Дінтану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 13:38, реферат

Краткое описание

Дінтану курстың қысқаша мазмуны өмірдің талабына сәйкес болып табылады. Дін адамзат мәдениетінің бір бөлігі болғандықтан, әрбір жоғары білімді адамдар дінің мазмунын білулері кажет. «Жауынгер» атеизмнің тоқтауымен, шетелден көптеген экзотралик және эзотриалық дінден көбейюде. Олардың идеологиялық және дүниетанымдық көзқарастары бізге жат. Мұндай жағдайлар «Дінтану» пәнән игеруді керек етеді.

Вложенные файлы: 1 файл

Filosofiya.doc

— 720.50 Кб (Скачать файл)

Ислам дінінің таралуының тағы бір себептері Орта Азиядағы Ислам дінінің орталықтары Хиуа мен Бүхара үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар көрші елдермен қатынаста (тәжік, татар, азербайжан) олардың исламдық көзқарастары да әсер етті. Ислам діні казақ даласына енген сайын бүл байланыс діни негізде нығая түсті.

Қазақ еліне Ислам дінінің ағымы суфизм таралды. XII ғасырда қазақ жерінен шыккан атақты дін ғүламасы Хозрет Сүлтан Ахмет Яссауидің (1105-1166) діни ілімімен суфизмнің ясовизмдік ағымы таралды деп айтсақ та артық болмайды.

Яссауи араб-парсы  мәдениетінің гүлденген заманында өмір сүрді. Яссауидің негізгі діни пікірлері «Хикмет-нэме» деген өлеңдер жинағында баяндалды. Бүл өлеңдер жинағында Исламдық діни нанымды одан да жоғары көтерді.

Яссауидің өшпес даңқын эрі қарай көтерген адам Ақсақ Темір (1336-1405) болды. Ол Яссауидің моласының басына көптеген Шығыс елдерінен таңдаулы тас оюлағыш өнерпаздарды, әскери күлдарды алып келіп мешіт тұрғызды. Кейіннен осы мешіттің маңында Түркістан қаласы пайда болды.

Жалпы Ислам дінінің қазақ мәдениетінің даму үрдісіндегі рөлдері әлі де жете зерттеліп біткен жоқ. Ондай ғылыми зерттеу әлі алда деп ойлаймыз. Қазіргі кезде Қазақстан егемендік алғаннан бастап, өз елінде жеке дербес Мүсылман орталық қауымы (ДУМ) ашылды. Жылдан жылға мүсылман мешіттері көптеп ашылып, емін-еркін әрбір мүсылмандар өз діни қажеттілігін орындауға мүмкіндік жағдай туды.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 13.

Қосымша әдебиеттер: 4, 8.

 

№7 тақырып  «Қазіргі дәстүрлі емес діни қозгалыстар  мен ғибадат».

Дәстүрден тыс діндер деп негізінен дүниежүзілік немесе үлкен үлттық діндерден бөлініп шығып, бір-бірімен косыла отырып, біріккен қазіргі діндерді айтамыз. Олардың шығу себебі үлкен саяси-әлеуметтік және мәдениеттің жаңаруына байланысты, әлеуметтік-саяси өздгерістермен, демографиялы козғалыстармен және де дәстүрлі діндердің ықпалының әлсіреуімен байланыстырылады.

Өздерінің діни ілімдерінің мазмұнына, діни рәсімдерінің аткарылуына қарай жаңа христиандык, жаңа бағдарламалык, оккультистік, жаңа пұтшылдык болып бөлінеді. Екінші жағынан, олар ілімімен де ұйымдастыру жүйесімен де ерекшеленеді. Үшінші ерекшелігі, олардың ілімі мен ресми тәжірибесі синкреттілікпен және дүниежүзілік діндердің көптеген кағидаларын ұстанушылығымен дамиды.

Дәстүрден тыс діндер белсенді миссионерлік қызметімен ерекшеленеді (әсіресе жастар арасында). Жаңа көзкарастын басшылары бұл заманның «күнәкарлығын» көрсетіп, одан шығу жолдарын білетіндігін айта келіп, адамгершілік жолдары мен даналык ақылдың өкілі ретінде өздерін ұсынады.

Қазіргі дәстүрлі емес діни козғалыстардың, сенушілік маңызы бойынша діни әдет-ғұрыптары, рәсімдік іс-әрекеттері аркылы айырмашылығы болады. Олар саны жагынан өте көп. Осы бір әр түрлі ағымдарын елеулі белгілерімен ең кем дегенде 5 топка бөлеміз:

1. Неоориенталдык табыну: «Общество Сознания Кришны», «Тихоокеанский дзен - буддийский центр», «Миссия Божественного Света», «Трансендентальная медитация» жэне т.е.с.

Неоориенталдык табынудың шығу тамыры Шығыстан, будда және индуизм діндерінің осы заманга бейімделген түрінен шықты. Будда діни ағым - мистикалык жолмен, алғашқы Құдай жолын имманенті «ішкі» жолмен жандандыру. Өмір сүріп тұрғандардың барлығы иллюзия (қиял), оның жасырын соңында Қүдайдың шындык табиғаты бар, ол гармониялық және әділеттілік. Максат осы табиғатқа әр түрлі әдістермен, медитациямен косылу. Медитациялык үрдіс (ойлану, сезіну, ішкі дүниеге шүкшиып көңіл аудару, сыртқы коршаған дүниеден безу), әр түрлі мантрлық сөздер айтып, кайталау, кайталау үрдісінде мистикалык маңызы шығады. Діни сенімдік жағы екінші орынға кетіп, бірінші орынға акиқат жолға түсу, Гурудың беделінің артуы.

2. Неохристиандық одақ — «Церковь объединение», «Семья Детей Бога» жэне т.с.с. Бұл діни ағымның ерекшелігі - Христиан идеологиясы мен шығыс дінінің әлементтерінің синкретикалык коспасы, эсхатология мен мессиандык көзкараска бұрмалау, кауым басшысы Қүдай жіберген пайғамбармен теңестіру.

3. Сейентологиялық ағым «Церковь Саентологии», «Космические религии» және т.б. Бүл табынушылық әр түрлі физикалык приборларға мистикалык мағына беру. Осы аспаптармен әр түрлі мистикалык күбылыстарды байқау, өлшеу, оның физикалык, биологиялык табиғатының әсерін байкау. Мистикалык түрғыда әлі де тексеріліп біліп болмаған психикалык күбылысты, коршаған табиғат күбылысын түсіндіру.

4. Жаңа Магия, спиритизм. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан сиқыршылык, балгерлік, шамандар, бал ашқыштармен қатар жаңа магиялық ілім және оның институттары, Батые пен Шығыс әдет-ғұрыптарын косып жаңа балгерлерді, сикыршыларды шығарды. Бүл жерде Мексикандық мифтік ілімін Карлос Костанелді алуға болады. Осы кезде Европа және Солтүстік Америка спиритистік қозғалыс және өлген адамдардың жанымен сөйлесу практикасын айтамыз.

5. Ібіліс немесе шайтан тобы (сатанинские группы). Ібілістік түсінік ертедегі Ирактан, «Көк кітап» деген кітапта жазылған хабарлар туралы діни аңыз. Ібіліс туралы кітапта зорлықты және зомбылыкты бірінші орынға қояды, кесірлікті жаманшылыктың кайнар көзімен, жын-шайтандармен мистикалык жолмен араласып сөйлесу. Олардың айтуы бойынша кесір, жаманшылыкты үгіттеушілер - Христиан дініне қарсы күрес жүргізушілер. «XX ғасырдагы діндер» халыктың көңілін өздеріне аудару үшін сырткы ерекшеліктеріне, әдеттен тыс нәрселерге аса көңіл бөліп, адамдарға эмоционалды-психологиялық әсер тигізуге тырысады.

XX ғасырда шықкан әдеттен тыс діндердің тек түрлерін санап шығудың өзі де үлкен жүмыс. Сол себепті біз кеңірек және тереңірек таралған кейбір түрлеріне ғана тоқтап өтеміз.

Неоориеталистік табынушылықтың бір түрі «Кришнаның санала қауымы» (Общество сознания Кришны) келетін болсақ, діни ағым вайшнайзм діні мен веданың философиялык көзкарасының ерікті одағынан шыккан кауым. Бүл діни агымның негізін салушы - Үнді діни үгіттеушісі Абхай Чарин Де (1806-1977), сал Қушаның аты Бхаквиведанта Сваии Прабхупада, езінің ілімін «Бхагават - Гита сондай» деген кітабында, тағы баска кітаптарында жазып көрсетті. Оның кітаптары 40 тілге аударылып таралған, орыс және казақ тілінде де кітаптары бар.

Вайшнавов ілімі бойынша  ең бір ақиқат Құдай - Кришна, ол үш аспектіде бізге көрінеді: Бхагаван, Брахман, Параматма. Бхагован - бүл Құдай ең жоғарғы аспект, қол жетпейтін сапасы бар, өте бай, күшті, даңқты, сүлу. Брахман - жекеленген аспект, барлық жерде кездесетін абсолютті ақиқат, шексіз, сапасыз күш, жеке Құдайдың трансцендентальды сәулесі. Параматтық аспект - ең жоғарғы жак, ол барлык тірі жандардың жүрегінде, жеке, өзіндік жандармен бірге тұрады. Қүдай мәңгі және оны ешкім жасамағаң, оның көптеген аспектілері бар, оның екі энергиялык күші бар: ол барлық тірі жанды және әлемді жаратқан. Ең бірінші аты - Кришна. Ол өте сүлу, кара терілі жас жігіт. Қалған күдайлар - жартылүдайлар - аватарлар кайталаулары керек.

Алматыда 1990 жылдан бері «Кришнаньщ Санасының Қауымы» ұжым қүрды. 1996 жылы олар заң алдында тіркеліп, кауымдары өмір сүрде.

Жаңа христиандық (неохристианство) ағымдар болса христиан шіркеуінен бөлініп шықкан Квакерлер, Пятидестниктер, Иоговистер, Адвентистер және т.е.с ағымдарға толы.

Әмбебаптық дәстүрлі емес діни қозғалыстардан Бақайлык сенімді карастырайык. Бахай діни қауым XIX ғасырда Иранда пайда болды. Оны шығарған адам - Мирза Хуссейн Али Нури, кейіннен «Бахаулла» деген атак алған. «Бахаулла» арабша «Даңктың Тақсыры» деген ұғымды береді. Бахаулла өзінің ілімін көптеген шығармаларында қарастырып кетті. Қазіргі кезде Бахауллалар 190 мемлекетке тарады. Бахаулланьщ Қазақстан жеріне 1938-1939 жэне 1950 жылдары Орта Азиядан және Закавказьядан саяси жер аударушылыктың аркасында таралган. Олар бірінші Петропавл, Иртыш, Павлодар, Чилік ауылы, Алматы облысында таралды. Кеңе.содағы заманында Бахай қауымдары жартылай заңсыз болды. 1990 жылы тамыз айында шыккан «О свободе вероисповедания» деген заң бойынша Алматы қаласында жергілікті Рухани жиналыста өз-дерінің қауымдарын құрды. 1994 жылы Бахай кауымы заң жүзінде тіркеуге алынды. Ал 2002 жылы Қазақстанда 19 кауымы тіркелді. Орталы-ғы Алматы қаласында орналасқан.

Бахауллы ілімі «Китаб-ул-Ахдас» деген кітабында жазылған.

Бахайлар өздерінің  киелі кітабын оку үшін олар өздерінің белгілеп алған үйінде бірге жиылып дұға оқиды. Негізгі бас қосулары 19-ы күні, яғни «Мейрам күні», ол «кездесу» күні тек дүға оку емес, басқа да қауымдык проблемаларды шешеді.

Келесі бір синкреттік дін ағымы Саентология діні 1954 жылы пайда болды. «Саентология» деген сөз латын тілінде «білім», «калай білімді білу керек» деген мағынаны білдіреді. Саентология түсінігі бойынша «адамның рухын» зерттеу жэне өзімен-өзінің катынастык жүмысын әлеммен және «баска өмірмен» катынасын зерттеу. Бұл діннің негізін калаушы Л.Рон Хаббард 1954 жылы Лос-Анже-лесте, Калифорния штатында Саентологиялык шіркеуді тіркеді.

«Саентология» - системалык білім күрылысы, фундаменталдық ақикат аныктамасының жалғасы. Ондай ақиқаттықтардың бірі: «Адам жаны өлмейтін рухани нәрсе». Оның өмірлік тәжірибесі бір өмірден асып кетеді. Қазіргі кезде оның мүмкіндігі элі жүзеге асырылып болма-ғанымен, оның потенциясында шек жок. Адамның табиғаты кайырымды және рухани бостандылығы өзіне ғана немесе жақындарына байланысты емес, ол әлеммен жекеленуінде. Ең жоғарғы саентологияның мақсаты рухани акиқаттық ағартушылық жэне адамның бас бостандығы.

Қазакстанда саентологиялык ұйымдар мен топтар көптеген калаларда бар және әр жыл сайын олардың қатарлары өсуде. 1994 жылй акикаттыктардың бірі: «Адам: Дианетика» топтары Алматыда, Қарағандыда, Павлодарда Хаббард идеясын насихаттауға арналған коғамдық ұйым ретінде тіркелген.

Ібіліс топтары. Ібіліс шіркеуін кұрушы Антон Ла Вей (Сан-Франциско, 40 жылдары). Оның негізгі идеясы «Сатана Таураты» атты енбегінде. Ібіліс күші билік пен табыска кол жеткізуге мүмкіндік беретін күш көзі деп жазды. Ібіліс күші «Қараңғылыктың күші». Оның негізгі ұраны - «Әлсіздерге - өлім, күштілерге - байлык» және адамдардың өз-өзін танытуында барынша еркіндік беру. «Сатанизм өзінің жолын үстанушылардың өз табиғи кажеттіліктеріне еркіндік берген кездегі іс-әрекетін қолдайды. Өзін-өзі тыюдың орнына теріс әрекет колдау. Қуану арқылы күш жинау».

Ібілістің күлшылык ету және салт-дәстүрлерін жасау қауыш жиналысында (шабаштарда) жүзеге асырылады. Шабаштарда, ереже бойынша, еркектер де, әйелдер де жиналады, жекелеген топтарға айрыкша абыздар мен абыз абиелдер басшылык жасайды. Шабаштардың өткізілу сипаты туралы мәліметтер көп емес. Олардың өткізілу сипаты сол ұйымның басшысының тікелей ілімдік, моральдык, саяси көзқарастарына байланысты болады деп есептейміз. Дегенмен олардың жоралғысының үш түрі бар дейді: жыныстык, кайырымдылық не аяушылык, бұзушылык.Ібіліс шайтан және т.б. көзкарастық альтернативті діни көзкарас деп карастыруға да болады. Аздаған және нашар үйымдастырылған Ібіліс топтары біздің елімізде кездеседі.

Мұсылмандык шығыстағы діни қозғалыстар. Ислам діні де басқа діндерге ұксап саяси, мистикалык, экзотикалык ағымдар бөліп шығады. Жоғарыда көрсеткендей, коғамдық-саяси ағым Ваххабизм деді. Қазіргі кезде Сауд Аравиясының ресми идеологиясы болып табылады.

Таблиги Джамат қозғалыстары. Бұл козғалыс ваххабий ағымымен тығыз байланысты. «Таблиги жамат» (мұсылман үлемдердің кеңесі) 1927 жылы Дели қаласының жанындағы Мевет деген жерде Муалана Мүхаммед Ильяс Кандеххвели (1885-1944) деген деобондиялық богослав негіздеді. Бұл козғалыс соңынан Ауғанстан «Талибанының» козғалысына айналды. Бұл козғалыстың негізі тек молдалар емес, саяси қозғалыска тікелей қатынасы бар молдалар болды. Олар - XIX ғасырда Үндістан елінде Диобанд деген каладан шыққандар.

Диобандиялык Мазхаб мектебі екі ағымдық ілім берді. Бірінші, Алигарха университетінің  ілімі, ислам богославтарын дайындайды, олардың ілімі батыс европалық білімге жакын. Екінші ағымы, консервативті ілім, олар ислам қүкығын (шариғатын) және ислам заңын (фикх) окитын орны болды.

Диобандиялық ағымдарының  ілімдік кайнар көзі Аравиялық Мүхаммед ибн Абд аль Ваххабадан алынады. Сондықтан қазіргі ауғандық талибандардың ваххабиттермен жакындығын көруге болады. Сондыктан болар, диобакдилыктар ваххабиттерге ұксап, ислам канонын өзгертуге және кандай да бір «модернизацияға» карсы, оған жол бермейді. Мұсылман кауымының қандай бір иерархиясы болмасын оған да карсы, керек болса мемлекеттің монархиялык және трайбализмдік басқаруға, әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне катаң регламациялық ережелері бар.

Талибандар Бен Ладенға  Ауғанстанды «Аль-Кайда» базасына айналдыруға жәрдем берді. Бірақ 2001 жылы 11-қыркүйек айында АҚШ-тағы «жарылыстан» соң талибтердің АҚШ әскерлері Ауғанстаннан куып шыкты. Сонымен қатар жасырын қауымдар көрші мемлекеттерге -Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанға тарады. Он дай кауымдарды «Таблиги Джамаат» кауымдары осы кезге дейін колдайды.

Казақстандағы «Таблиги Джамаат» қауымы тіркелмеген, жасырын түрде өмір сүруде.

Хизб-ут-Тахир  ал-Ислами (Исламдық азаматтық партия), 1953 жылы Иерусалимде ал Ихван ал-Муслимин (мүсылман бауырлары) деген діни қозғалыстан, жеке діни партия болып бөлініп шықты. Ол партияның басында амир Хизб-ут-Такрир, өзін Алланың оған жүктеген тапсырмасын (әмірін) орындаушы халиф ретінде, халифаттық мемлекет кұруға күшін салуда. Хизбаның халифаттық мемлекеті калай түсіндіріледі. Ол елдерде үлттық айырмашылық болмайды, унитарлы, барлык азаматтары шариғатты негізгі заң есебіне үгіттейдіҮндеулер тарату жиһадтың формаларының бірі деп танылады. Үндеулерде байқалатын жиһадка шакырулар нактыландырылмайды. Осыған байланысты Хизб-ут-Тахрир біздің елімізде үндеулерін таратуда. 2006 жылы Алматыда Хизба-ут-Тахрир жасырын баспаханасынан 13000 үндеу және баска да экстремистік әдебиеттер алынды.

Информация о работе Дінтану