Мемлекет нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2013 в 17:35, реферат

Краткое описание

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.

Содержание

І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мемлекет нысаны
2. Мемлекеттің құрылым нысаны
3. Мемлекеттің қызметтері
4. Тарихта
5. Даму сатылары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

1мемлекет нысанышгаратн.docx

— 44.59 Кб (Скачать файл)

                                            Жоспары:            

    І. Кіріспе бөлім

  ІІ. Негізгі бөлім

  1. Мемлекет нысаны
  2. Мемлекеттің құрылым нысаны
  3. Мемлекеттің қызметтері
  4. Тарихта
  5. Даму сатылары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Құқықтық мемлекет — конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. 
Қазіргі ғаламдық әлемде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы мемлекет, қоғам және азаматтың арақатынасын қалыптастырудың әмбебап идеалы болып отыр. Құқықтық мемлекет идеясының мәні - оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы. Құқықтық мемлекет идеясындағы бастысы - мемлекеттің және оның органдарының зорлық-зомбылығынан, басынуынан азаматтарды қорғау кепілі болатын мемлекеттің құқықпен байланыстылығы. Құқықтық мемлекет ең алдымен, барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және азаматтар бағынуы тиіс өзіндегі құқықтық ережелермен өзін-өзі шектейтіндігімен ерекшеленеді, ал ондағы басты принцип - құқық үстемдігі. 
Құқық үстемдігі деген ең алдымен заң үстемдігін білдіреді. Басты, маңызды, негізгі қоғамдық қатынастар заңмен реттеледі. Қоғам өмірінде заң үстемдігі арқылы, барлық саяси институттарда жоғарғы құқық бастаулары, құқық рухы енгізіледі. Осылайша, азаматтардың құқықтарының шынайылығы әрі мызғымастығы, олардың сенімді құқықтық мәртебесі, заңдық қорғалуы қамтамасыз етіледі. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске асқан конституциялық мемлекет. Конституциялық құрылымның негізгі қағидаттары, қоғам дамуының маңызды бағыттары, оның басты идеялары конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституция құқықтық жүйенің орталығы болып табылады. Соның негізінде құқықтық мемлекеттегі заңдылық тетіктері қалыптасады.

Құқықтық мемлекет атауы  алғаш рет ХIX ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. Бірақ құқықтық мемлекет туралы негізгі көзқарастар антикалық заманда қалыптасып, мемлекет пен құқықтың арақатынасы жайлы тұжырымдамалар жасалған еді. Жаңа заманда құқықтық мемлекет туралы көзқарастардың қалыптасуы табиғи құқық доктринасының бекітілуі, зайырлы заң дүниетанымының пайда болуы мен нығаюы, абсолюттік және полициялық тәртіпті сынға алу, адамдардың бостандықтары мен теңдігін, мызғымас құқықтарын тану, биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну тұжырымдамасының қалыптасуы, конституционализм теориясы мен тәжірибесінің дамуы арнасында жүрді. Бұл ережелердің жасалуына    Г. Гроций, Б. Спиноза, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Д. Адамс, Д. Медисон, т.б. қомақты үлес қосты. Құқықтық мемлекетте биліктің, азаматтың, қоғам мен құқықтың теңдігі және олардың заң алдындағы құқықтық теңдігі негізгі орын алады. Құқықтық мемлекетте қоғам өмірі заңмен реттеледі, заң үстемдік еткен жағдайда, сот ісі тәуелсіз болып, тек заңға бағынады. Құқықтық мемлекет әрбір жеке адамның заңды мүдделерінің, ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына кепілдік беруі, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың бірлестіктері мен қауымдастығын қамтамасыз етуге тиіс. Оның негізгі белгілері: құқықтық заңның үстемдігі, билік бөлінісі қағидаларын конституциялық-құқықтық реттеу негізінде егеменді мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен қызмет етуі, индивид, қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының құқықтық нысаны. Құқықтық мемлекетте қоғам, топ мүшелері мен азаматтар қауымдастықтарының мемлекет алдында, жалпы мемлекеттің, оның органдары мен басқармаларының, лауазымды адамдардың қоғам, азаматтар алдындағы жауапкершіліктерінің қатаң тәртібі орнауы қажет. Құқықтық мемлекетте биліктің бір адамның, органның немесе әлеуметтік топтың қолында шоғырлануына жол берілмейді. Өзінің жетілген үлгісінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы биліктің барлық институттарының өкілді болуын, лауазымды адамдардың сайлануын білдіреді. Құқықтық мемлекет жағдайында сот әділдікті жақтаушы, кең мағынада құқықты қорғаушы, негізгі міндеті – адам құқықтарын қорғау болуы тиіс. Қоғам мен мемлекеттің өзара байланысы, өзара тәуелділігі мемлекет заңдарында көрсетілген құқықтар мен міндеттер арқылы жүзеге асады. Қазіргі кезде құқықтық мемлекет тұжырымдамасы адам құқықтарымен тығыз байланыста қарастырылады және адамның жеке, азаматтық, саяси және экономикалық құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын білдіреді.

                           

  Мемлекет нысаны

Қазақстан Республикасының  өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып  қалыптасқанына жиырма екі жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған жиырма екі жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты зерттеуге болатын күн туды. Бүгінгі таңда саяси жүйесі мығым қалыптасқан мемлекеттер қатарында болғандықтан, мемлекетіміздің ішкі құрылымын, басқару жүйесін нақты зерттеп, оның мәндік-мазмұндық жағын айрықша көрсете білу әрбір тұлғаның перзенттік борышы. Себебі, мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да, қоғам мен мемлекеттің, оны жаңа түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Мемлекет қоғамның негізінде  пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдардың бірі болып табылады. Ол – қоғам дамуының белгілі бір  кезеңіндегі нәтижесі. Ал, қоғам  өзегі – адам. Сондықтан да, мемлекет құрылымы мен тұрпатын тану өз - өзіңді танумен тең.

«Адамды танимын десең  қолына билік бер» деп халық даналығында  айтылғандай, билікті жүзеге асыра  білу де оңай емес. Себебі, бір жеңнен қол шығара білу әр адамның қолынан  келе бермейді. Сондықтан да, біз  қоғамды құраушы негіз ретінде  биліктің, саясаттың жүзеге асырылуында  тек кемшіліктерді көре білмей, керісінше  екі жақты салыстырып, сараптай алатын дәрежеде болуымыз керек.

                 

 

 

Мемлекеттің тарихи түрлері

Мемлекеттің тарихи түрлері - қоғамның тарихи дамуы кезеңіндегі барлық мемлекеттерге тән қасиеттерді білдіретін ұғым. Бұл жіктеудің алғышарты болған мемлекет жайлы марксистік ереже еді. Оған сәйкес, бір тарихи кезеңде өмір сүретін әртүрлі мемлекет түрлеріне ортақ мәнді белгілер бар. Осы көзқарасқа сүйеніп мемлекеттің:

  • құл иеленушілік,
  • феодалдық және
  • буржуазиялық түрлері анықталған.

Құл иеленуші мемлекетте үстемдік құрушы тап өзіне бағыныштылардың еңбегімен өндірілген бүкіл өнімді өзі иеленеді. Құлдар қандай да бір саяси, заңдық құқықтардан жұрдай. Оларды затқа ұқсатып сатуға, еш сұраусыз өлтіруге, азаптап қинауға болады. Мемлекет осы жағдайда ұзақ уақыт бойына тек құл иеленушілердің мүддесін қорғап келді.

Феодалдық мемлекетте ірі жер иеленушілерінің, феодалдардың, помещиктердің шексіз билігі үстемдік құрды. Бұл мемлекетте бай тап шаруаларға жерді пайдалануға беріп, одан түскен пайданың бір бөлігін алып, еңбегін қанайды. Құлдардан айырмашылығы, феодалды мемлекетте шаруалар еңбек құралдары мен өз үйлеріне иелік етеді.

Буржуазиялық мемлекет өндіріс дамуының индустриалды кезеңінде пайда болады. Мұнда ресми түрде заң алдына барлығының теңдігі жарияланады, сословиелік артықшылықтар жойылады. Ол азаматтарға жұмысшыларды жалдауға немесе жалдануға құқық береді.

                                        Мемлекет

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

 

  Мемлекеттің белгілері

  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды,атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
  • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
  • мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды ;
  • мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

          

                        Мемлекет түрлері

Мемлекем құрылымы бойынша  келесі түрлерге бөлінеді:

  • Унитарлық (лат.unitarum — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
  • Федерация (лат. federatio— одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.

                     

 

 

 

Мемлекет басқаруы бойынша

  • Монархия (гр. monarhios— біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, ХVII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.
  • Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады
  • Диктатура (лат. dictature — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

                                  

 

Қызметтері

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл  қоғамның жалғыз ресми өкілі  ретінде халықты азаматтық тұрғыда  біріктіреді;

2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

3) заң күші мен құқық  нормаларын шығару, құқық шығарма  мемлекетке ғана тән;

4) билеуші органдарының  болуы. Оның органдарында тек  қана басқару ісімен шұғылданатын  арнайы қызметкерлері болады. Қоғам  тәртібін сақтау үшін мемлекет  әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы  күштердің ықпалынан қорғану  үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

5) мемлекет органдары  мен онда қызмет ететін адамдарды  қаржыландыратын арнаулы материалдық  қор болады, ондай қор жасау  үшін алым-салық белгілейді және  жинайды;

6) өз тұрағы, аумағы бар.  Сол аумақта билігі жүреді, өмір  сүреді және оны қорғау мақсатында  тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды  тиімді жүзеге асыру үшін аумақты  әкімшіліктерге бөледі.

7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды  реттеп, оларды қажетті қалыпқа  салып, тәртіп орнату үшін құқықтық  нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын  мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу  тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

Информация о работе Мемлекет нысаны