Лизингтің мәні мен оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 15:36, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаттар: лизингтің мәні мен оның түрлері, даму тарихы мен Қазақстан Республикасының лизингілік қызметін зерттеу. Курстық жұмыстың міндеттері:
лизингтің қалай пайда болғаны, тарихын және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы түсініктеме;
лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер;
Қазақстан Республикасының лизингтік даму динамикасын зерттеу.

Вложенные файлы: 1 файл

Лизинг курсовая.doc

— 216.00 Кб (Скачать файл)

Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:

- жалға алушы құрал-жабдықтың  қалдық құнының жоғарылауынан(әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;

- ұйымдастырудың күрделілігі;

- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің барысында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Әртүрлі субъектілер  үшін лизингтің артықшылықтары мен  кемшіліктері. Жағымды жақтарына: лизинг барлық лизингтің қатынастар субъектілері үшін қызықты: жабдық тұтынушысына,  аталған жағдайда лизингтік компания өкілі болып табылатын инвесторға, инвестицияларды экономиканың ерекше салаларына бағыттау үшін лизингті пайдаланатын, мемлкетке және соңында лизинг нәтижесінде сенімді ұзақ мерзімдік пайдаға алуды ойлайтын банкке.

Аталған кезеңде Ресейде  қалыптасқан экономикалық жағдайлардың ерекшеліктерін есепке алғандағы аса  өзекті, лизингтің негізгі артықшылықтары мынада:

  1. Мемлекет үшін. 

Қалыптасқан экономикалық жағдай мен инвестициялық белсенділікті  қозғаудағы аса қажеттілікте лизингті дамыту мәселесі мемлекет үшін ерекше өзектілікке ие болуда. Бұл қаржылық құрал инвестициялық қызмет үшін қаржылық қаражатты жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Өзінің механизмі арқылы өндірісті жабдықтау мақсатына  инвестициялық ресурстарды кепілді  пайдалануды қамтамасыз етеді.

Мемлекет, лизингтік қызметті ынталандыра отырып, ол үшін мәселен, салықтық жеңілдіктерді пайдалана  отырып, инвестицияларды қаржыландыруға бюджеттік ассигнациялауды едәуір азайта алады, олардың салалық құрылымдарының жетілдіру үдерісін тиімді басқаруға, қызмет көрсету саласы мен тауарлық өндірістің дамуына, экспорттық потенциалдың көтерілуіне, жеке меншікті ресейлік капиталдың Батысқа кетуін азайтуға, қосымша жұмыс күштерінің құрылуына, әсіресе, шағын кәсіпкерлік салада, басқа да әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге ықпал етеді.

  1. Лизинг алушы үшін

Рентабельді жоба болғанда тұтынушы жабдықты алып, ірі, бір кездегі  шығынсыз сол не басқа өндірісті бастауға мүмкіндікке ие. Бұл жаңа бастап жатқан ұсақ және орта кәсіпкерлер үшін өзекті.

Кәсіпорынның мүлкіне  салықты азайту, лизинг объектісінің бағасы міндетті емес, бірақ көп  жағдайларда, лизинг берушінің активтік балансында ескеріледі.

1995 жылы бірінші шілдеде  Ресей Федерациясының Үкіметімен  №1 «Өнім бағасына (жұмыс, қызмет  көрсету) кіретін, өнімді өндіру  және өткізу бойынша шығындар  құрамы туралы Ережеге өзгерістер  мен қосымшалар және пайдаға  салық салынудағы ескерілген, қаржылық  нәтижелерді қалыптастыру тәртібі туралы» Қаулысы қабылданды. Бұл қаулыдан шыққан себеп, лизингтік төлемдер өнімнің өз бағасына кіретін шығындарға жататындықтан, пайдаға салынатын салықтың азаюы болды. (2 Тармақ).

«Лизинг туралы» заңға  сәйкес лизингтің объектісін құрайтын және негізгі қордың белсенді бөлігіне жататын жылжымалы мүліктің барлық түрлеріне 3 коэффицентінен аспайтын жеделдетілген өтелім механизмін пайдалауға рұқсат етілген.

Лизинг алушыда бухгалтерлік есеп қарпайым, себебі негізгі қаражаттар, өтелімге есептеу, салықтың жартысын төлеу мен қарызды басқару бойынша есепті лизингтік компания жүргізеді.

Лизинг келісімінде  қарызды төлеудің ыңғайлы, жеңіл  сызбасын пайдалану қарастырылған.

Барлық аталған жағдайларға  банктің өзі лизинг алушы болатын  жағдайды да қосуға болады. Бұл банк үшін өте тиімді, себебі, мұнда банктің балансы жеңілдейді, ал ол болса, өз кезегінде банк қызметін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерде жақсы көрінеді. Мәселен, лизингте аяқталмаған өндіріс бағасы өз құнына біртіндеп кіргізіледі және «капитал» санатына және несиелік ұйымдардың қызметінің міндетті  экономикалық нормативтер есебіне теріс ықпал етпейді.

  1. Лизинг беруші үшін

Инвесторлар ретіндегі  лизинг компаниялары үшін лизинг төлеуге  қабілеті жоқ клиенттен әрекетті қорғау есебінен, өте төмен қауіп-қатерде салынған қорға қажетті пайданы қамтамасыз етеді (әдеттегі несиелеуді салыстырумен қарағанда).

Соңғы төлемге дейін  лизинг беруші жабдықтың заңды меншік иесі болып қала береді, яғни егерде есепте олқылық болса бұл жабдықты талап етіп,  оны шығынның орынын толтыру  үшін өткізе алады.

Банкроттық жағдайында лизинг алушы  міндетті түрде лизинг компаниясына қайтып келеді.

Лизинг беруші лизинг алушыға, пайдаланғанына бақылау әрқашан  мүмкін бола бермейтін, ақша ресурстары емес, ал тікелей өндіріс құралын береді.

Үш жылдан кем емес әрекет ету мерзімідегі қаржылық лизингтің келісімдерін өткізуден  алынған пайдаға салық төлеуден босату.

Лизинг беруші халықаралық  лизинг объектісі болып табылатын  РФ аумағына әкелетін  өнімге қатысты  кедендік баж алымы мен салықтан босатылады.

  1. Лизингтік мүлікті сатушылар үшін.

Лизингті дамытуда жабдықты тұтынушы ретінде лизингті алушы  ғана мүдделі емес, сондай-ақ әрекет етіп отырған өндіріс те мүдделі, себебі лизинг есебінен олар өндіретін  жабдықты өткізу нарығы кеңейеді.  Лизингтік жабдыққа бөлшектер өткізуден түскен пайда өседі, оның сервисі мен жаңғыртуы жүзеге асырылады.

Лизинг түсінігі ресейлік ресми  қаржылық лексикасына, коммерциялық банктердің лицензияларында банктік  операцияларды жүзеге асыру құқығына банктік қызметті көрсету бойынша лизинг енгізілген 1989-1990 жылдары енді. Лизинг банктік қызметті реттейтін, кейбір нормативтік құжаттарда да өз көрінісін тапты. Банктер  өз тәжірибесінде лпизингтік операцияларды әр қилы пайдаланудың мақсаттылығын бағалады.

Алғашқы кезеңде банкілер үшін, онда олар тікелей лизинг алушы  рөлінде шыққан лизингтік мәмілелерді  жүзеге асыру әрекеті сипатты  болды. Бұл банктердің құрылысына өзгеріс  әкелді. – олардың инвестициялық  департаменттері мен бақармаларында лизингтің дербес бөлімшелері не  секторлары бөлінді. Бірақ бұл кезеңде лизинг кеңінен дамыған жоқ.

Әлемдік лизингтің нарықтың дамуының жарты ғасырлық тарихының  талдауы лизингті ұйымдастырудың төрт негізгі нұсқасы туралы айтуға мүмкіндік  береді:

- банктер құрылымында құрылған лизингтік қызметтер;

- банктер құрған бесаспап лизингтік компаниялар;

- өз өнімінің жартысын лизингілейтін, машина мен жабдық өндіретін ірі өндірушілер құрған, арнайы лизингтік компаниялар;

- жабдықтау мен техникалық қызмет көрсету мен маманданған, ірі фирамалар құрған лизингтік компаниялар.

Ресейлік жағдайда лизингті ұйымдастырудың тағы да екі нұсқасы  бөлініп шығады.

Ішкі ведомствалық тапсырмаларды  шешу үшін министрліктер мен ведомствалар құрған, лизингтік компаниялар. Мұндай жағдайда лизингтік компаниялардың ресурстары мемлекетті немесе жергілікті бюджеттен алынады (ресейлік өндірістің комбайндарын дамыту үшін істелгендей).

Шетел инвесторлары құрған, лизингтік компаниялар.

Алғашқы екі нұсқасы  қаржылық лизинг үшін сипатты болса, соңғы екеуі – жеделдік лизингке тән.

Қазақстанда лизингті ұйымдастырғанда  банк шығады, бұл кезең үшін лизингтік  қызмет көрсету нарығының қалыптасуы тән. Бірақ, осы кезде лизинг кеңінен  дамыған жоқ. Бұған көптеген себептер мүмкіндік туғызды:

Банктер үшін (негізінен  орта және ұсақ) өзі де күрделі ұйымдастырушылық құрылымына жаңа департаментті енгізу ауыртпашылықты болады.

Лизингтік қызметтің  спецификасы банк қызметінің «тізіміне  кіру» қиын. Арнайы кәсіби сараптама, жаңа маркетологтар, мененджерлер қажет.

Лизингтік мүлік туралы ақпаратты толықтыруға, лизингтік мүліктің, лизингтік төлемдердің өтелуіне байланысты бухгалтерлік есептегі ыңғайсыздықтар.

Лизингтік мүлік коммерциялық банктің балансында бола отырып, оны  ауырлатады. Бұл нұсқаулық арқылы несиелік ұйымдардың міндеті экономикалық нормативтері бекітілді. Бұл нұсқаулық Қазақстанның коммерциялық банктер құрылымында лизингтік бөлімдерді нақты жинау үшін есептің соңғы нүктесі болды, яғни бұл нормативтен шыға отырып, лизингтік келісімді баланста ұстау (көрсеткішті нашарлатып), банк құрған лизингтік компанияны несиелеу (көрсеткішті жақсартып) тиімді.

Сонымен қатар, қауіп-қатерді  азайтатын инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін құрал ретіндегі  лизингтің жағымдылығы, оны қолданудың тиімді жолы мен нысанын іздеген, қаржылық институттарды қызықтыра түсуде.

Қазір лизингтік операциялардың көлемі бойынша аса көп потенциалды  аталып өткен лизинг берушілердің екінші тобы (банктер құрған (2) лизингтік  компаниялар), бұл аталған құрылымның  қазіргі экономикалық жағдайда ұтымдылығы туралы айтады.

Қандай да болмасын лизингтік компания шешетін, алғашқы кезектегі мәселе, - лизингілетін жабдықты сатып алу үшін тұрақты қаржылық ресурстарды іздеу. Бұл мәселе коммерциялық банктер қатысуымен құрылған лизингтік компанияларда автоматты түрде шешіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Әлемдік нарықта өздерінің  техникалық және құндық параметрлері бойынша ұқсас машиналар мен  құрылғылар түрлерінің номенклатурасының  көбеюі. Осының әсерінен өз тауарларын өндіру үшін неғүрлым жақсы келетін, тиімді құрылғыларды таңдау мәселелері күшейе түсті және сонымен бірге, құрылғыларды уақытша пайдалану қажеттіліктері арта бастады.

Лизингтік қатынастардың  пайда болып дамуына әсер еткен  маңызды факторлардың бірі қаржы  нарығындағы капиталдардың жеткіліксіздігі. Бұл жағдай орта және кіші кәсіпкерлікпен айналысатын фирмалардың қаржылық жағдайында неғұрлым кері әсер етеді. Сонымен қатар, мемлекеттердің өзіндік өндірістік инфрақұрылымы жеткілікті деңгейде дамымаған жағдайларда, тапшылық әсерінен бағалардың тез қарқынмен өсу және валюталық дағдарыстар кезінде өзіндік қаражаттар есебінен құрылғыларды сатып алу мәселелері тереңдейді.

Лизингтік қатынастардың  қалыптасып дамуына әсер еткен себептердің  бірі ретінде лизинг негізінде қаржыландыру нарықтық экономикасы дамыған елдердегі  қаржыландырудың негізгі қағидасына , яғни , қаражаттарды өз атынан емес делдалдар арқылы орналастыру қағидасына сәйкес келетіндігін атауға болады. Мұндағы негізгі мақсат – жауапкершіліктер мен тәуекелділіктерді бөлу. Сонымен қатар шетелдерде лизингтік қатынастардың дамуына төлем қабілеттігі бар сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздіктер, мемлекеттің әсер ету шаралары сияқты экономикалық шараларды қоса кеткен жөн.

Лизинг инвестицияларды  тартуға қабілетті, икемді және көп  үміт күтерлік экономикалық иінтірек болып келеді, отандық өндірісті көтеруге мүмкіндік жасау, капиталды ел экономикасының маңызды саласына тарту, шағын бизнеске нақты қолдауды қамтамасыз етеді және тағы басқа  Ресейдегі орасан зор потенциал осының көрінісі.

Үкімет, лизингке қолайлы  жағдай саясатын декларациялар соңғы жылдары  берік нормативтік база дайындады. өкінішке орай, заңмен анықталған барлық жеңілдіктер, орындарда нұсқаулықпен бекітілген және ал нақтылап алғанда орындалмайды.

Қорытындыда атап өту  керек, лизинг несиені арзан ауыстыру болып табылмайды. Негізгі қаражаттың жабдығын қаржыландырудың белгілі артықшылығы бар, бірақ несиелеудің машықтары мен қаржылық ағындарды бағалау, қамтамасыз етілмеген несиедегі сияқты өте қиын. Басқа сөзбен айтқанда жетерлік қаражатсыз, бірақ жоғары тиімді жобамен істі бастау үшін, лизинг алушы үшін негізгі жағымды сәт жоғалады (соның ішінде шағын бизнес үшін),  сондай-ақ, лизингте банктер кепілзатты талап етеді (лизингтік мәміленің объектісі жоба үшін бағалы болуы мүмкін, бірақ  банктің шығынан жабу үшін, таратушылыққа сол шарада ие емес)

Осылайша, лизинг банктің  «өз» клиенттерінің инвестициялық  жобаларына қызмет көрсетудің тиімді құралына айналды. Бірақ Ресейдегі  лизингтің потенциалы өте жоғары және мемлекет де және лизингтік компания да орасан зор жұмыс жасады.

Лизинг «баланстық есептен тыс» қаржыландыру болса, фирмалар егерде олар, қарызға алудан гөрі, лизингті пайдаланса, үлкен қаржылық левериджке ие болады. Бұл лизингтің артықшылығының бір себебі. Бірақ салықтар негізінен қаржылық лизингтің өсуінің басты себебі болып табылады. Лизинг салықтық жеңілдіктерді негізгі қаражатты пайдаланушыдан капиталды жабдықтаушыға беруге мүмкіндік береді және егерде бұл жақтар әртүрлі салықтық шарттарда болса, онда олар лизингтік келісімнен пайда таба алады. Қазір, қандай да мүмкіндік тиімді және іс жүргізу пайдалы болып отырғанда, мұндай салықтық және экономикалық жағдайдың қатаңдығында, аз шығынға ие болу өте маңызды, біздің елде де лизинг нарықтағы аса перспективті және тиімді нұсқасы деп қаралуы қажет. Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, шетелдерде және отандық нарықта лизингтік қатынастардың пайда болып, даму шарттарының бір-бірінен ерекшеленетінін көруге болады. Сонымен жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, қазіргі уақытта лизингтік қызметтер нарығы әлемнің шамамен барлық аймақтарында дамуда деп айтуға болады. Әлемнің көптегенн елдеріндегі инвестицияның жалпы көлеміндегі лизингтің алатын үлесіне байланысты лизингті инвестициялаудың болашағы бар бір формасы деп толық санауға болады.

Информация о работе Лизингтің мәні мен оның түрлері