Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 13:04, курсовая работа

Краткое описание

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын м әселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі.

Содержание

Кіріспе ...............................................................................2
I бөлім. Жаңа ақпараттық технологияны жалпы білім беретін орта мектептерде пайдалану және оның дидактикалық шарттары
1.1 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану және оны сабақта қолдану әдістері............................................4
1.2 Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы дамыта оқыту мен білім беру сапасын арттыру жолдары...........8
II бөлім. Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары
2.1 Химия сабағында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану.............................................13
2.2 Ақпараттық технология элементтерін пайдаланып оқушының білімге қызығушылығын арттыру.................18
Қорытынды .......................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................26

Вложенные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс.docx

— 70.52 Кб (Скачать файл)

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны ендірудің  алғышарттары қарастырылмаған, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны  енгізуде төмендегідей кемшіліктер  орын алуда.Атап айтқанда:

  • білім сапасының төмендігі;
  • білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен  оқыту нәтижесінің болмауы;
  • директивтік құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
  • оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
  • оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен шығармашылық еңбегінің жоқтығы;
  • инновациялық педагогикалық технологияны пайдалануда мұғалімдердің дайындық кезеңінен аттап өтуі;
  • жекеленген мұғалімдердің өзіне қолайлы инновациялық педагогикалық технологияны  таңдауда, пайдалануда қиындықтарға тап болуы және оны жеңе алмауы;
  • жаңа педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге мектеп басшыларының енжарлық танытуы;
  • жаңа педагогикалық технологияны меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;
  • оқу –тәрбие  үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны  енгізуде  мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан моральдық , материалдық көмектің көрсетілуі;
  • жаңа педагогикалық технология негіздерін болашақ мұғалімдердің жоғары қу орнында меңгермегендіктен , жас мамандардың жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;
  • мектептің озат мұғалімдері инновациялық технологияны пайдаланғанымен, ғылыми тұрғыдан негіздей алмауы;
  • мектептің мұғалімдері қысқа арнайы курстарда оқып келген технологияны өз мектебінің , өз сыныбының, өз оқушыларының, әсіресе, әрбір жеке оқушының даралығын  есепке алмай, даярлық кезеңнен өтпей, бірден өз іс - әрекетіне енгізіп, өрескел қателіктер жіберіп , өзін де оқушыларды да ығыр қылуы.

Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық  технологияны енгізудің  жетістіктері мен кемшіліктерін  саралап, жаңа педагогикалық технологияны енгізудің  алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет. [10]

 

                                   

                                         Қорытынды

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология.

Ақпараттық технология (Информационная технология; ) - 1) объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс; 2) ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау - мұғалімнің басты міндеті. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.

Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.

  • Тұтынушының қолдану сапасында;
  • Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, өйткені ақпарат беру – бұл білім мен мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал ретінде қызмет атқарады.

Көптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.

  • Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың көмегімен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология;
  • Материалды компьютердің көмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның ішінде компьютердің көмегімен өз бетінше оқуын болжайды. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмайды, оқу нұсқауларының жиынымен іске асырылуы мүмкін. Мұның өзі бағдарламалық оқыту әдісінің мәнін ашады;
  • Материалды компьютер қоры негізінде оқу – алдыңғы технологиялар, технологиялық құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолданумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын, оқушылардың өз бетінше тиімді оқуын арттыратын бағдарламаларды басымырақ қолдану жүргізіледі;
  • Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін боларлық формаларын қолдану (мұғалімнің қатысуымен), шын мәнінде, жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді;
  • Компьютердің көмегімен бағалау – өз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз;
  • Компьютерлік коммуникация – білім беру және оны жеткізумен қамтамасыз ете отырып, жоғарыда аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерді қолдану үшін жұмсалады. Компьютерлік коммуникация жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетеді.

 

 

 

                             Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы Алматы 2010.
  2. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.
  3. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ
  4. Досжанов Б, Альменаева Р. «Электрондық оқулықтарды даярлау әдістері» Алматы 2002
  5. Бұзаубақова К.Ж «Жаңа педагогикалық технология»Тараз2003
  6. Таубаева Ш.Т, Барсай Б,Т «Оқытудың қазіргі технологиялары» Бастауыш мектеп №3 1999
  7. Оқыту –тәрбиелеу технологиясы  Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №3, 2010ж.
  8. Аманбаева А. Жаңа ақпараттық технологияны қолдану // Бастауыш мектеп – 2005, №12, 8 – 9 б.
  9. Ахметқалиева С. Жаңа ақпараттық технологияны сабақта қолдану // Сынып жетекшісі – 2006, №1, 9 – 10 б.
  10. Қыстаубаев Е. Ақпараттық технологияны пайдалану // Химия мектепте – 2010, №3, 41 – 43 б.

 

 


Информация о работе Жаңа ақпараттық технологияны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру жолдары