Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы - Қазақстан.doc

— 373.00 Кб (Скачать файл)

Абылай ханның сыртқы саясаты.

Абылайдың сыртқы саясаты  да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен..., ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты.

Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған  жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді.

Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.

4. Абылай  хан мирасқорлары билік еткен  кезеңдегі Орта жүз аумағындағы  саяси жағдай. ( XVIII ғ. аяғы- XIX ғасырдың  басы).

Уәли хан  билік еткен жылдардағы Орта жүз.

Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз бен Ұлы жүздің аумағында ұзаққа созылған саяси дағдарыс басталады. Ол ақыр аяғында қазақ хандығының саяси жүйесінің ыдырауына және оның өз тәуелсіздігінен айырылуына әкеп соқты. 1768 – 1774 жылдардағы орыс–түрік соғысының барысында Россия әскерлері Қырым мен Ноғай даласын басып алды, ал 1783 жылы Қырым хандығы тіршілік етуін тоқтатты. Россия Алтын Орданың мұрасына және Евразияның барлық халықтары арасындағы басты рольге жекедара дәмелене бастады. Бұл Россияның Орталық Азияға, соның ішіндегі Қазақстанға экспансияшылдық саясатын жеңілдетті.

1781 жылы Абылай хан  қайтыс болғаннан кейін күздігүні  қазақ қоныстарында оның үлкен  баласы Уәлиді хан жариялауға  дайындық басталды. Онан басқа  хан атағынан Барақ, султанның  баласы Дайыр және Кіші жүз  ханы Батырдың баласы Құдайменді султан дәмеленді. Уәли султан таққа басқа үміткерлерді жеңіп, 1781 жылдың желтоқсаныңда Ханбаба султанның ауылында Цин елшілерінің, султандардың қатысуымен хан жарияланып, ақ киізге көтерілді. Сол жерде Абылайға ас берілді. Сайлау рясіміне әр түрлі қазақ руларының бес жүзден өкілі қатысты, соның ішінде орыс елшісі Чугаловта болды. 1782 жылдың басында Уәли Петропавл бекінісіне барып, Россияға адалдыққа ресми түрде ант берді және оны Россия әкімшілігі таныды.

Уәлидің бір мезгілде Россияға да, Қытайға да ант беруінің өзі әкесінің саясатын жалғастыруға ұмтылғанын көрсетеді. Дегенмен де, оның билігі Абылай ханның қолында болғанындай абсолютті билік болған жоқ. 80-жылдардың басында қаракесек және төртуыл руларында Барақ султанының баласы Дайыр хан болып жарияланды. Оны Нура өзенінің бойында арғың руларын басқарған Бөкей султан қолдады.

Дайыр хан 1786 жылы өлді және оның інісі Бөкей сайлануға қол  жеткізе алмай, өз иеліктеріне султан атағымен билік ете берді. XVIII ғасырдың аяғында Орта жүзде екі хан Уәли мен Ханкөже (Барақ султанның баласы) калды.

Уәли ханның ішкі саясатын шекаралық шепке жақын жерде  көшіп жеретін султандар мен  ақсақалдардың бір бөлігінің  орыстарды жақтайтын пиғылдарды да қиындата түсті. Соңғылары патша  әкімшілігіне ханның озбырлығы мен қысым көрсетуіне жиі шағым жасайтын. Нәтижесінде шекарада тұратын қазақтар, орыс иеліктеріне көшіп кетіп отырды. 90 жылдырдың басында Уәли Оңтүстік Қазақстанда бақылау жасаудан айырылады және Жетісудің өз бауырлары Сүйік және Әділ султандар билік еткен бөліктерінде ғана оның билігі сақталып қалды. Ханның 1785 жылы қырғыздармен соғысы осы аймақтағы тағы бір сәтсіз сыртқы саяси әрекеті болды.

Уәлидің Цин империясымен қатынастары неғұрлым тұрақты болып, үнемі елшіліктер алмасып отырды. 1800 жылы ханның өтініш бойынша император Цзяцин Ғаббас султанды Уәлидің мирасқоры деп ресми түрде таныды. Ғаббас Уәлидің тірі кезінде өлді, оның басқа балалары не жас болды, не айтарлықтай беделі болмады. Хан билігінің әлсіреуі орталық Қазақстанның қазақтарының 1816 жылы Бөкейді өз билеушілері деп жариялауына әкеп соқты, оны орыс үкіметі ресми түрде танып, сол арқылы Уәлидің Орта жүзге ықпалын әлсіретуге тырысты. Бөкей хан 1819 жылда қайтыс болғаннан кейін, оның орнына Шыңғыс сайланды, алайда оның Нураның жоғарғы ағыстары мен Қарқаралы және Кент тауларының төңірегінде көшіп жүретін бірнеше қауымдарға ғана билігі жұрді. СоныменХІХ – ғасырдың бірінші ширегінде Орта жүзде Уәлиден басқа, оның билігіне таласқан тағы да үш хан болды. Уәли өзінің баласы Ғұбайдолла султанды мирасқоры деп жариялап, 1821 жылы қайтыс болды.

Уәли хан мен оның бақталастары билік етуінің негізгі  қорытындысы қазақ хандығының жалпы  әлсіреуі еді. Басқарудың үлестік жүйесіне көшу- султандар ықпалының өсуіне, ал XVIII аяғы-ХІХ ғасырдың басында орталық биліктің бөлшектенуі іріткі салу сарынның күшеюіне және мемлекеттің іс жүзінде ыдырауына әкеп соқты. НәтижесіндеХІХ ғасырдың 20-жылдарыңда Россияның Орта жүзде хан билігін жоюға әрекет жасауына және қазақтарды тәуелсіздігінен айырып, Қазақстанды Россия империясының бір бөлігіне айналдыратын әкімшілік реформалар жүргізуіне мүмкіндік берды.

5. 1822 және 1824 жылғы  Сібір және Орынбор қырғыздары  туралы ереже. Кіші жүз бен  Орта жүздегі хандық биліктің  жойылуы.  
 
1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»

1781 жылы Абылай өлгеннен кейін  Орта жүзде оның үлкен баласы  сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның  қол астындағылардың наразылығын  туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға  оны тақтан алу жөнінде өтініш  жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді.

Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым  мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта»  денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.

Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді.

1822 жылы Сібір екі бөлімге:  бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.

«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының  облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды.

Ауыл старшиндері қазақтардан  сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.

Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға  сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.

«Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып ,

олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды.

1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.

Орта жүздің әкімшілік  құрылымы:  
 
ОКРУГ

(15-20 болыс) 

Басқарушысы- округтік приказ және аға  сұлтан

БОЛЫС

(10-120 ауыл)

Басқарушысы-болыс сұлтаны 

АУЫЛ

(50-70 шаңырақ)

Басқарушысы- ауыл старшыны

1822 жыл- Орта жүзде хандық  билік жойылды. 

Әкімшілік-саяси реформаның салдары:  
-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп,өзара рулық қырқыстарға соққы берді.  
-Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.  
-Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.  
-Хандық билікті жойды.

Қазақ мемлекеттігінің жүйесімен  күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде  хан билігінің жойылуына әкелетін россиялық басқарудың жаңа жүйесін  енгізу әрекеттері болды.

Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж.). 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды.

1822 жылы Орынбор генерал- губернаторы  П.К. Эсеннің дайындаған жобаны 1824 жылы Азия департаменті комиссиясының  мәжілісінде бекітілді. Бұл жоба «Орынбор қазақтарын басқарудың Уставы» деп аталады. «Уставта» «Патша ағзам императордың нұсқауымен қырғыздар даласын басқарудың жаңа жобасы жасалынып, Кіші жүзде басқару Ішкі Орда ханы Жәңгірге жүктелсін және даланы үшке бөліп, әрбір бөлікті басқару үшін аға сұлтан тағайындалсын» ,- делінген. 1825 жылы Кіші жүз үшке бөлінді:

Кіші жүздің әкімшілік  қурылымы:

БӨЛІКТЕР

(батыс, орта, шығыс) 

Басқарушысы- аға сұлтан

ДИСТАНЦИЯ (54)

Басқарушысы-ру шонжарлары

АУЫЛ

Басқарушысы-ауыл старшыны

Реформаның салдары:

- Орталық басқару нығайтылды.  
- Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік алды.

1824 жыл Кіші жүздің соңғы ханы  Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып,  Кіші жүздегі хандық билік  жойылды. Ескеретін нәрсе, Кіші  жүзді үшке бөліп (батыс, отра, шығыс), ішкі басқару жүйесінде хандықты жойғанымен 1824 жылы басқару жүйесі жергілікті ұлт өкілдерінің қолында қалды.

Сонымен, 1822 және 1824 жылдардағы әкімшілік-саяси  реформалар патша үкіметінің отарлау  саясатының нәтижесі болды.

6. Исатай мен Махамбет  Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

Көтерілістің себептері. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Бөкей хандығында (1801 жылы 11 наурызде қүрылды) ауылдардың еңбекші халқына жасалған экономикалық қысым күшейіп, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық укладтың бірқатар маңызды жақтары күрт күйреді. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленген Жәңгір хан қырға хандықтағы қоғамдық тұрмыс пен саяси құрылымді кейбір әдет-ғұрыптық институттардан бастап жер жөніндегі қатынастарға салық саясатына және хан сарайына дейінгінің бәрін қайта құрамын деген «аристократтық өркениеттік» жоспарлармен оралды. Артта қалған жартылай көшпелі қазақ қоғамы негізінде ол хан өкіметіне де патша тағының саясатына да, бірдей дәрежеде құлақ асқыш өзінше бір үлгідегі регионалдық хандық құрмақ болды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі ұжымдар ханның бұл «еңгізбекші жаңалықтарын» қабылдауға дайын емес еді.

Информация о работе Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)