Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 17:12, курсовая работа

Краткое описание

Жер бетінің ауданы 510 млн. км2 –ге тең. Бұл ауданның 361 млн. км2 – ін немесе 71% бөлігін әлемдік мұхит алып жатыр. Ал құрылықтардың үлесіне 149 млн. км2 аудан немесе планетамыздың 29% бөлігі тиесілі. Жер бетіндегі судың жалпы қоры шамамен 1386 млн. км2 –ге тең. Өзен арналарындағы су қоры 2120 км3-ге тең, тұщы көлдердегі су -91 мың. км3. Тұщы жер асты суларының қоры 10,5 млн.км3 мөлшерінде деп есептелсе, тұщы сулардың жалпы қоры-3,5 млн.км3 немесе гидросфера көлемінің 2,53% -ін құрайды. Егер біз тұщы судың негізгі массасын мұздықтарда жиналғаның есептесек, онда адам қажетіне жұмсалатын таза тұщы судың көлемі күрт азаяды және ол гидросфераның тек қана 0,80% құрайды.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Сумен қамтамасыз ету және оны пайдалану
Су ресурстарын негізгі ластаушы көздері.
Су ресурстарының химиялық ластануы туралы түсінік.
Қазақстан Республикасының су ресурстары.
Қазақстан Республикасының су ресурстарының химиялық ластануы және экологиялық проблемалары.
ІІІ. Практикалық бөлім
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау.
ҮІ. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

экология, курстык жумыс БАГДАТ.docx

— 90.48 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

Қорытынды

 

Су – өмір көзі. Бірде  бір өндіріс сусыз жұмыс істей  алмайды. Сусыз атмосфера оттегімен  толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық) және кіші (биохимиялық)  зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған.

Судың ластануы- оның физикалық және органолептикалық құрамының (оның мөлдірлігі, иісі, дәмінің бұзылуы) өзгеруінен байқалады, құрамында сульфаттардың, хлоридтердің, титратттардың, токсикалық ауыр металдардың көбеюінен, суда еріген ауа оттегі азаюы, радиоактивті элементтердің пайда болуы, ауру туғызатын бактериялар мен басқа да ластаушылардың судың құрымында кездесуін айтамыз.

Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістерінің арасында қазіргі уақытта зарарсыздандырудың ең үнемді әдісі ретінде хлорлау ең таралған әдіс болып табылады.

Хлорлауды қолдану судың  бактериалды ластануын азайтады, вирастардың жұғу қауіпін сақтайды және оның теріс экологиялық салдары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том муздик кол тениз

 

АУЫЗ СУДЫ ЖӘНЕ ТАЗАРТЫЛҒАН  САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ  БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ, Астана 2011

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

Суды хлорлау кезінде қауіпсіздік  техникасының негізгі шаралары

1. Сұйық хлорды пайдаланған  кезде хлорлаушы бөлме оқшауланған  жайда орналасады, оның сорғы  станциясының шыға-берісінен басқа,  хлорлаушы бөлмеден сыртқа ашылатын  есігі бар қосалқы шыға-берісі  болуы керек.  

2. Хлорлаушы бөлменің  жайы 1 сағат ішінде ауа алмасуын 12-есеге дейін қамтамасыз ететін  механикалық желдеткішпен жабдықталады. Желдетуге арналған соратын саңылаулар  еденнен 30 см-ден жоғары болмай, ал желдеткіштің шығарушы құбыры  – төбе жиегінен 2 м биіктікте орналасады. Моторды қосу хлорлаушы бөлмеге кіре-берісте орналасқан тамбурдан жүргізіледі.

Ескерту: Аммонизациялауға арналған қондырғылар (аммиак бар баллондар, таразы, шығын өлшегіші) хлорлаушы бөлмеден оқшауланған бөлек жайда орналастырылады. Жай ауа төбенің астымен соратын желдеткішпен жабдықталады.

3. Хлорлаушы бөлмеде табиғи  және электрлік жақсы жарықтану  болу керек, өлшегіш шкаласындағы  бөліктер жақсы көрінетіндей  жарық көзі орнатылған болу  керек: жайдағы ауаның есептік  температурасы +18° кем болмау  керек.

4. Хлорлаушы бөлмеге кіре-берістегі  тамбурда арнайы киімдерді және  газ тұтқыштарын (қызмет көрсетуші  жұмыскерлердің әрқайсысына біреуден), жедел көмек көрсетуге арналған  дәріханашықты, оттегі толтырылған  жастықты сақтауға арналған шкафтар  орналастырылады. 

5. Ішінде хлор бар баллондар  жайдан жеңіл алып шығу мүмкіндігін  беретін тасымалданатын тік сүйеніштерде  орнатылады; баллондарды қабырғаға  бекітуге тыйым салынады. Хлораторларға  жалғанған баллондар хлор шығынын  бақылауға арналған қолданыстағы  таразыларға орнатылады. Газды хлораторға (газ дозаторына) шығару алдында  тазарту үшін жұмыс баллондарының  редукциялық тетігі мен хлоратордың  кіруші тетігінің арасында міндетті  түрде аралық баллон (ресивер)  орналастырылады.  

6. Хлорлаушы бөлмеге кіру  алдында желдеткішті қосып, хлорға  тән иістің жоқ екендігіне  көз жеткізу қажет. Егер хлордың  иісі сезілсе, газ тұтқышын  тағып, газдың шығарылуын тоқтату  үшін шаралар қолдану қажет.  Газ шығып жатқан жерді анықтау  үшін түйіскен жерді мұсатыр  спиртімен бүркиді, онымен әсерлескен  кезде хлор ақ бұлтты қалыптастырады.

7. Хлоры бар ақаулы  баллондарды хлорлаушы бөлмеден  шығарып тастайды. Оларды зарарсыздандыру  үшін есік алдында тереңдігі  2 м және диаметрі 1,5 м, әк ерітіндісімен толтырылған және түбінде су бар сыйымдылықты орнатады. Сыйымдылықтың су өткізбейтін қабырғалары мен түбі болу керек, ол хлорлаушы бөлменің шыға-берісіне кем дегенде 10 м-ден алыс орналасу керек.

8. Хлорлаушы бөлмеде темекі  шегуге тыйым салынады.

9. Баллондар мен хлор  өткізуші түтіктерді (олар қатып  қалғанда) ыстық суда дымдатылған  шүберектерді жабу арқылы жылытады, дәнекерлеуші лампаларды, примустарды,  электр плиталарын қолдануға  тыйым салынады. 

10. Хлорды қоймадан хлорлаушы  бөлмеге тасымалдау автокөлікпен  немесе серіппелі арбалармен  жүргізіледі. Хлор салынған баллондарды  (немесе бөшкелерді) тиеу және  түсіру ерекше сақтықпен, соққыларды, тетіктердің зақымдалуын болдырмай,  баллондарды аяқпен теуіп итермей  жүргізілу керек. Баллондар шанақта  жақсы бекітілген, ойып кесілген  ұяшықтары бар ағаш төсемдеріне  орналастырылады, күн сәулесі  түсіп тұрғанда ысып кетуден  қорғайтын қалың кенеппен жабылады. 

11. Хлорлы әкті пайдаланған  кезде жұмыс ерітінділері сағатына  ауаның 5-еселік алмасуын қамтамасыздандыратын  желдеткішпен жабдықталған жайда  дайындалады. 

12. Хлорлы әкті дайындау  кезінде жұмыстар газ тұтқыштарын  тағып және арнайы киімдер  (халаттар, комбинезондар, рәзеңке  етіктер, қолғаптар) киіп жүргізіледі. 

13. Жұмыс аяқталғаннан  кейін себелек астында жуыну  керек. 


Информация о работе Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі. Суды хлорлау