Алматы қаласының атмосферасының ластануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 15:45, реферат

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда атмосфераның зиянды заттектермен ластануы өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Атмосфераның зиянды заттектермен ластану салдарынан климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, парниктік эффектісі, қышқылдық жаңбыр пайда болуда. Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

Содержание

КІРІСПЕ ....................................................................................................................4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.........................................................................................................6
I. Қазақтан Республикасы қалаларының атмосферасының жалпы ластануы..............................................................................................6
1.1 Шет елдер және Қазақстан қалаларының атмосферасының
ластануы ....................................................................................................................6
1.2 Республика қалалары ауасының әр түрлі заттармен ластану деңгейі.............11
1.3 Алматы қаласы топырағының ауыр металдармен ластануы ......................17
ІІ. Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану жағдайы ...............................................................................................................20
2.1 Алматы қаласы атмосфералық ауасының әртүрлі заттармен ластануы.....................................................................................................................20
2.2 Қала атмосферасын ластайтын негізгі көз болып саналатын – автокөлік шығарындылары.......................................................................................................24
2.3 Ағаш өсімдіктері жапырағының морфо-анатомиялық құрылысына
қысқаша сипаттама................................................................................................
Қорытынды..........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................41

Вложенные файлы: 1 файл

almaty_atmosfera.doc

— 634.00 Кб (Скачать файл)

    

 

Реферат

Тақрыбы: Алматы қаласының атмосферасының ластануы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ ....................................................................................................................4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.........................................................................................................6

I. Қазақтан Республикасы қалаларының атмосферасының жалпы ластануы..............................................................................................6

1.1 Шет елдер және Қазақстан қалаларының атмосферасының

 ластануы ....................................................................................................................6

1.2 Республика қалалары ауасының әр түрлі заттармен ластану деңгейі.............11

1.3 Алматы қаласы топырағының   ауыр  металдармен  ластануы ......................17

ІІ. Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану жағдайы ...............................................................................................................20

2.1 Алматы қаласы атмосфералық ауасының әртүрлі заттармен ластануы.....................................................................................................................20

2.2 Қала атмосферасын  ластайтын негізгі көз болып саналатын – автокөлік шығарындылары.......................................................................................................24

2.3 Ағаш өсімдіктері жапырағының морфо-анатомиялық құрылысына

қысқаша   сипаттама................................................................................................

Қорытынды..........................................................................................................38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................41

 

КІРІСПЕ

    Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда атмосфераның зиянды заттектермен ластануы өзекті мәселенің бірі болып табылады.

     Атмосфераның зиянды заттектермен ластану салдарынан климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, парниктік эффектісі, қышқылдық жаңбыр пайда болуда. Ластану нәтижесінде атмосфераға тасталынатын шығарындыларға  қатты бөлшектер, шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.

     Өнеркәсіпте және көлік отыны жанған кезде түзілетін азот оксидтері, N2O, NO, NO2 атмосфераны ластайтын көздердің бірі.

     Атмосфераның ластануына өнеркәсіп орындары, жылу электрстанциялары, ауыл шаруашылығы, құрылыс орындары, автокөлік шығарындылары себеп болып отыр.

     Жоғарыда айтылған объектілерден атмосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды.

     Алматы қаласынан шығатын зиянды заттектердің негізгі көзі болып автокөлік шығарындылары табылады. Автокөліктерден шығатын зиянды заттектерге көмірқышқыл газы, көміртек оксиді, көмірсутектер, сутек, альдегидтер, т.б. яғни барлығы 200 - ге жақын компоненттер бар.

     Бұл шығарынды заттектер адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Тыныс алу жолдарының қабынуына, жүйке жүйесіне, өкпенің қатерлі ісік ауруына душар етеді. Канцерогенді, теротогенді, мутагенді аурулар туғызады.

     Сондай-ақ, өсімдіктер үшін де улы болып саналатын күкірт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Егер ауада 0,2- 0,5 мг/м3 зиянды заттар болса өсімдіктің жапырағында жүретін фотосинтезді тежейді және хлороз кеселімен зақымдалуына ықпалын тигізеді. Өсімдіктің өсіп дамуына зиянды әсер етеді. Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттектермен, Алматы  ауасының ластануы бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.  

Жұмыстың мақсаты: лматы қаласынан шығарылатын зиянды заттектердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтау.

Жұмыстың  міндеттері:

1.   Алматы қаласынан  шығарылатын зиянды заттектердің  қоршаған ортаға тигізетін әсерін статистикалық жолмен анықтау; 

2. Автокөліктерден шығарылатын  зиянды заттектердің ағаш өсімдіктерінің  морфологиялық құрылысына әсерін  зерттеу;

3. Автокөліктерден шығарылатын  зиянды заттектердің ағаш өсімдіктерінің  анатомиялық құрылысына әсерін айқындау.

       Ғылыми жаңалығы: Автокөліктен ауаға шығарылатын зиянды заттардың ағаш өсімдіктерінің анатомиялық - морфологиялық құрылысына әсері алғаш рет анықталды.

         Жұмыстың көлемі: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім - төрт тараудан, 35 суреттен, 25 кестеден, қорытындыдан, тұжырымдардан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Қазақтан  Республикасы қалаларының атмосферасының  жалпы ластануы

1.1 Шет елдер  және Қазақстан қалаларының атмосферасының ластануы

  Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.

   Ластану нәтижесінде атмосфераға  тасталынатын шығарындыларға қатты бөлшектер, (шаң, түтін, күйе, көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әр түрлі ұшпа көмірсутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек,) жатады. Өнеркәсіпте және көлік отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері (N2O, NO, NO2 ) атмосфераны ластайтын көздердің бірі. Күн сәулесінің әсерінен күрделі химиялық реакцияға түсіп нәтижесінде уытты фотооксиданттар (озон, азот қышқылы)  түзілуіне үлес қосады. Атмосферада озот оксидтерінің, фотооксиданттардың концентрациясы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады  [1].

  Қазір атмосфераның зиянды заттармен ластанғандығы соншалық, сол ластанған көзден ондаған, тіпті жүздеген километрге дейін таралады. Атмосфераға техногендік жылудың, көмірқышқыл газының және аэрозольды қоспалардың түсуіне байланысты климаттың өзгеру мүмкіндігі;

Атмосферада фреондардың, азот тотықтарының және басқа да кейбір қоспалардың түсуінен жердің озон қабатының бұзылуы мүмкін;

     Дүниежүзілік  метеорологиялық ұйымның деректеріне қарағанда, ауылдық жерлерден гөрі қалалардағы атмосферада газ күйіндегі лас заттар 15-25 есе және қатты заттар 10 еседей көп екендігі анықталды. Қыс айларында қалаларда тұман екі еседей, жауын –шашынмен 5-10 % көп түсетіндігі, жерге жететін күн радиациясының деңгейі 20-30 % орташа температура 0,5-1,5С жоғары, желдің орташа жылдамдығы 20-30% кем болатындығы байқалды [2].

   Түтіннің құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзілуіне әкеп  соғады. Мысалы: Лос -Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бір қатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нәтижесінде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды.

   Лондонда смогтар  ХІХ ғасырдың соңынан бастап –ақ белгілі болған, әсіресе 1952 және 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигізді. 1952 жылдың 5-9 желтоқсан аралығында қаланың үстін қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкірт ангидриді, азот оксиді, альдегидтер, хлорлы көмірсутектер, т.б)  мөлшері ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейін көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит ауруымен ауыратын адамдардың көпшілігі смогтың әсерінен қазаға ұшыраған.  Ұлыбритания астанасының үстінде 1956 жылы ақпанда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда “Ауа тазалығы  туралы заң ”қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы біршама азайған.

    Атмосфераның ластануы  адам, жануарлар, өсімдіктер үшін әрқашан зиян.

    Өсімдіктер үшін әсіресе  улы болып саналатын күкірт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмірсутектер. Олар ауыл шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтіреді. Дәнді дақылдардан бұл газдарға өте сезімтал- арпа, көкөністерден –шпинат, капуста, салат, редис.

    Ауаның құрамында болатын  күкіртті газдың шектеулі нормасы  0,02 мг/м3, азот оксидтері-0,02 мг/м3 және аммиак-0,1 мг/м3 [3].

   Атмосфералық ауаның жағдайын бақылау 2007 жылы 50 стационарлы кентте жүргізілді, 21 елді мекен республикасында: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Риддер, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз қалалары.

  Ауаның ластануының ең жоғары деңгейі (ИЛА 5-12,6 ) Алматы қаласында. Ластанған (ИЛА 5->5) қалаларға 10 қала жатқызылған, соның ішінде ауаның жоғары ластануы (ИЛА 5->7) 8- қалада (1 сурет).

    Республикамыздың 18 қаласында бір ғана улы зат қоспасы бар ластану концентрациясының орта мәні ШРК- дан асып түсіп отыр, ал 5 қалада (Алматы, Риддер, Теміртау, Өскемен, және Шымкент) үш және одан көп улы заттар қоспасының концентрациясы ШРК –дан жоғары. 10-қалада азот диоксидінің 1,3-2,2 ШРК шегіндегі орта концентрациясы байқалған. Ал 1,2-2,8 ШРК шегіндегі ауаға көтерілген улы заттар (тозаң түрінде) – 9 қалада, 1,3-4,3 ШРК шегінде формальдегид – 7 қалада, 1,7-3,0 ШРК шегіндегі фенол – 4 қалада байқалған.

    Бақылау жүргізіліп отырған жерлерде 20 елді мекенде ең болмағанда бір ғана улы зат қоспасының бір жолғы  концентрациясы ең шекті мөлшері ШРК – дан асып кеткен, Бұл жағдайда мұның өзінде 12 қалада (Алматы, Астана, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей, Тараз, Теміртау, Шымкент, Өскемен, және Глубокое кенті) үш және одан да көп улы зат қоспасы үшін белгіленген ШРК – дан асып кеткені байқалған. Ауаға көтерілген улы заттардың ШРК – дан жоғары концентрациясы 16 қалада, оксидті көміртек -14 қалада, диоксидті азот пен формальдегид – 4 қалада, аммиак пен фторлы сутегі – 3 қалада, күкірт диоксиді – 2 қалада (1- кесте) байқалған.

     2007 жылы атмосфералық ауаның жоғары ластануының (ВЗ) 22 жағдайында және төтенше жоғары (ЭВЗ) 1 жағдайында улы заттың  концентрациясының рұқсат етілетін мөлшерден 10,2-14,0 есе (2 кесте) артық болуы тіркелген: Астана қаласында улы заттың ауаға көтерілетін концентрациясының ең шекті мөлшері көктем айында 14,6 ШРК (1 ВЗ), мамырда – 65,2 ШРК (1 ВЗ), болған, азот диоксиді (3 ВЗ) концентрациясы ШРК – дан 10,4 – 23,8 есе артқан Балқашта улы заттың ауаға көтерілетін концентрациясы рұқсат етілетін мөлшерден 10,2-11,6 есе артқан, күкірт диоксиді – 10,3 -21,3 есе артқан, Қызылордада улы заттың аспанға көтерілетін концентрациясы рұқсат етілген мөлшерден 10,2-14,0 есе артқан (2 кесте) [14].

                                                                                                                                         1- кесте                   

                               Қазақстан Республикасы қалаларының  2007 жылғы

                                     атмосферасының  жалпы ластануы

 

Қоспалар аттары

Қала саны

Қала бойынша орташа

ШРК-сы жоғары қала саны

Орташа концентрация

 максимальды

концентрация

мг/м3

 

ШРК қысқаша жоғарылау

мг/м3

ШРК қысқаша жоғарылау

орташа

макси-мальды

Өлшенген зат

20

0,176

1,2

3,260

6,5

9

16

Күкірт диоксиді

21

0,024

0,5

0,710

1,4

3

2

 Араласқан сульфат

10

0,006

 

 

0,088

     

Көміртегі оксиді

19

1,35

0,5

12,92

2,6

0

14

Азот диоксиді

21

0,043

1,1

0,282

3,3

10

18

Азот диоксиді

4

0,021

0,3

0,093

0,2

0

0

Аммиак

5

0,039

1,0

0,243

1,2

1

3

Күкірттісутек

6

0,002

 

 

0,010

1,2

 

4

Фторлы сутек 

      3

0,003

0,5

0,058

2,9

0

3

Күкірт қышқылы

2

0,021

0,2

0,057

0,1

0

0

Фенол

10

0,0037

1,2

0,023

2,3

4

9

Формальдегид

9

0,0082

2,7

0,037

1,1

7

4

Хлор

2

0,002

0,1

0,100

0,5

0

1

Хлорлы сутек

1

0,030

0,3

0,570

2,9

0

1

Мышьяк

3

0,001

0,2

0,003

     

 

2- кесте

2007 жылғы атмосфералық  ауаның жоғары және төтенше   ластануы (ВЗ) и (ЭВЗ)

 

 

Қала

Қоспалар аттары

Айлық

Уақыт

КБЛ (ПНЗ)

Концентрация

 

мг/м3

ШРК қысқаша жоғарылау

Балқаш

Күкірт 

диоксиді

27 ақпан

13 сағат

4

5,136

10,3

24сәуір

13сағат

3

5,610

11,2

8 мамыр

13 сағат

3

6,340

12,7

8 мамыр

13 сағат.

4

8,280

16,6

30 қазан

13сағат

3

10,660

21,3

30 қазан

13 сағат.

4

7,120

14,2

5 қараша

13 сағат

4

7,840

15,7

Ауаға көтерілген улы  заттар

8 мамыр

13 сағат.

3

5,8

11,6

8 мамыр

13 сағат.

4

5,1

10,2

5 қараша

13 сағат.

3

5,1

10,2

Астана

Ауаға көтерілген улы заттар

24 сәуір

19 сағат

2

7,1

14,2

24мамыр (ЭВЗ)

19сағат.

2

32,6

65,2

Азот диоксиді

 

10 қазан

19 сағат

4

2,02

23,8

11 қазан

19 сағат

4

1,15

13,5

13желтоқсан

7 сағат

4

0,88

10,4

Қызылорда

Ауаға

 көтерілген улы   заттар 

20 тамыз

19 сағат

1

6,9

13,8

21 тамыз

7 сағат

1

5,1

10,2

21тамыз

13 сағат

1

7,0

14,0

21тамыз

19 сағат.

1

6,0

12,0

22 тамыз

7 сағат

1

5,7

11,4

22тамыз

13 сағат

1

6,8

13,6

22 тамыз

19 сағат

1

6,6

13,2

23 тамыз

13 сағат

1

7,0

14,0

Информация о работе Алматы қаласының атмосферасының ластануы