Аристотель философиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 21:32, реферат

Краткое описание

Аристотель (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады.

Содержание

1. Аристотельдің өмірбаяны.
2. Аристотельдің философиялық еңбектері.
3. Аристотельдің таным теориясы.
4. Қорытынды.

Вложенные файлы: 1 файл

Аристотель философиясы.docx

— 33.74 Кб (Скачать файл)

          Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

          Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

 

                                                                          

    

                                                                                             ӘГП кафедрасы

 

 

 

 

              Аристотель философиясы

 

 

 

 

 

                                                               Жетекшісі: Төлеуова М.Ө

                                                               Студент: ГПР 12-1 Қайратұлы Санат

 

 

 

                                               2013

 

 

Жоспар:

1.    Аристотельдің өмірбаяны.

2.    Аристотельдің  философиялық  еңбектері.

3.    Аристотельдің таным  теориясы.

4.    Қорытынды.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.    Әбішев Қ.Ә, Әбжанов  Т.Ы. Аристотель философиясы, Алматы: Жазушы,  2005ж.

2.    Аристотель философиясы. 3 т. /«Әлемдік философиялық мұра»  сериясы. 2 томдық/ .- Алматы: Жазушы, 2005.- 564 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аристотель  (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Аристотель Халкидика түбегіндегі  Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы  Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.

Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.

Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектерлдің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың ситілі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.

Пәлсападан эстетика, этика, басқару ғылымы, метафизика, саясат, психология, шешендік өнері және құдайтанутуралы еңбектер жазды. Ол білім беру, шетелдердің әдет-ғұрыптарын, әдебиет және поэзияны зерттеді. Оның шығармаларының толық жинағы ежелгі гректерге белгілі болған білімнің энциклопедиясы деп атауға болады. Өз заманында белгілі болған ғылыми мәліметтердің бәрін білген адамдардың ең соңғысы Аристотель болған деген жорамал жасалған.[1] Александр қайтыс болғаннан кейін Афиныда македондықтарға қарсы теріс көзқарас қалыптасты. Билеуші Еуромедон Аристотельге «құдайларды қастерлемейсің» деген айптау жасады. Аристотель «Афинылықтарға пәлсапаға қарсы екінші рет қиянат жасатпаймын» деп анасының Халкидадағы иелігіне бас сауғалап кетті. Бұндағы оның қиянат деп отырғаны афинылықтардың Сократқа шығарған әділетсіз сот үкімі болатын. Бірақ бір жыл өтпей ол Еубеяда ауырып қайтыс болды (б.з.д. 323 жылы). Аристотель соңғы өсиетінде өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрады

 

Аристотельдің  философиялық еңбектері.

 

Аристотельдің (б.з.б. 384—322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.

Аристотель философиясында алғаш  рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасалды. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.

Бұл жерде біз Аристотель мен  Платонның арасындағы сабақтастық  байланысқа тоқталып өткеніміз жөн. Я, Аристотель — Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті, оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау барысында ол Платонның көзқарасына қарама-қарсы шықты. 

Енді біз Аристотельдің "Метафизика" деген кітабындағы Платонға қарсы  айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық. Өйткені, бұл пікірлердің ішінде Платонды сынау ғана негізгі мәселе болып отырған жоқ, сонымен бірге осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады.

Айталық, Аристотель өзіне дейінгі  философтар сияқты, болмыс мәселесіне айрықша көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен біте қайнастыра қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы ұғымдардың қандай рөл атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді қатты толғандырады. Бұл мәселе, сонау Сократтан бастап, философияның негізгі көкейтесті мәселесіне айналған болатын. Платон сияқты Аристотель де ұғымдардың өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіп, олардың болмысты, табиғатты, ғарышты, тағы басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша кұрал екендігін атап көрсетті. Бірақ Аристотель, Платон сияқты, ұғымдар мен идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы ұғымдар болмыссыз, табиғатсыз, бізді айнала қоршаған дүниесіз өз дербестігін жоғалтады. Платон ұғымдарды, түрлерді, идеяларды сезімдік заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір-біріне қарама-қарсы қойса, Аристотель бүған ашықтан ашық қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жалған ойдың негізі тарихи жағынан алғавда өзінің бастауын сонау Гераклиттің диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені Гераклит сезімдік заттар дүниесі үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізге алды. Платон да өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып, үнемі өзгеріп, қозғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне қатысты ешбір ақиқат жоқ деп есептеді.

Аристотельдің ойынша, Платон сияқты "идеяларды" өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізіңде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.

Ендеше, Платонның бұларды екіге  бөліп, сезімдік заттар дүниесі мен идеялар дүниесі деп атауы ешбір қисынға келмейді. Өйткені, сайып келгенде, Платонның ойынша, қарама-қарсы идеялардың өзі сезімдік заттар дүниесінің көшірмесі, егіздің сыңары сияқты емес пе? Олай болса, Платон екіге бөліп отырған заттардың өзі бір-бірімен бірігудің орнына алшақ келіп, бізге ешқандай білімнің негізін бермейді.

Сондай-ақ, олар білімнің негізі емес. Платонның айтуынша, "идеяларда" жалпылық бар. Мұндай жалпылық жекелеген сезімдік заттарға да тән. Ендеше, осылай бөліне беретін идеяларда мазмұнның болуы неғайбыл. Өйткені сайып келгенде, жекелеген сезімдік заттарда мазмұн болмай шығады ғой. Айталық, адам "идеясының" әрбір жеке сезімдік адамның ортақ белгілерінің жиынтығьшан ешбір айырмашылығы жоқ. Бұл жерде Аристотель өзінің болашақ философиялық жүйесінің негізгі теориясын айқындап беріп отыр. Өйткені Платон өзінің философиясында мазмұн (сезімдік заттар дүниесі) жөне форманы (сезімнен тыс идеялар дүниесі) бір-бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Ендеше, мұндай бір процестің екі жағын бір-біріне қарама-қарсы қою болмыстың мәнін аша алмайды.

Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында, "Платон идеялар  дүниесін жеке бөліп альш, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді" деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға да әрекетгенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға біршама "қатысы" бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды. Аристотель Платонның идеяларын талдай келе, оның логикалық ілімінің қайшылығын да ашты.

Платон идеяларының логикалық  арақатынасы жөніндегі пікірі, тіпті, қисынға келмейді. Біріншіден, "идеялардың" арасындағы логикалық байланыс, екіншіден, "идеялар" мен сезімдік заттар арасындағы қатынастар қайшылыққа толы. Идеялар арасындағы байланыс жеке идея мен жалпы идеялардың арасындағы қатынас арқылы көрініп, жалпы — жекенің мәні деген қорытындыға тіреледі. Ал идеялар мен сезімдік заттар арасындағы қатынаста зат пен оның идеясы бір-бірінен бөлек тұратын көрінеді. Бірақ заттар дүниесі, Платонның ойынша, "идеялар" дүниесінің бейнелеуі ғана ғой. Ендеше, әрбір заттың және оның идеясының екеуіне де ортақ және жалпы бірдеңе болуы керек. Егер сезімдік затгарға қатысты "идеялар" дүниесі бар десек, онда осыларға қатысы бар "идеялардың" жаңа дүниесі де болуы қажет.

Ендеше, бұл — "идеялардың" өзіне тән екінші дүние. Сөйтіп, Платонның идеялар дүниесін амалсыздан сансыз көбейте беруге болады. Яғни, Аристотель көрсеткендей, идеялар дүниесінен келіп, "үшінші адам" шықты деуге мәжбүр етеді. Ол қалай дейсіз ғой? Ол мынандай жағдайға байланысты: "Әуелі жеке сезімдік адам және оның идеясы бар". Одан соң, осылар бағынатын тағы да бір "идея" бар. Ендеше, бұл идея бірінші идея мен сезімдік адамның арасындағы ортақ жалпылықты қамтиды. Олай болса, ол — "үшінші адам".

Сайып келгенде, Платонның идеялар  туралы теориясы сезімдік заттар дүниесін түсіңдіре алмайды, оның қасиеттерін  ашуға да дәрменсіз. Бұл идеялар заттардың шығу тегін, қозғалуы мен қалыптасуын, пайда болуы мен жойылуын түсіңдіріп, оның мәнін аша алмайды. Өз алдына бөлек тұрған идея заттардың қайдан пайда болып, не себептен қозғалып дамитынына жауап беруге дәрменсіз келеді.

Платон идеялар дүниесі арқылы жаратылыстану саласыңдағы себеп-салдарлы байланысты аша алмады. Сондықтан  Аристотельдің ғылыми ілімдерге  жете көңіл бөліп, жаратылыстану саласымен кеңінен айналысуы Платон философиясындағы қайшылықтардан шығудың жолын іздегендігі деуге әбден негіз бар.

Осы жерде бұл екі ойшылдың көзқарасын бір-біріне тым қарсы қойып, бірін — материалист, екіншісін — идеалист деуден аулақ болған дұрыс.

Мұндай қағиданы тым асыра дәріптеп жіберуге болмайды. Өйткені Аристотель Платонды сынап, шын мәніндегі басқа бағытқа карай өтейін деп отырған жоқ. Керісінше, Аристотель белгілі бір философиялық мәселені шешу барысында ұстазының қайшылыққа белшесінен батып, одан шыға алмағанын ғана көре білді. Енді өзі белгілі бір жүйе жасау үшін, осы қайшылықтарды қалайда шешуге ұмтылды.

Біз Аристотельдің сынын ақтайық  деп отырғанымыз жоқ. Бірақ дөл осы логикалық-диалектикалық, танымдық-теориялық мәселелерді шешуде, көне грек философиясының алыбы — Аристотель үшін басқадай жол қалмаған еді.

Дегенмен, Платонды сынау арқылы Аристотель көптеген мәселелердің бетін ашып тастады  емес пе?

Мәселенің өзі осы болып тұр. Біреуді "мынаны істемеді, мына мәселені шешпеді" деп сынау, тағы басқа да себептерді айтып, айыптау оңайырақ. Ал енді сол мәселелерді шешуге бет алған сыншының өзі қайшылықтарға белшесінен батып, тұншығып, шыға алмай қалуы мүмкін.

 

Аристотельдің таным теориясы.

 Сөзіміз жалпылама, абстрактылы  болмас үшін, мынандай мәселенің  қойылуы және шешілуін алайық. Жоғарыда біз Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, ягаи материя мен форма мөселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның ("материя" мен "форманың") диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік.

Аристотельдің анықтамасындағы "материя" Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше. "Материя", Аристотельдің ойынша, "субстрат" (латын тілінде "негіз", "астар" деген мағына береді). Ол өзінің анықтаушысынан, формасынан айырылған процесс. Сайып келгенде, бұл материя, субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Бірақ ол мүмкіндіктен шындыққа айналуға тиіс. Сонда бұл процесс қалайша бір— біріне өтеді?

Ең алдымен материя белгілі  бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Ендеше, форма жоқтан бар болмайды, болмыс еместен тумайды. Өйткені болмыс еместен ештеңе де шықпайды ғой. Ал, екіншіден, форма болмыстан да тумайды екен. Егер ол болмыстан пайда болса, онда жаңадан болған нәрсенің бұрыннан да бар екендігі даусыз болар еді.

Сонда Аристотельдің формаға берген анықтамасы, жалпы Платонның идеясын, яғни идеалдықты елестететін болды ғой. Бәрін былай қойғанда, жаңа замандағы К.Маркстің тауарды, құнды, қосымша құнды, тағы басқаларын әрі реалды, әрі идеалды деп анықтағанына ұқсас болып шықты ғой деген ойға келуіміз де мүмкін.

Информация о работе Аристотель философиясы