Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 20:36, реферат

Краткое описание

Адам мен табиғат арасындағы қатынас – динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс «табиғатты бағындырумен», «иемденумен» ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады.

Содержание

Кіріспе: Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастары, кезеңдері
Негізгі:
Табиғи ресурстардың қоғам өміріндегі рөлі
Қазақстан табиғат байлықтарын калай пайдаланады?
Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасы
Қорытынды: Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

Әділетова Е.Ә 106 ОМ.docx

— 45.52 Кб (Скачать файл)

«Астана медицина университеті» АҚ

Экология және тұрақты даму кафедрасы

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі

 

 

                                                               Орындаған: Әділетова Е.Ә 106-гр ОМ

                                                               Тексерген: Белгібекова К.М

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы

2014 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе:  Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастары, кезеңдері
  2. Негізгі:
    1. Табиғи ресурстардың қоғам өміріндегі рөлі
    1. Қазақстан табиғат байлықтарын калай пайдаланады?
    2. Біздің мемлекетіміздің табиғи ортасы
  1. Қорытынды: Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам мен табиғат арасындағы қатынас  –  динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс «табиғатты бағындырумен», «иемденумен» ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады.

Қоршаған ортаның табиғи және әлеуметтік элементтері тығыз

байланысты. Ол байланыс әлеуметтік элементтердің, әлеуметтік

жаратылулардың табиғи элементтерге, табиғи ортаға арақатынасымен

айқындалып қана қоймай, табиғи элементтердің әлеуметтікке, әлеуметтік ортаға, мәдениетке әсер етуімен айқындалады. Баяғы көне заманнан бастап әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және макрокосмос –  Әлем мен

микрокосмос – Адам арасында ұқсастық тұжырымдамасы дамыған. Шығыстың ұлы энциклопедияшы ғалымы Абу Райхан әл-Бируни мың жыл бұрын айтқан: «Адамның денесі — әлеммен бірдей». Адамның табиғатпен ара қатынасы – мәңгілік және әрқашан заманауи, өйткені адам өзінің пайда болуымен, тіршілігімен және болашағымен табиғи ортамен байланысты. Табиғаттың элементі ретінде ол «табиғат – қоғам» деген күрделі жүйенің бір бөлігі болып келеді. Адамзат өзінің көптеген мұқтаждықтарын табиғаттың есебінен қамтамасыздандырады. Табиғаттың барлық элементтері қоршаған ортаны құрайды. «Қоршаған орта» түсінігіне адамның қолымен жасалған нысандар (ғимараттар, автокөліктер

және т. б.) кірмейді, өйткені олар бүкіл қоғамды емес, жеке адамдарды ғана қоршап тұр. Бірақ адамның қызметі арқылы өзгерген табиғат телімдері (қалалар, ауыл шаруашылығы жерлері, су қоймалары, орман алқаптары) қоғам ортасын түзгендіктен, қоршаған ортаға кіреді.

Адамзаттың тарихы –адамдардың табиғатпен өзара қарым-қатынастарының тарихы болып табылады. Әр түрлі дәуірлер бір-бірінен табиғатқа адамның қатынасымен, оны меңгеру ерекшеліктерімен сипаталады. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезеңді палеолит дәуірі деп атайды. Бұл кезде қарапайым алғашқы қауымдық құрылыстың өмір салты болған. Аталған кезеңді көбінесе биогенді кезең ретінде сипаттайды. Адам бұл тарихи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2млн. жылдан астам уақытты алып жатыр және ол адам мен табиғаттың өзара әсерлерінде ең көп уақытты алып жатқан кезең.

Адамның табиғатқа, биосфераға әсері осы кезеңнің өзінен көріне бастады. Ол негізінен өсімдіктер жабынының өзгеруімен және жануарлардың жекеленген түрлерінің жойылуымен сипатталады. Палеолит дәуірінде адамдардың жекелеген ірі шөпқоректі жануарларды (мамонт, алып бұғы, түктікерік т.б.) толық жойып жібергені дәлелденген. Аңшылық өнімдері адамдар үшін негізгі азық және шаруашылық қызметінде негізгі шикізат көзі болған.

Екінші аграрлық кезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен  басталған неолит дәуірі жатады (б.з.б. VIII-VII ғ) Бұл дәуір – өнеркәсіптік өндірістің қалыптасуына дейінгі кезең. Неолит дәуірінен бастап егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына байланысты қоғам қоғам биосфераға күшті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жырту, үй жануарларын жою нәтижесінде ғаламшардың орасан үлкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айнала бастады. Археологиялық және палеоботаникалық зерттеулер қазіргі кездегі шөлдер Гоби, Қарақұм, Қызылқұм, Сахара шөлдерінің территориясын бір кездерде гүлденген өркениетті елдер алып жатқанын көрсетті.

Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы  техногенді дәуір басталады, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте бастады, табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады. Сондықтан егіншілік технологиясы, мал шаруашылығының технологиясы туралы осы кезеңнен бастап айтуға болады.

Аграрлық кезеңнің соңы кеме қатынасымен, Жаңа дүниенің, Тынық мұхитының аралдарының ашылуымен, еуропалықтардың Үндістан мен Қытайға, Африка мен Орталық Азияға, Шығыс Сібірге енуімен сипатталады.Аталғандар Жердің табиғаты туралы , оның орман, топырақ, су ресурстары, минералдық байлықтары туралы түсініктерді өзгертті және оларды пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін туғызды. Кеме қатынасының дамуы теңіз кәсіпшілігінің кеңеюіне, ең алдымен киттер мен басқа да теңіз жануарларын аулауға алып келді. Нәтижеде теңіз сүтқоректілерінің саны айтарлықтай кеми бастады.

Үшінші индустриалды кезең қоғам мен табиғаттың өзара қатынасындағы техногенді дәуірдің шарықтау шыңы болды. Ол XVII ғасырдан бастап  XX ғасырдың ортасына дейінгі уақытты алып жатыр.

Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болды. Кен өндіру салалары мен металлургия қарқынды түрде дами бастады. Отын ресурстарын жағу арқылы қуат өндіру бірнеше есе артты. Жаңа заттарды жасау, ластаушы заттардың үлкен территорияларда таралуына және ауыл шаруашылығының химияландырылуына байланысты адамның биосфераға химиялық әсерінің сапасы өзгерді.

Алғашқы кезде табиғаттағы өздігінен реттелу процестері биосфераның экожүйелерінің бұл әсерлерге төтеп беруіне мүмкіндік берді. Бірақ өндірістік іс-әрекеттің қарқыны мен көлемінің артуы экожүйелердің өздігінен қалпына келу қабілетін біртіндеп жойды. Биосфераның биологиялық, химиялық, физикалық көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқала бастады.

ХХ ғасырдың ортасына карай өндірістің қоршаған табиғатқа әсері кеңейіп, ,ғаламдық сипатқа ие болды. Нәтижеде табиғи ортаның  сарқылуына байланысты өндірістің өндірістің одан әрі дамуы мүмкін болмайтын жағдай қалыптасты, яғни экологиялық дағдарыс байқалып отыр.

Бірақ бұл дағдарыс биосфера тарихындағы бірінші дағдарыс емес.  Н.Ф.Реймерс (1994) бірқатар экологиялық дағдарыстар мен экологиялық революцияларды бөліп көрсетті.

 

Экологиялық

дағдарыстар

Экологиялық революциялар

Уақыт кезеңі, жыл бұрын

1

Аридизация дағдарысы

30-50 мың жыл бұрын

2

Жинаушылар ресурстарының дағдарысы

Биотехнологиялық революция

10-20 мың жыл бұрын

3

Консументтер дағдарысы

Біріші аграрлық революция, жер өңдеуге көшу

2 мың жыл бұрын

4

Қарапайым жер өңдеудің дағдарысы

Екінші аграрлық революция, суармайтын жерлерді өңдеу

150-300 жыл

5

Өндірушілер дағдарысы

Өнеркәсіптік революция

50 жыл

6

Редуценттер дағдарысы

Ғылыми-техникалық революция

20-30 жыл

7

Жылулық дағдарыс

Энергетикалық революция

Қазіргі уақыт

8

Экожүйелердің  ғаламдық дағдарысы

Экологиялық жоспарлау революциясы

 

 

Қазір қоғам мен табиғаттың өзара қатынасында индустриалдық кезеңнен ақпараттық-экологиялық (постиндустриалдық) кезеңге өтуі байқалып отыр. Бұл кезең ғаламшар ресурстарының (биосфераның көптеген зақымдануларды қалпына келтіру мүмкіндігінің) шектеулі екендігін түсінумен сипатталады. Сонымен қатар ғылым мен техниканың жоғары дәрежеде дамуы техника мен өндірістік технологияның биосфераға зиянсыз негізде дамуына мүмкіндік бере алады. Жалпы алғанда осы кезеңнің нәтижесі адамзаттың болашағын анықтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге  жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы  әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75%  болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар  қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.

Дүниежүзінің табиғат ресурстары ресурстарға шаруашылық баға беру. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталамыз. Энергетикалық ресурстар. XIX ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байқалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды. Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ына дейін), мұнай мен газдан (шамамен 27%) тұрады. Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс басқандай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артық. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корының 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесілі.

Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Отын-энергетикалық  қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары – Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы – Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің  төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.         

Информация о работе Адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуындағы табиғаттың рөлі