Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 17:12, курсовая работа

Краткое описание

Жер бетінің ауданы 510 млн. км2 –ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2 – ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрылықтардың үлесіне 149 млн. км2 аудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі. Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2 –ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су -91 мың. км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн.км3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры-3,5 млн.км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53% -ін құрайды. Егер біз тұщы судың негізгі массасын мұздықтарда жиналғаның есептесек, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі күрт азаяды және ол гидросфераның тек қана 0,80% құрайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Сумен қамтамасыз ету және оны пайдалану
Су ресурстарын негізгі ластаушы көздері.
Су ресурстарының химиялық ластануы туралы түсінік.
Қазақстан Республикасының су ресурстары.
Қазақстан Республикасының су ресурстарының химиялық ластануы және экологиялық проблемалары.
ІІІ. Практикалық бөлім
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау.
ҮІ. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

экология, курстык жумыс БАГДАТ.docx

— 90.48 Кб (Скачать файл)

Жоспары: 
І. Кіріспе 
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Сумен қамтамасыз ету және оны пайдалану
  2. Су ресурстарын негізгі ластаушы көздері.
  3. Су ресурстарының химиялық ластануы туралы түсінік.
  4. Қазақстан Республикасының су ресурстары.
  5. Қазақстан Республикасының су ресурстарының химиялық ластануы және экологиялық проблемалары.

ІІІ. Практикалық бөлім

  1. Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау.

ҮІ. Қорытынды 
V. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Гидросфера – ғаламшарымыздың  су қабаты, оны мұхиттар мен теңіздер, құрлық суы – өзендер, көлдер, жасанды  су қоймалары, мұздықтар, литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін ыза  суы және атмосферадағы ылғал  құрайды. Су – түсі,  иісі,  дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші, үстіңгі кернеуі өте жоғары, айқын капилярлық (жіңішке түтік пен сұйық заттың жоғары көтерілуі) қасиеті бар. Осы қасиеті топырақтағы су ерітінділерін өсімдіктер бойынша «сорып» алып күн көруі үшін өте қолайлы.

Жер бетінің ауданы 510 млн. км–ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км– ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрылықтардың үлесіне 149 млн. кмаудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі.  Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км–ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су -91 мың. км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн.кммөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры-3,5 млн.кмнемесе гидросфера көлемінің 2,53% -ін құрайды. Егер біз тұщы судың негізгі массасын мұздықтарда жиналғаның есептесек, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі күрт азаяды және ол гидросфераның  тек қана 0,80%  құрайды.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Су ресурстарының химиялық ластануы жайлы мәлімет беру;

Қазақстан Республикасының су ресурстарының химиялық ластануы және экологиялық проблемалары мәселесін қарастыру;

Су ресурстарын хлорландыру  арқылы заласыздандыру әдісіне талдау жасау.

Курстық жұмыстың міндеті:

Қойылған мақсаттарға сайкес мәліметтер жинау;

Жиналған мәліметтерді салыстырып, талдау жасау;

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жиналған мәліметтер қорытындылай келе ұсынылған іс-шаралар аймақта экологиялық жағымды тәсілдерді қалыптастыруда және су ресурстарының деңгейін жоғарылатуда қолдана алады. Жиналған мәліметтер жоғарғы оқу орындарында биологиялық, экологиялық бағытына қолдануға болады.

Ұсынылған іс-шаралар арқылы су ресурстарын жарамды күйде  қайта енгізу арқылы халықтың үмітін ояту, сенімін нығайту және еңбекке деген құлшынысын арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

  1. Сумен қамтамасыз ету және оны пайдалану

 

БҰҰ мәліметтері  бойынша  ΧΧΙ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен мешеулікке  ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекет аралық қақтығыстардың себебі болады.

Ғалам халқының  санының өсуі су қажеттілігін күрт арттырады. Әсіресе, бұл Азия құрылығының тұрғындары үшін қиындық  туғызады, өйткені олардың негізгі тамағы  суда өсетін күріш.

Су – өмір көзі. Бірде  бір өндіріс сусыз жұмыс істей  алмайды. Сусыз атмосфера оттегімен  толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық) және кіші (биохимиялық)  зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған. Адам ағзасында су 60% -дай болады. Табиғи экожүйедегі судың алатын орны ерекше.

Мысалы,

бидайдың  1т өндіру  үшін 2500 т су, 

күріштің 1т – 4500т су, 

мақтаның 1т – 10 000 т, 

аммиактың 1т– 1000 т, 

синтетикалық  каучуктың 1т –2000 т, 

синтетикалық талшықтың 1т – 2500-5000 т және т.с.с.

Адам үшін су тек биологиялық  емес, әлеуметтік те фактор болып келеді. Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л су жұмсаса, одан басқа тағы 1500-2000 л жұмсайды.

Судың бағасы жылдан-жылға  өсіп барады. Араб әмірлігінде  1 л ауыз суды  1л шикі мұнайға айырбастауға болады. Табиғи ауыз су ұлт байлығына айналып барады. Дүкендерде  ауыз судың сатылуы қалыпты жағдайға ұласты. Жер ғаламшарындағы су қоры  ~ 1.400 000 км3, бірақ оның көбі ащы (4 кесте). 

Су қорын пайдаланғанда  оның айналым жылдамдығын ескерген жөн.Тұщы судың  70%-дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам ол суды пайдалана алмайды. Бұл «өлі» табиғи су қоры. Жердің терең қойнауындағы суды да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының  0,001 % ғана ішуге жарамды.

Су баға жетпес табиғат  байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы  мүмкін емес. Ол зат алмасу процесінде қарқынды роль атқарады.

 

 

 

 

 

 

              

 

4–кесте.  Жер ғаламшарындағы су қоры.                                

                                                

Гидросфера бөліктері 

Көлемі

(мың км3)

Жалпы көлемнің пайызы

Әлемдік мұхит

Жерасты сулары

Мұздықтар

Көлдер

Топырақтық ылғал

Атмосфера булары

Өзендік сулар

137 023

60 000

24 000

230

75

14

1,2

94,2

4,12

1,65

0,016

0,005

0,001

0,0001

Барлық гидросфера

1 454 643,2

100,0


 

Суды жайылымдарды суландыру үшін пайдалану — заңды ұйымдар мен азаматтардың мал суаруды қамтамасыз ету мақсатымен жайылымдарды суландыру үшін жер бетіндегі және жер астындағы суды пайдалануы. Жайылымдарды суландыру үшін суды пайдалану шегенді және құбырлы құдықтарды, тоғандарды, апандарды, суландыру каналдары мен баска да құрылыстарды салу арқылы жүзеге асырылады. Суару алаңдары мен басқа да құрылғылар болғанда суды мал суару үшін пайдалануға жол беріледі.

Суды жеке пайдалану— суды жеке пайдалануды талап ететін қызметті жүзеге асыру үшін заңды ұйымдар мен азаматтарға сутоғандардың немесе олардың бөліктерінің жеке пайдалануға берілуі. Баска су пайдаланушылардың жеке пайдалануға берілген сутоғандарын пайдалануына Қазақстан Республикасының Су Кодесінің 36-бабында көзделген жағдайларда жол беріледі.

Суды жекеменшік қосалқы шаруашылық, бақ өсіру мен бақшашылық мұқтаждары үшін пайдалану — жекеменшік қосалқы шаруашылық жүргізетін, бақ өсіру мен бақшашылықпен айналысатын азаматтарға белгіленген лимиттерге сәйкес суару үшін судың бөлінуі. Жергілікті су ресурстары болмаған кезде суару үшін су бүрыннан бар су пайдаланушылардың лимиттерін қайта бөлу есебінен бөлінуі мүмкін.

 

  1. Су ресурстарын негізгі ластаушы көздері.

 

Бүгінгі таңда судың ластануынын тудыратын 400-ге жуық заттар белгіленген. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды.

Зияндықты көрсететін: санитарлы - токсикалық, жалпы санитарлық және органолептикалық көрсеткіштерінің тым болмағанда біреуінің шекгінен асып кеткен жағдайда, су ластанған деп есептелінеді.

Судың ластануы-оның физикалық және органолептикалық құрамының (оның мөлдірлігі, иісі, дәмінің бұзылуы) өзгеруінен байқалады, құрамында сульфаттардың, хлоридтердің, титратттардың, токсикалық ауыр металдардың көбеюінен, суда еріген ауа оттегі азаюы, радиоактивті элементтердің пайда болуы, ауру туғызатын бактериялар мен басқа да ластаушылардың судың құрымында кездесуін айтамыз.

Су ластану көздері:

  • Химиялық
  • биологиялық
  • физикалық ластануларын қарастырады.

Химиялық ластануларға: мұнай және мұнай өнімдері, СББЗ( синтетикалық беткейлі - белсенді заттар (СПАВ), пестидциттер, ауыр металдар, диоксиндер және т.б.

Биологиялық ластанулар өте қауіпті, мысалы, вирустар мен басқа да ауру туғызатын микроорганизмдер.

Физикалық ластануларға- радиоактивті заттар, жылулық және т.б.

Табиғи суларды ластайтын  компоненттер биологиялық және физикалық- химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:

1.Физикалық күйіне байланысты: ерімейтін, коллоидты, еритін;

2.Табиғатына қарай – минералды, органикалық, биологиялық немесе

бактериалық.

Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар, яғни суда еритін және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи суларда еріген түрде әр түрлі газдар, сонымен қатар еріген тұзда болады. Бұлардың бар-жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы анықталады, себебі еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштерін ұсталмайды.

Органкалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан, т.б. жолмен пайда болган органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болган заттарга олардың қалдықтары, өсімдік майлары, қағаз, т. б. ал жануарлардан пайда болған заттарға, мал ткандары, желім заттар, қи және организмнен шығатын басқа да заттар жатады.Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коллоидты бөлшектер.

Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге - бактериялар, вирустар, балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық зауыттардың қалдықтары және т. б. кіреді.

Қазіргі таңда су ресурстарының  тез арада ластанудың себебі суға деген антропогендік жүктеменің артуы. Оның басты себептері дүниежүзіндегі халық санының күрт өсуі және суға деген сұраныстың жоғарлауы. Осыған қоса ҒТР өз ықпалын тигізуде. Өнеркәсіптің химиялық және мұнай химиялық салалары су қоймаларына зиянды заттардың енуіне себепші болып, көп жағдайда оның сапасын нашарлатады. Адамзаттың тіршілік етуі барысында табиғатқа миллионға жуық жаңа заттар енген (барлығы 6 миллион химиялық қосындылар белгілі).

 

 

Жер бетіндегі  сулардың ластану көздеріне мыналар  жатады:

  • өнеркәсіп өнімдері мен өндіріс қалдықтарын сақтайтын және тасымалдайтын орындар;
  • тұрмыстық, тұрмыс қажетін өтеу барысындағы қалдықтарды жинайтын орындар, қоймалар;
  • тыңайтқыштар, пестицидтер және де химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылық салалары;
  • жер асты сулары байланыстағы жер бетіндегі обьектілер;
  • су көзіне жалғасқан лас орындар;
  • жауын-шашынның ластанған жерлерді жууынан пайда болған шайынды сулар;
  • өндіріс, бұрғылау, қазу және т.б.

Суды ластайтын көздерге өнеркәсіптік және коммуналдық канализациялық ақаба сулары және де басқа өндіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары (пестициттері тыңайтқыштары т.б.) бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығы ағындылары, су қоймаларына жауын шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.

Қазіргі таңда  адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі  үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ  қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді.

Су ортасы үшін ең үлкен  қауіп тудыратын мұнай, мұнайды өңдеу, химиялық қосылыстарын алу, радиоактивті заттар және ауыр металдар алу өндірістері болып табылады. Теңізге төгілген 1 тонна мұнай  2,6 км аумақтағы судың бетін біркелкі жұқа пленкамен қаптап тұрады. Суға жайылғанда атмосферадағы ауа мен су газдарының алмасуын және судың булануын қиындатады.

Ағаштарды сумен  тасымалдау кезінде де судың ластануы байқалады. Терең емес өзендерде ағаштарды тасымалдағанда 10-30 % жуығы батып кетеді. Бұл балық шаруашылығына зиян келтіреді.

Электростанцияларды салу нәтижесінде көп алқапты алып жататын бірақ онша терең емес су қоймалары пайда болады. Бұл су қоймаларда өте көп мөлшерде балдырлар пайда болады бұл өсімдіктер халық шаруашылығына бірқатар залалын тигізуде. Көкжасыл балдырлардың 9 түрі суды өте қатты ластандыруда.

Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс  әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп  орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.

Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады.

Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.

Жылулы  ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.

Информация о работе Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау