«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:46, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

Содержание

Кіріспе
3
1
Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы
5
1.1
Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
5
1.2
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
15
1.3
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
21
1.4
Банктің тартылған қаражаттары
37
1.4.1
Банктің депозиттік операциялары

1.4.2
Банктің депозиттік емес ресурстары

2
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау

2.1
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау

2.2
«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама

2.4

3
3.1
«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Банк ресурстарын жетілдіру..doc

— 819.00 Кб (Скачать файл)

Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы кағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.

Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тәуекелдерді болдырмау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

Банктердің төлем ресурстарының мүмкін болар тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операцияларды болатын тәуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы меншікті капитал резервін құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі - резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.

 

 

1.3 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі

 

 

Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікір таласқа айналып келеді.

Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің банкроттығы ондағы баскарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген пікірлер бар.

«Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің жалпы тұрақтылығын және оның тәуекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі - бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы колайлы катынасты табуға тырысады.

Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін мынадай формуламен анықтауға болады:

 

МК = А – М                                                         (1)

мұндағы,

МК — банктің меншікті капиталы

А — банктің активтерінің жалпы сомасы

М — банктің міндеттемелері.

Банк ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.

Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын төмендегідей факторларды ескеру кажет:

- банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда, пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;

- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі, бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.

Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12 %-ды (пруденциялық нормативтердегі к2-нің мәні) кұрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем кабілетінсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақты оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

Демек, банк капиталының жиынтық денгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.

Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін, салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Кажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген ссудаларының тәуекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында келесідей міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту кажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме жоқ па? — деген балама сауал туындайды.

Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікір талас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылы Базель комитеті келісімінің шешімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісімшарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық Банкінде, пруденциялық норматив қатарында пайдаланылуда.

Кук коэффициенті, банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап алынған.

Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.

Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: 

I деңгейлі капитал және II деңгейлі капитал.

I деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.

II деңгейлі (косымша) капиталға: ссудалар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артыкшылығы бар акциялар косылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.

Базель келісімінін бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын, пруденциялық нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коэффициентін белгілейді.

Бұл коэффициентті біздің тәжірибемізде есептеу үлгісі 2-тақырыпта пруденциялық нормативтер катарында берілген.

2001-2008 жылдардағы статистикалық деректерге сүйеніп, банктердің меншікті капиталының серпінін 3-кестемен беруге болады.

3 кесте ЕДБ-дің меншікті капиталының жеткіліктігінің серпіні

                                                                                    кезеңнің соңына

Көрсеткіштер

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

Жиынтық меншікті капитал, млрд теңге:

97,6

122,1

161.2

223,5

346,8

587,2

1168,6

1781,8

1-денгейлі капитал, млрд  теңге

68,9

90,7

110,6

153,3

229,1

368,4

816.5

1283,7

2-деңгейлі капитал, млрд теңге

32,7

35.4

55,7

87,9

128,4

218,7

385,4

560,9

3-деңгейлі капитал, млрд  теңге

-

-

-

-

-

-

1,5

1,5

1-деңгейлі капиталдың барлық активтер сомасына қатынасы (кі)

0,11

0,11

0,9

0,11

0,08

0,08

0,09

0,11

Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтерге және баланстан тыс міндеттемелерге қатынасы (к2)

0,26

0,19

0,18

0,17

0,17

0,16

0,15

0,14

Ескертпе -ҚҰБ-нің № 7 (92) 2002 жылгы шілдедегі жоне №5 (150) 2007 жыл-ғы мамырдағы статистикалыкбюллетенінен және ҚҚА-нің 2007 жылғы есептік материалдарынаи алынған сандык мәлімсттер негізінде есептелген.


 

Кестеден көріп отырғанымыздай банктеріміздің меншікті капиталы соңғы жылдары онша қатты өспеген. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АКШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе Шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.

Жалпы ҚҰБ-нің және ҚҚА-нің есептік мәліметтеріне сүйенсек Қазақстандық банктердің меншікті капиталының жеткіліктігі коэффициентінің нормативтерге сай орындалысы сақталған.

Ал енді, жарғылық капиталының көлеміне қарай қазақстандық банктерді бірнеше топқа топтастыруға болады. Ол туралы 14-кесте мәліметтері баяндайды.

4 кесте Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-дің жарғылық

            капиталдарының серпіні     мерзімнің соңына, млрд. теңге    

   

Белгіленген шектегі жарғылық капитал

Төленген жарғылық капитал

Барлық

ЕДБ

<100

100-500

500-1000    

1000-1500

1500-2000

> 2000

Бар-лығы

шетел капиталы қатысқан

2000 ж.

47

1

8

13

14

4

7

68,8

15,9

үлесі,%

100,0

2,1

17,0

21,7

29,8

8,5

14,9

 

23

2001 ж.

43

0

5

11

14

4

12

100,8

17,8

үлесі,%

100,0

0,0

11,6

25,6

32,6

2,3

27,9

 

17,7

2002 ж.

35

0

1

6

14

4

10

76,9

26,6

үлесі,%

100,00

0,00

2,86

17,14

40,00

11,43

28,57

 

34,6

2003 ж.

34

0

0

4

13,

2

15

100,4

47,6

үлесі,%

100,00

0,00

0.00

11,76

38,24

5,88

44.12

 

47,4

2004 ж.

35

0

0

2

15

1

17

161,4

59,1

үлесі,%

100,00

0,00

0,00

5,71

42,86

2,86

48,57

 

36,6

2005ж.

34

0

0

1

10

2

21

244,7

25,4

үлесі,%

100,00

0,00

0,00

2,94

29,41

5,88

61,76

 

10,4

2006ж.

33

0

0

0

9

2

22

593,6

-

үлесі,%

100,00

0,00

0,00

0,00

27,27

6,06

66,67

   

2007 ж.

33

0

0

0

7

5

21

713,9

-

үлесі,%

100,00

0,00

0,00

0,00

21,21

15,15

63,64

-

 

Ескертпе - ҚҰБ-нің № 7 (92) 2007 жылғы шілдедегі жәие №5 (150) 2007 жылғы мамырдағы статистикалық бюллетенінен алынған сандық мәліметтер негізінде есептелген.


 

Кестеден көріп отырғанымыздай 2007 жылғы 1 маусымға тіркелген барлық 33 банктеріміздің 21-нің жарғылық капиталы ғана 2 млрд теңгеден жоғары (немесе 63,64%) болса, 5 банктікі — 1,5-2 млрд теңге (немесе15,15%) аралығында, ал 7 6анктікі — 1-1,5 млрд (немесе 21,21%) тенге аралығында қалуда. Әрине, соңғысы жеке меншік немесе ЖШС нысанында құрылған банктер болуы мүмкін. Бұл кестедегі мәліметтерде Мемлекеттік даму банкі мен Эксимбанктің жарғылық капиталының мөлшері есепке алынбаған.

Дегенмен де банк активтерінің жоғары қарқынмен өсуі банктік секторы үшін тәуекелдің ұлғаюына әкелетінін естен шығармаған дұрыс сияқты.

Сонымен бірге ЕБД-дің жиынтық меншікті капиталының құрамында шетелдің банктер капиталының өсуін байқауға болады. ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтердің соңғы 2001-2008 жылдардағы қатынасын төмендегі 1-суреттен көруге болады.

 

1 сурет ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтер серпіні, млрд тенге.

1-суреттен көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің активтері 2000 жылы 527,9 млрд теңгені құраса, ал бұл көрсеткіш 2008 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683,4 млрд теңгені құраған.

ЕДБ-дің капиталдары 2000 жылы 97,6 млрд теңгені құраса, 2008 жылдың аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 781,8 млрд теңгені құрап отыр.

2008 жылғы көрсеткіш бойынша капиталдың банк активтерінің 13,7%-ды ғана құрауы бұл тек пруденциалдық норматив деңгейін көрсетеді немесе оның норматив бойынша мәні - 0,12.

Осындай жағдайларға байланысты кейбір банктеріміз капитал жеткіліктігін сақтап, тәуекелдің алдын алу мақсатында несиелеу көлемін шектеуде. Банктің табысы берген несиелердің сапасына тікелей байланысты десек, онда несие көлемін шектеу банк табыстылығын шектеуге, соның нәтижесінде банк капиталын ұлғайту көзінің кысқаруына әкелетінін білеміз. Ендеше бүгінгі банктеріміздің меншікті капиталын үлғайту көзі ретінде тек қана акцияларды шығару амалы калуда. Бір айта кететіні, кейбір ірі банктеріміз өздерінің акцияларын депозитарлық қолхат арқылы шетел нарығына орналастырып отырғаны да жасырын емес. Бұл шаралар аталған банкке қатысты Қазақстан Республикасы Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан күмән туғызуы мүмкін. Себебі, мұндай жағдай отандық банк акциялары иелерінің жұмбақ болуын баяндайды.

 

 

 

1.4 Банктің тартылған қаражаттары

 

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Информация о работе «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар