Басқару есебі туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 13:47, контрольная работа

Краткое описание

Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай жорыққа шығады.

Вложенные файлы: 1 файл

Пайғамбарымыз Мұхаммед өмiр жолы.docx

— 37.85 Кб (Скачать файл)

 

Пайғамбарға жасалған қастандық  әрекеттер

 

Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы шыққан халықтардың  қоқан-лоққысына, олардың айтқан балағат  сөздерiне көңiл аудармай, Ислам дiнiн насихаттау iсiн жалғастыра бердi. Бiрте-бiрте Аллаһқа иман келтiрiп, оның соңына ерушiлердiң саны арта түстi. Ендi құрайш ұлықтары шындап саса бастады. Бiраз уақыттан кейiн олардың қарасы мүлдем көбейiп, бұл жаңа дiн жалпақ жұртқа жайылып, бой бермей кететiнiне көздерi жеттi. Сондықтан қалайда олардың жолын кесiп, Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алған бетiнен қайтару керек болды. Өзара кеңес құрған құрайш ақсақалдары Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы батыл әрекеттерге көшу керек деген ұйғарымға келдi.

Бiр күнi олар бәрi жиналып  келiп, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, былай дедi:

– Ей, Мұхаммед, бiз сенiмен  сөйлесуге арамыздан бiр адамды жiберiп едiк, бiрақ сен оны тыңдамадың. Керiсiнше, бабаларымызды айыптап, дiнiмiздi қорладың, құдайымызды балағаттадың, өзiмiздi ақымақ етiп, халықтың арасына  жiк салдың. Сенiмен арамыз ажырады. Алда-жалда райыңнан қайтам десең, әлi де кеш емес. Егер iздегенiң байлық болса, бәрiмiзден асқан бай болғаныңша қалағаныңды берейiк, егер тiлегенiң  ұлықтық болса, оны да орындаймыз. Ал бiздiң құрметiмiзге бөленгiң  келсе, райыңнан қайтпай, ол ниетiңе жете алмайсың, бiз саған лағнет айтып, қарғыс жаудырамыз. Сенiмен ашық жауласамыз.

– Мен сiздер айтып отырған  байлықты, ұлықтықты, құрметтi ойлап  та, iздеп те жүрген жан емеспiн, –  дедi Мұхаммед. Мен – Аллаһтың сiздерге жiберген шын Елшiсiмiн. Аллаһ маған  сiздерге ненi жеткiз десе, соны жеткiзушi ғанамын. Егер ықылас қойып, қабыл алсаңыздар, менiң сөздерiм сiздерге екi дүниелiк  бақыт әкеледi. Мен тек Аллаһтың бұйрығын орындаушымын, менiң еркiм  Аллаһтың қолында.

– Ендеше, осы екi дiндi қатар  қабылдап, екi құдайға кезектесiп, табынайық. Яғни бiздер бiр күнi Аллаһқа бас  ұрайық, бiр күнi сен бiздiң құдайымызға  табын, – деген шарт қойды олар. Сонда Аллаһ Та`ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мына аяттарды нәзiл қылды:

"Ей, кәпiрлер! Сендер табынатын  пұтқа мен табынбаймын. Мен  ғибадат еткен Аллаһқа сендер  де ғибадат етпейсiңдер. Сендер  шоқынған пұтқа мен шоқынған  жоқпын, мен ғибадат еткен Аллаһқа  сендер ғибадат еткен жоқсыңдар. 

"Сендердiң дiндерiң  өздерiң үшiн, менiң дiнiм өзiм  үшiн” – де.(Кәфирун 109:1-6)

Мұхаммед алейһи уә сәллам, Аллаһ Та`аланың сөзiн кәпiрлерге бұлжытпай жеткiздi.

Мүминдердiң көрген азабы

 

Құрайш кәпiрлерi тек Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ғана қастандықтар жасап қойған жоқ, оған бой ұсынып, Ислам дiнiн алғашқы  қабылдаған мұсылмандарды да зәбiрлеп, ашық қудалай бастады.

Солардың бiрi Ясир ибн  Имар және оның кәрi әке-шешесi, тағы да басқалар болатын. Қожайындары бұларды  шыжыған күн астына жатқызып қойып, кеуделерiне ыстық құм басып азаптады. Мұны көрген Пайғамбарымыз: "Ясир ұрпақтары  сабыр етiңдер сендердiң Ақыреттегi орындарың жәннаттың төрi”, –  дедi. Мұндай ауыр азапқа шыдай алмаған  Ясир ибн Имардың анасы көп  ұзамай қайтыс болады. Бұл кiсi Ислам  дiнi үшiн Аллаһ жолында шәһит  болған тұңғыш мұсылман саналады.

Бұлар сияқты отпен, қызған темiрмен, таспен, құммен азапталған, сондай-ақ, ауыр соққыдан, аштықтан және қамауда  бейнет шегiп өлген мұсылмандар  да аз болмады.

 

Қабажстанға қашып барып  паналау 

 

Мұсылмандарды жазалау тоқтаусыз  жүргiзiле берген соң, Пайғамбарымыз  оларға бiраз уақыт Қабаж елiне барып паналай тұрыңдар деп кеңес  бердi. Пайғамбарымыздың нақ Қабаж  елiн таңдауының да себебi бар едi. Өйткенi бұл елдiң сол кездегi патшасы  Нажаши жалпақ жұртқа әдiлдiгiмен аты  шыққан, халықтың құрметiне бөленген, туралықты  сүйетiн адам болатын.

Аллаһ жолында азап көрген мұсылмандар Пайғамбарымыздың кеңесiн  құп алып, Қабаж елiне бет түзейдi. Алдымен он бiр еркек, төрт әйел кеме жалдап, аман-есен жеттi. Бiртiндеп олардың  саны көбейiп, сексен үш еркек, он тоғыз  әйел болды. Қашқандардың Қабажстанды  паналап жүргенiнен құлағдар болған құрайш кәпiрлерi Нажаши патшаға өкiл  жiбередi. Өкiл боп келген Умар Ибн  әл-Уәлид пен мiр Ибн әл-с  Нажаши патшаға жолықты.

– Мұнда көшiп келгендердiң  өздерiн көрiп, сөздерiн тыңдамай тұрып, оларды сiздердiң қолдарыңызға бере алмаймын, – дедi Нажаши патша. Сөйтiп, Қабаж елiн паналап келген Пайғамбардың сахабаларын шақыртып алып, оларға құрайш өкiлдерiнiң айтқандарын жеткiздi.

 

– Сiздердi қуғынға ұшыратып, ел iшiне жiк салғандай бұл қандай дiн? Одан да менiң дiнiме кiрмедiңiздер ме? – дедi Нажаши патша.

Оған сахабалардың iшiндегi жөн бiлетiн Жафар Ибн бутәлiп  деген кiсi жауап бердi.

– Ей, патшам! Бiз пұттарға табынған надан ел едiк. Арам өлген  малдың етiн жеп, ойымызға не келсе  соны iстеп күн кештiк. Халқымызда мейiрiм-шапағат, қанағат қалмады. Көршi құқы, обал-сауап  дегендi ұмыттық, күштiлер әлсiздерге күн көрсетпедi. Бiздер және бiздiң  ата-бабаларымыз адамға пайда-зияны  жоқ, өз қолымызбен жасаған жансыз тастарға, пұттарға, мүсiндерге табынып келдiк. Бiздiң бұл қасiреттен бүкiл дүниенi жаратқан, әлемнiң әмiршiсi Аллаһ Та`аланың Өзi жiберген Елшiсi Мұхаммед арқылы құтылатынымызға  көзiмiз жеттi. Сол Елшiнiң арқасында  шыққан тегiмiздi бiлдiк. Шындық пен өтiрiктiң, аманат пен тазалықтың не екенiн  таныдық. Ол бiздi тек қана бiр Аллаһқа  ғибадат етуге шақырды. Пайғамбарымыз  бiздердi адасқандардың жолынан бас  тартып, тура сөз сөйлеуге, аманатқа қиянат қылмауға, мейiрiм шапағатқа  ие болуға, көршiлермен тату тұруға, барлық харамнан, арам қағидалардан, жамандықтан  аулақ болуға үйреттi. Ол бiзге тек  бiр Аллаһқа ғана ибадат етуге, намаз  оқуға, ораза тұтуға, зекет беруге, жетiмнiң және басқалардың ақысын жемеуге бұйырды, – дедi Ибн бутәлiп. Ол сонымен бiрге Ислам дiнiндегi барлық жақсы қасиеттер мен артықшылықтарды  саусақпен санағандай ғып айтып  бердi. – Бiз бiр Аллаһқа және оның жердегi Елшiсi Мұхаммедке, салла  Аллаһу алейһи уә сәллам, сенiп, бой  ұсындық, – деп сөзiн жалғастырды  Ибн бутәлiп. – Пайғамбарымызға  ерiп, бiр Аллаһқа сиынып, харам iстерден  тыйылып, халал iстердi ғана iстедiк. Бiрақ  бiздiң елдiң ұлықтары жақсылыққа бет бұрған түзу бағытымызды түсiнгiлерi келмей, мұсылман болғандарды қуғындап, азапқа салды, қорлады. Баяғыша пұтқа  табыныңдар деп зорлады. Бiздiң дiнiмiздi ақиқаттан алыс нәрсе деп жұртқа өңiн айналдырып түсiндiрдi, сөйтiп  халықты қарсы қойып, барлық оң iстерiмiздi жоққа шығарды. Ендi мiне, ата-мекенiмiзден безiп, сiздiң елдi паналауға мәжбүр болып отырмыз. Бiрақ мұнда да бiзге тыныштық бермей, зорлықпен  керi қайтарып, ит қорлықпен өлтiрмек. Ибн бутәлiп бастан кешкен азаптарын  айтып болды да, әңгiме желiсiн  үзбей, Мәриям сүресiн жатқа оқыды.

Мұның бәрiн тыңдап отырған  Нажаши патшаның көңiлi босап, көзiне жас  келдi.

– Бұл Иса туралы айтылған жай ғой,– дедi сәлден кейiн. –  Дегенмен шыққан жерлерi бiр екен, –  деп толғанды. Патша бiршама уақыт  ойға батып отырды да, бiр шешiмге  келгендей, кенет басын көтерiп  алып:

– Сiздердi Омар Ибн әл-Уалид  пен мiр Ибн әл-сқа бермеймiн  – деп уәде еттi.

Нажаши патша Ислам  дiнiнiң түпкi мәнiн терең сезiндi. Өйткенi бұл негiздердiң ақиқат екенi айқын едi. Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, түскен Құран Кәрiм  мен Исаға, алейһиссәлам, түскен Інжiлдiң  негiздерi бiр екенiне көзi жеткен патша:

– Ақылы кемел зерек  адамдар бұл шындықты жасыра алмайды, – дедi. Сөйтiп, Нажаши патшаға келген құрайш өкiлдерiнiң жолы болмай, тауы шағылып кейiн қайтты. Олардың  сұм ниетiн таныған Қабаж патшасы  мұсылмандарды екiншi рет жәбiрлеуге жол бермедi.

Уақыт өткен сайын құрайш кәпiрлерiнiң жасаған зұлымдықтары ашылып, мұсылмандарға қарсы ұйымдастырған  әрекеттерi iске аспай қала бердi. Мұндай сәтсiздiктер олардың мазасын  алып, тұйыққа тiредi. Олар өзара кеңесе келе Пайғамбарымыз Мұхаммедтi, салла  Аллаһу алейһи уә сәлам, өлтiруден басқа  жол қалмады деген ұйғарымға  келдi. Құрайш ұлықтарының бұл сұм  ниетiн бiлiп қойған Пайғамбарымыздың туысы бутәлiп бүкiл туыстарын  шақырып алып, оларға Мұхаммедтi, салла  Аллаһу алейһи уә сәллам, Меккенiң жанындағы  тау халықтарына апарып қосуды және оны өлтiрудi ниет еткен барлық зұлымдарды райынан қайтарып отыруды бұйырды. бутәлiп үйiнде өткен осы кеңестен құлағдар болған құрайш ұлықтары ендi Бәну бдул Мүтәлiп ұрпақтарымен қыз  алысып, қыз берiсiп жекжаттасу және сауда-саттық жасаспау туралы бұйрық шығарды. Бұл үкiм жазылған қағазды Қағбаның iшiне iлiп қойды. Бұл бұйрық Қағбаның iшiнде үш жыл сақталды.

Осы күннен бастап Пайғамбарымыз  бен оның соңына ерген мұсылмандарға  нағыз қара түнек заман орнады. Айналадағы елмен араласып сауда-саттық жасамаған соң, алдымен аштыққа  тап болды. Басқа жұрт бұларға  көмектесiп, қол ұшын беруге ұлықтардан қорықты. Азықтары таусылып, арып-ашқан  жұрт ағаш жапырақтарын талшық қып  жеп жан бақты. Алайда бұл азаптау  жас сәбилерге ауыр тидi. Тәулiктiң  қай мезгiлiнде болсын олардың  үйлерiнен адамның төбе құйқасын шымырлатар сәбилердiң үздiксiз жылаған  дауыстары естiлiп жататын. Басқа  түскен ауыртпалық көп уақытқа созылса  да, Пайғамбарымыз бен мүминдер сыр бермей шыдап бақты. Керiсiнше, бұл азаптауға құрайш ұлықтарының көпшiлiгiнiң жүйкесi шыдамай, араларына жiк түстi. Олар қауым басында тұрған бес ұлықтан азаптаудың бұл масқара түрiн тоқтатуды қатал талап еттi. °лықтардың бұл орынды талаппен санаспауға лажы қалмады. Олардың жазбаша үкiмiнiң кейбiр қатаң тарауларынан бас тартуларына тура келдi. Сөйтiп, бiр Аллаһқа иман келтiрген жазықсыз мұсылмандар үш жылға созылған ауыр азаптан құтылып, өз мекендерiне қайтты. Көпшiлiктiң көмегiмен келген бұл жеңiс дауыл алдындағы уақытша тыныштықтың бiр ғана сәтi едi.

 

Пайғамбарымыздың Меккеден Масжидул-Ахсаға пырақпен ұшып жетуi және көкке көтерiлуi

 

Бұл ғажайып iстi Аллаһ Та`ала  пенделерiнiң иманын тексеру үшiн  әдейi жасаған болатын. Яғни Пайғамбарымыздың осы iсiне кiм сенедi, кiм сенбейдi, соны анықтап адамдардың көзiн жеткiзу үшiн Өзiнiң құзырына сай ғаламат  жасады. Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызды  бiр түнде (бұл түн қазiргi Һижра  айпарағындағы 26-27 раджаб айына тура келедi) Меккедегi Мәсжидул-Харамнан Құдыстағы, яғни қазiргi Иерусалимдегi Масжидул Ахсаға жеткiзген болатын. Бұл туралы Құран  Кәрiм былай дейдi:

"Аллаһ – пәк. Тағылымдарымыздың  тамаша дәлелдерiн көрсету үшiн  Ол бiр түнде Өз пендесiн  (Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи  уә сәллам,) Мәсжидул-Харамнан төңiрегi  тұнған байлық – Мәсжидул-Ахсаға  алып келдi. Аллаһтан бiлгiр, Одан  көреген ешкiм жоқ”. (Исра 17:1)

Мұнан соң Пайғамбарымыз  Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Байтул-Махдистен пыраққа мiнiп, жетi қат көкке көтерiлдi. Онда барған соң, Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызға  және оның үмметiне күнiне бес уақыт  намаз оқуды парыз еттi. Соңыра Расулуллаһ сол пырақпен қайтадан Меккеге  оралды. Мiне, осылардың бәрi небәрi бiр  түннiң iшiнде болған оқиғалар едi.

Таң атқаннан кейiн, Расулуллаһ өзiнiң қауымына түндегi көрген-бiлгенiн  баяндап бердi. Құрайш руының кейбiр  адамдары бұған сендi, ал базбiрi бос  сандырақ деп қарады. Кейбiр иманы  нашар адамдар бұл туралы Пайғамбарымыздың өз аузынан естiген соң, Ислам  дiнiнен бас тартты.

Бұл оқиға жұртты екiұдай күйге түсiрiп, қызу пiкiрталас тудырды. Сосын көпшiлiк бубәкiрге барып, оның жеке пiкiрiн сұрады. бубәкiр  жиналған қауымға мен ол айтқан нәрселердiң бәрiне сенемiн”– деп жауап бердi. Сол күннен бастап жұрт оны бубәкiр Сыддық деп атай бастады.

Пайғамбарымыздың сөзiне сенбеген кәпiрлер қауымы жиналып, оның айтқандарының рас-өтiрiгiн тексерiп, сынап көрмекшi болды. Олар Мұхаммедтен, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алдымен  Байтул-Махдистiң жалпы көрiнiсiн  сипаттап беруiн сұрады. Өйткенi олардың  арасында Байтул-Махдистi көргендерi, оның iшi-сыртын жақсы бiлетiндерi бар едi. Пайғамбарымыз iркiлместен Байтул-Махдистiң  жалпы көрiнiсiн қолмен қойғандай  ғып тәптiштеп айтып бердi. Кәпiрлер мұны өтiрiк дей алмады.

 

Ислам дiнiнiң Иасриб қаласында  тарауы

 

Ислам дiнiн құрайш руының шағын бөлiгi ғана қабылдады. Бұл  Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қанағаттандыра қоймады. Сондықтан  ол мереке күндерi басқа араб руларының  арасына барып, үгiт-насихат жүргiздi. Олардың бiрi Расулуллаһқа оң қабақ  бiлдiрсе, екiншiлерi жақтырмаған сыңай  танытты. Иасрибтен келген кейбiр  арабтар өздерiн Расулуллаһтан  аулақ ұстауға тырысты.

Бiр күнi Пайғамбарымыз  көшеде келе жатып, Иасриб қаласынан  келген бiр топ кiсiлерге жолығып  қалды.

– Мен сiздермен сөйлессем  деп едiм, азырақ аялдамайсыздар ма? – деп өтiнiш жасады. Расулмен олар келiсiп, Пайғамбардың жанына тiзе бүктi. Пайғамбарымыз оларға Ислам  дiнi туралы сөз қозғап, оның қағидаларын, негiзгi шарттарын жан-жақты түсiндiрдi. Құраннан аяттар оқыды. Сөзiнiң соңында  оларды Аллаһқа иман келтiруге, осы  әдiлеттi дiндi қабылдап мұсылман болуға шақырды.

– Бұлар Иасриб қаласына оралғаннан кейiн, Пайғамбарымызға  берген уәделерiнде тұрып, халықты  Ислам дiнiне кiруге шақыра бастады. Бiрте-бiрте Аллаһтың жердегi Елшiсi туралы хабарды естiмеген бiр де бiр  адам қалмады.

 

Иасриб халқының Пайғамбарға  серт беруi

 

Арада бiр жыл өткеннен кейiн, Құдайға құлшылық қылу маусымында (хаж) Иасрибтен Меккеге он екi адам келдi. Олар Пайғамбарымызбен Ақаба  деген жерде кездесiп, Ислам дiнi туралы келелi әңгiме қозғалды. Олар бiр  ауыздан алдағы уақытта бiр Аллаһқа  ғана сенуге, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық жасамауға, бiреуге жала жаппауға, балаларын  өлтiрмеуге, қысқасы күнәлi iстерден  аулақ болуға ант бердi.

Кiмде-кiм осы айтқан серттерiнде  тұратын болса,– дедi Пайғамбарымыз, – Аллаһ Та`ала олардың жақсылық жолында жүргенiн ескерiп, Ақыретке барғанда жұмақтың төрiнен орын бередi. Расулуллаһтың айтқан әрбiр сөзi Иасрибтықтарды толқытып, олардың Аллаһтың бiрлiгiне деген сенiмдерiн бекiте түстi.

Арада тағы да бiр жыл уақыт  өтiп, әдеттегiндей хаж өтеу маусымы  басталған кезде, Расулуллаһқа ант  берген әлгi кiсiлер өздерiмен бiрге  Меккеге жетпiс үш еркек, екi әйел ертiп келдi. Пайғамбарымыз олармен  жүздесiп, былтырғы Ақаба деген жерде  түнде бас қосуға уәде еттi.

– Абай болыңыздар, араларыңызға түнде құрайштар енiп кетпесiн. °йқы – дұшпан, сақтық – дос, –  деп ескерттi Расулуллаһ кетерiнде. Өйткенi бұл құрайш ұлықтарының дұшпандық  әрекеттерi әлi басылмаған, жамандықтың  асқынып тұрған кезi болатын.

Ел ұйқыға бас қойған мезгiлде, Расулуллаһ қасына бдул-Мүтәлiп ұлы  Өаббасты ертiп алып, уәделi жерде  иасрибтықтармен аман-есен бас қосты. Пайғамбарымыз Ислам дiнiнiң артықшылықтары туралы насихат айтып, Құраннан аяттар оқыды. Пайғамбарды тыңдап отырған  иасрибтықтардың Аллаһтың бiрлiгiне деген күмәнi қалмады. Олар ешбiр  кедергiсiз түгелдей Ислам дiнiн  қабылдап, мұсылман болды.

Жиын соңында Пайғамбарымыз:

– Араларыңнан өз қауымдарына  сөзi өтетiн он екi адамды iрiктеп шығарып  берсеңдер, – дедi. Өйткенi бұл адамдар  өз қауымдарына басшылық жасау үшiн  қажет болды. Иасрибтықтар көп ұзамай араларынан он екi адам iрiктеп бердi.

– Сiздер өз қауымдарыңызға жауаптысыздар, – дедi сонда Расулуллаһ оларға. – Мәриям ұлы Исаға, алейһиссәлам, сенген хауарилердiң сенiмiндей сенiмге  ие болуларыңыз керек. Ал мен барлық қауымым үшiн жауаптымын.

Информация о работе Басқару есебі туралы жалпы түсінік