Су көздерінің гигиеналық сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 11:50, дипломная работа

Краткое описание

Шаруашылық-ауыз суымен қамтамасыз ету үшін жер үсті, жер асты және атмосфералық суларды пайдаланады. Жер үсті сулар- бұлар ашық су көздері: өзендер, ағысы бар және ағысы жоқ көлдер, су қоймалары, теңіздер, мұхиттар. Әртүрлі ашық суат суларының органикалық қасиеттері, химиялық және биологиялық құрамының өзіндік ерекшеліктері бар, себебі олар әр түрлі факторларға байланысты. Суды тұщы және ащы сулар деп бөледі. Өзендер мен көпшілік көлдердің суы тұщы суларға жатады.

Вложенные файлы: 1 файл

3.docx

— 70.74 Кб (Скачать файл)

Тағамда майлар жоқ немесе жеткіліксіз  болған кезде “май жетіспеушілігі”  деп аталатын ауру пайда болады. Бұл ауру дене массасының азаюымен, өсуі және дамуының баяулауымен, бауырдың, бүйректің, эндокриндік және жүйке  жүйелерінің қызметінің бұзылуы, қылтамырлардың қабырғасының өткізгіштігі жоғарылауы, репродуктивті функцияның нашарлауы, терісінің экзема тәрізді зақымдануы, қолайсыз факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігінің төмендеуі арқылы білінеді.

Дәрумендердің жетіспеушілігі-гипо- және адәрумендіктер пайда болуына әкеп соғады. Бұл жағдайда зат алмасуының көп жақтары, кейбір ағзалар мен жүйелердің қызметі бұзылады. (3 тақырыпты қараңыз). Қырқұлақ, бери-бери, пеллагра деп аталатын т.б. спецификалық аурулар пайда болады.

Минералды заттардың жетіспеушілігі рационда минералды заттарды ағзаға түсіріп отыратын азықтардың болмауы немесе жеткіліксіздігі кезінде байқалуы мүмкін. Бұлардан басқа тағы да белгілі бір аудандардың суында, топырағында олардың деңгейінің жеткіліксіз болуы салдарынан, бұл заттардың азықтың құрамында аз болуымен де байланысты болуы мүмкін. Яғни, биогеохимиялық эндемия сипатында болады. Мысалы, топырақта йодтың жетіспеушілігі кезінде пайда болатын эндемиялық зоб ауруы, фтордың жетіспеушілігі кезіндегі кариес т.б.

Экономикасы дамыған елдерде, сондай-ақ, халықтың бай, өркендеген бөлігінің  арасында артық тамақтанудан туындайтын аурулар да бүгінгі күнгі маңызды  мәселе.

Оларға жататындар:

А) белоктарды артық қабылдаумен  байланысты;

Б) май липойдтарды артық қабылдаумен  байланысты;

В) минералды заттарды артық қабылдаумен  байланысты (флюороз, кальциноз, несеп  тас ауруы т.б.);

Г) Ағзада дәрумендердің артық түсуімен байланысты аурулар –гипердәрумендіктер;

Көмірсуларды артық қабылдау ағзада көмірсулардың көбірек  майға  айналуына және семіздік дамуына, сондай-ақ, бауырда, ұйқы безінде, асқазан-ішек жолдарында т.б. патологиялық бұзылыстар пайда болуына әкеп соғады. Мысалы жеңіл сіңетін көмірсуларды (қант, кондитерлік заттарды) көп қабылдағанда, олар гипергликемия туындатады. Осының салдарынан ұйқы безі көп инсулин өндіреді, ал бұл безге жүктеме ұзақ уақыт түскен кезде сусамыр ауруы (қант диабеті) дамиды.

Қанда көмірсулардың көп болуы май түзіуінен басқа гиперхолестеринемиялық әсер береді, бұл атеросклероз дамуына қауіп факторы ретінде қаралуы мүмкін.

Рациондағы көмірсулардың санының  өзгеруі тағамға тәбетін төмендетеді, ас қорыту бездерінің сөл бөлуін нашарлатады. Кариес пайда болуына және оның одан әрі тез дамуына әкеп соғады. Тағамда көмірсулар, әсіресе, клетчаткасы,  өте көп болса оған асқорыту сөлдерінің сіңуі қиындайды. Соның нәтижесінде асқорыту үрдісі баяулап, белоктар мен майлардың қорытылуы нашарлайды, тағамдық заттардың сіңуі бұзылады. Бұл белоктардың, В1, В2, В3 дәрумендерінің, темір мен марганецтің салыстырмалы түрде жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін. Ішекте шіру үрдістері күшейеді, клетчатканы ыдырататын  микробтардың газ түзуі нәтижесінде метеоризм дамиды.

Көмірсулармен артық тамақтану балалардың да өсуі мен дамуын нашарлатады, иммунитетінің төмендеуіне әкеп соғады.

Тағамда белоктардың артық болуы  да ағзаға теріс әсер етеді. Азот шлактарының  едәуір мөлшерде пайда болуы бауырға және бүйрекке түсетін ауырлықты ұлғайтады. Белоктардың көптігі ми қыртысының тым артық қозғыштығына әкеп соғады, жүйке және жүйке-тамыр жүйелерінде қолайсыз реакциялар туындатады. Ішектің белокты тағамдармен шамадан артық толуы шіру үрдісін жүргізетін микофлоралардың дамуына ықпал етеді, олардың әсерінен белоктардың улы ыдырау өнімдері: фенол, индол, скатол, паракрезол т.б. пайда болады.

Майларды артық қабылдау семіруге, толық тотықпаған өнімдердің жиналуы  нәтижесінде ацидоз дамуына, белоктар мен көмірсулардың сіңуінің төмендеуіне, адамның өсуінің және жыныстық жетілуінің бұзылуына, ерте атеросклероз, гипертония ауруының, қант диабетінің, өт тасы ауруының пайда болуына, қан түзілу үрдісінің  нашарлауына, өмірінің қысқаруына әкеп соғады.

Май тіндерінің майда жақсы еритін ағзаға тағаммен түсетін улы заттарды, оның ішінде улы химикаттарды да, кумуляциялайтын қабілеті бар. Соның нәтижесінде, тіпті олармен тікелей байланыста болмағанның өзінде де улы әсер білінуі мүмкін.

 

 

 


Информация о работе Су көздерінің гигиеналық сипаттамасы