Басқару есебі туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 13:47, контрольная работа

Краткое описание

Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай жорыққа шығады.

Вложенные файлы: 1 файл

Пайғамбарымыз Мұхаммед өмiр жолы.docx

— 37.85 Кб (Скачать файл)

Осы кездесуден кейiн Иасрибқа оралған жаңа мұсылмандар тобының  тың күшпен үгiт-насихат жүргiзуiнiң  нәтижесiнде бұл өңiрде Ислам  дiнi кең қанат жайып, шапшаң тарай бастады. Ал керiсiнше Меккеде мұсылмандардың жағдайы қиындай түстi. Мұнан әрi бұл азапқа төзудiң мүмкiн еместiгiн ескерiп, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мүминдерге Меккеден Иасрибқа орын ауыстыру туралы кеңес бердi. Көп ұзамай-ақ алғашқы мұсылмандар тобы құрайштарға бiлдiрмей астыртын орын ауыстыра бастады. Бiрақ бұл әрекеттi жұрттан жасыру мүмкiн болмады. Бұдан құлағдар болған құрайш ұлықтары бұрынғысынан бетер құтырына түстi. Олардың бұл қылықтарын ұнатпаған мұсылмандар ашықтан-ашық Меккеден көше бастады. Аздан соң Меккеде мұсылмандардың аз ғана тобы қалды.

– Құрайштар тарапынан  бақылаусыз болған бутәлiп ұлы ли мен букақафа ұлы бубәкiр ғана едi. Күн өткен сайын жағдайдың  қиындап бара жатқанын көрген бубәкiр  Пайғамбардан орын ауыстыруға рұқсат сұрап, кәпiрлер жағынан қауiптiң  бар екенiн есiне салып қоятын. Бұл кезде құрайш ұлықтары Расулуллаһтың  Иасриб халқымен астыртын араласып, оларды Ислам дiнiне бой ұсындырғанын бiлген едi. Осыған байланысты олар кеңес құру сарайына жиналып, Расулуллаһқа не iстеу керектiгi туралы ақылдасты. °лықтардың бiрi Расулуллаһты Меккеден шығарып  жiберу керек десе, ендi бiрi оны уақыт  оздырмай қамауға алу керек деген  пiкiр айтты. Бәрiнен асып түскен бужәӘiл  болды. Ол шiмiрiкпестен Пайғамбарды  өлтiру керек деп салды.

Бiрақ бұл жауыздық пiкiрдi кеңеске жиылғандар қолдамай тастады. Сөйтiп, бұл кеңес белгiлi бiр шешiмге  келе алмай, әрi-сәрi күйде тарқады. Дегенмен Пайғамбардың өмiрiне зор қауiп төнгенi аян болды. Бұл кеңес туралы Жәбiрейiл  перiште Расулуллаһқа хабар бердi және бұл түнi өз үйiне қонбауын ескерттi.

 

Пайғамбардың сапарға  дайындалуы және құрылған тордан құтылуы

 

Расулуллаһ Әбубәкiрдiң  үйiнен қас қарая оралды. Құрайштың  екi жiгiтi оның үйiнiң жанына келiп, ұйықтайтын мезгiлдi күтiп отырды. Бұл екi жiгiттiң  өзiн өлтiруге келгенiн бiлген Пайғамбарымыз: "Әбутәлiптiң баласы менiң төсегiме жатып ұйықта”, – дедi. Сөйттi де өзi сыртқа шықты. Аллаһ Та`ала қара ниеттi жiгiттердiң көздерiн көлегейлеп, Пайғамбарымыздың үйден шығып кеткенiн  байқатпады. Қарақшылар жұрттың бәрi ұйықтады-ау дегенде, Расулуллаһтың  үйiне баса-көктеп кiрдi де, төсектiң  жамылғышын ашып қалды. Осы кезде  олардың көздерi атыздай болып, бiр-бiрiне бақырайып қарап қалды. Өйткенi төсекте олар iздеген Расулуллаһ емес, Әбутәлiп ұлы Әли жатыр едi.

 

Пайғамбардың соңынан  қуғын салу

 

Құрайш ұлықтары Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, күндiз  өз үйiнде екенiне әбден сенiмдi едi. Пайғамбардың төсегiнде ли болғанын естiгенде оларды бұл оқиға абыржытып  тастады. Зұлымдықтары iске аспай, өздерiнiң  жер сипап қалғандарын бiлген ұлықтар: "Егер кiмде-кiм Мұхаммедтi тауып, оны Меккеге алып келсе, жүз  түйе сыйлық берiледi”, – деп жар  салды.

Бұл сыйлықтан дәмеленген кәпiрлер шарық ұрып Расулуллаһты iздеуге кiрiстi. Бiр топ қуғыншылар Пайғамбарымыз  жасырынған тауға көтерiлiп, Сәуiр  үңгiрiнiң аузына тақап келдi. Бiрақ  үңгiр iшiне кiре алмады, өйткенi аузына өрмекшi қалың тор құрып тастаған едi. Олар мұқият қарап, өрмекшi торының  сетiнемегенiне көз жеткiздi де, келген iздерiмен керi қайтты. Сөйтiп құдiретi күштi Аллаһ Та`ала қауiптiң бетiн  аулаққа бұрды.

 

Аллаһтың Пайғамбарды  қорғауы 

 

Айнала төңiректi итше тiмiскiлеп, Расулуллаһты таба алмаған қуғыншылар ұнжырғалары түсiп үйлерiне қайтты. Бiрақ құрайш кәпiрлерi уәде еткен  жүз түйеден үмiтiн үзбеген  Сурака деген адам iздi дұрыс кесiп, Пайғамбардың соңына түстi. Оған құрайштың  бiр адамы "үш кiсi Иасрибқа қарай  беттеп бара жатқанын көрдiм” деп хабар  берген болатын.

Сурака өте зор денелi, екi иығына екi кiсi мiнгендей батыр  тұлғалы адам едi. Хабарды естiсiмен  көп бөгелмей сауытын киiп, атын ерттеп, үшеуiнiң соңына түсiп бердi. Суыт жүрген Сурака бiраз уақыттан соң  қашқындардың қарасын көрдi. Аздан  соң олардың арасы жақындай түстi де, Расулуллаһты тұтқынға алатынына  Сураканың күмәнi қалмады. Кенет  бубәкiр қаруланған атты адамның  келе жатқанын көрдi. Сураканың суыт та тосын жүрiсi жолаушыларды ерiксiз  сескендiрдi. Бiрақ Расулуллаһ сыр  бермей түйе үстiнде қаннен-қаперсiз  отыра бердi. Ол сырттай сабырлы  болғанмен, iштей Аллаһқа сыйынып, Құраннан дұға оқып келе жатты.

Іздеген жоғының үстiнен  түскенiне қуанған Сурака атын тақымдап, жүрiсiн үдете түстi. Кенет оның астындағы аты сүрiнiп құлап, қайта  тұрды. Мұны елең қылмаған қуғыншы атын сабалап жолаушыларды қуып жетуге асықты. Жолаушыларға таяқ тастам жер қалғанда, аты екiншi рет жығылып, төрт аяғы бiрдей жерге кiрiп кеттi. ҚаӘарға  мiнiп, ашуланған Сурака қолындағы  найзасын қашқындарға қарай лақтырды. Жайшылықта осындай қашықтықтан  арыстанды шаншып өлтiретiн Сураканың  найзасы бұл жолы нысанаға дарымай, басқа жаққа лақты. Оның бұл шалт қимылына шыдымаған аты шатқаяқтап барып құлап түстi. Атымен бiрге  құлаған қуғыншының көз алды тұманданып, тұла бойы қалтырап, көңiлiне қорқыныш ендi. Бұл әрекеттерiнен түк шықпайтынын  сезiп, жiгерi құм болды. Өзiнiң кенеттен мүсәпiр халге түскенiне ызаланған  және Расулуллаһтың жеңiске жететiнiне күмәнi қалмаған оның көз алдынан  суық елес жүгiрiп өттi. Ол атымен бiрге  құлап түскенде, жолаушылар тоқтап, оған қарап тұр едi. "Мен сендерге қиянат қылмаймын, сендер де маған қиянат жасамайтындықтарың жөнiнде сенiм  хат жазып, берiңдер”, – деп өтiндi ол. Расулуллаһ рихат ұлы Абдоллаға  сұраған сенiмхатын жазып берудi бұйырды. Сенiмхатты алған Сурака келген iзiмен кейiн қайтты.

Меккеге оралған Сурака Расулуллаһтың  соңынан қуғынға шыққалы жатқан бiр топ адамға жолықты. Ол Пайғамбарға  берген уәдесiнде тұрып, қуғыншыларды басқа iзге салып, адастырып жiбердi. Бiраздан кейiн Сурака Пайғамбар  мен өз арасында болған оқиғаны жұртқа жыр қылып баяндап бердi.

 

Пайғамбардың Құбаға жетуi

 

Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, келе жатқан хабарын  естiген Иасриб жұрты күнде жол  қарап, асыға күттi. Қаланың шыға берiс аузына жиналып, күн қызғанша күтiп отыратын болды.

Пайғамбарымыз шыжыған ыстыққа  қарамай сапар шегiп, Иасрибқа екi шақырымдай жердегi Құбаға келiп жеттi. Бұл кезде дұшпандардың зұлым  ниетiнен қауiптенiп, оларды ансарлардан (иасрибтықтар) құрылған бiр топ қарулы жасақ күтiп жүрген едi. Расулуллаһты бiрiншi болып солар қарсы алды.

Құбада Пайғамбарымыз  Ауф ұлы мiрдiң үйiне қонақ болды. Мұнда он күндей тұрақтады. Бұл кезде  мұсылмандар салған мешiт дайын  болып қалған едi, халық мұны Құба мешiтi деп атады. Бұл Исламдағы  тұңғыш салынған мешiт едi.


Информация о работе Басқару есебі туралы жалпы түсінік