішінде оқу ісі де қалыптаса бастайды, кейінірек ол бала іс-әрекетінің басты түріне айналады. Оқу ісің ересек адам енгізеді, бірақ ол тікелей ойыннан пайда болмайды. Бірақ мектеп жасына дейінгі бала ойнай жүріп оқи бастайды. Ол оқуға белгілі бір ережелері бар рольді ойынның ерекше түрі ретінде қарайды. Әйтсе де осы ережелерді орындап жүріп, қарапайым оқу әрекетін меңгеріп жүргенін баланың өзі де аңғармайды. Үлкендердің оқуға көзқарасы ойынға көзқарастан бүтіндей өзгеше. Үлкендер баланың оқуға көзқарасын ақырындап байқаусыз қалыптастырады. Балада оқуға деген тілек пен бастапқы іскерліктері қалыптасады [9].
Дене тәрбиесінің негізі – жеке тұлғаның өз қолында. Мысалы, әр күні дағдылы жаттығулар жасап, тазалықты қастерлеуді қалыптастырса, екіншіден, түрлі сауықтыру қимылдарын міндетті түрде (парыз) жасап, дене қимылдарын шынықтырса, онда ол денсаулығын, ой парасатын таза сақтай алады.
Дене тәрбиесі түрлі жаттығулар арқылы жеке тұлғаның бойындағы қимыл анализаторларын іске қосып, қимыл жүйесін, сымбатын, симметриялық салмағын қалыптастырады, оның ұстамдылығын, төзімділігін, еңбекке бейімділігін арттырады. Дене тәрбиесі сабақтар арқылы, спорттық жарыстар арқылы, түрлі дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары арқылы жүргізіледі [10].
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш, дайындық сыныптарында оқущылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды пайдаланудың, маңызы зор. Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен бері кұштастыруға қолайлы [11].
Мысалы: математика сабағында балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі — баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.
Бір дегенім - білім,
Екі дегенім - егеу т.б.
Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру - мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.
Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланын жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі. Дайындық сыныптарда сауат ашу сабағында әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалар бірнеше ойын түрлерін ойнайды. Мысалы: «Сөз ойла,тез ойла», «Балықшы», «Сәйлемді жалғастыр», «Жоғалған буынды тап», «Кім тапқыр?», «Кім көп біледі?» т.б.
Бірнеше ойындар ойнатуға болады. «Сөз ойла, тез ойла» ойынында доп лақтырып ойнатылса, «Балықшы» ойынында аквариумнен балықты, магниттік кубиктерді қармақпен аулап (қармақ басында,балықтың астыңғы жағында магнит болады), сонымен балықты алып, ондағы сұраққа жауап беруге болады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы.
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп өлеңде айтылатындай, бала өміріңде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялык түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өмірдегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ұлттық ойын ойнау арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан мен өз сабақтарымда мынандай ұлттық ойын түрлерін ойнатамын. «Бәйге», «Хан талапай», «Орамал тастамақ» т.б. ойындар.
Бәйге ойынында екі топтан екі оқушымен ойналады. Екеуі келіп сұрақтар алады, Кім тез жауап берсе, сол дереу тақтадағы өз жорғасын мәреге жеткізеді.
Хан талапай, Балаларды үш топқа бөліп, алдыларына асық шашамыз. Олар асықтағы нөмірмен сұрақтарға жауап береді.
Орамал тастамақ ойынында ойын ұжыммен ойналады. Ойынды алдымен өзім бастап кез келген өрнекті дауыстап айтып (2+3), орамалды бір оқушының алдына қоямын. Сол окушы бөгелместен 2 мен 3-тің қосындысы 5-ке тең деп айту керек. Ары қарай балалар ойынды өздері жалғастырады. Міне, осындай ойындарды өз сабағымда пайдалана отырып, балаларға дәріс беремін.
Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.
Ойын - тиімді тәсіл.
Жалпы бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі ісі ойын болғандықтан оқып үйрету барысында олар біртіндеп ойын әркетінен таным әрекетіне турлі ойындарды ойнау барысында бейімделуі тиіс.
Я.А.Каменский: «Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі», - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.
Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады [10].
2.1. Оқушылардың қозғалыс белсенділігін жетілдіруді тәрбиелеу бағытында қолданылатын кейбір ерекшеліктері
Тәуелсіз еліміздің өciп келе жатқан ұрпағын тәрбиелеудің ажыратылмас бөлігі ретінде бастауыш мектеп оқушыларының дене шынықтырудан тәжірибелі білім, тәрбие алуы, денсаулығының жақсы болуы, бip жағынан, оның болашақ өмipгe дайындығы болса, екінші жағынан, коғамдық өмірдің белсенді мүшесін тәрбиелеуге көмектеседі. Бастауыш мектепте басқа пәндермен қатар дене шынықтыру сабағынан да жүйелі білім мен тәрбие беріліп, олардың дені сау болып өсуіне ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп жасында, негізінен психологиялық кабілеттері - есте ұстау, ерік аңғарымдылығы қалыптасады. Бұл кездегі қимыл ойындары, оның барлық қабілетінің ұшталуына, қалыптасуына барынша зор әсер етеді. Мысалы, балалар бipiн-бipi ұрып, қашып ойнайды. Бала өзіне сырт жағынан қашан қол тиетінін, ішкі зор дайындықпен күтіп тұрады, онан кейін зыта жөнелу қажеттілігін біледі. Денесіне арт жағынан бipey ұрғаннан кейін ми дереу аяқты қозғау, яғни жүгіру керектігі жөнінде бұйрық береді. Бала бұл бұйрықты бірден орындауға төселеді. Мектеп жасында баланың ерік-жігері
қалыптаса бастайды. Бұл шақтағы қимыл ойындары баланың санасын дамытады, қимыл шапшаңдығына, бағытты аңғаруға, өзін-өзі билей білу, ерік-жігер сияқты психологиялық қабілеттерін жаттықтырады, қалыпқа келтіреді. Атақты педагог В.Сухомлинский тәрбиеде ең негізгі орынды ойынға береді. Әлеуметтік тәрбиеде ойын кейбір кезеңдерде ерекше педагогикалық мәнге ие. Ойын барысында баланың мінезін бақылауға болады. Себебі ойында оның өзіне тән ерекшелігі көрінеді. Сондықтан баланың ойынын бақылау – оның мінезін қадағалауға көмектеседі. Ойын баланы қоршаған өмірге еркін кіруге даярлайды, өмір туралы қарапайым түciнiк береді, бұл кезеңде баланың қалыптасуына жағдайлар жасалуы көзделеді. 7 мен 9 жас аралықтарының өз ерекшеліктері, адам дамуында атқаратын зор іс бар. Бұл кезеңді баланың жетілу кезеңі деп атайды. Бұл физиологиялық және психологиялық жағынан ерекше атап өтетін кезең. Бұл кезеңнің ерекшеленетін ceбeбi бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, сабақтардан тез шаршайды, бұрынғыдай қимылдай бермейтін болады. Өйткені бұған дейін балалар үнемі қозғалыста болады, ойнайды, жүгіреді, ертеден ұйқыға жатқанға дейін 6 сағаттан аса қозғалыста болады. Ал мектеп табалдырығын аттағаннан кейін жүріс-тұрысы, қозғалысы таза ауада болатын уақыты әлде қайда азаяды. Tіптi ұйқысы да бұзылады. Бұл олардың денсаулығының қалыптасуына кepi әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей, мектеп оқушыларының 80 пайызының организмінде ақау болатыны - осының дәлелі. Әрине, аптасына 3-ақ рет болатын дене шынықтыру сабағы организмнің күнделікті қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Мектеп табалдырығын аттаған 1-ші сынып оқушысы мектеппен қалай танысса дене шынықтыру сабағымен де солай танысуы керек. Ал мектептегі жалпы дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарының басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар спорт залға, алаңға арнайы спорттық киіммен ғана шығуы тиіс десек, бұл - оларға қойылатын алғашқы талап. Бастауыш сыныптарда оқушыларға дене шынықтыру пәні бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар меңгеріледі. Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсартумен денені шынықтыруды көздейді. Бұған таң ертеңгі бой жазу жаттығулары, сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс күні жасалатын жаттығулар мен ойналатын ойындар, сабақтан тыс уақыттағы ойындар мен жаттығулар жатады.Таңepтeңri бой жазу жаттығуларын оқушылар дене шынықтыру сабығында орындап, үйреніп, оларды үйде өз беттерімен қайталап жаттығады. Бұған оқулықтағы жалпы дамыту жаттығуларымен мұғалімнің өз қалауы бойынша ipiктeп алынған жаттығуларды пайдаланады. Бой жазу жаттығулары музыка ырғағымен неше түрлі спорт құралдарын қолданып өткізсе оның құндылығы арта түседі. Қазір мектептердің көбінде үзіліс кезінде таза ауаға шығып, бой жазып cepгyінe мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан оқушылар үзілісте аз да болса ойнап, жаттығулар орындау арқылы, өздеріне керекті қимыл қозғалыстар жасау мақсаты үшін оқулықта шағын ғана орынды қажет ететін ойындар көрсетілген. Сабақтан тыс кездері жасалатын жаттығуларды мұғалім көбінесе әpбip дене шынықтыру сабағы сайын үйге тапсырма ретінде бepiп отырады және тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап, тексеріп отыруы керек. Таңертеңгі бой жазу жаттығулары мазмұнына қарай 4 топқа бөлінеді:
1. Алғашқы жаттығуларды ұйымдастыру
2. Керіліп - созылу жаттығулары
3. Тыныс алу мүшелерімен организмнің қан айналымына әсер ететінжаттығулар
4. Аяқ- қолдың бip мезетте қозғалуына, денені дұрыс ұстауға арналған жаттығулар.
Таң epтeңri бой жазу жаттығуларының ойдағыдай өтyi, оның ұйымдастырылуына байланысты. Бастауыш сыныптарда өтетін спорт сағатының мақсаты - оқушыларды дағдылы қозғалыс түрлеріне (жүру, жүгіру, секіру т.б.) спорттық жарыстарға қатысуға дайындау [12].
Таң ертеңгі бой жазу жаттығуларын үйде орындауға бақылау жасау және т.б. Бала алғашқы кезде далаға шыққан бетте жаттығулар орындайтын жерге жеткенше тез жүріп барып, одан соң жүгіруді бастап, бара-бара жылдамдықты үдете бepyi қажет. Ең әуелі жүгіруден бастаудың мәні қан айналу процесімен iшкі мүшелерді тиісті жүктемелерге дайындайды. 5-10 минут жүгіріп, одан кейін керіліп-созылу жаттығуларын орындайды. Кеудені кере дем алу, иық, кеуде және белді қозғау жаттығуларын орындап бірте-бірте күрделендіре береді. Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене жағынан даму npoцecтepi баса ескерілуі қажет. Сабақтың мақсатына қарай арнайы іріктеліп алынған жаттығулар мен ойындарды, оқушылар орындай алатындай болуы керек. Баланың өз құрбыларының арасында жүргенде көпшіл бола білу мінез-құлқын қалыптастыратын бipден-бip құрал ойын екені даусыз. Әрбір баланың мінез-кұлқы ойын үстінде қалыптасады. Яғни бipeyi әділ ойнайды, біpeyi алдайды, үшіншісінің жаттығуды орындауға шамасы келмейді, енді біреуі жігерсіздік танытады. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдері ойынды тәрбиенің негізгі құралы ретінде пайдалануы тиіс. Адамның жеке басының касиеттері дененің қалыптасуымен байланысты. Денені жүйелі түрде шынықтыру мен денсаулықты нығайту, адамның ойын өсіріп, шығармашылық кабілетін арттырады. Дене қасиеттерінің шамасы келетін дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана жас дене жан жақты жетіледі. Гимнастикалық жаттығуларды үйретіп, меңгерудің мақсаты – баланың бұлшық еттерін, күш –қайратын өз уақытында жетілдіруге дайындау, иіліп –бүгілгіштігін дамытуға жан жақты жағдай жасау жөн. Сондай-ақ оқушы өз қимыл қозғалысын, соған сәйкес музыкаырғағымен үйлестіруге үйренеді. Көркем гимнастика мен акробатикалық жаттығулардың элементтерін орындауға дағдыланады. Ал жеңіл атлетиканың жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының техникасын жетілдіргенде дененің жалпы дамуының нәтижесі жақсарады. Жеңіл атлетика жаттығуларын кеңінен қолдану оқушының шапшаңдылық, күштілік, төзімділік сияқты дене қасиеттерін арттырады, қимыл – қозғалыстарының дамып жетілуіне, күш-қайраттың молаюына ықпал етеді. Жалпы дамыту жаттығулары – мойын, иық, кеуде, арқа және аяқ бұлшық еттерін жанжақты дамытуға үлкен әсер тигізеді. Дене тәрбиесі мен адам психологиясы өз ара тығыз байланысты. Балалар өміріндегі оның ой әрекетінен тыс ешбір процесс болмайды. Адамның жан дүниесіндегі әрбір түйсік, қозғалыс түрінде білінетіндігі және керісінше, әрбір қимыл-қозғалыс көңілге тікелей байланысты екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Сөйтіп ақыл-ойға қозғау салмайтын бірде-бір қимыл жоқ, ой қызметі қимыл түрінде көрініс табады. Ойынға баланың дене мүшелері түгел қатысады, ойын оның барлық рухани әрекетіне қозғау салады, сөйтіп жеңіл атлетика мен гимнастиканың жаттығулары да дене тәрбиесінің барлық даму түрлеріне әсер етіп, орасан мол міндеттерді атқарады. Осылайша алғанда бастауыш мектеп оқушыларының күнделікті тіршілігіндегі қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстары дұрыс жүйелі түрде жолға қойылғанда ғана біздер дені сау ұрпақты тәрбиелей аламыз. Дене шынықтыру және спорт саласына мамандар дайындаумен айналысатын кафедра ұстаздары көтеріліп отырған сұрақты ескере келіп, оқу жұмыс жоспарларында осы тақырыптарға арнап арнайы курс, семинарларды мамандықтың жоғарғы курстарына енгізуі аса қажет талап болып саналады [13].