Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 19:32, реферат
XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.
Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)
XVIII ғасырдың бірінші
ширегіндегі Қазақстан.
Жоспар:
1. Қазастанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңыздағы
ішкі саяси жағдайы.
2.Отан соғысының басталуы. (Ақтабан шұбырынды,
Алкакөл сұлама жылдары)
3. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына
қарсы азаттық күресі. Буланты, Аңырақай
шайқастары.
Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы. 1 2
Жоспар:
1. Патша өкіметінің Қазақстандығы әскери
– отаршылдық әрекеттерінің басталуы.
2. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Россия
бодандығын ( протекторлығын) қабылдауы.
3. XVIIІ ғасырдың 2-ші жартысындағы Қазақстан.
Абылай хан (1771- 1781 жж.).
4. Абылай хан мирасқорлары билік еткен
кезеңдегі Орта жүз аумағындағы саяси
жағдай ( XVIIІ ғ. 80 жылдары - 1821 ж.).
5. 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор
қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен
Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.
6. Исатай мен Махамбет Өтемісұлы бастаған
көтеріліс.
XIX ғ. екінші жартысындағы Қазахстанның
әлеуметтіқ– экономикалық, саяси дамуы.
Жоспар:
1. Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының
2-ші кезеңі (1837-1870 жж.). Кенесары Қасымұлы
басқарған халық соғысы.
2. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
3. Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген
әкімшілік реформалары. Патша өкіметінің
аграрлық саясаты.
4. Қазақстанда капиталистік қатынастардың
дамуы.
XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
және саяси жағдайы.
Жоспар:
1. XX ғ. басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық
жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы.
2. XX ғасырдың басында Қазақстандағы саяси
өмірдің жандануы.
3. Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
4. Россиядағы 1917 жылғы Ақпан революциясы
және Қазақстан. 1917 жылғы Қазақстандағы
саяси партиялар мен ағымдар.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан.
1. Қазақстанның
жоңғар шапқыншылығы
XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазақ қоғамының экономикалық
базис-(негізі)-көшпелі мал
XVII ғасырдың ақыры
мен XVIII ғасырдың басында Қазақ
хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр
жағдайға тап болды. Қазақ
1718 жылы Тауке хан қайтыс болды.. Қазақ халқының басына зор зобалаң бұлты төңді. Қазақтың феодал шонжарлары арасындағы алаусыздық, хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды. Таукенің орнына отырған Болат ханның тек атағы ғана болды. Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жағынан бөлшектенді: Орта жүзді Сәмеке хан мен Күшік хан биледі. Үлкен жүзді Жолбарыс хан биледі, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Ең беделді деген Әбілхайыр ханның билігі де Кіші жүзге тұтас жүрмеді. Барақ сұлтан мен Қайып сұлтандар өз иеліктерін жеке басқарды. Бөлшектенген бытыраңқы хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады, нәтижесінде үрдіс-ұдайы шабуыл жасап, жоңғарлар жеңіске жетіп отырды. Жоңғарлардың жеңісінің негізгі себеп, жоңғар әскерлерінің жауынгерлігінде емес, қазақ хандарының өзара қырқысқан «ала жылан, аш бақалығында» еді. Мұны өз заманындағы тарихи жазба деректер дәлелдейді: «1718 жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде қазақтар бір шама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасактарынның жеңілісімен аяқталды... Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. Қазақтың жеңілуіне себеп: екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға қараған жасақтардың әскер басшылары өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген» . Қазақтардың жеңіліске ұшырау себебі қазақ хандары арасындағы феодалдық тартыстан болып отырғаннын Орынбор экспедициясының бастығы И.Крылов ақын айтқан. Ол: «егерде жалпы ауыз бірліктері болса қазақтар басқыншыларды жеңіп шыға алған болар еді, бірақ олардың бір ханы соғысқа шығатын болса, екіншісі соғысуды қояды. Сөйтіп, өздерінің иеліктерін қалмақтарға жем қылып, жұрдай болып шыға келеді» деп жазады.
Сонымен, XVIII ғасырдың 20-жылдарында Қазақ хандығының бөлшектенуі және қазақ жоңғар қатынасының шиеленісуі қазақ халқын қатты күйзелтті.
2. Отан соғысының басталуы. (Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сұлама жылдары)
«Ақ табан шұбырынды». 1718 жылы Тауке хан қайтыс болған соң, қазақ феодалдарының арасындағы қырқыс пен алаусыздықтың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп, бір-бірінен алшақтауы Қазақ хандығын саяси жағынан бөлшектенген елге айналдырып, оның әскери-саяси күшін мейлінше әлсіреткен еді.
Рас, XVIII ғасырдың басында жоңғар хандығының өзіне Цинь билеушілерінің тарапынан шапқыншылыққа ұшырау қауіпінің төнуі жоңғар билеушілерін қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл әрекет жасаудан тежеп отырды. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Қансидің, өлуінен кейін бұл қауіп біраз уақыт азайды, 1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Шығыстағы өз тылын қауіпсіздендіріп алғаннан соң, жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтан қазақтармен соғысуға белсене әзірлене бастады.
Қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мұқият әзірленіп, жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызша аңыздарында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-Сұлама» деп аталған «сұрапыл апаттың» басталған жылы деп есептеледі.
Барған сайын аясы тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723 жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың қалың қолы Қазақстанның Оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратаудан асып, Талас өзенінің алабына дейін жетті. Қапыда қалған қазақтар үйлерін, мал-мүлкін тастап босып кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар халықты аямай қырды, Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өздерінен өткен кезде талай адам өлді.
1724-1725 жылдары жоңғар
феодалдарының әскерлері
Жаудың тұтқиылдан жасалған жойқын жорығынан есі шығып, бас құрып тойтарыс беру мүмкіндігінен айрылған қазақтар тоз-тоз болып жосып, Сырдария өзенінің ар жағына өтті, Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Шыршық өзенінен ары кетті. Қазақтардың біразы Алқакөл маңынан Бухара мен Самарқаға қарай ағылды. Ал Кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып, қазіргі Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға қарай беттеді.
Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңға тап болып, адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс, құтты мекен, мал-мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көрісі малын жұтатын, үсіп өлді. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам төзгісіз жол азабына шыдай алмай, жапан түзде қалып аштан қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Мұның мәнісі: атамекен, мал-мүлкінен айырылып, жаяу-жалпы, аш-жалаңаш босқан ел шұбыра-шұбыра табаны ағарып, «Алқакөлдің түбіне барып сұлау» деген сөз екен.
«Ақтабан шұбырынды»
апатында зар заманды басынан
кешірген қалың қазақ қауымы өзінің
аянышты ауыр халі мен көңіл-күйін
бейнелейтін «Елім -ай» сынды мұңлы ән шығарды. Бұл ән жұрт жүрегінде
жатталып, бүгінгі күнге жетіп отыр.
«Қаратаудың басынан қош келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айырылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, бағзы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман...
Ата қоныс, туған жер қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын.»
Ел есінде сақталған
«Елім-ай» әнінің бұл шұмақтары
халық бұқарасының зар
«Ақтабан шұбырынды» кезінде қазақтарға шабуыл мен талан-тараж түс-түстан анталады. Жоңғар феодалдары қазақтарға, Еділ бойындағы қалмақ хандары батыс солтүстік бүйірден тиісті. Орта Азия хандықтарының жеріне ауып барған қазақтар бұл арадан мал жайылымына қолайлы жер таба алмай сенделіп, көзге түрткі болды. Қазақтарға бір жағынан Қоқан бектері қоқандаса, тағы бір жағынан Бұхара мен Хиуаның хандары жаппай құлдыққа кіріптар еткісі келді. Иран мемлекетінің маңына ығысып барған қазақтар, Иран шахы Нәсір Афшардан зорлық-замбылық көрді. Қазақ халқы сонша сұмдық жағдайда жүрсе де, олардың еш қайсысына құлдық ұрмай, өзіне тиіскендердің бәрімен шайқасты.
Қазақтардың XVIII ғасырдың
басындағы (алғашқы 25 жылы) халін Ш.Ш.
Уалиханов былай деп
«Ақтабан шұбырындының» ауыр апаты жеті жылға (1723-1730 жж.) созылды. Бұл аппатың зардабы қазақ даласының барлық жерінде біркелкі болған жоқ. 1723 жылы көктемде тұтқиылдан шапқыншылыққа ұшырған Оңтүстік Қазастанның аудандарында, Талас өзенінің алқабы мен Сырдария өңірінде өте ауыр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздің осы өңірді мекендеген ұлыстарын ойрандап, бұл осы өңірдегі егіншілік пен қала мәдениетін қиратты. Қазақ хандығының шығыс және оңтүстік өңіріндегі жоңғарлар басып алған жерлердегі қазақтар уақытша жоңғар билеушілеріне бағынып, аманат қойып, ауыр алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Орта жүздің сұлтаны Әбілмамбет пен Ұлы жүздің ханы Жолбарыс осылай істеді.
3. Қазақ
халқының жоңғар
Жоңғар шапқыншылығынан туған зор күйзелушілік, малдың қырылуы шаруашылық дағдарысының шиеленісуіне әкеліп соқты, мұның өзі қазақ хандықтарының билеуші топтарының арасындағы саяси қарама-қайшылықтарды бұрынғыдан да бетер күшейте түсті. Қиын жағдайдан шығудың жолы жауға ұйымдасып тойтарыс бету ғана бола алатын еді, мұның өзі болашақта қазақ жүздерінің экономикалық және саяси ыдырауын тоқтатар еді.
Осындай өте-мөте ауыр сыртқы және ішкі саяси жағдайда қазақ хандары мен сұлтандары жоңғар феодалдарын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып шықты. Тәуелсіздік жолындағы Отан соғысын «қарадан шыққан» халық батырлары бастады. Олардың арасында Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды.
Халық жасақтарының бірігіп қимылдауы осылай басталды. Кіші жүздің батыры Тайлақ, Орта жүзден Бөгенбай және Ұлы жүзден Саурық батырлар шығып бұлар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл-сұлама» жылдарындағы күрестің қаһармандары болды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді.
Ордабасы съезі.
1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылар мен батырлар шақырылды.
Съезде негізгі мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. Съезге қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.
Съезде талқыланған
маңызды мәселенің бірі бүкіл
қазақ жасағының қолбасшысын
сайлау туралы мәселе болды. Осы съезде
Әбілқайыр қазақ жасағының
Буланты маңындағы шайкас.
Ұлытаудың таулар жүйесіне иелік ету соғыс барысында маңызды кезең болды. «Ақтабан шубырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1730 жылдардығы Отан соғысы) барысындағы аса маңызды шайқастардың бірі Ұлытау етегінде өтті.
1728 жылдың көктемінде
Ұлытау етегінде Буланты
Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының женіске деген орасан зор ерік-жігерін көрсетті. Өз заманының аса көрнекті қолбасшылары жеке қол басқарған Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Бәсентиін Малайсары, Тарақты ер Байғозы және басқалар Әбілқайыр хан мен Қанжығалы Бөгенбайдың жалпы басшылығы мен ынтымақты қимыл жасай отырып, жасақтарды ұрысқа бастады. Жасақтарды қаруландыру жөнінде Шақшақ Жәнібек зор ұйымдастырушылық жұмыс істеді. Дархан ұстаның басшылық етуімен Ұлытауда қара шеберлері еңбек етті.
Информация о работе Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)