Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 22:43, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.
Кіріспе....................................................................................................................................4
I Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері...........................5
1.1Жұмысбастылық түсінігі.................................................................................................5
1.2Жұмыссыздық типтері және түсінігі..............................................................................7
II Жұмыссыздық және жұмысбастылықты талдау..........................................................10
2.1Жұмыссыздық деңгейі және әлеуметік-экономикалық салдары............................10
2.2 Халықты жұмыспен қамту............................................................................................14
III ҚР жұмыссыздықты жою және жұмысбастылықты жетілдіру жолдары...............20
Қорытынды................................................................................................................................30Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................................32
Мазмұны
Кіріспе.......................
I Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың
теоретикалық негіздері........
1.1Жұмысбастылық түсінігі.....
1.2Жұмыссыздық типтері және
II Жұмыссыздық және
2.1Жұмыссыздық деңгейі және
2.2 Халықты жұмыспен
қамту.........................
III ҚР жұмыссыздықты
жою және жұмысбастылықты
Қорытынды.....................
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет. Осы құрылымдық даму стратегиясы бір - бірімен байланысты жалпы ұлттық экономикалық, әлеуметтік және технологиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын көздеген. Қазақстанда еңбек сыйымдылығы (трудоемкость) жоғары өндіріс салаларын қалыптастыру және дамыту; ауыл шаруашылық шикі заттарын терең технологиялық өңдеу және түпкі өнім өндіру экономикасын мемлекет тарапынан басым түрде колдап - дамыту мақсаты және міндеті анықталған. Бұл міндетті іске асыру біріншіден, көптеген жүмыс орындарын ашуға, жаңа мамандықтар дайындауға, жұмыссыздықты жоюға, еңбекақы табысын арттыруға жол ашады; екіншіден, еңбек пен жұмыс күшінің сапасы жоғарылап, еңбек өнімділігі және жалпы экономика тиімділігі артады; үшіншіден, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы жақсарып, ұлттық табыс үлесі артады; төртіншіден, салық төлемдері өседі және мемлекет бюджетінің мүмкіншіліктері кеңейеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: еліміздегі жұмыссыздық деңгейін, жұмысбастылықты
жетілдіру жолдарын, оның көрсеткіштерін
және жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық
жағдайға, экономикалық өсуге әсерін зерттеу
болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттер
қойылады:
1. Жұмыссыздықтың мәні мен пайда болу
себептерін анықтау;
2. Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементі
ретінде қарастыру және жан-жақты талдау;
3. Жұмыссыздықтың түрлері мен олардың
экономикалық өсуге тигізер әсерін қарастыру;
4. Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесінің
жалпы жағдайын, жұмыссыздық деңгейін,
олардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру;
5. Еліміз тарапынынан жұмыссыздықпен
күресудің негізгі шараларын және әлеуметтік
саясаттың негізгі бағыттарын айқындау.
Курстық жұмыстың құрылымы: 3 тарау, 4 тақырыпшадан
және қорытынды бөлімнен тұрады.
I. Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері
1.1Жұмысбастылық түсінігі
Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы емес. Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100% - нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі циклдік жұмыссыздық нөлге тең болған жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздықты «жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) деңгейі» деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі «экономиканың өндірістік әлеуеті» деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика өндіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздықтың табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік жағдайында болғанда, яғни жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орнайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз – оң өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарынан өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күші нарықтары сәйкес келмейді деген сөз; мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдік жұмыссызық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейінен төмен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады.
«Табиғи» термині экономика
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі өз алдына тұрақсыз көрсеткіш. Ол кезеңді түрде еңбек күші мен институтционалдық өзгерістермен байланысты демографиялық қозғалыстар әсерлей түседі.
Күн сайын кейбір жұмысшылар жұмыстан шығады немесе оларды жұмыстан шығарады, ал кейбір жұмыссыз жүргендер жаңа жұмыс табады. Бұл үздіксіз жұмыссыздар қатарына кіру және шығу жұмыссыздық жағдайдағы жұмыс күшінің үлесімен анықталады. Берілген бөлімде біз жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен анықталатын факторларды көрсететін жұмыс күші динамикасының үлгісін құрамыз.
L – жұмыс күші, Е – жұмысшы саны, ал U – жұмыссыздар саны болсын. әрбір жұмысқа жарамды адам не жұмысшы, не жұмыссыз болатындықтан, онда:
Ендеше, жұмыс күшінің жиыны жұмысшы мен жұмыссыздар санының
Жұмыссыздық деңгейін анықтайтын факторларға бар зейінді шоғырландыру үшін, жұмыс күшінің мөлшері өзгермеген деп есептейміз. Жұмысқа орналасқандар қатарынан жұмыссыздарға және керісінше ауысуы 89-беттегі суретте көрсетілген: s – жұмысшылардың жұмыстан шығу деңгейінің көрсеткіші болсын, яғни әр ай сайын жұмыс жоғалтқан жұмыс істейтіндер деңгейі, f – жұмысқа орналасу деңгейінің көрсеткіші, яғни әр ай сайын жұмыс табатын жұмыссыздар үлесі. Осы екі көрсеткіш тұрақты дейік және олар жұмыссыздық деңгейін қалай анықтайтынына көз жеткізейік.
Егер жұмыссыздық деңгейі
fU=sE
Бұл теңдеудң түрлендіру арқылы жұмыссыздықтың
тұрақты деңгейін табуымызға болады. E=L-U,
яғни жұмыс істейтіндер саны жұмыс күшінің
жиынтығынан жұмыссыздар санын азайтқанға
тең. Бұл fU=s (L-U) екенін білдіреді. Теңдіктің
екі жағын да L-ге бөлеміз, сонда
f (U/ L) =s(1-U/L) шығады.
Теңдеуді түрлендірсек,
U/ L = s/s+f
Бұл теңдеу U/ L жұмыссыздық деңгейі жұмысқа жалдану мен жұмыстан жшығарылу деңгейлерінің көрсеткіштеріне тәуелді болатынын көрсетеді. Жұмыстан шығарылу деңгейі қаншалықты жоғары болса, жұмыссыздық та соншалықты жоғары. Жұмысқа жалдану деңгейі қаншалықты жоғары болса, жұмыссыздық деңгейі соншалықты төмен болады.
Мысалы. Айталық, ай сайын 1% жұмыс жоғалтсын дейік (s=0,01), ал жұмыс істейтіндер қатарында болудың орташа кезеңі 100 ай немесе 8 жыл шамасында болады. Шамамен 20% жұмыссыздар ай сайын жұмыс табатын болсын (f=0,20). Бұл жұмыссыз болудың орташа деңгейі 5айға созылатынын білдіреді. Берілген нақты жағдайда жұмыссыздықтың тұрақты деңгейі
U/ L = 0,01/ (0,01+ 0,20) = 0,0476
Демек, берілген мысалда жұмыссыздық 5% деңгейде болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің үлгісі қарапайым, бірақ маңызды қорытынды шығады. Кез келген жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендетуге негізделген экономикалық саясат не жұмыстан шығару деңгейінің төмендеуіне, не жұмысқа орналасу деңгейінің артуына себепші болу керек. Осыған сәйкес көрсеткіштерге әсер ететін кез келген саясат жұмыссыздықтың табиғи деңгейін де ауыстырады.
Бұл үлгі жұмыссыздық деңгейінің көрсеткіші және жұмыстан шығару мен жұмысқа орналасу деңгейлерінің көрсеткіштер арасындағы байланысты көрсетседе, ол негізгі сұраққа жауап бермейді: жұмыссыздық сияқты құбылыс неге орын алады? Егер адам кез келген уақытта тез жұмыс табатын болса, жұмысқа орналасу деңгейі өте жоғары, ал жұмыссыздық деңгейі нөлге жақын болар еді. Жоғарыда келтірілген жұмыссыздық деңгейі жұмыс іздеу үрдісі қандай да бір уақытта жалғасатынын болжайды, бірақ неге екенін түсіндірмейді. Келесі екі бөлімде біз жұмыссыздық орын алуының екі негізгі себебін қарастырамыз, олар: жұмыс іздеу проблемалары мен жалақының қатаңдығы.
Жұмысы барлар қатарынан жұмыссыздар қатарына ауысу және керісінше. Белгілі уақыт арлығында жұмыс істейтін адамдар бөлігі (s) өзінің жұмыс орындарын жоғалтады, ал жұмыссыздар бөлігі (f) жұмыс табады. Жұмысқа орналасу және жұмыстан шығу көрсеткіштері жұмыссыздық деңгейін анықтайды.
1.2. Жұмыссыздық типтері және түсінігі
Жұмыссыздық-еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмысшы күші бар ересек адамдар еңбек нарығына қатысуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.еңбекке қабілетті адамдар-жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар адамдар.Халықтың жекелеген категорияларға бөлінуі олардың экономиканың нарықтық немесе нарықтық емес секторларында жұмыс істеуіне байланысты жүргізіледі.Ересек адамдардың құрамынан нарықтық емес құрылымдарға бейімделген институционалдық адамдардаы бөліп қарау керек.Нарықтық емеске-мемлекеттің әскер,полиция,мемлекеттік аппарат деп аталатын институттары жатады.Жұмыспен айналысатын адамдардың қатарына экономиканың нарықтық құрылымдарына бейімделгендер жатқызылады.
Жұмыс күшіне жұмыспен жұмыспен
қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.Жұмыс
күшінің құрамына кірмейтіндер жеке
категория болып бөлінеді.
Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді.Жеке адам үшін ол өндірістен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзінен айырылып, көтеріңкі психикалық жүк көтереді.Қоғам үшін ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтік жіктелуі күшейеді, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т.б.Бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетін кемшіліктерді басып кетүі шүбәлі болып келеді.Сонымен қатар бұл құбылыстың кемшіліктерін біржақты атай берген дұрыс емес.Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейі тән, жұмыс күшінің белгілі резерві әрқашанда болып тұрады.Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықтық экономиканың нормальді қызметіне қажеттілігі бар деуге болады.
Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және тағы да басқа сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр.Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.
Қазақстан заңдарында кімді
жұмыссыз қатарына жатқызу керек
екені жазылған.Статистикалық
Информация о работе Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері