Дүниені философиялық ұғыну: Болмыс және материя

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:48, лекция

Краткое описание

Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатың, бірақ өзара байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың құбылыстармен процестердің, құрылымдармен жүйелердің, тіршілік иелерінің, адамдардың әрбір құбылыстың өзіндік даралық мәні бар бейтін болсақ, онда тұтас дүниені мәндердің мәндісі деп қарау орынды. Дүниені құрайтын әрбір даралықтың, құбылыстың тек өзіне тән, өзін басқа емес, дәл осының өзі етіп тұрғанын атықтаушы ерекшелігі бар. Осы анықтаушы ол құбылыстың дара болмысының мәні болып табылады. Дара болмысты мойындай отырып, оларды жинақтап қарау, ортақ белгілері мен қасиеттерін іздестіру арқылы болмысты түрлерге топтастыру таным өмірлірлік рпактика үшін мелінше қажет.

Содержание

Болмыс философиялық категория ретінде: оның мағынасы және ерекшелігі.
Материяны философиялық түсіну.
Жаңа онтологияның категориялары.

Вложенные файлы: 1 файл

Болмыс ,материя.doc

— 79.00 Кб (Скачать файл)

XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың  басында физика саласында ашылған  радиоактивтілік құбылысы, рентген  сәулесі, электронның нақты өмір  суретінің дәлелденуі, электромагнит өрісі құбылысының табиғатын тану, арнаулы салыстырмалық теорияның жасалуы сияқты аса маңыздыжаңалықтар ескі дүниетанымның іргесін сөгіп төңкеріс жасағаны мәлім. Бөлінбейьін ең кішкене болшек, әлемді ұстап тұрған кірпіш деп келген атомның күрделі құрамы бар болып шықты, оның өзі де әлде қайда ұсақ бөлшектерге ыдырайды екен. Ол оң ззарядталған ядро мен оның төңірегінде белгілі энергетикалық деңгейлердегі траекторияларда қозғалыста, тербелісье болатын теріс зарядтағы электрондардан құралады екен. Ядроның құрылымы да өз алдына бір күрделі әлем, протон, пазитрон және нейтринолардың күрделі қатынасымен сипатталады. Үнемі қозғалыста болатын электроның массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгереді. Микробөлшектердің табиғаты екі жақты, олардың әрі заттық, әрі өрістік (толқындық) қасиеттері бар. Жарықтың бөлшегі – фотонды тіпті де затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фоттонның массасы жоқ, нөлге тең, т.б.

Осы уақытқа дейін дүніенің материалдығын  атомның бөлінбеуімен, массаның өзгермеуімен байланыстырып келген дүниетаным, шынында, да осы арада тұйыққа тірелді. Француздың атақты математигі А. Пуанкаре 1902 жылы былай деп жазды: Осы кезге дейін бүкіл массасаны материя деп келдік. Бұл міндетті және сенімді түрде қалыптасқан көзқарас еді. Енді, міне, аяқ, астынан әлгі масса жоқ болып шыққты. Осыдан келіп, ол материя енді жоқ, ғайып болды, тек ой-пікір ғана өмір сүреді деген жоқ ол ғайып болды. Сондай-ақ көптеген ғалымдар мен философтар материаның заттық түрден өрістік, толқындық айналуын да материаның ғайып болуы, жоғалуы деп түсінді.

Мұндай тұйыққа тірелуді өздері пайдасына шебер пайланған, физикалық  жаңалықтарға өз тұрғысынан түсінік  беруге тырысқан идеалистік ағымның  өкілдері де физиканың дағдарысы, дәлірек  айтқанда, материаның жоғалуы, ғайып болуы сонымен бірге материализмнің де күйреуі деп бағалады. Шынымен, физика ғылымы дағдарысқа ұшырады ма, материалистік дүниетаным күйреді ме, әлде жоғарыда аталған физикадағы төңкеріс жасаған жаңалықтардың басқаша философиялық  дүниетанымдық мәні ба ма? Осы сұрақтардың жауабы ғылымның да, философияның да бұдан былай тағдырын анықтайтын еді. әуелі мамандығы заңгер екендігіне қарамастан осы дағдарыстың көрмеуін шешіп, әлгі сұрақтардың жауабын тапқан материалистік диалектика тәсілдермен прициптерін бойына сіңіріп, терең игерген орыс философы В.И. Ленин болды.

Ол физикалық айтулы жаңалықтардың  философиялық мазмұнына терең талдау жасай отырып, Материализм және эмпириокритизм деген еңбегінде Материя ғайып  болады-бұл материаны білуде осы  уақыта дейін жеткен шегіміз таусылып бітеді, біздің біліміміз тереңдей береді деген сөз – материаның бұрын абсолюттік, өгермейтін, бастапқы қасиеттері сияқты болып көрініп келген қасиеттері (өткізбейтіндік, инерция, масса, т.б.) және қазір материаның тек кейбір қалыптасуларына ғана тән относительді қасиеттер ретінде анықталып отырған қасиеттері ғайып болады деген сөз деп көрсетті. Яғни ғайып болып жоғалған материя емес, материя туралы бұрын орнығып қалған көзқарас. Физикада ашылған жаңалықтар материятуралы, оның қасиеттері, негізгі өмір сүру формалары жайындағы қатып-семіп қалған ұғымдар мен түсініктерге қайшы келді. Физикадағы дағдарыс – мета – физикалық ойлау әдісінің өмірдегі диалектикалық процестерге сәйкес келмеуінен туындаған дағдарыс.

Осыған байланысты жоғарыда аталған еңбегінде В.И. Ленин материаның диалектикалық – материалистік анықтамасын берді: Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізге тәуелсіз түрде бар бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бинесі жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория (Шығармаларының толық жинағы 18-т. 138-б.).

Бұл анықтамада материаның негізгі  екі белгісі айқын көрсетіледі, біріншіден, материя адамның санасынан  тыс тәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші бастапқы кендігі білдірсе, екінші – материалдық дүниені танып-білуге болатныдығын көрсетеді. Сөйтіп, материяның бұл анықтамасыфилософияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материяның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі деалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материяның басты қасиеті – санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүру.

Сөйтіп материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары  өмір сүреді; үшіншіден, бейнесі жасалатын  құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төтіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді.

Материаның бұл түсінігі адамзат  ақыл-ойының, ғылымының бүгінгі дейін  танып – білген объектілерін ғана емес сондай-ақ болашақта шаылатын, танып-білінетін объекілерді де қамтиды. Оның методологиялық мәні, міне, осыдан. Құрылымсыз субстанция есебінде таза өмір сүретін материя жоқ. Ол әрқашанда белгілі ұйымдасқан материалдық жүйе.

Жоғарыдағы келтірілген материя  түсінігі дүниенің біртұтастығы туралы принципті де толық қуаттайды: дүниенің біртұтастығы оның материалдылығында, көп түрліліктердің бірлігінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Дүниені философиялық ұғыну: Болмыс және материя