Ортагасырлык мадениеттин басты ерекшелиги

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 14:53, реферат

Краткое описание

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті.

Вложенные файлы: 1 файл

Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі.docx

— 68.93 Кб (Скачать файл)

Орта ғасырлық Еуропаның  ғылыми мәдениетінде алхимия ерекше орынға ие болды. Алхимия жәй қарапайым  металды алтынға немесе күміске  айналдыра алатьш субстанцияны (барлық заттардың, құбылыстардың негізі) іздестірумен болды. Мұндағы басты мақсат —  адам өмірін ұзарту болды. Алхимияның мақсаты және олардың қолданған  әдістері күмәнді жене қиялға жақын  болғанымен алхимия көп жағдайларда  қазіргі заман ғылымдарының, әсіресе  химияның туындауына айрықша әсер етті. Бізге келіп жеткен Еуропалық  алхимиктердің авторларының бірі —  ағылшын монахы Роджер Бэкон мен  неміс философы ұлы Альберт болды. Бұл екі ғұламаның екеуі де жөй қарапайым металдардың алтынға  айналатынына кәміл сенген және алтынды  «жетілген металл», ал төменгі металдарды алтынға қарағанда әлдеқайда  жетілмеген деп есептеген. Демек, алхимиктер жәй металды табиғатта болмаған «философия тасы» арқылы алтынға  және күміске айналдыру жолдарын табуға әрекеттенген. Роджер Бэкон  «патша арағында» еріген алтын өмірдің  шипасы деп есептеген. Ал Ұлы Альберт болса өз заманының ұлы химигі болды.

Орта ғасырлық мәдениеттің  басты элементі — әдебиет болды. Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлық эпостар  ерекше қанат жайды. Мұндай мәдени құбылыс  Англия және Скандинавия елдеріне тән  болды. Бұл эпостарды орындайтын музыканттар халықтың ықыласына  бөленіп, ерекше құрметке ие болды. Ел арасына кең тараған ағылшын  — саксондық қаһармандық эпостардың бірі — 700 жылдар шамасында жазылған «Беовульф» поэмасы болды. Маман-ғалымдардың  пікірінше, бұл дәуірдегі Батыс  Еуропалық әдебиетте өзінің мазмұны  мен әсерлігі жағынан Скандинавияның эпикалық халықтың поэзиясына пара-пар  келетін әдеби шығармалар болмаған. Осындай бағалы туындылардың бірі —  құдайлар мен батырлар жайындағы  көне норвеждік және исландық мифологиялық және батырлық сипаттағы жырлардың  жинағы болып саналатын — «Старшая Эдца» эпосы. Бұл баға жетпес әдеби  туынды XII ғасыр бұл елдерде латын  жазуының пайда болуы кезеңінде  жазылған.

Бұл тарихи дәуірде рыцарлық әдебиет те қанат жая бастады. Бұл жанрдағы ең атақты тамаша мәдени мұра-француздардың халықтық ерлік  эпосы — «Роланд туралы жыр». Мұнда Испанияға жасалған өскери жорық кезінде қаза тапқан граф Роландтың  әскери ерліктері жайында баяндалады. XII—XIII ғасыр неміс халқының баға жетпес әдеби мұрасы — «Нибелунгтар жайындағы жыр» да халықтың шексіз құрметіне бөленді. Көне германдықтардың  аңыздарына негізделген бұл жырда V ғасырдағы Бургун корольдігіне жасалған ғұндардың шапқыншылық соғыстары  — уақиғаның негізгі арқауы болған.

Батыс Еуропа елдерінде рыцарьлық  поэзия да дами бастады. Германияда лирикалық  поэзияның өкілдері саналған миннезинглер (жалынды махаббат жыршылары) өз шығармаларын өздері орындайтын болған. «Куртуаздық (сарай маңындағы) поэзия» — француз  елінде трубадурлардың лирикалық поэзия саласындағы тамаша жетістіктерінің  бірі болды. Трубадурлар таза махаббатты және өз сүйіктісіне жан-тәнімен  берілген рыцарьлардың қауіп-қатерге  толы өмір жолдарын, олардың көзсіз ерлік істерін үлкен шабытпен жырға қосты. Солардың ішіндегі ең атақтылары — Бертран де Борн (1140— 1215 жылдар шамасы), Джауфре Рюдель (1140—1170 жылдар шамасы) және тағы да басқалары болды.

XII—XIII ғасырда француз  поэзиясының тағы бір тамаша  көрінісі «ваганттар поэзиясы»  болды. Ваганттар деп (латынша  «кезбелер» деген мағына береді) кезбе ақындарды атаған. Олардың  шығармашылығының басты ерекшелігі  — вагант ақындардың католик  шіркеуі мен дінбасыларын, олардың  зұлымдық ісөрекетін өділ сынның  қыспағына алуы болып саналады. Олар көргенсіздік, екіжүзділік,  білімсіздік сияқты жағымсыз  қасиеттерден шіркеу мүлде арылу  керек деп санады. Ал өз кезегінде  ваганттар тарапынан қатал сынға  ұшыраған христиан шіркеуі оларды  қуғын-сүргінге ұшыратып отырды. «Ваганттар ордені» деп аталатын  атақты жырлар ваганттар поэзиясының  аса құнды шығармаларының бірі  болып саналады.

XIII г. Ағылшын әдебиетінің  мәңгілік өшпес мұраларының бірі  — Робин Гуд жайындағы балладалар. Робин Гудтың күні бүгінге дейін дүниежүзілік әдебиеттің ең белгілі, ең сүйікті кейіпкерлерінің қатарынан орын алуы — ағылшын әдебиетінің бет-бейнесін айқын аңғартады.

Италия әдебиетінде итальян  тілінде жазылған жырлар, балладалар, соннеттер басым болып келеді. XII ғасыр ортасына қарай Италияда әйелдерге деген махаббатгы дәріптейтін  соны бағыт — «жаңа өдемілік стиль» пайда болды. Бұл стильдің негізін  салушы — болондық ақын Гвидо Гвиницелли (1230—1276 жылдар шамасы) болды. XIII ғасыр  аяғында итальян тіліндегі ең алғашқы құқықтық шығармалар да жарық  коре бастады. Солардың тырнақалдысы —  новеллалар жинақтары болды. Кейіннен бұл новеллалардың сюжеттерін Боккаччо атақты «Декамеронды» жазғанда кеңінен  пайдаланды.

Бұл дәуірде қала әдебиеті де қалыптаса бастады. Оның көрнекті екілдері — Чекко Анджольерн, Гвидо  Орланди (XII ғасыр аяғы) және тағы да басқалары. Олардың шыгармаларында қала халқының өмірі, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі реалистік тұрғыдан көрініс тапты. Қала әдебиетінің  дамуы Батыс өркениетінің қалыптасуына айрықша әсер етті және бұл мәдени процесс қалалық мәдени өмірдің  барлық салаларында ақсүйектердің  мәдени белсенділігімен ұштасты.

Францияда қала мәдениеті XI—XII ғасырларда туындады. Қаланың халық  көп жиналатын алаңдарында актерлер, акробаттар, аң үйретушілер, музыканттар және әншілер жаппай өнер көрсететін. Ал осы бір өнердің сан-саласын өз бойына жинақтаған жонглерлер творчествосы — қала мәдениетінің ең басты көріністерінің бірі болып саналды. Халық алдында үлкен ілтипатқа ие болған жонглерлар той-думандарда, үйлену тойларында, жәрмеңкелерде және діни мейрамдарда өз өнерлерін көрсетті. XII ғасырдан бастап театр қойылымдары латын тілінде емес, француз тілінде қойыла бастады. Ең бастысы — бұл қойылымдар бұрынғыдай шіркеулерде емес, қала алаңдарында қойылатын болды. Олардың сюжеттері қала халқының тұрмыс-тіршілігін, күнделікті өмірін жан-жақты қамтыды. Бірақ, өкінішке орай христиан шіркеуі жонглерлардің мұндай шығармашылығын еркін ойлылықтың көрінісі деп санап, олардан қатты қауіптенді.

Театр өнері Англияда да қанат жайды. Ең бастысы театр  қойылымдарды XIII ғасырдан бастап ағылшын  тілінде жүргізіле бастады. Драмалық жанрдың ерекше түрі — «моролитенің»  пайда болуы да мәдени өмірдегі ерекше уақиғалардың бірі болды. Онда ізгілік  пен зұлымдық сияқты бір-біріне кереғар  қасиеттер кеңінен көрініс тапты. Моралиттердің басты кейіпкерлері — Махаббат, Шыдамдылық, Даналық, Жағымпаздық, Сараңдық сияқты адам бойындағы қасиеттерді  шыңдық тұрғысынан бейнелей білді.

Қала мәдениетінің даму процесінің тереңдей түскендігін қалаларда  шіркеулік емес мектептердің ашыла  бастағандығынан аңғаруға болады. Бұл  әрі игілікті, әрі мәнді мәдени құбылыс болып саналады, өйткені  бұл мектептер материалдық жағынан  шіркеуден тәуелсіз болды. Мектеп мұғалімдері  оқушылылардан түсетін қаржының есебінен жалақы алып тұрды. Ең бастысы  — дәл осындай қала мектептерінің  көбеюі қала халқының сауаттылығын артгыру  мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал  жасады. XII ғасырда шіркеуден тәуелсіз дәл осындай мектептердің негізін  қалаған әрі философ, әрі діндар, әрі ақын Петр Абеляр Фраіщияның ең беделді магастрі болып саналды. Оның диалектикалық логиканың келелі мәселелерін қамтыған «Иә және жоқ» атгы шығармасы өз заманының тамаша туьшдыларыньщ бірі болды. Петр Абелярдың  тартымды, әрі қызықты дәрістері  көпшілік көңілінен щықты, өйткені  онда ғылымньщ атқаратын рөлі сияқты келелі мәселелер көтеріліп отырды. Орта ғасырлар мәдениетінде Византия мәдениеті ерекше орьш алады, өйткені  ол Еуропалық мәдениеттің, яғни христиан дінінің үстемдігі Батыс пен  Шығыс Еуропаны өзара жақындастырып, біріктіре түсті. Шындығында да дін  тіпті көне заманда да дәл орта ғасырлардағыдай құдіретгі күшке  айналған жоқ. Сөйтіп Еуропада христиан діні түпкілікті салтанат құрды. Бұл  тарихи кезенде дін тек философия  ғана емес, сонымен қатар құқық  жүйесіне де, саяси доктринаға да, моральдық  ілімге де айналды. Византия мәдениетінің шоқтығы өте биік болды, олай болатын  себебі, византиялықтар Батыс Еуропаға қарағанда көне мәдени дөстүрлерге  ерте ден қойды, олар Грекия мен Рим  мәдениетін жалғастырушы — мирасқорлар  болды. «Екінші Рим» аталған Константинополь  қаласында алып құрылыстар қанат  жайды. Солардың бірі — өз заманындағы  тендесі жоқ ғимарат — София  ғибадатханасы еді. Оның қабырғалары  түрлі-түсті мозаикалармен безендіріліп, төбесіне көз тартарлық әсем күмбез орнатылды. 1453 жылы Византияны түріктердің  жаулап алуына қарамастан, Византия мәдениеті  өзінің өміршендігін көрсетіп, дүниежүзілік мәдениетке өз ықпалын тигізді. Оның мәдени дәстүрлері Италия, Румыния, Сербия, Ежелгі Русьте, Болгария және тағы да басқа мемлекеттер топырағында қайта түлеп, жаңа арнаға түсті. Византия Шығыс мәдениетінің де, Батыс мәдениетінің де тамаша үлгілерін өз бойына сіңіре білді. Атап айтқанда, Шығыстың абстрактылық өрнегі мен Батыс Римнің әшекейлік динамикалық өрнегі мен Батыс Римнің (бірінші Римнің) сақталып қалған мәдени мол мұраларын, сәулет өнерінің жаңа туындылары мен мозаикалық өнердің жетістіктерін, Сирия көркем мектебінің көріністік әсерлігін, Иран өнерінің әшекейлік нәзіктігі мен бейнелеу қуаттылығын және эллинизмнің адамзаггы ізгілікке бастайтын барлық ізденістерін өз бойына сіңіре білді.

Міне, сондықтан да болар, Батыс Еуропа мәдениеті ғасырлар бойы византиялықтардың мәдени бай  мұраларынан сусындай отырып, оларды өздерінің мәдени бастауларында  үлгі етті. Бүкіл орта ғасырлар дәуірінің  өн бойында алыста жатқан ұлан-ғайыр  империяның мәдени жетістіктері мен  мұндалап, ғажайып сұлулығымен өзіне  тартатын да тұратын. Ұлы Карл өз империясының құдіретін арттыруда Византияның  мәдени үлгілеріне көз тігіп, ұлы  арманның діңгегі деп санаса, Германия императорлары да одан қалыспауға тырысты. Бір айта кететін жәйт, дін ортақтастығының, яғни провославие дінінде болудың  арқасында Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Шығыс Еуропа елдері Византиямен  тығыз мәдени байланыстар орнатуға ерекше мүмкіңдіктер алды. Шығыс Еуропа мемлекеттері өэдерінің ұлттық мәдениетін жандандыруда Византия сияқты озық елдерге  еліктеуге ешбір арланған жоқ, қайта  бұл өнер ордасының атақты мүсіншілерін, сәулетшілерін, суретшілерін өздеріне шақырумен қатар, византиялықтардың  қолынан шыққан тамаша өнер туындыларын  өз елдеріне әкеліп отырды. Тіпті, батыс  еуропалықтардың Константинополь  шеберханаларында жасалған шіркеу есіктеріне деген сұраныстары өте күшті  болды. 988 жылы христиан дінін қабылдаған Русьте храмдар салу мен оларды әшекейлеу  ісінде византиялық сәулетшілер  мен суретшілерді үнемі пайдаланып отырған.[2]

  Пайдаланған әдебиет


Информация о работе Ортагасырлык мадениеттин басты ерекшелиги