Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 13:04, курсовая работа

Краткое описание

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын м әселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.

Содержание

Кіріспе ...............................................................................2
I бөлім. Жаңа ақпараттық технологияны жалпы білім беретін орта мектептерде пайдалану және оның дидактикалық шарттары
1.1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану және оны сабақта қолдану әдістері............................................4
1.2 Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы дамыта оқыту мен білім беру сапасын арттыру жолдары...........8
II бөлім. Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары
2.1 Химия сабағында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану.............................................13
2.2 Ақпараттық технология элементтерін пайдаланып оқушының білімге қызығушылығын арттыру.................18
Қорытынды .......................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................26

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 70.52 Кб (Скачать файл)




                                         


               


 

 

 

  Оқу құралдары, қосымша

              әдебиеттер


 

 

Дәстүрлі оқытуда кейбір студенттер түсінбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себепті жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеліп соғады. Ал ақпараттық технологиямен жұмыс істеген әрбір студент өз бетінше үйреуге, тақырыпты бірнеше рет қайталап оқуға мүмкіндігі бар.

Электронды оқулық студенттердің білім мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыратын ақпарат құралы. Бұл оқулық үйлестіруші және жүйелеуші функцияларын орындайды. Үйлестіруші функция – оқулықтың ядросы болып табылатын «гипермәтін». Ол оқытудың жеке әдіс – тәсілдерін қамтамасыз етеді. Студенттердің ақпаратты жылдам қабылдауына жағдай туғызады, алған білімдерін тереңдетуді және сол алған білімдерін тәжірибеде қолдана алу біліктіліктерін қалыптастырады. Жүйелеуші функциясы оқулықтың мазмұнын құрайтын бірізді ақпаратты дәл жеткізіп тұрады.

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Электронды оқулықтың негізгі қасиеттері:

        • жинақтылық;
        • эстетикалық көркемділік;
        • жүйелілік;
        • жылдамдық және т.б.

Электронды оқулықтың құрылымы төмендегідей:

  1. Материалдың мәтін, сурет, графика, кескін, кесте, аудио, видео және т.б. түрде баяндалуы, яғни ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.
  2. Материалдың кескін түрде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктік – мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерді оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.
  3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтайтын сұрақтар мен тапсырмалар беіледі.

Енді электронды оқулықпен өтілетін химиялық тест тапсырмаларына тоқталайық.

Электронды оқулық жүктелген кезде гипермәтін арқылы жүзеге асады. Студент әр берілген теориялық түсінік арқылы қысқаша анықтама алады.

Оқулықтың бірінші бетінде мазмұны көрсетілген, химияның негізгі түсініктеріне, химиялық формулалар мен теңдеулерге, реакциялардың жіктелулеріне және т.б. теориялық түсінік беріледі.

 

Әр бөлім бойынша берілген тақырыптарды тестілеу әдісімен тексеруге болады. Тексеріп қана қоймайды және нәтижесін де ала алады. Берілген 50 тесттік тапсырманың 45-не дұрыс жауап берсе 5-тік балмен, 35-не жауап берсе 4-тік балмен, 25-не жауап берсе 3-тік балмен, 25-тен төмен жауап берсе 2-лік балмен бағаланады.

Электронды оқулықтың ерекшелігі студенттермен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.бұл оқулықта тесттік жүйенің төмендегі мәселелері қарастырылған:

  • өзіндік тексерудің тесттік жүйесі;
  • бақылау формалары (толықтыруды қажет ететін тестілер);
  • балама жауаптары бар тестілер ( шешімі дұрыс «иә» немесе дұрыс емес «жоқ»);
  • таңдамалы тесті ( бірнеше жауаптардың дұрысы таңдалады);
  • сәйкестілік тесті (өзара байланысқан фактілерді табуға құрылған).

Электронды оқулықтарға қойылатын талаптар төмендегідей:

  1. Жан – жақтылық;
  2. Ізгілік;
  3. Бейімділік;
  4. Модулдік;
  5. Экономикалық тиімділік;
  6. Тұтынушыға бағыттылық.

Ал электронды оқулықта тест тапсырмалары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Компьютерді сабақта қолдану барысында студенттер:

  1. Қарастырылап отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді;
  2. Студент жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды. 

Электронды оқулықты пайдаланудың тиімді жағы:

  • студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды;
  • студент оқұлықты қажет етпей – ақ, кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады;
  • тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады;
  • таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндігі бар;
  • сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі;
  • бағдарламаны меңгеруге арналған тест тапсырмаларымен қамтамасыз етілген;
  • көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады;
  • оқытушы әр студентпен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;
  • студенттің ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді;
  • зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

 

Қорыта келгенде электронды оқулықтың артықшылықтары өте көп. Студенттің танымдық мүмкіндігін кеңейте түседі. Электронды оқулық білімді есте сақтауға жақсы әсер етеді. Оқыту үрдісінде студенттің өзінің қатысуы, оның ойлау қабілеті мен оқуға деген ынтасын арттырады. Студент өзіне туындаған кейбір мәселелерді компьютер арқылы өзі іздеп, өзге сайттар арқылы ой – өрісін, білімін әрқашан өзі жетілдіріп отырады.

Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды химия сабағында пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Электронды оқулық арқылы химия сабағында сирек кездесетін элементтердің суретін, бейне файлдар арқылы зертханалық жұмыстардың қалай жүретінін көруге болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз. [10]

 

 

Ақпараттық технология элементтерін пайдаланып оқушының білімге қызығушылығын арттыру.                                                  

Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін. Мектеп сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы.

Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. [7]

 Қазіргі педагогика  теориясына елеулі өзгерістер  еніп, жаңа көзқарастар пайда  болды. Әрі білім беру құрылымында  жаңа технология өмірге келді.

«Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин.

Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.

Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.

Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты – оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Жаңа технологияны қолдануда:

«Мұғалім нені білу керек?»

  • Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
  • Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
  • Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
  • Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
  • Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.

«Не істей алу керек ?»

    • Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
    • Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
    • Әр сабақты жоспарлау.
    • Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
    • Оқу модулын құрастыру.
    • Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
    • Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.

«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»

  • Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
  • Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
  • Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
  • Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.

Жаңа технологияның топтастырылуы:

І. Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізінде педагогикалық технология.

Педагогикалық қарым-қатынас технологисы.

Алтынсариннің педагогикалық технологиясы.

Амоношвилидің ізгілік технологиясы.

Ильиннің жүйесі.

ІІ. Оқушының іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі педагогикалық технология.

Ойын технологиясы.

Проблемалық оқыту технологиясы.

Жан-жақты коммуникативті оқыту технологисы.

Оқыту материалдарын тірек сызбалар, тірек конспектілері және модельдеу арқылы қарқындатып оқыту технологиясы.( Шатталов)

ІІІ.Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару негізіндегі педагогикалық технология.

Миға тұтқиылдан шабуыл жасау технологиясы.

Перспективті жылдамдата оқыту технологиясы.(Лысенкова)

Деңгейлеп оқыту технологиясы.(Қараев)

Деңгейлеп диференциялау технологиясы.

Міндетті нәтиже негізінде деңгейлі-диференциялап оқыту технологиясы.(Фарсов)

Бала қызығушылығы арқылы диференциялап оқудың тәрбиелік технологиясы.(Закатова)

Жекелей оқыту технологисы.(Инге Унг және Шадриков)

Бағдарламалық оқыту технологисы.

Ұжымдық оқыту технологиясы.(Дяченко Ривин)

Топтық оқыту технологиясы.

Компьютерлік оқыту технологиясы.

ІV.Дидактикалық білім көтеру және материалды педагогикалық технологиялар.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.(Эрдниев)

Ақыл-ой  іс-әрекетін сатылай қалыптастыру теориясын игеру технологиясы.(Валович)

V.Жеке пәндік педагогикалық  технологиялар.

Сауаттылыққа ерте және дамыта оқыту технологисы.(Зайцев)

Сатылай талдап оқыту технологиясы.(Оразақынова)

Бастауыш мектептің жалпы оқу білігін жетілдіру технологиясы.(Зайцев)

Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы

Математикалық есептер шешу негізіндегі педагогикалық технология.(Касаткин)

Сабақтың тиімді жүйелік негізіндегі педагогикалық технология.(Окунив)

Жанпейісованың модульдық оқыту технологисы.

С.Т.О. технологиясы.

VІ.Альтернативті педагогикалық технология

Вольдорф педагогикасы.(Штэйнер)

Еркін еңбек технологиясы. (Ферт)

Ықтималдық білім технологиясы.(Лобок)

VІІ.Табиғи байқағыштық технологиялар.

Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу.

Өзіндік дамыту технологиясы.(Монтессори)

VІІІ. Дамыта оқыту технологиялары.

Дамыта оқыту жүйесі.

Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту жүйесі.(Якиманская)

Дамыта оқыту технологиясы.(Давыдов, Эльконин)

Өзіндік дамыта оқыту технологиясы.(Семеко)

ІΧ. Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары. [8]

Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алады. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А. Аманашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі. С.Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. М.М. Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып жобалау, сұлбалау тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады.

Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә. Жүнісбек, Ж.А. Қараев және Жанпейісованың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданады. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Балалардың таным қабілеттеріне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту сапасын арттыруға: басқару сапасын жетілдіруге: оқушылардың дамуына бақылау жасауға: соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақиқат. Сондай-ақ Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты.

Информация о работе Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары