Су көздерінің гигиеналық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:50, дипломная работа

Краткое описание

Шаруашылық-ауыз суымен қамтамасыз ету үшін жер үсті, жер асты және атмосфералық суларды пайдаланады. Жер үсті сулар- бұлар ашық су көздері: өзендер, ағысы бар және ағысы жоқ көлдер, су қоймалары, теңіздер, мұхиттар. Әртүрлі ашық суат суларының органикалық қасиеттері, химиялық және биологиялық құрамының өзіндік ерекшеліктері бар, себебі олар әр түрлі факторларға байланысты. Суды тұщы және ащы сулар деп бөледі. Өзендер мен көпшілік көлдердің суы тұщы суларға жатады.

Вложенные файлы: 1 файл

3.docx

— 70.74 Кб (Скачать файл)

Ca (HCO3) 2+ 2HCI=2H2O+ 2CO2 +CaCI2

Мысалы: 100 мл суды титрлеуге тұз қышқылының 2,5 мл кетті, яғни сілтілігі 2,5 мл тең. Онда бикарбонатты кермектілігі 2,5*2,8=7 градус. Бикарбонатты кермектілікті анықтаған соң 2 кестеден  коагуляцияға қажетті шамамен алюминий сульфатының 1 пайыздық ерітіндісінің дозасын табады.  Мысалы, кермектілік үшін  7 градусқа  тең болса 200 мл суда 5,6 тең болады. Оптималды дозалау үшін  суды сынама коагуляциялауды жүргізеді.

 

4.Топырақ  гигиенасы.  Адамға әсер ететін қоршаған орта факторларының бірі- топырақ. Топырақ-жер қыртысының борпылдақ  жоғарғы қабаты, ол минералды,   органикалық, органикалық-минерады қосылыстардан  және микроорганизмдердің көп мөлшерінен тұрады.  Қоршаған ортаның бір элементі ретінде  топырақ адамның денсаулығына  және санитарлық жағдайына үлкен әсер етеді. Жер асты судың сапасы, құрамы,  оның тереңдігі  топырақтың –физикалық химиялық қасиетіне байланысты.  Белгілі бір аймақтың  топырағының құрамында  жеке бір химиялық  элемент шамаданн тыс көп болғанда  немесе шамадан тыс аз болған жағдайда   ол жерді биогеохимиялық провинция деп атаймыз. Топыраққа түскен  қатты және сұйық қалдықтар органикалық заттарға бай болады. Сонымен қатар олардың құрамында жұқпалы ауру қоздырғыштары мен гельминт жұмыртқалары да көп болады.  Топырақтың гигиеналық маңызы- топырақтың адам ағзасында жұқпалы емес патологияның  дамуына әсерімен,  топырақтың өзін-өзі тазарту мүмкіндігімен, ағынды суларды тазарту  әдістері мен тұрмыстық  қалдықтарды жоюмен, ластанған топырақтың  өсімдік өнімдеріне әәсерімен, топырақтың атмосфералық ауаның  құрамындағы химиялық заттармен  екіншілік ластануына  әсерімен анықталады.  Жоғарыда аталған  үш позицияның  ішінде  топырақтың эпидемиологиялық  маңызының  тәжірибелік рөлі 1 ші орында. Топырақтың химиялық ластануы - топырақтың химиялық құрамы әр түрлі болу мүмкін. Топырақ өндірістік мекемелерден  шығатын химиялық заттармен ластануы мүмкін.  Ондай заттарға шектеулі рұқсат етілген концентрайия (ШРЕК) анықталады.   Топырақ құрамында химиялық заттар өте көп мөлщерде болады. Мұны екі түрлі көзқараспен анықтауға ьолады.  1 шісі-  топырақтың құрамындағы заттар  органикалық заттардың көмегімен минералды заттарға айналады,   яғни топырақта жүретін өзін-өзі тазалау процесіне жақсы әсер етеді. Олар сапрофитті бактериялар олардың 1 г топырақтағы мөлшері миллионға дейі жетеді.  Олар органикалық заттарды ыдыратады да  ақуыз май көмірсуды өзінің бойына сіңіреді.  2 ші түрі- топырақты тұрмыстық қалдықтардың құрамында патогенді микроорганизмдер ластайды.  Олар топырақтың эпидеиологиялық маңызын анықтайды.  Топырақтың құрамына түскен спора құрайтын микробтар ботулизм,  сібір күйдіргісі,   сіреспе қоздырғыштары,  көтеген жылдар бойы сақталады.  Топырақ ішекқұрт инфекцияларын таратуда маңызды қызмет атқарады, әсіресе геогельминттер таратуда.  Аскарида, острица.  Даму цикліне байланысты гельминттер 3 топқа бөлінеді. Геогельминттер  ішек сорғы, власоглаф,  биогельминттер(сиыр шошқа цепені),  контактілі гельминттер (адам топырақпен тікелей жанасқанда. ).  Топырақтың эпидемиологиялық ролі- топырақтың химиялық ластануының адам ағзасына  қолайсыз әсерімен қатар оның тұрмыстық қалдықтармен  биологиялық ластануының да  гигиеналық маңызы зор.  Яғни жер қыртысының  беткі қабаты көптеген  жұқпалы және паразиттік  аурулардың дамуына аралық бөлім болып табылады.   Органикалық заттармен ластанған жер қыртыс птогендңі ішек инфекцияларының   вирустардың гельминттердің сақталатын ортасы болып табылады.

6. Тамақтану гигиенасы. 

Тамақтану гигиенасы - денсаулықты сақтау мен нығайту, әр түрлі аурулардың, оның ішінде тамақтанумен байланысты емес аурулардың да алдын алу мақсатымен, рационалды салауатты тамақтану және тағамдық азықтар мен тағамның залаласыздығын қамтамасыз ету мәселелеррін әзірлеумен айналысатын гигиена ғылымының саласы.

Тамақтану гигиенасының міндеттері:

  • тағамдық заттар мен тағамның зат алмасу үрдістерінің ағымына әсер етуін зерттеу; бұл олардың пайдалылығын немесе зияндылығын бағалауға мүмкіндік береді;
  • рационалды тамақтанудың критерийлерін анықтау;
  • жынысына, жасына, кәсібіне, денсаулық жағдайына т.б. байланысты халықтың әртүрлі контигенттері үшін энергия мен тағамдық заттардың қажеттілік нормалырын және олардың ара қатынастарын анықтау;
  • диеталық және емдік-профилактикалық тамақтанудың ғылыми негіздерін әзірлеу;
  • тағамның қоректік құндылығы сақталуына, жақсы сіңуіне, дәмдік сапасының жақсаруына, зиянсыздығын қамтамасыз етуге ықпал ететін азықтардың бір-біріне ең оптимальды үйлесуін, тағам дайындау, шикізаттар мен азықтарды технологиялық өңдеу әдістерін таңдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
  • тағамдық азықтарды санитарлық қорғау және азықтар мен тағамның зиянсыздығын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар мен ережелерді әзірлеу;
  • тағамдық азықтардың сапасын бағалау жөніндегі нормалар мен ережелерді әзірлеу;
  • жаңа тағамдық азықтарды, азық-түлік өндірісінде қолданылатын жабдықтарды, ыдыстарды, орайтын, буып-түйетін және басқа да заттарды стандарттау және сараптау;
  • алиментарлық аурулардың, олардың ішінде тамақтан уланудың да алдын алу;

 

  1. Рационалды тамақтану туралы түсінік. Негізгі принциптері.

Тамақтану адамға негізгі биологиялық  қажеттілік болып табылады, себебі оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің, антиденелердің, секреттердің т.б. синтезімен байланысты, егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса өмірлік үрдістер тоқтап қалған болар еді. Адамның қабылдайтын тағамы өзінің құрамы жағынан күрделі және көпқұрамды. Атқаратын қызметіне байланысты оның құрамындағы қоректік заттарды басымырақ энергиялық (майлар, көмірсулар), басымырақ пластикалық (белоктар, кейбір минералды заттар, су) және реттеуші-каталитикалық (дәрумендер, йод, кобальт, никель т.б. микроэлементтер) деп бөледі. Алмастырылмайтын, яғни ағзада синтезделмейтін тағамның құрам бөліктерінің маңызы айрықша. Оларға жататындар алмастырылмайтын 8-10 амин қышқылдары, 5 көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), барлық дәрумендер және көптеген минералды элементтер.

Сонымен, тамақтану өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етеді:

а) пластикалық қызметі, осының арқасында ағзаның дамуы және жасушалар мен тіндердің үзіліссіз жаңаруы іске асады;

б) ағзадағы барлық тіршілік үрдістері  үшін қажет энергиялық қызметі;

в) реттеуші-каталитикалық рөл атқаратын, кейбір биологиялық активті заттармен ағзаны қамтамасыз етеді;

Дегенмен, кез-келген тамақтану түрі ағзаны оптималды физиологиялық жағдайда ұстап тұра алмайды, денсаулығының және жоғары жұмыс қабілеттілігінің сақталуын, қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті емес.

Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша  мұндай талаптарға рационалды деп аталатын тамақтану ғана жауап бере алады.

Рациональды (латынша Ratіonalіs- саналы) тамақтану - ағзаға тағамның саны мен  сапа жағынан қажеттілігін толық  қамтамасыз етуге қабілетті, сөйтіп барлық қуат шығынының өтелуін, бүкіл физиологиялық қызметтерінің оптималды өтуін, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуын, жұмысқа қабілеттілігін, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсылық күшін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кәрілікті кешеуілдетуге және өмірін ұзартуға қабілетті ғылыми тұрғыдан негізделген тамақтану.

Дұрыс емес, рациональды емес тамақтану, жеткіліксіз болса да, артық болса  да денсаулыққа бірдей зиянды, әсіресе  балалар үшін, себебі олардың ағзасы үзіліссіз өсу және даму сатысында  және оның көптеген құрылымдары функциональдық және морфологиялық тұрғыдан жетілмеген. Олардың денесінің өсуі және ақыл-ойының дамуы нашарлайды, қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсеріне (нервтік-эмоционалдық зорланулар, улы заттардың, гипо- және адинамия, экстермалды климат жағдайына т.б.) ағзаларының қарсылық күші азаяды, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, өмір сүру уақыты қысқарады.

Тамақтанудағы дисбаланс дұрыс  тамақтанбаумен байланысты (алиментарлық аурулар деп аталатын) спецификалық синдромдардың пайда болуына  және онымен қоса этиологиясы басқа  аурулардың - жүрек-тамыр, асқазан-ішек жолдарының, бауыр, бүйрек ауруларының - дамуына, зат алмасуының бұзылуына т.б. ертерек білінуіне және тез үдеуіне ықпал етеді.

Рационалды тамақтанудың негізгі принциптері:

а) Тамақтану саны жағынан адекватты, яғни, рационның энергиялық құндылығы ағзаның энергия шығынын өтеп отыруы қажет.

б) Тамақтану сапасы жағынан құнды  болуы қажет. Яғни, құрамында ағзаға қажетті барлық тағамдық заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды  заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері оптималды мөлшерде болуы қажет.

в) Тамақтану балансталған болуы  қажет. Яғни, құрамы, тағамдық заттардың  химиялық құрам бөліктерінің мөлшері  мен ара қатынастары олардың  пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін оптималды болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық принципі - рационалды тамақтанудың негізгі принципі. Ол тек негізгі тағамдық заттардың, белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералы заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығын түсіндіреді.

г) Тамақтану режимі дұрыс болуы  қажет.

д) Тағам әр түрлі, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар, сондай-ақ, жеткілікті мөлшерде клетчатка да болуы қажет.

ж) Тағам залалсыз, әрі органолептикалық қасиеттері адамның тәбетін тартатындай болуы қажет.

з) Тағам аз көлемде тоқтық сезімін  беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы қажет.

Халықтың әртүрлі топтарына  арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормалары.

Халықтың әртүрлі топтарына  арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормаларын тағам тану ҒЗИ немесе медициналық  жоғары оқу орындарының және дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының тиісті кафедралары әзірлейді, және ол мемелкеттік нормативтік құжат болып табылады.

Физиологиялық нормалар - нақты тамақтануды бағалаудың критериясы. Ол тағамдық азықтарды өндіруді және тұтынуды жоспарлау мен азық-түлік қорларын бағалаудыңе ғылыми негіздері болып саналады және ұйымдасқан ұжымдардың рациондарын есептеу үшін де қолданылады. Тамақтану нормасы, сондай-ақ, дәрігерлік практикада жеке адамдардың тамақтануын бағалау үшін де және оны түзету жөніндегі ұсыныстарды негіздеу үшін де қолданылады.

Негізгі тағамдық заттар мен энергияның қажеттілігін анықтау кезінде, ұсынылған  энергия тұтыну деңгейінің дәлдігі  шешуші рөл атқарады. Ол тағам арқылы ағзаға түсетін энергия мен оның шығынының арасындағы диспропорцияны болдырмауы қажет. Дені сау адамдарға энергия қажеттілігі:

  1. дене жұмысына активтілігіне (энергия шығынына),
  2. жынысына, жасына,
  3. дене салмағына,
  4. ағзаның жағдайына
  5. климат жағдайына және басқа да қоршаған ортаның факторларына байланысты анықталады.

Негізгі алмасу - тыныштық жағдайында ағзаның негізгі өмірлік қызметтерін сақтауға, тыныс алуға, жүректің, бүйректің т.б. жұмысына кететін энергия шығыны. Негізгі алмасу мөлшері көп фактрларға байланысты: адамның жынысына, жасына, массасына, климат жағдайына т.б. тәулігіне 1000-нан 2000 ккалл дейінгі аралықта ауытқиды. Негізгі алмасу әйелдерге қарағанда ер адамдарда жоғары. Ол ер адамдардың массасы мен дене көлемінің үлкен болуымен, бұлшық еттерінің көбірек дамуымен, зат алмасу үрдістерінің интенсивті жүруімен байланысты. Негізгі алмасу орта есеппен ер адамдарда 1700 ккал, әйел адамдарда 1400 ккал.

Негізгі алмасу мөлшері балалар  мен жасөспірімдерде үлкен адамдарға қарағанда 1,5-2 есе жоғары. Ол 2-3 жастағы балаларда-55 ккал/кг массасына, 6-7 жаста-42 ккал/кг, 16-17 жаста-34 ккал/кг, ал үлкен адамдарда орта есеппен 24 ккал/кг, немесе 1 кг массасына 1 сағатта орта есеппен 1 ккал. Бұл балаларда өсу және даму үрдістерінің интенсивтілігімен, сондай-ақ, дене бетінің дене массасына қатынасы үлкендерге қарағанда артық болуына байланысты қоршаған ортаға жылу берілуінің көп болуымен түсінідіріледі.

Негізгі алмасу ауаның температурасы  төмен болғанда, стресс жағдайларында, дене қызуы көтеріліп ауырған кезде, қалқанша бездің гиперфункциясы кезінде және басқа да көптеген факторлардың әсерінен жоғарылайды. Негізгі алмасудың төмендеуі аз тамақтанғанда, эндокринді бездердің гипофункциясы, гиподинамия кездерінде және басқа да жағдайларда байқалады.

Энергиялық балансты ағзаның энергия шығыны мен тағам рационының энергиялық құндылығын салыстыру арқылы анықтайды. Егер рационның энергиялық құндылығы тәуліктік энергия шығынын жаппайтын болса теріс энергиялық баланс пайда болады, егер энергиялық құндылығы энергия шығынынан едәуір асатын болса, онда оң энергиялық баланс байқалады. Оң да, теріс те энергиялық баланс адамның денсаулығына зиян. Ол зат алмасуының бұзылуына, әртүрлі жүйелер мен мүшелерде функционалдық және морфологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеп соғады.       

Жаңа принципті ескеріп жасы 18-ден 60 жасқа дейінгі жұмысқа қабілетті адамдарды дене жұмысына активтік коэффициентіне байланысты ер адамдарды бес топқа және әйел адамдарды төрт топқа бөлген. Әрбір топтағы адамдар тағыда үш түрлі жас категорияларына бөлінген: 18-29, 30-39 және 40-59 (кесте 1,2).

“Тамақтану нормаларында” (кесте 2,3) тағамдық заттар мен энергия қажеттілігінің абсолюттік мөлшері идеалды массасы (идеалды масса - берілген жасында, жынысында, бойының ұзындығында қалыпты  болуы қажет массасы) 70 кг ер адам үшін, 60 кг әйелдер үшін көрсетілген, сондықтан, нақты адам үшін қажеттілік нормаларын анықтау кезінде, оның денесінің идеалды массасына сәйкес қайта есептеулер жүргізеді (анықтау әдістерін төменнен қара). Энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігі, сондай-ақ, 1 кг идеалы массасына да есептелуі мүмкін.

Тамақтану нормасы тағам рационының тек сандық және сапалық адекваттылығын қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар, балансталғандығын, яғни, тамақтық заттардың, биологиялық активті қосылыстардың оптималды ара қатынастарын да қамтамасыз етеді. Рационды тұтас алғандағы (сандық) балансталғандығы және де белоктары, майлары, көмірсулары, минералды заттары бойынша (сапалық) балансталғандығы деп бөледі. Рационды тұтас алғанда балансталғандығы оның құрамындағы белоктардың, майлардың және көмірсулардың ара қатынастарымен анықталады. Рационның белоктары бойынша балансталғандығы рациондағы жануар текті белоктардың үлесімен, амин қышқылдарының ара қатынастарымен, белоктармен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Рационның майлар бойынша балансталғандығы жануар текті және өсімдік майларының ара қатынастарымен, құрамындағы қөпқанықпаған, моноқанықпаған және қаныққан май қышқылдарымен және де майлар арқылы қамтамасыз етілетін энергиялық құндылығымен анықталады. Рационның көмірсулары бойынша балансталғандығы құрамындағы жай қанттардың, полисахаридтердің, пектин заттары мен клетчатканың ара қатынастарымен, сондай-ақ, көмірсулардың есебінен қамтамасыз етілетін рационның энергиялық құндылығымен сипатталады. Минералды элементтерінің балансталғандығы әзірге негізінен кальцийдің, фосфордың және магнийдің ара қатынастары бойынша анықталады, себебі басқа элементтер жөніндегі зерттеулер әлі жеткіліксіз.

Информация о работе Су көздерінің гигиеналық сипаттамасы