Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:46, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.
Кіріспе
3
1
Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы
5
1.1
Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
5
1.2
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
15
1.3
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
21
1.4
Банктің тартылған қаражаттары
37
1.4.1
Банктің депозиттік операциялары
1.4.2
Банктің депозиттік емес ресурстары
2
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау
2.1
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау
2.2
«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама
2.4
3
3.1
«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы агентігінің есептік материалдарынан.
Кестеден көріп отырғанымыздай, банктердің пассивтерінің өсуіне міндеттемелердің артуы, соның ішінде депозиттік базаның өсуі ықпал етуде. 2007 жыл бойына екінші деңгейдегі банктердің міндеттемелерінің сомасы 480,9 млрд теңге немесе 47,6%-ға өскен. Депозиттердің кұрылымында салымдарды кепілдендіру жүйесіне мүше банктерде орналасқан жеке тұлғалардың салымдары 341,5 млрд. теңгені құрады немесе бұл көрсеткіш 2007 жылдың 1 каңтарымен салыстырғанда 42,4%-ға жоғары. 2008 жылдың 1 каңтарына екінші деңгейдегі банктердің жиынтық меншікті капиталының мөлшері 44,9%-ға өсіп, 233,6 млрд теңгені құрады.
Меншікті және теңестірілген қаржы есебінен пайда болу |
Қаржы рыногіндегі жұмылдыру |
Қатар бөлу ретінде түсетіндер |
Негізгі қызметінен түсетін пайда |
Меншікті бағалы қағаздарын сату |
Сақтандыру өтемі |
Қызметтерді ұсынудан түсетін пайда |
Дивиденттер және бағалы қағаздар проценті |
Концерндерден ассоциациялардан,салалық құрлымдардан түсетін қаржы ресурстары |
Өткізуден тыс опрациялар пайдасы |
Несие |
Үлестік жарналарды қалыптастырудағы қаржы ресурстары |
Орнықты пассивтер |
Бюджеттік демеу қаржысы (субсидия және т.б.) | |
Мақсатты түсімдер |
||
Ұжым мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары |
Сурет 1 - Банктің қаржы ресурстарының құрылымы
Қазақстанның банктік секторының 2000-2008 жж аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан соңғы жылдардағы коммерциялық банктердің экономиканың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын көреміз (2-кесте).
2 кесте
Қазақстан банк секторының экономикадағы рөлі
мерзімнің басына
Көрсеткіштер |
2002ж. |
2003ж. |
2004ж. |
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
ЖІӨ, млрд теңге |
3 250,6 |
3 747,2 |
4 612,0 |
5 870,0 |
7 453,0 |
10 139,5 |
13 315,2 |
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, % |
25,1 |
30,6 |
36,3 |
45,8 |
60,6 |
87,5 |
87,7 |
Несиелік қоржынның ЖІӨ-ге қатынасы, % |
15,9 |
19,1 |
23,6 |
30,9 |
41,1 |
59,1 |
66,6 |
Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, % |
3,8 |
4,3 |
5,1 |
5,9 |
7,9 |
11,5 |
13,4 |
Депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы, % |
15,0 |
18,6 |
21,1 |
27,4 |
33,9 |
46,5 |
48,2 |
Ескертпе 1 2007ж ЖІӨ бойынша ҚР
Экономиканы және бюджетті 2 ҚҰБ-нің және ҚҚА-нің
есептік материалдары |
2003 жылдан бастап, экономикалық өсудің жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына банктердің активтерінің өсу ықпал еткендігі белгілі. 2003 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін банктік сектордың активтерінің ЖІӨ-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9 % -дан 66,6 %-ға дейін 4,2 есе өскендігі байқалады.
Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.
1.2 Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте кажетті резервтер құрылды. Сонымен катар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірак пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан каражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің қорреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтшылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі оларға әсер ететін әртүрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- қосымша капиталдар;
- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
- бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазакстанда екінші деңгейлі банктер төмендегідей екі ұйымдық нысандарда құрыла алады:
- акционерлік банк нысанында;
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында;
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың косымша қосқан жарналары және пай косушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын үлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың кұрамдас бөлігі - акционерлік капитал. Бағалы кағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы - банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы кағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал келесідей түрлерге бөлінеді:
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
б) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, кайтарылмаған карыздың орнын жабуға арналады;
в) банктің ұзақмерзімді міндеттемесі (ұзақмерзімді вексельдері, облигациялары).
Ашық типтегі банктің акциясы колдан-колға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акииясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивидент алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына катысып дауыс беруге құқылы.
Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1) бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
2) бағалы кағаздарды
3) эмитент-банктің бағалы қағазда
4) шығарылатын және
Акционерлік банктер акцияларды төмендегідей жағдайларда шығарылады:
- банкті акционерлік нысанда құру;
- банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік кордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайда резервтік кор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар - негізгі корларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі корға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы кағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда — акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және резервтік корға аударғаннан калған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
- банкпайдасы;
- акциялар шығару;
- құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
- облигациялар шығару жатады.
Банк капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Банктің меншікті капиталы мынадай кызметтер аткарады:
- қорғаныс қызметі;
- шұғыл қызметі;
- реттегіштік қызметі;
- айналым қызметі;
- резервтік қызметі.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталының шамасының банктің төлем кабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банк капиталының қорғаныс қызметі – банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі — меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар кездері әсіресе, банктік қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамсыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банк қызметтеріне баға беріп, оған бақылауды жүзеге асырады.
Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын камтиды. Қазақстан Ұлттық Банкі бекіткен пруденциялық нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке ссудалық және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.