Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы - Қазақстан.doc

— 373.00 Кб (Скачать файл)

1843 жылы 27 маусымда старшын  Лебедев басқарған, 300 адамнан тұратын  казак отрядтары көтерілісшілерге қарсы аттанады. 1843 жылы тамызда көтерілісшілерге қарсы Жантөреұлы, Айшуақұлы, Бизанов, подполковник Генс басқарған 5000 адамнан құралған жазалаушы топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқаралы маңында жазалаушылырдың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3 мың сом белгіленді.

1843 жылы 1 және 7 тамызда  көтерілісшілер казактардың Орынборлық  тобымен шайқасып, казак Сарбаздары  шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник  Бизановтың төбы ешқандай нәтижеге  жетпей Ор бекінісіне оралды.

1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлы басқарған отрядты женіп, 44 сұлтан қаза табады, сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінеді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшын Лебедев Орынборға шақылырып, сотқа берілді.

1844 жылғы Кенесарының жеңістері Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбур етті. Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. 1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір геренар-губернаторы князь Горчаковқа және I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары:

1. Қазақ жерлеріндегі  округтік приказды жою.  
2. Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру.  
3. Салық жинауды тоқтату.

Бірақ Кенесарының елшілігінің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын.

Кенесарының қөйған екінші талаптары.

Әскери бекіністер салынбаған Актау, Есіл және Нұра – Жайық өзеніне  дейінгі өңірді Россия билігінен  босату.

1845 жылы сәуір айында  Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді. Бірақ бұлардың талабы қазақ жерінде отарлау саясатын Одан әрі жүргізу болды.

Патша әкімшілігінің  қойған талаптары:  
1. Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу.  
2. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп-қонуға руқсат ету.  
3. Кенесарының Орынбор казактарының иелігін Россия империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру.

Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілір талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылы патша үкіметі қазақ жерін бекіністер салу арқылы отарлауды жалғастырда түсті (Ырғыз, Төрғай өзендері бойында салынды).

Кенесарының хандық билігі.

1841 жылы тамызда Кенесары  хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер  ақсүйектердің меншігі болып  саналды. Кенесары билер мен  старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес  шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар кеңісіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді.

Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері:

1. Билер сотын жойып,  хандық сот енгізіді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды.  
2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан.  
3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады.

Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек.

Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отырды.

4. Ірі феодалдардан  алынған мал мен дүние мүлікті  бөлу тобын кұрды.  
5. Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады.  
6. Отырықшылықты дамытты.  
7. Барымтаға шек қойды.  
8. Дипломатиялық қызмет үйымдастырды.  
9. Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң әскери тәртіп орнатты.Опасыздарға өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді.  
10. Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған (кікәлі адамның басына қалышпен не пышақпен кесіп белгі салған), ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске қатыса алмады. Сөйтіп, Кенесарының қайта қүрушылық қызметі ел билеуді ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды.

Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады.

Кенесарының ақырғы жорығы.

Орынбор және Сібір шептері  арқылы қысымға алынған Кенесары көтерілістің басты ошағы Төрғай даласынан 1845 жылы Жетісіға ойысуға мәжбур болды. Жағдайының қиындап кеткенін ескерген, Кенесарының мақсаты Абылай ханның тікелей тұқымдары билеген Ұлы жүзге барып, патша үкіметіне және Қоқан ханына қарсы куресте қолдау табу еді. Екіншіден, хандығының құрамына Жетісуды қосу арқылы Абылай кезіндегі қазақ мемлекетінің иелігін қалнына келтіру де Кенесарының ойында болды.

1845 жылы қарашада Кенесары  Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін  басып алып, Ташкент пен Түркістанға  қарай бағыт алды. Бұл Қоқан  билеушілерінің үрейін туғызды.  Кенесарыға қарсы Бухар мен Қоқан одағы құрылды. Оңтустікке қоныс аударған Кенесарыны Ұлы жүздің халқы түгелдей қолдамады (Сүйік, Қунанбай, Өскенбайұлы, Барақ Султанбайұлы сияқты белгілі адамдар). Өзін қолдамаған ауылдарды Кенесары ойрандата бастады. Оның бұл әрекеті қарапайым халықтың наразылығын туғызып, көтерілістің жеңілуін тездетті.

Көтерілісшілер қырғыз манаптарының иелектеріне жақындады. Россия мен Қоқан бектерінің арасында екі жүзді саясат ұстаған қырғыз манаптары (феодалдары) Кенесарының  Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынасын қабылдамады.

1847 жылы сәуір айында  Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз  жеріне басып кірді. Көтерілістің  бастапқы сипаты өзгеріп, әскерлердің  қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға  қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ  сұлтаны Рустем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті.

Кенесарының және оның соңынан  ерген сарбаздардың тағдырын шешкен ақырғы қанды шайқас Кекілік-Сеңгір (Бишкектің маңы) тауының маңайындағы  Майтөбе деген жерде болды.

1847 жылы Майтөбе түбіндегі  шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге  қаза тапты. 

Орыс үкіметі Кенесарыны жазалаушылардың еңбегін ұмытпады. Жантай Қарабеков патша үкіметінен алтын медаль, арнайы мақтау қағазына ие болды. Орманға алтын жіптермен тігілген халат тапсырылды.

Жеңілу себептері:

1. Көптеген қазақ феодалдары  Кенесарыны қолдамады.  
2. Қазақ халқы арасында рулық алауыздықтар, руға жіктелу басым болды.  
3. Россия билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемелекет қуруға мүдделі болмауы.  
4. Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды.  
5. Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.  
6. Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Россияға қарсы тұра алмады.

Көтерілістің  тарихи маңызы:

1. Кенесары Қасымұлы  бастаған көтеріліс - XIX ғ. барлық  Қазақстан жерін қамтыған аса  ірі отаршылдыққа қарсы бағытталған  азаттық көтеріліс.  
2. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Россиядағы азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.  
3. Патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстік өңірінің отарлауын біраз уақытқа кешеуілдете түсті.  
4. Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Россия саясатымен байланыстылығын көрсетті.  
5. Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау саясатың жүргізіп отырғының көрсетті.  
6. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Кенесары – Абылай ханның ісін жалғастырушы тұлға. Оның ерлігіне арналып, “Кенесары - Наурызбай” дастаны жазылды (авторы Нысанбай). Кенесары қазақ халкының азаттығы үшін, отаршылдыққа қарсы күрескен ұлттық батыр.

2. Қазақстанның  Россияға қосылуының аяқталуы.

Ұлы жүздің Россияға қосылуы.

Ұлы жүз Россия қоластына  Кіші жүз бен Орта жүзден кейін  өтті. Йткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы  жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды.

1821 жылы Орта Азия  хандықтарына қарсы Тентектөре  басқарған қазақ шаруаларының  қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды.

Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Россия билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Россия патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы қапалда (1847 жылы салынды) болды.

1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.

1853 жылы – Ақмешіт  қаласының Россияның қоластына  қаратылуы орыс әскерлерінің  Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт  бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды.

1854 жылы көктемде пристав  М.Д. Перемышельский отряды Алматы  деген жерде Верный бекінісінің  негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.

1856 жылы Верныйда Орталық  Россия губернияларынан, Воронежден  келген қоныстаушылардың саңы  бұынғыдан да арта түсті. 1857 жылы  Верныйда су диірмені, 1858 жылы  сыра заводы ашылды.

XIX ғасырдың екінші  жартасында Верный қаласында  П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар бір аз уақыт тұрған.

Верный бекінісінің  салынуы XIX ғ. 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстіқ аудандады мен қырғыз жерінің  Россияға қосылуын тездетті.

Қазақстанның  Россияға қосылуының аяқталуы.

Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра  бастады.

1859 жылы Ұлы жүзде  тұрғызылған Қастек бекінісі  Россияның тірегі саналып, Қоқан  ханының шабуылдарына тосқауыл  болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды.

1863 жылы Қоңырат 4 мыңға  жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық  шаңырағы Россия билігін мойындайды.

1864 жылы қөктемде Қоқан  хандығына қарсы жіберілген патша  әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды.

1866 жылы Бухар хандығын  орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы  хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.

Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ  елінің Россия құрамына қосылу процесі  – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.

Бұл оқиғаның прогресті жағы:

1. Саяси, қоғамдық қатынаста  феодалдық – патриархалдық белгінің  жойылуына жол ашты.  
2. Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.  
3. Қазақстан жалпы россиялық рынокқа тартылды.  
4. Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.  
 
3. Қазақстанда XIX ғ. 60-90 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалары. Патша өкіметінің аграрлық саясаты.

1867-1868 жж. реформалар.

XIX ғасырдың 60 жылдарының  орта шенінде Қазақстанның Россия  қол астына қарауы аяқталды.

Патша – өкіметі қазақ  даласын тупкілікті билеу үшін әуелі  әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік этникалық ұйтқысын ірітіп, ұлыстарды бөлшектеп, оларды губернияларға, округтерге теліп, ұлтанды елді тұтастықтан  айырды. Рас, олар мұның бәрінің бірден жүзеге асыра қойған жоқ, патша өкіметі оны кезең – кезеңімен іске асырды.

Оның алғашқысы – 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған ел билеу, жүйесіндегі протектораттық дәуір (кезең), яғни күшті мемлекеттің  әлсіз мемлекетке формальды түрде болса да қамқорлық жасау саясатын жүргізу болды. Бұл кезде патша өкіметі ел билеудің бұрынғы хандық жуйесін сақтап, оның ішкі тірлігіне араласпай, қазақ елін өзіне жағынып бағынышты болған хандар арқылы басқарды.

Патша өкіметінің қазақ  елінің басына тәуелділік ноқтасын біржолата кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін созылды. Сөйтіп, патша өкіметінің отаршылдық саясатының екінші кезеңі басталды. Бұл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті шаруаларды қонысынан қуа бастады. Олардың орнына ішкі Россиядан жоқшылыққа ұшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.

Информация о работе Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)