«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 18:46, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. 2007 жылғы 27 ақпандағы ҚР Президентінің халыққа жолдауының бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы “ұшқыр” жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.

Содержание

Кіріспе
3
1
Банк ресурстарының мәні және оладың екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі маңызы
5
1.1
Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы
5
1.2
Банктің меншікті капиталының көздері мен қызметтері
15
1.3
Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі
21
1.4
Банктің тартылған қаражаттары
37
1.4.1
Банктің депозиттік операциялары

1.4.2
Банктің депозиттік емес ресурстары

2
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару жүйесінің тиімділігін талдау

2.1
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау

2.2
«Тұран Әлем» банкі АҚ қызметіне сипаттама

2.4

3
3.1
«Тұран Әлем» банкі АҚ-ның активтеріне, пассивтеріне және өтімділігіне талдау.
Банктердің қаржылық ресурстарын жетілдіру жолдары
«Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Банк ресурстарын жетілдіру..doc

— 819.00 Кб (Скачать файл)

6 кесте  ЕДБ-дің депозиттік емес ресурстарының серпіні мен құрылымы

                               кезеңнің басына

Банктің депозиттік емес ресурстарының құрылымы,

млрд теңге

2004ж.

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.

Банкаралық депозиттері

69,0

79,4

185,1

257,6

319,9

үлесі, %

4,6

3,3

4,5

3,2

3,1

Басқа банктер мен банктің жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардан алған займдары

217,4

343,9

576,8

1414,3

1 798,2

үлесі, %

14,6

14,2

14,2

17,7

17,5

ҚР Үкіметінен алған займдары

7,5

5,4

3,1

2,2

7,7

үлесі, %

0,5

0,2

0,1

0,0

0,1

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алған займдары

17,7

19,2

26,5

27,4

85,1

үлесі, %

1,2

0,8

0,6

0,3

0,8

Бағалы қағаздармен жасалатын «РЕПО» операциялары

76,9

72,2

163,5

530,0

245,4

үлесі, %

5,2

3,0

4,0

6,6

2,4

Айналысқа шығарған бағалы қағаздары

27,8

102,1

273

421,6

467,6

үлесі, %

1,9

4,2

6,7

5,3

4,6

Өзге де міндеттемелері

80,2

150,5

256,3

628,8

908,9

үлесі, %

5,3

6,2

6,3

7,8

8,9

Барлық міндеттемелері

1491,3

2418,6

4 073,9

8 001,6

10 256,7

     Ескерту- ЕДБ-дің  және ҚҚА-нің 2003-2007 жж есептік  мәліметтері негізінде автормен  есептелген.


 

Талданған жылдар ішінде  банктің депозиттік емес ресурстарының көздері өскендігін көреміз. Банкаралық депозиттері 2004 жылдың 1 қаңтарына 69,0 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 319,9 млрд теңгеге дейін 4,6 есеге көтерілген. Банктердің басқа банктер мен банктің жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардан алған займдарының көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 217,4 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 1798,2 млрд теңгеге дейін немесе 8,3 есе өскен. ҚР үкіметінен алған займдарының мөлшері де 2004 жылдың 1 қаңтарына 7,5 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 7,7 млрд. дейін өскен.  Халықаралық қаржы ұйымдарынан алған банктердің қарыздары 2004 жылдың 1 қаңтарына 17,7 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 85,1 млрд. теңге дейін өскен. Бағалы қағаздармен жасалатын «РЕПО» операциялары мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 76,9 млрд. теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 245,4 млрд. теңгеге дейін немесе 3,2 есеге артқан.

Банктердің сыртқы міндеттемелердің құрылымында резидент еместерден (банктердің сыртқы міндеттемелерінің 29%) алынатын, есепті кезеңде 62,1%-ға өскен заемдар бөлініп шығады жəне 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 588,9 млрд.теңге болды. Бұл ретте, бейрезиденттерден алынатын заемдардың негізгі көлемін Ұлыбританияның жəне Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі, Жапония, Германия, Австрия жəне АҚШ елдері құрап отыр, олардың банк секторының жиынтық міндеттемелеріндегі үлесі 16,1%-ды құрады. Осы қаражаттар клиенттердің (резиденттерге жəне резидент еместерге) сауда-саттық операцияларын қаржыландыруға бағытталды. Заем қаражаттар түсуінің тағы бір дерек көзі эмиссия мен банктердің борыштық бағалы қағаздарын орналастыру болып табылады. Айналысқа жіберілген бағалы қағаздар сыртқы міндеттемелердің 10%-ын құрады жəне есепті кезеңде 142 млрд. теңгеге өсті жəне 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 206,6 млрд. теңге болды. Банктердің сыртқы міндеттемелерінде 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 117,3 млрд. теңге болған РЕПО операциясының ескерілетіндігін атап өту керек.

Банктер қаралып отырған кезеңде де АМК заемдары мен еурооблигациялары түрінде басымдықпен белсене қарыз алуды жалғастырды. АМК (арнайы мақсаттағы кəсіпорындар) – қазақстандық банктердің жəне кəсіпорындардың əлемдік қаржы нарықтарында делдал болу мақсатында шет елдерде құрылған еншілес кəсіпорындары және олардың көпшілік бөлігі Нидерландта тіркелген. Осы елдердің кредиторлары алдындағы міндеттемелері 2006 жəне 2005жж. аяғындағы 25,6 жəне 12,3 млрд. долл. салыстырғанда тиісінше 34 млрд. долл. болды. Сондай-ақ Қазақстан үшін Ұлыбритания – 2006 жəне 2005жж. тиісінше 10,4 жəне 4,3 млрд. долл. салыстырғанда 15,4 млрд. долл., сондай-ақ АҚШ – 2006 жəне 2005жж. тиісінше 6,8 жəне 5,8 млрд. долл., ірі кредитор болуын жалғастыруда. Kazkommerts International B.V. 250 млн. долл., Kazkommerts Finance 2 B.V 250 млн. долл., TuranAlem Finance B.V. 30 млрд. Жапон йеніне, сондай-ақ HSBK (Europe) B.V. 700 млн. долл. еврооблигациялар шығаруы есебінен АМК-дан тартуын атап айту қажет.

Қазақстандық банктердің негізгі резидент емес кредиторлары мынадай қаржы ұйымдары болып табылады: шетелдік банктер (Morgan Stanley Bank International Limited, Standard Bank Plc, Deutsche Bank AG London Branch, банктердің əр түрлі синдикаттары), Халықаралық қаржы ұйымдары (Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі) жəне басқа да институционалдық инвесторлар (оның ішінде АМК шығарған еврооблигациялардың түпкілікті ұстаушылары болып табылатындар).

Тұтастай алғанда, банктер үшін негізгі кредитор елдер үлестеріне 45,9 млрд. долл. жалпы берешек сомасының 50 % тиесілі Нидерландия жəне Ұлыбритания - 17,8 % болып табылады (3-сурет).

 

Ескертпе - Басқа елдерге, сондай-ақ еурооблигацияларды ұстаушылар жəне   корреспонденттік шоттардың жəне банктердегі депозиттердің иелері жатқызылды.

 

3 сурет  Банктердің кредитор елдері бойынша сыртқы қарыздары, %-бен

 

Банктер секторы бойынша сыртқы борыштың ең көп үлесін еліміздің үш ірі банктері «Қазкоммерцбанк» АҚ, «ТұранƏлем» Банкі» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ алады, яғни 2007 ж. 30 маусымдағы олардың үлесі 58,5% (2006 ж. жəне 2005 ж. тиісінше 57,6 % жəне 63,3 % ) құраған. Содан кейінгі орында келесі үш банкке тиесілі, яғни «ЦентрКредит» Банкі» АҚ, «Альянс банк» АҚ жəне «АТФ банк» АҚ  - 28,5 %  (2006 жылы жəне 2005 жылы тиісінше 28,9% жəне 20,3 %) алды. Бұл жинақталған борыш көлемі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ, «ТұранƏлем» Банкі» АҚ жəне «Альянс банк» АҚ көшбасшы жағдайға ие болуына қарамастан, «екінші эшелон» банктерінің сыртқы қарыз алуы өсуінің жоғары қарқынын растайды.

 

 

 

 

 

 

 

2 «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстық қорын және оның басқару                       

   жүйесінің тиімділігін  талдау

 

2.1 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің ресурстарына талдау

 

 Қазақстанның банктік секторының 2003-2008жж аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан соңғы жылдардағы коммерциялық банктердің экономиканың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын кереміз (1-кесте).

2002 жылдан бастап, экономикалық өсуді жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына банктердің активтерінің өсу ықпал еткендігі белгілі. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін банктік сектордың активтерінің ЖІӨ-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9 % -дан 66,6 %-ға дейін 4,2 есе өскендігі байқалады.

Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда. 2008 жылдың I қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші.

7 кесте  - Қазақстан банк секторының экономикадағы рөліне талдау

Көрсеткіштер

2002ж

2003 ж

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

ЖІӨ, млрд теңге

3250,6

3747,2

4 612,0

5 870,0

7 453,0

10 139,5

13 315,2

Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

25,1

30,6

36,3

45,8

60,6

87,5

87,7

Несиелік

қоржынның ЖІӨ-ге катынасы, %

15,9

19,1

23,6

30,9

41,1

59,1

66,6

Меншікті

Капиталдың ЖӨ-ге қатынасы, %

3,8

4,3

5,1

5,9

7,9

11,5

13,4

Депозитгердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

15,0

18,6

21,1

27,4

33,9

46,5

48,2

Ескертпе – 2008ж ЖІӨ бойынша ҚР Экономиканы және бюджетті жоспарлау  Министрлігінің болжамдық мәліметі негізінде автормен есептелген


 

Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді. Екінші деңгейдегі банктердің активтері 2002 жылы 527,9 млрд теңгені кұраса, ал бұл көрсеткіш 2008 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683,4 млрд теңгені құраған.

Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтың сенімінің артуын - соңғы жылдардағы банктердегі депозиттердің көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2008 жылы 3 480,7 млрд теңгені кұрады. Ал депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 2002 жылы 11,3 % және 2006 жылы 39,1%-ға дейін ескен.

Көптеген Қазақстандық банктердің қаржылық нәтижелері соңғы жылдары тұрақтылыққа қол жеткізді. Банктің рентабельдік көрсеткіштері бойынша біздің банктеріміз Орталық Еуропа елдерінің банктерінің осындай көрсеткіштерімен тең түсуде (8- кесте.) 

8 кесте  ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі, мерзімнің соңына

Көрс - р

2001ж

2002ж

2003ж

2004 ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

Таза пайда, млрд теңге

7,1

7,4

20,6

30,1

34,'9

53,1

127,5

266

RОА, %

1,3

0,9

1,8

1,8

1,2

1,8

1,4

2,3

RОЕ, %

7,3

6,1

12,8

13,5

9,2

14,1

14,6

18,6

Ескертпе -ҚҰБ-нің № 7 (92) 2002 жылғы шілдедегі жэне №5 (150) 2008 жылғы мамырдағы статистикапық бюллетенінен және ҚҚА-нің 2008 жылгы есептік материалдарынан алынған сандық мәліметтер негізінде


 

Кестеден көріп отырғанымыздай 2001 жылы таза пайданың көлемі 7,1 
млрд теңгені құраса, 2008 жылдың соңына оның мөлшері 266 млрд теңгеге 
дейін жеткен. Таза табыс көлемі 2001-2008 жж аралығында 37 есе өскен. Оған ЕДБ-дің активтерінің, соның ішінде банктің клиенттерге берген несиелерінің өсуі себеп болып отыр. 

Информация о работе «Тұран Әлем» банкі АҚ ресурстарын басқарудың мәселелері мен оларды шешудегі қажетті шаралар