Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 22:43, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында жұмыссыздық пен кедейшілікті толық та тұрақты жою мәселесі 2010 жылға дейін шешілетін мемлекеттік міндет ретінде анықталғаны белгілі. Осы 2010 жылға дейін Қазақстан экономикасында күрделі де қарқынды өндірісаралық құрылымдық өзгерістер жүруі қажет.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................................4
I Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері...........................5
1.1Жұмысбастылық түсінігі.................................................................................................5
1.2Жұмыссыздық типтері және түсінігі..............................................................................7
II Жұмыссыздық және жұмысбастылықты талдау..........................................................10
2.1Жұмыссыздық деңгейі және әлеуметік-экономикалық салдары............................10
2.2 Халықты жұмыспен қамту............................................................................................14
III ҚР жұмыссыздықты жою және жұмысбастылықты жетілдіру жолдары...............20
Қорытынды................................................................................................................................30Пайдаланған әдебиеттер тізімі............................................................................................32

Вложенные файлы: 1 файл

Жумыссыздык.doc

— 432.00 Кб (Скачать файл)

 

 

III. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты жою және жұмысбастылықты жетілдіру жолдары

 

 Қазіргі кезде Қазақстанда 2010 жылға дейінгі кедейлікті төмендету бағдарламасы әрекет етуде. Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2007 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасы жұмыссыздықтың өсуінің алдын алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптік өндірістің иновациялық дамуының, аграрлық саланың жоғары білікті кадрларға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай – ақ заңды сектордағы халықтың жұмыссыздық деңгейін төмендету, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысыны мен жұмыс орындары санының теңгерімділігі, ұлттық еңбек нарығын қорғау жолымен өнімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында әзірленді. Бағдарламаның негізгі мақсаты өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін азайту болып табылады.

Бағдарламаның халықты жұмыспен қамту  деңгейінің өсуін ынталандыратын шараларға  жататындар:

  1. Экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру. Жаңа жұмыс  орындарын құру:

-инвестициялық жобаларды, 2007 – 2010 жылдары мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларды іске асыру (902,1 мың жұмыс орны);

-нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

-қоғамдық жұмыстарда жұмыспен уақытша қамтуды дамыту жолымен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы заңнамаларын, бос жұмыс орындарын жасыру және нысаналы топтарды қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтары бөлігінде бұзушылықтарды анықтау жөніндегі жұмыс жандандырылады.

 

Кесте 2

Қазақстан Республикасында мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 2007 – 2009 жылдар кезінднгі құрылатын жұмыс орындарының саны.

 

 

Экономикалық салалардың атауы

Жылдар

Жиыны

2007

2008

2009

1

Өнеркәсіп

3786

6585

5219

15590

2

Құрылыс

10404

18948

18948

48300

3

Көлік

11204

11451

11976

34631

4

Ауыл шаруашылығы

16012

1718

488

18218

5

Шағын және орта бизнес

100000

100000

-

200000

6

Денсаулық сақтау

52

1010

-

1062

7

Білім

397

1296

253

2446

8

Мәдениет 

217

133

133

483

9

Туризм 

540000

-

-

540000

10

Спорт

1529

1829

1243

4600

11

Басқа салалар 

20930

15873

8

36811

 

Республика бойынша

705031

158843

38267

902141


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте3

Жұмысбастылықты жақсарту және жұмыссыздықты төмендету саясаты

 

Жұмысбастылықты жақсарту және жұмыссыздықты төмендету саясаты



 

Жұмыс күшіне сұранысты қалыптастыру саясаты

 

Жұмыс күші ұсынысы мен  сұранысына теңгерілген әсер ету  саясаты

 

Жұмыс күші ұсынысын қалыптастыру саясаты



Әрекет ететін кәсіпорындарда жұмыс  орындарын құру және сақтау

Жұмысшыларды оқыту және қайта  оқыту



Кәсіпкерлікті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын құру

Өзіндік жұмысбастылықты дамыту


 

Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

Жұмыс уақыты ұзақтығын реттеу


 

Еңбек потенциалын қолданудың шектелген  мүмкіндігімен тұлғалар үшін жұмыс  орындарын құру

 

Миграциялық үрдүстерді реттеу


 

 

Осы үрдістермен байланысты жұмыс күшінің мобильділігі жұмысшылардың  еңбек әрекетінің өзгеруіне дайындығы  мен қабілетін сипаттайды.

  1. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі жөніндегі шаралар. Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі болуы үшін кәсіптік даярлауды еңбек нарығындағы қажеттіліктерге сәйкес жетілдіру, еңбек нарығындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингі қажет. Бұл ретте мыналар:

-еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың және білім беру қызметтері нарығындағы мамандар даярлаудың көлемін, бейіндері мен болжамдарын болжау;

-жұмыс берушілердің таяудағы 3 жылда жұмыс күшіне деген қажеттілігін айқындау және кадрлар даярлау жүйесін экономика қажеттіліктерімен сәйкес келтіру мақсатында жұмыс күшіне сұраныс мониторингінжүзеге асыру;

-жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау есебінен еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілетін арттыру;

-бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім берудің кәсіптер жіктемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуде;

-кәсіпорындардың әрбір есепті жылдың аяғында жыныстық жасы, кәсіптік және біліктілік белгілері бойынша кадрлар құрамын көрсететін статистикалық есептемесіне өзгерістер енгізу;

-оқушылары кәсіптік бағдарлауды дамыту, еңбек нарығында талап ететін кәсіптер, мамандықтар бойынша олардың еңбек қызметіне уәждемесін арттыру көзделеді.

  1. Халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру. Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру:

-әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

-кәсіптік даярлауға біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға әрі қоғамдық жұмыстарға жіберу кезінде басымдықты құқық;

-шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жұмысқа орналастыру;

-кәсіптік бағдарлау, хабардар ету, консультациялар беру;

-екі – үш аралас кәсіптерге оқыту жолымен бәсекелестік қабілетін арттыру;

-мүгедектерді жергелікті еңбек нарықтарында қалыптасқан ахуалды ескере отырып, әкелу кестесін, қоныстану аудандарын, кәсіптер бөлінісінде еңбекке қабілетті адамдардың санын көрсете отырып орналастыру;

-нысаналы топтарды жұмыспен қамту мониторингін жүргізу;

-бос жұмыс орындары туралы мәліметтер жариялау;

-жұмыспен қамту және қылмыстық түзеу жүйесі органдардың өзара әрекет етуі;

-жазасын өтеп жүрген адамдарды оқытуды ұйымдастыру мақсатында, еңбек рыногында сұраныс бар кәсіптердің, мамандықтардың тізбелерін қылмыстық – түзеу жүйесі органдарға беру есебінен қамтамасыз етіледі.

  1. Қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту:

-жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ұйымдастыру және қызметтердің жекеменшік салаларын дамыту;

-дәстүрлі ұлттық кәсіпшіліктің, әсіресе, оңтүстік өңірлерде, ауылдық жерлерде және шағын қалалардағы тамақ шикізатын қайта өңдеуге арналған үйде істейтін және кәсіпшілік өндірістерінің жаңғыруына жәрдемдесу;

-жұмыссыздарға материалдық көмек беру жолымн олардың жеке ісін ұйымдастыруына жәрдемдесу;

-одан әрі өзін өзі жұмыспен қамту мақсатында жұмыссызды оқуға жіберу есебінен жүзеге асырылатын болады.

  1. Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру. Еңбек нарығындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін құру еңбек нарығындағы жұмыссыздардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолымен оларды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау арқылы жүргізілетін болады.
  2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетілдіру 2005 – 2007 жылдары қоғамдық жұмыстардың басым дамуына байланысты жол құрылысы мен оларды жөндеуге, ағаш отырғызуға, елді мекендер мен өңірлердің санитарлық – эпидемиологиялық жай күйін жақсартуға, өңірлердің инфрақұрылымын, көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған қоғамдық жұмыстарды кеңейту мен қайта бағдарлау және әлеуметтік қызметтер көрсету көзделеді.
  3. Жұмыспен қамтудың өңірлік проблемаларын шешуже жергілікті атқарушы органдардың рөлінен арттыру жөніндегі шаралар. Жергілікті атқарушы органдар:

-бос орындар туралы ақпарат жинау жөніндегі жұмысты жандандыру;

-халықты және жұмыс берушілерді еңбек нарығындағыахуал туралы хабарлау ету, буклеттер, жадынашылар, плокаттар тарату арқылы жұмыс іздеуге жәрдемдесу, сондай – ақ бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жариялау;

-жұмыс іздеуде қиындық көретін азаматтарға консультациялар беру;

-лайықты жұмыс таңдауға, оның ішінде бос орындар жәрмеңкелерін, жұмыс іздеу клубтарының қызметін ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарға жіберу жолымен жәрдемдесу;

-еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілеттілікті арттыру мақсатында жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға, біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға жіберу;

-еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұрыныс пен ұсыныс мониторингін жүргізу;

-жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жаңа жұмыс орындарын құру жолымен іске асыру, нысаналы топтарды қоса алғанда, еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудық сапасын жақсарту, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, және дамыту, қоғамдық жұмыстардың түрлерін кеңейту және қайта бағдарлау;

-жұмыс күшін аумақ аралық, оның ішінде халықаралық шарттарға сәйкес алмасуды дамыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

  1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек нарығы мәселелерінде еңбек делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен ықпалдастыру. Ол:

-жұмыспен қамту органдарының жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен және жұмысқа орналастыру жәрдемдесу саласындағы үкіметтік емес ұйымдарымен өзара іс - әрекеттерімен кеңейту;

-ұйым қызметкерлерімен өндірішілік оқыту, сондай – ақ босатылуға жататын қызметкерлерді, олардың еңбек рыногындағы бәсекелестік қабілеті мен кәсіптік ұтқырлығын арттырудың маңызды құралыретінде, ілгерілеп кәсіптік оқыту жүйесін дамыту;

-жұмыспен қамту мәселелерін жөніндегі органдар, білім беру органдары мен жұмыс берушілер конфедерациясыарасында білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру туралы келісім жасасу арқылы білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру жәрдемдесу мәселесі бойынша өзара әрекет ету жолымен жүзеге асырылады;

  1. Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу кезінде еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындар ашу. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім – шарттар жобасын қарау жолымен инвестициялық бағдарламаларды әзірлеген кезде еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу.
  2. Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Бұған:

-Жоғары оқу орнының шәкірті мен жұмыс берушінің арасында жұмысқа орналасуға шарт жасасу;

-Кәсіптік білім беру орындарын бітіргеннен кейін одан әрі жұмысқа орналастыру перспективасымен жұмыспен қамту органдары арқылы жоспар практикасын ұйымдастыру;

-Мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда жұмыс орнын беру ықпал ететін болады.

Білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі  орталықтағы сияқты өңірлік деңгейлерде  де жүзеге асырылатын болады.

Қазақстан Республикасының президнеті Н.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлемдегі бәсеке барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты жолдауында халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат құру керек дейді. Оның ойынша, нағыз пәрменді әлеуметтік саясат – ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты, болып келді және болып қала берді. Мемлекет қоғамның шын мәнінде осындай көмекке зәру мүшелеріне ғана қолдау көрсету жөніндегі толық жауапкершілікті өз мойнына алуға міндетті деп санайды елбасымыз. Сонымен қатар бізге республикамыздан тұрақты негізде жұмыс істей алатын жоғары білікті және кәсіпқой жұмысшыларды тартудың тетіктерін әзірлеу керек. Бұл ретте біз өзіміздің отандық жұмысшыларды тәрбиелеп, олардың біліктілігі мен кәсіпқойлығы арттыруды естен шығармауға тиімсіз. Осыған байланысты елбасымыз үкіметке халықты әлеуметтік қорғаудың жоғарыда аталған мәселелерін шешу үшін келесі талаптар қойды:

-Кәсіби – техникалық және жоғары білім беру мекемелері жүйесі арқылы білікті ұлттық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту және кәсіби жағынан даярлау жөніндегі бағдарлама әзірленсін. Бағдарламада кәсіби – техникалық білім беру жүйесіне қатысуы үшін ынталандыру және оның тетіктерін жасау арқылы Қазақстанда жұмыс істейтін ұлттық компаниялар мен жеке бизнестің әлеуеті іске қосылуы қажет;

-2007 жылы тұжырымдамысы барлық халықаралық стандарттарға, Халықаралық еңбек ұйымы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына сай келетін Еңбек кодексін қабылдау қажет./11.24б/

Н.Назарбаевтің айтуы бойынша мемлекет, бұрынғысынша, халықтың әлеуметтік жағынан  “әлжуаз” топтарына колдау көрсету  үшін қаражат аямайтын болады.

    Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай сайын Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан -2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жумыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізгі әлеуметтік мәселе ретінде атап көрсетілген. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстанда 2001 жылы орташа табыс деңгейі 34024 теңге болған және 2000 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өскен. 2001 жылдың соңында (желтоқсан айы) орташа табыс деңгейі 13 195 теңгеге жеткен, бұл 2000 жылдың желтоқсан айындағы көрсеткіштен 15 % жоғары. 2000 ж. тұтыну шығындары орта есеппен 33 193 теңге болған екен. Бұл мәліметтер нені көрсетеді? Орташа табыс (2001 ж.) 34024 теңге болса, оның 33 193 теңгесі тұтынуға және басқа төлемдерге шығындалған, яғни сақталған табыс деңгейі 831 теңгені құраған.

Информация о работе Жұмыссыздық және жұмысбастылықтың теоретикалық негіздері