«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:46, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

Содержание

Кіріспе
3
1
Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы
5
1.1
Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
5
1.2
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
15
1.3
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
21
1.4
Банктің тартылған қаражаттары
37
1.4.1
Банктің депозиттік операциялары

1.4.2
Банктің депозиттік емес ресурстары

2
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау

2.1
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау

2.2
«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама

2.4

3
3.1
«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Банк ресурстарын жетілдіру..doc

— 819.00 Кб (Скачать файл)

- аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді.

Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі.

Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

-  депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операицялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;

- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

2007 жылдың 1 каңтарына банктердің депозиттік ресурстарының құрылымында заңды тұлғалардың депозиттері үлесі — 78,1%, ал жеке тұлғалардың салымдарының үлесі — 21,9%-ды кұрайды (2-сурет).

 

 

2 сурет Депозиттік ресурстар құрылымында заңды және жеке     

              тұлғалардың депозиттерінің үлесі, %-бен.

 

Қай мерзімде болмасын заңды тұлғалардың депозиттерінің үлесі жеке тұлғалардың депозиттерінен артық. Бұл өз кезегінде халықтың әл әуқатының, әлі де болса жеткіліксіз деңгейде қалуын сипаттайды.

Банктердің депозиттерінің құрылымын ішінара, оның түрлеріне байланысты талдауда 15-кесте мәліметтерін пайдаланамыз.

5 кесте ЕДБ-дің депозиттік ресурстарының серпіні мен құрылымы

         кезеңнің басына                                                   

Банктің депозиттік ресурстарының құрылымы, млрд теңге

2004

2005

2006

2007

2008

Барлық депозитгер:

972,0

1 607,8

2523,1

4714,9

6424,0

Заңды тұлғалардың депозиттері:

628,8

1 159,8

1926,2

3680,7

4 976,1

Клиенттердің ағымдағы және карт-шоттары

406.2

756,7

1319.5

2 334,4

3 307,0

Талап етілетін депозиттер

2,7

5,0

7,3

6.4

19,6

Мерзімді депозиттер

218,7

396.5

597.0

1 336,6

I 643,7

Шартты салымдар

1,2

1,6

2,4

3,3

5,8

Жеке тұлғалардың салымдары;

343,2

448,0

596,9

1 034,2

1 447,8

Клиенттердің ағымдағы және карт-шоттары

45,3

60,3

83,7

132,6

165,)

Талап етілетін депозиттер

14,5

16,7

19,7

30,6

28

Мерзімді депозиттер

282,9

360,3

492,7

870,0

1253,6

Шартты салымдар

0,5

10,7

0,8

1.0

 

Ескертпе - ҚҚА-нің есептік материалдарынан алынған.

 

Соңғы 4 жыл ішінде банктің депозиттік ресурстарының көздері өскендігін көреміз. Депозиттік нарықтың жалпы көлемінің өсуіне біріншіден, халықтың мерзімді салымдар бойынша Қазақстандық салымдарды сақтандыру қорының кепіл беру мөлшерінің талап етілетін салымдарға қарағанда жоғары болуы, екіншіден, заңды және жеке тұлғалар үшін мерзімді депозиттер бойынша банктердің ынталандыру құралдарын пайдалану, оның ішінде пайыз мөлшерлемесінің талап етілетін салымдармен салыстырғанда жоғары белгіленуі жатады.

Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде халық табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың салымдарының ұжымды кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы жылдардағы экономикалық өсу ықпал етуде.

Сонымен қатар, тұрақты депозиттік нарықтың қалыптасуына Қазақстан Ұлттық Банкінің 1999 жылы 5 карашада бекіткен «Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) ережесі негізінде құрылған «Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) Қазақстан қоры» АҚ-ның қызметі ықпал еткен десе болады. Ендеше осы қорға қысқаша тоқталайық.

Қордың жарғылық капиталы 1 млрд теңге. Қордың құрылтайшысы Ұлттық Банк болып табылады. Қордың банктік шоты Ұлттық Банкте ашылған. Қордың каражаты ережеге сәйкес мынадай бағытта орналастырылады:

- Қор активінің 80%-ын кем емес қаражатын мемлекеттің бағалы қағаздарына;

- Ұлттық Банктегі салымға (депозиттерді).

Бұл Қордың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету.

Ережеге енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қорға катысушы банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті түрде ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) объектісіне мыналар жатады:

- жеке тұлғалардың теңгедегі мерзімді салымдары сыйақыларымен;

- жеке тұлғалардың шетел валютасындағы (доллар мен еуродағы) мерзімді салымдары сыйакысыз;

- жеке тұлғалардың талап етілетін салымдары сыйақысыз. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына кепіл беру Қорға қатысушы банктерге берген куәлік негізінде жүзеге асады.

Қорға қатысушы банктер үшін олардың қаржылық жағдайына байланысты жекеше түрде міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі кепілдендірілетін салым (депозит) сомасы мен оған есептелетін сыйақы көлемінен 0,125 %-дан 0,375 %-ға дейін белгіленеді. Міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін есептеу үшін кепілдендірілетін салым (депозит) сомасына көбейту қажет.

Жеке тұлғалардың салымдары (депозиттерін) және оның сыйақылары қандай валютада салымға салынса сол валютамен кайтарылады.

Қор әрбір салымшыға (депозиторға) мынадай мөлшерде кепілдік береді:

- теңгедегі мерзімді салымды — 700 мың теңгеден аспайтын сомада және банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясын қайтарып алғанға дейінгі уақытқа есептелген сыйақы сомасын, Ұлттық банктің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің елу пайызы мөлшерінде;

- АҚШ доллары және еуродағы салымды — салынған салымның (депозиттің) 90%-ы теңгеге балама сомадан аспайтын мөлшерде сыйақысыз шетел валютасында, яғни Ұлттық Банктің салық және кеден төлемдерін есептеу мақсатында белгілеген шетел валютасының теңгеге қатысты бағамы бойынша салым салынған валютада;

- теңгедегі талап ету салымын - 50 мың теңгеден аспайтын салынған салым көлемінде сыйақысыз.

 

1.4.2 Банктің депозиттік емес ресурстары

 

Банк депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық Банктің несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Банкаралық несие — бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер - бұл банктердің бір-бірінде ашқан кор-шотындағы қаражат қалдықтары.

Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық Банктің коммерциялық банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және овердрафт,

Овернайт — банктердің Ұлтттық Банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке кайтаруға тура келеді. Кей жағдайда, бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс. Овернайт заемдары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге, олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.

Овердрафт — банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық Банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Овердрафт заемдары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сыйақы мөлшерлемесін белгілейді.

Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

Бағалы кағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) — қазыналық міндеттемелермен камтамасыз етілетін қысқа мерзімді займның түрін білдіреді.

Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні және алдын ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын кайта сатып алуды көздейді.

Банктердің мемлекеттің бағалы қағаздарымен жасайтын РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банктерде вексельдерді қайта есепке алу және несие беру — бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты коммерциялық банктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке өздерінің вексельдерін кепілге бере отырып, ресурстар тарту тәсілі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі вексельдерді қайта есепке алуда ресми есептік мөлшерлемені белгілейді.

Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір нысанына банктің векселъдерін жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден, вексельдер ссуда алу барысында кепілдік ретінде жүреді; үшіншіден, вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден, вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту барысында шектеулік болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі болады.

Коммерциялық банктер өздерінің меншікті капиталы мен банктік ресурстар көлемін ұлғайту мақсатында облигациялар арқылы қосымша қаражат тартады. Облигацияларды отандық тәжірибеде көбіне ірі коммерциялық банктер шығарып отыр. Мұндай қарыздық міндеттемелер түрлерін шығару бір жағынан, банк капиталын, екінші жағынан, оның ресурстарын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл операцияларды ұйымдастырудың басты мақсаты — банктің өтімділігін жақсарту.

ЕДБ-дің тартылған қаражаттарының өсуіне депозиттермен қатар, депозиттік емес ресурстары да үлкен үлес қосқан. Депозиттік емес ресурстардың банктердің тартылған қаражаттары құрылымына талдау жасап көрейік (6-кесте).

Информация о работе «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар