Қазақстандағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2014 в 23:04, реферат

Краткое описание

Рыноктық экономикаға өту кезеңіне байланысты Қазақстан экономикасына «Инвестиция» -деп аталатын жаңа термин енгізілді. Инвестиция түсінігінің кеңінен қолданылуын нарықтық қарым-қатынастардың кеңеюімен байланысты қарастыруға болмайды. Соңғы кезеңде ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен қолданудың барысында тек қана өндіріс және өндірістік инфрақұрылым салаларының материалдық техникалық базасы ғана сапалы өзгерістерге ұшырап қойған жоқ, ондай өзгерістер әлеуметтік инфрақұрылым салаларына да тән болып отыр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................
3
1
Инвестициялардың жіктелуі мен формалары..................................

4
2
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері............................
13
3
Инвестициялық жобалар және оған қатысушылар.........................
18
4
Қазақстанның инвестициялық қоры және инвестициялық саясат.
22
5
Қазақстанға тартылған инвестициялар және кіріс көлемі............
26

Қорытынды және ұсыныстар................................................................
29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Шынболат курс Эк теор.doc

— 389.00 Кб (Скачать файл)

 Сонымен инвестициялық жобаны құру мен жүзеге асыру келесі кезеңдерді қамтиды.

- инвестициялық  идеяны (ойды) құрау;

-инвестицияның  мүмкінділігін  зерттеу;

-жобаны техника-экономикалық  негіздеу;

-жер учаскесін сатып  алу, арендаға алу мен бөлу;

-контракт құжаттарын дайындау;

-жобалық құжаттарын дайындау;

-құрылыс-монтаж жұмыстарын  жүзеге асыру;

-обьектіні іске қосу, экономикалық көрсеркіштерін  мониторингін  зерттеу.

2).Инвестициялық  мүмкіндіктерді жоба алдындағы  зерттеу келесі көрсеткіштерден  тұрады.

-экспортпен импортты ескере отырып өнім мен қызметке деген  сұранысты алдын-ала зерттеу;

-өнімге (қызмет түріне) базистік, ағымдық, болжамдық бағалар деңгейін  бағалау;

-жобаны Жүзеге асыруды  ұйымдастырудың  құқықтық формасы  бойынша мүшелер құрамына  ұсыныстар  дайындау;

-жоба тиімділігін бағалау;

-инвестициялық мүмкіндіктерді  негіздеу нәтижелерін бекіту;

-жобалық ізденіс контрактілік  құжаттар дайындау;

-потенциалдық инвестор  үшін инвестициялық  ұсыныстар  дайындау.

Инвестициялық ойды құрау келесі ні қамтиды:

  -ойдың туылуы мен алдын-ала негізделуі;

-белгіленген жобамен  қарастырылған өндірістің техникалық  шешімінің (техника, ресурстар, қызмет  көрсетулер обьектісі) инновациялық, патенттік, экологиялық талдау;

-инвестициялық  идеяның (ойдың) аудандық, муниципалдық салалық, басқару органдарымен алдын-ала келісуі.

Жобаның  ТЭН (техника-экономикалық негіздеу) құрамына кіретіндер

-толық масштабта маркетингтік зерттеу;

-өнім шығысы бағдарламасын  дайындау;

-инвестициялық мүмкіндіктерін  алдын-ала негіздеу деректерінен  тұратын түсініктеме қағаз дайындау;

-техникалық шешімдер  өңдеу оның ішінде генералдық  бас жоспар, технологиялық шешімдер;

-инженерлік қамтамасыз  ету;

-қоршаған ортаны қорғау  мен азаматтық қорғаныс бойынша  шаралар;

-кәсіпорынды басқару  жүйесіне сипаттама;

-сметалық қаржылық құжат, оның ішінде өндіріс  бағасы күрделі қаржы есебі  кәсіпорын қызметінен жылдық түсімдер есебі;

-айналым қорларына қажеттілік  есебі, жобаны қаржыландырудың көздері  т.б.

-жобаны жүзеге асыру  мерзімін жоспарлау;

-жобаның коммерциялық  тиімділігін бағалау;

-жобаның бюджеттік және  экономикалық тиімділігін бағалау.

Контракт құжаттарын дайындау келесіден тұрады:

-тендерлік сауда дайындау мен олардың нәтижелері бойынша контрактілік келісімдер дайындау;

-потенциалдық инвесторлар  мен келісімдер жүргізу;

-обьектіні әрі қарай  жобалауға тендерлік саудалар  мен техника құжаттарын өңдеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.  Қазақстанның инвестициялық қоры және инвестициялық саясат

 

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі –кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын объективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғатына орай қазіргі тұтынудан бас тартып болашақта табыс алу болып түсініледі. Инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын анықтаудан басталады.  Инвестициялық стратегия – ұзақмерзімді мақсаттардың жиынтығы және оларға жетуге тиімді жолдарын таңдау.



 

 


 


 


 

 

 

 

2 Сурет – Кәсіпорынның  инвестициялық стратегиясын қалыптасу  шарттары.

 

Инвестициялық стратегия ұзақмерзімді мақсаттарға бағытталу және ағымдық шаруышылық процесінде инвестициялық жобалармен бағдарламаларды таңдау барысында іске артады.

Инвестициялық қызметті активизациялау барысында және құқықтық инвестициялық нышанда болашақ либерлизациялауда бірқатар нормативтік құжаттар қабылданды. Үкімет саясатының шараларын тез іске еңгізу мақсатында құрылған ҚР инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік Комитет өкілетті орган ретінде тікелей инвестицияларды мемлекет жағынан қолдайды.

       ҚР заңдары «Инвестицияларды мемлекеттік қолдау», «Құнды қағаздар рыногы», «Инвестициялық қорлар туралы», заң, «Құнды қағаздарды тіркеудегі іс-әрекеттер» мемлекеттің ұлттық және халықаралық деңгейіндегі инвестициялық қатынастардың құқықтық реттеудің нормативтік-құқықтық актілерін толтырады және бүкіл инвестициялар түрлерінің келтіру және пайдалану мақсатындағы максималдық жағдайлар жасайды. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдау» заңы ҚР – ның кепілдіктермен және официалдық техникалық көмек көрсетуге байланысты тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау процесінде туындайтын қатынастарды реттейді. Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың қызметі ұлттық заңдармен, халықаралық келісімдермен, оның ішінде күрделі салымдарды қорғау Қазақстанның екі жақтылы келісімдер арқылы қатысуымен реттеледі.

Соңғы уақытта ұлттық инвестициялық заңдар дамуы шетелдік инвесторларға жеңілдік беруді азайтып, ұлттық инвесторлармен оларды теңестіруде, тіпте кейбір сұрақтар жайында жергілікті компанияларға қарағанда қатал шарттар қойылады.

1994-2003 жылдары «Шетел инвестициялары  турылы» қолданылған заң, ұлттық  инвесторлармен салыстырғанда шетелдік  инвесторларға арнайы жеңілдіктер  қарастырған. Заң шетел инвесторларын  келтіруге, оларға тұрақты режим жасауға оң әсерін тигізген. Бірақ, ол 2003 жылы шетел инвесторларының бүкіл жеңілдіктерін жойған жаңа «Инвестициялар туралы» заңмен ауыстырылды.

2003 жылдың заңының негізгі  мақсаты қазақстандық және шетел  кәсіпкерлерінің инвестициялық қызметіне тең жағдайлар жасап, және экономиканың басымды салаларында инвестицияларды мемлекеттік қолдауының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.2003 жылдың заң кепілдіктері келісім тұрақтылығының нормаларын, табысты пайдалану кепілдіктерін, мемлекет меңшігіне айналдыру кепілдіктерін, халықаралық арбитражда инвестициялық дауларды шешуін кірістіреді.Заңмен инвестор болып таңылатын ҚР – да инвестициялар жүргізетін заңдық және жеке тұлғалар болып таңылады. 1994 жылдың заңынан қазіргі заңның айырмашылығы «шетел» және «ұлттық» инвестициялар мен инвесторлар деп бөлмейді. «Ивестициялар туралы» жаңа заң тұрақтылық принципін тек инвесторлармен мемлекеттік органдарға таратады.

   Инвестициялық саясат – ел экономикасына және оның салаларына күрделі салымдар құрылымының қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолындағы өзара байланысқан мақсаттар мен шаралардың кешені.

   Инвестициялық саясаттың маңызды есептері:а) инвестициялардың құрылымын жетілдіру арқылы олардың тиімділігі мен көлемін кеңейту;б) мемлекеттік инвестицияларды елдегі инвестициялық белсенділігін арттыру және экономиканың құрылымдық трансформациясын басқару.

Жалпы инвестициялық саясатты жүргізу құралы болатын:

    • елдің инвестициялық жоспары;
    • даму бюджеті;
    • инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалайтын әдістемелік материалдар.

Инвестициялық сфера әр еддің экономикасында негізі болып табылады және елдің экономикалық өсуін анықтайды, ал инвестициялық саясат экономикалық саясаттың басымдық сферасы болады.

Қазақстандағы инвестициялық саясатты жүргізу реформасы 3 этаптан тұрады.Бірінші, (1991-1993) мемлекет ролі үлесінің жоғарылығымен сипатталады, бұл кезеңде инвестиция үкімет кепілдігімен  тартылды. Бұл этапта шетел ресурстарының еркін енуіне барлық көздердің бірдей ашылуына мүмкіндіктер жасалмады, отандық рыноктің сыртқа сауда және валюта – қаржылық жағдайлармен өзіне тән қорғау мүмкіндіктері болмады. Бұлардың барлығы капиталды қабылдау жүйесін құрудың заңдық-құқықтық базасын құруды қажет етті.Екінші этап (1994-1995) қаржы рыногінің құрылуына, жекешелендіруді тереңдету мүмкіндіктеріне сәйкес келді.Отандық товар өңдірушілердің жаппай банкротқа ұшырауы, экономикадағы төлем қабілетінің төмендеу дағдарыстары жаңа стратегиялық мәселелерге әкелді және инвестициялық саясат реформасының үшінші этапының басталуына әкелді (196-1998). Бұл жылдары жекешелендіру маңызды стратегиялық объектілерде жүрді, бағалы қағаздар рыногін тиімді қалыптастыру механизмі дамыды. Инвестициялық саясаттағы бұл этапты старттық деп атауға болады, себебі бұл этапта бір-бірімен байланысқан, ұштасқан инфляция баға, жұмыссыздық сияқты құбылыстарды шешу алдын-ала анықталды, сол сияқты инвестициялау компаниясының пайда болуына жене әлемдік стандартқа бара-бар келуі сияқты мәселелерді шешу анықталды.

Шетел капиталын келтіру саясатын жасауда мына принциптерді басшылыққа алу керек:

    • экономикалық бағыттылық, мақсаттылық принциптері;
    • әлеуметтік-экономикалық тиімділік- кез келген формадағы шетел инвесторларын келтірудің міндетті шарты;
    • экономикалық және экологиялық қауіпсіздік принципі;
    • келісімдер мен жобалардың өзара принципі;
    • коммерциялық тәуекел принципі.

Қазақстандағы бекітілген инвесторлардың мүдделерін қорғау үшін мемлекет мынадай кепілдемелер белгілеген:

1. бекітілген инвесторлардың  жарғылық қордағы өз үлесіне  немесе шаруашылық серіктестігі  акцияларына немесе жарғылық қордағы үлестік қатысуын, акцияларын сату нәтижесінде алған капитал, пайда немесе табыстарын, тиісті салықтарын және басқадай міндетті төлемдерін өтеген жағдайда оларға өкім ету құқығын шектемеу,

2. инвестициялық жобаға  сәйкес ҚР-ның аумағында бекітілген инвесторлар өңдірген тауарларды сату немесе шикізаттарды таратуды бақылайтын мемлекеттік монополияны құрмау;

3. инвестициялық жобаға  сәйкес, заңнаманың кейбір ескертпелерінен  басқа жағдайларда ҚР-ның аумағында  бекітілген инвесторлар өңдірген тауарларды сату немесе шикізаттарды таратуды бақылау мен бағдарлы реттеу шараларын қолданбау;

4. бекітілген инвесторларға  ҚР-ның ұлттық валютасына және  шетмемлекеттердің валюталарына  банктен есеп алуларына және  инвестициялық қызметті жүзеге  асыру үшін қажетті ҚР – ның ұлттық валютасын еркін өтемді валютаны ҚР-ның ұлттық валютасына айырбас жасауларына кедергі келтірмеу; сондай-ақ, бекітілген инвесторларға қатысты валютаны реттеудің басқадай шектеулерін еңдірмеу;

5. инвесторларды қорғауға  және ҚР-ның заңнамасына сәйкес, олар шығарған өнімдердің бәсекелесу қабілеттіліктерін көтеруге бағытталған кедендік реттеу шараларын жүзеге асыру;

6. ҚР-ның заңдарымен инвестицияларды, пайдаларды, дивидендттерді, құқық  және заңды мүдделерді ҚР-да  қолдау;

7.ҚР-ның заңдарын бұзбаған жағдайда, инвесторлардың өздеріне тиісті мүліктерін меншіктік құқықтармен басқаруын жүзеге асыруларына мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың бөгет болмауы.

Инвестициялық тартымдылық ел, сала, аймақ кәсіпорын деңгейінде қарастырылады.

Экономикалық әдебиетте инвестициялық тартымдылықтың, немесе мемлекеттік инвестициялық климаттың анықтамасына әр түрлі тәсілдемелер бар. Елдік және шетелдік инвесторлардың инвестициялық қызметін қамсыздандыратын саясаттық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың жиынтығы деп түсініледі.

Инвестициялық тартымдылықты анықтайтын факторлар:а) рынок жағдайында қоғамның саяси тұрақтылық, инвестициялық және кәсіпкерлік қызметтің нормативтік құқықтық базасының тұрақтылық сипаттамасы; б) экономикалық орта, немесе ұлттық валютаның тұрақтылығы, инфляцияның өсу қарқыны, валюталық және салықтық реттеудің режимі, қорлық рыноктың және қаржылық-несиелік жүйенің жағдайы, ішкі рыноктың сыйымдылық пен төлемқабілеттілігі; в) ресурстар мен инфрақұрылым, әлеуметтік-мәдени орта, экология.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстанға тартылған инвестициялар және кіріс көлемі

 

     Қазақстанға  инвестицияға  жолды  жекешелендіру  ашты,  дегенмен кəсіпорындардың  көптеген  жаңа  иелерінің  қызметі  саланың  дамуы  мен  жаңа өндіріс  орындарын  құру  емес,  шұғыл  түрдегі  нəтижелерге  бағытталды.  Бұған қоса,  көптеген  салаларда  отандық  жəне  əлемдік  нарықтарда  кəсіпорындардың бəсекелестік жағдайын сақтап қалу мүмкін болмады.

    Сонда  да «Қазақстан  ТМД  мемлекеттері  ішінен  бірінші  болып  нарықтық экономикасы бар ел мəртебесін алды. Дүниежүзілік Банк Қазақстанды шетелдік инвестиция  үшін  анағұрлым  тартымды  əлемнің жиырма  елінің  тізіміне  қосты.  Қазақстанның  аймақтағы инвестиция үшін анағұрлым қолайлы ел екені  туралы келесі  мəліметтерде  көрсетілген.  Қазақстандық  экономикаға  тартылған  тікелей шетелдік  инвестиция  көлемі 50  миллиардтан  аса  долларды  құрады.   Орталық Азияға  келіп  түскен  барлық  тікелей  шетелдік  инвестициялардың 80  пайыздан астамы Қазақстанның үлесіне тиеді. Біздің еліміздің экономикасына əлемнің 60

елі  өздерінің  қаражатын  салды.  Жақын  арадағы 10  жылда  мұнай,  газ  жəне еліміздің басқа қазба байлығының ірі кен орындарын ашу Қазақстанға тағыда 30 миллиард доллар  тартуға  тиіс,  ішкі инвестициялар  қазірде 20 миллиардтан кем емес.  Ұлыбритания  қазір  Қазақстанның  экономикасына  құйылған  тікелей шетелдік  инвестициялардың  көлемі  бойынша АҚШ-тан  кейінгі  екінші  орынды иеленген. Сонымен қатар, Қазақстан қазіргі таңда Орталық Азия мен ТМД-ның бірнеше  елдеріне  ірі  қаражат  құятын  ірі  аймақтық  инвесторға  айналды. Соңғы жылдар  ішінде  біздің  еліміз  Қазақстаннан  тысқары 18  миллиард  долларды экспорттады».

     Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкінің 2004  жылғы (Қазақстан

Републикасы  Президентінің 2008  жылы 6  мамырдағы  № 1571  Жарлығымен бекітілген) жылдық есебіне сүйенсек, «2004 жылы мемлекетке қорлардың келуі ағымдағы  операциялардан  бөлек,  тікелей  шетел  инвестициялары (ШТИ), сонымен  қатар,  халықаралық  капитал  нарығында  тартылған  қарыз  қорлары түрінде де көлемді шетел капиталын тартумен де қамтамасыз етілді. Сонда 2008 жылы  тартылған  қаржыландыру  көлемі  тікелей  инвестициялау  операциялары бойынша  тарихи  өте  зор  деңгейге  қол  жеткізді.  Біршама  деңгейде  бұл қорытындылар  əлемдік  мұнай  нарығы  ағымдарымен  анықталды.  Қазақстанға ШТИ  жалпы  кірісі 2004  жылы 8,4  млрд.  аса  долларды  құрады.  Мұнай-газ саласындағы  инвестициялар  ШТИ  жалпы  кірісті  салалар  бойынша  бөлуге анықтаушы  ықпал  етті.  ШТИ  негізгі  бөлігі  мұнай  мен  табиғи  газ  өндірісіне (ШТИ жалпы кірісінің 63 %), геологиялық жəне зерттеу қызметіне (20%) келді.

Информация о работе Қазақстандағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары