Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық – феодалдық калпында еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазақ қоғамының экономикалық базис-(негізі)-көшпелі мал шаруашылығы Қазақстан территориясында мемлекеттің дамуы мен нығаюының алғы шарттарының жасалуына едәуір кедергі болды.

Вложенные файлы: 1 файл

Жаңа замандағы - Қазақстан.doc

— 373.00 Кб (Скачать файл)

Жәрмеңкелер товар –  рынок қатынастарын дамытуға жәрдемдесті, мал шаруашылығының товарлығын арттыруға ынта туғызды. Жәрмеңкелер қазақ шаруашылығың капиталистік экономикасы мен байланысын нығайтты. Натуралды шаруашылықтың ыдырауын тездетті.

Сонымен, Қазақстанда  капиталистік қатынастардың дамуы өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді. Қазақстанды жалпы россиялық рынокқа тартты.  
 
Тақырып бойынша сұрақтар:  
1. 1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған қозғалыстың басты мақсаты.  
2. Кенесарының басты тіректері кімдер болды?  
3. XIX ғ. 20 жылдары Қоқан билігінде болған қазақ жерлерін атаңыз.  
4. 1844 жылы Кенесары мен патша үкіметі арасындағы келіссөздер неліктен тоқталды?  
5. Кенесары құрған хандықтың ең басты саяси ерекшелігі.  
6. Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы.  
7. Түркістанды орыс әскерлері қашан алды?  
8. Қазақстанның Россияға қосылуы қашан аяқталды?  
9. 1867-1868 жылдардағы реформалардың мақсатын тұсіндіріңіз.  
10. 1867-1868 жылдардағы реформалар сот құрылысына қандай өзгеріс енгізді?  
11. Қазақ жеріне орыс-казак шаруаларын жаппай қоныстандыру қашан жүргізілді?  
12. 1868 жылы қабылданған «Жетісуға шаруаларды» қоныстандыру туралы ұақытша Ереженің авторы кім?  
13. Қазақ даласында капиталистік қатынастар қашан дами бастады?  
14. Орынбор-Ташкент темір жолы қашан іске қосылды.  
15. 1867-1868 жылдардағы реформалардың ең басты ауыртпалығы немен байланысты болды?  
16. Қазақстанда сауданың қандай түрлері дамыды, атаңыз.  
17.1871-1897 жж. аралығында Қазақстанға қоныс аударғандар саны-атаңыз.  
18. XIX ғасырда кредиттік мекемелер ең көп қай жер болды?

 

 

 

 

XX ғасыр басындағы  Қазақстанның әлеуметтік экономикалық  және саяси жағдайы.

1. XX ғ.басындағы  өлкенің әлеуметтік-экономикалық  жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы.

Әлеуметтік-жағдай

XX ғасыр басында қазақ  өлкесі 6 облыстан тұрды: 

Түркістан генерал-губернаторлығы  
(Орталығы – Ташкент)  
Сырдария облысы  
Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы  
(Орталығы - Омбы)  
Ақмола облысы  
Семей облысы  
Орал облысы  
Төрғай облысы

1897 жылы өлкеде халықтың  саны 4147,8 мың адам, оның ішінде  қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен,  осы жылдар ішінде қазақтар  саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.

Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.

Қазақстанның байырғы  халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.

Халық өсімі Столыпиннің  аграрлық реформасынан кейін қоныс  аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында  өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары:  
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.  
2.Жатақтар санының артуы.  
3.Ішкі демографиялық өсім.  
4.Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.

Қоныс аудару. Столыпиннің  аграрлық реформасы.

1905-1907 жылдардағы революция  патша үкіметі жалпы алғанда  аграрлық мәселедегі және соның  ішінде қоныс аудару мәселесіндегі  тактикасын өзгертуге мәжбур  етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын  елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.

1907 жылғы 1 қантардан  бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.

Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың  шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға  жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда  жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының  жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі  айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақстардың улесі:  
Ақмола облысы – 36,6%  
Семей облысы - 73%  
Жетісу облысы – 60,5%  
Сырдария облысы – 63,3%  
Төрғай облысы – 58,7%  
Орал облысы – 56,9%

 
 
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ  халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.

Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.

XX ғасырдың басында  патшалық Россия Қазақстанның  тау-кен байлықтарын пайдалануға  айрықша назар аударды. Олар  мұнда тау-кен өнеркәсібін және  ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу  жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға  күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).

Тау-кен өнеркәсібі негізінен  Орталық және Шығыс Қазақстанда  дамыды.

Темір жол.

1893-1895 жылдар аралығында  Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында  Орал-Рязань темір жолы салынды.  Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде  төселді. 

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым  болатын Орынбор-Ташкент темір  жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.

Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы  өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге  жетті. 

XX ғасырдың басында  Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.

Жұмысшылардың, әсересе  жергілікті қазақ жұмысшылардың  жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс  күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың  еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.

Қазақстанда жұмысшылардың  бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың  бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына  Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.

XX ғасыр басында ұлттық  аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.

Осының бәрі Қазақстанда  да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.

2. XX ғасырдың  басында Қазақстандағы саяси  өмірдің жандануы.

XX ғасыр басындағы  саяси ахуал. 

Қазақстанда марксизмнің  тарауы Орталық Россиядан көп  кейін басталды. Оған өлкеде әлеуметтік-экономикалық қатынастың әліздігі және жұмысшы табының аздығы себеп болды. Қазақ өлкесінде Атбасарда, Көкшетау, Павлодарда алғашқы марксизм идеясын таратушы Петербург қаласындағы Благоевтар тобынан келген В.Г. Харитонов, Қарқаралы мен Семейде социал-демократ И.С. Домашевич, Верныйда А.С. Кочаровская т.б.болды.

Петропавл қаласында 1902 жылдың аяғында ұйымдастырылған  тұнғыш маркстік үйірме негізінен жер  аударылғандардан құрылды. 1903 жылы осындай  үйірме Петропавл темір жолында, 1902 жылы Орынбор қаласында құрылды. 1903 жылы 1 мамырда Орал қаласындағы саяси үйірме мүшелері ереуіл ұйымдастырды.

Бірінші орыс революциясы  кезінде (1905-1907 жж.) патшалық тәртіпке қарсы  күреске ұлттық аймақтардың езілген  халықтары да көтерілді. Отарлық  ұлт аудандарының «ұйқыдан оянуына» негіз болған оқиға – 1905 жылғы «Қанды жексенбі» (9 қантардағы Петербургтегі оқиға).

1905 жылы ақпанда Түркістанда,  Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда, Петербургтегі  қарусыз жұмысшыларды атқылауға  наразылық білдерген алғашқы  қарсылықтар болып өтті. 1905 жылы 1 мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын ереуілдер өткізілді. Қарқаралыдағы қарсылық жиынына М. Дулатұлы белсене қатысты.

Қазақ еңбекшілердің  саяси қөзқарасының өсуіне Бүкілроссиялық қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті. Бұл ереуілдің әсерімен Қазақстан қалаларында – Шалқарда, Қостанайда, Верныйда, Оралда т.б. жерлерде ұйымдасқан ереуілдер мен бой көрсетулер социал-демократия ұйымдардың басқарумен «Патша билігі жойысың?», «Бостандық жасасын» деген ұрандармен өтті. Осы жылдары Перовскіде, Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитетттер құрылды.

17 қазандағы 1905 жылғы  патша манифесінің («Мемлекеттік  тәртіпті дурыстау туралы») халықты  алдау екенін «Алаш» қозғалысы  өкілдері әшкерелеп, сынады. 1905 жылы 18-19 қазанда Орынборда өткен демонстрация  « Демократиялық республика жасасын», «Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.

Интернационалдың бой  көрсетудің ең бастысы - 1905 жылғы 11 желтоқсанда 12 күнге созылған, Успен кенішіндегі 360 жұмысшы қатысқан ереуіл болды.

Ереуілге шығу себептері:  
Жалақының аздығы.  
Ағылшын капиталистері Мессен, Гиббердің қатыгездіктері.  
Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы.

Ереуіл барысында орыс жұмыскері П.Топорнин мен қазақ  жұмысшысы Ә.Байшағыров басқарған  «Орыс – қырғыз одағы» құрылды. Олар кеншінің (рудник) бастығы Н.Велльге өздерінің талаптарын қойды:  
-Азық – түлік бағысын төмендету.  
-Жалақыны 15, 25% - ға көтеру.  
-Үш сыныптық орыс – қазақ училищесін ашу.  
-Жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту.  
-Фельдшер Е.Костенконы, қызметкер И.Ивченконы жұмыстан шығару.

Олардың бірден–бір талабы орындалмағандықтан «Орыс-қырғыз өдағының»  шақыруымен ереуіл болды. Успен кеніші жұмысшыларының ереуілі 1905 жылғы революцияның Қазақстан тарихында көрнекті орын алды.

1906 жылы Қарқаралы  уезінде, Жаркент уезінде, Әулиеата, Шымкент уездерінде, Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.

Саяси толқулардың жеңілеуінен  шощынған патша өкіметі шаралар  қолданып, ереуілдерді қарудың күшімен  басып отырды.

Бүкіл елдегі сияқты Қазақстан  большевиктері Бірінші Думаға сайлауынан бас тартты. Екінші Мемлекеттік Думаға Бұратана (туземдік) халық арасынан депутаттыққа Ақмола облысынан – молда Қосшығұлұлы, Жетісудан – федералист Тынышбайұлы, Оралдан – кадет Бірімжанұлы, Семейден – бай Нурекенұлы сайланды. Олар Думага қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғап сөз сөйледі.

1905-1907 жылдардағы революцияның  жеңілуінің себептері:  
1) Қазақ жұмысшыларының аздығы.  
2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.  
3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі.  
4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.

Революцияның тарихи маңызы:

-Отаршыл саясатқа  қарсы тәжірибе жинақталды.

-Ереуілдерді ұйымдастырудағы  кемшіліктер кейін түзетілді. 

-Күрес барысында революционерлер  тобы тәрбиеленді.

-Қазақ еңбекшілерін  «Ғасырлық ұйқыдан» оятып, революциялық  күреске шынықтырды.

Реакция және революциялық өрлеу кезеңі.

1905-1907 жылдардағы революция  жеңілгеннен кейін Россияда реакция  кезеңі басталды. 1907 жылы 3 маусымда  Екінші Мемлекеттік Думаның таратылғаны, Үшінші Мемлекеттік Дума сайлауы туралы ережеге өзгерістер енгізілгені жөнінде патша жарлығы шықты. Социал-демократиялық фракцияның мүшелері тұтқынға алынып, сотқа тартылды және жер аударылды. Олардың қатарында Қазақстан еңбекшілерінің депутаттары А.К.Виноградов пен И.Ф.Голованов та болды.

Информация о работе Жаңа замандағы Қазақстан (XVIII –XX ғғ.)