Инфляциялык таргеттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру,инфляциялық таргеттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание

І бөлім. Инфляциялық таргеттеу стратегиясының классификациясы
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері-----------------------------------------5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14
ІІ бөлім.
Қорытынды--------------------------------------------------------------------21
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------23

Вложенные файлы: 1 файл

Инфляция КУРС.doc

— 185.00 Кб (Скачать файл)

Таргеттеу (ағыл. targeting – бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта – бұл ортамерзімдік перспективада негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді бағытты басқару процесі.

Бүкіләлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары  ажыратылады, олардың ішінде: номиналды  табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын  таргеттеу (курстық таргеттеу), инфляцияны таргеттеу (6 суретті қараңыз). /22, 57б./

 

 

6 сурет. Таргеттеу стратегиясының классификациясы

 

Ең бірінші болып  инфляциялық таргеттеуді қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның Орталық  Банкі. Соңғы он жылдың ішінде инфляциялық таргеттеуді қолданған монетарлық саясатты енгізген елдердің саны күрт өсті. Олардың ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.), Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.), Испания (1994ж.). Біртіндеп инфляциялық таргеттеу элементтерін қолдануға келесі елдер келді: Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия.

Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне жақын болуы  монетарлық сасаттың жеңісі болып табылады. Қазақстанда да болжамды деректер жасалынып, олар нақты деректермен салыстырылып жүр (2-кестеден қараңыз). Инфляция деңгейі көрсеткішінің қажеттілігі тек ақша нарығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар экономиканың бүкіл жағдайын көрсететіні екендігі тек ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. /22, 57б./

Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері:

  1. ортамерзімдік көрсеткіштерді жария ету;
  2. ақша-кредит саясатының негізі ретінде баға тұрақтылығының институционалды келісімі;
  3. ортамерзімдік бағдар алудағы тәуелсіздік;
  4. ақша-кредит саясатының жоғары транспаренттілігі;
  5. қадағалау органдарының жоғарғы жауапкершілігі.

Ұлттық Банктің инфляциялық  таргеттеуге көшуінің қажеттілігінің терең түсіндіру үшін 4 бөлімнен тұратын инфляциялық таргеттеудің негізін көрсетуге болады:

  1. күшті жақтары (strenght);
  2. әлсіз жақтары (weakness);
  3. мүмкіншіліктер (opportuinies);
  4. қатерлер (threans);

 

Күшті жақтары.

Соңғы жылдардың қорытындылары  бойынша Қазақстан бұрынғы Кеңес  Одағы республикалырының арасында көшбасшылық позиция тұр (экономикалық қарқынды даму, инфляция деңгейінің тұрақты болуы, ұлттық валютаның тұрақтылығы, бюджет дифицитінің аздығы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, Қазақстанға инвестициялық рейтингтің берілуі). Елдегі саясаттың тұрақтылығы да жаңа ақша бағыттарына көшуде басты рөлдерді алады. /22, 58б./

2004 жылдан бастап қаржы нарығындағы бақылаушы және тұрақтандандырушы функцияларды Қазақстан Республикасының бақылаушы және тұрақтандандырушы Агенттігі атқарады. Қаржы нарығындағы бақылаушы және реттеуші функцияларының бөлінуі Ұлттық Банктің ерекше статусын белгіледі. Бүкіл ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық банкке қатысты функциялары бар бірғана банк.

Ұлттық Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит құралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.

Елдегі инфляция процесстерін және ликвид деңгейлерін қазіргі  таңда аса маңызды және оптималды  құралдарының бірі ақша нарығындағы  айырбастау ставкалары арқылы реттейді. Инфляция қызуын төмендету үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаң тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру ставкаларын көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайта қаржыландару ставкасы жылдық инфляция деңгейінен сәл жоғары болу керек.

Ақша-кредит құралын қолдану деңгеінде де, Ұлттық Банктің дербестігі инфляциялық таргеттеуді енгізудің ең бірінші талабы болып табылады. Бірақ Ұлттық Банк дербес болса да, өз құралдарын фискалдық бағытта, яғни бюджет дефицитінің (сеньораж) эмиссиялық қаржыландыруында мүмкіншіліктері шектеулі. 1998 жылдан бастап Ұлттық Банктің бюджетті қаржыландыруы тоқтатылды және заң жүзінде бекітілді : «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы». /22, 59б./

Соңғы жылдары теңге  енгізілгені кезден бастап алғаш  рет ұлттық валютамыздың АҚШ долларына шаққанда тұрақтандырылғаны байқалды және ол Қазақстанның бүкіл қаржы секторында көрініс тапты. Ұлттық валютаның ревальвациясы коммерциялық банктердің депозит базасының деңгейінің өсуіне әсер етті. Сақталып отырған теңгенің тұрақтылығы болашақта Қазақстан экономикасын дедолларизацияға әкелуі мүмкін. Қаржы сегментіндегі жайлы жағдайдың сақталып отыруы пайыз ставкаларының процесін құрудағы маңызды рөлін атқарып төмендеуіне себепші болады.

Әлсіз жақтары. Қазақстанның шикізатқа бағытталған экономикасы, экспортқа шығарылатын көлемі мен дүниежүзілік шикізат ресурстарының бағасына тәуелділігі төлем балансымен ұлттық валютаға әсерін тигізеді.

Қазақстанның қаржы  секторы реалды секторға қарағанда  жоғарғы деңгейде даму үстінде. Депозиттік базаның және несиелік экономиканың кеңеюіне қарамастан, реалды секторды қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі, оның кейінгі экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа қаржы көздерін іздеуге тура келеді.

Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі монетарлық құралдардың әсері қаржы-несие сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға әсерін тигізе алатындағын көрсетеді. Экономикадағы «долларизация» деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие саясатына және Қазақстан экономикасына асау жеріне кері әсерін тигізеді.

Ұлттық Банктің бағалы қағаздар портфелі көлемінің жетіспеушілігі – ашық рынокта кең көлемде  операциялар жасауға кедергі  келтіреді. Міне осы операциялар  инфляциялық таргеттеуге жоғары талаптар қояды.

Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы және Қазақстан экономикасындағы диверсификация процесінің жылдамдығы – экономикалық әр жақтылығы. /22, 60б./Бұл өз кезегінде экономиканың дүниежүзілік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге түсе алатын елдің индустриалды комплексін құру туралы айтылған.  

Инфляция инфляциялық  таргеттеу кезінде маңызды рөлді  атқарады. Сонымен қатар, ауыспалы ұсыныс пен сұраныс, ақша агрегаттары, пайыздық ставкалар, валюталық бағам, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, инфляция және баға мен инфляциялық тосу бірге қолданылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк трансмиссиондық модель дайындап, ақша-кредит саясатының экономикаға әсерін бақылап, «базалық инфляцияның» индексі саналуда.

Бүкіл әлемдік мұнайға  деген баға тербелісі Қазақстан  экономикасына кері әсерін тигізу қаупі  тұр, себебі айырбастау курсы тұрақты  болмай мұнай шығару экспортының  көлемінің ұлғаюына байланысты ұлттық валютамыздың курсының ревальвациясына, ол өз кезегінде «Голланд ауруының» симптомдарына әкелуі мүмкін. Көрші елдердегі экономикалық тұрақсыздық та біздің елдің экономикасына зардабын тигізу қаупі бар.

Отандық қаржы нарығының сиымдылығының  жеткіліксіздігі оған шетел капиталын  толық жұтуға мүмкіншілік бермейді. Қысқа мерзімді спекулятивті капиталдың келуі экономиканың күйреуіне, сонымен қатар, елде экономикалық кризиске қақтығысу қаупі болуы мүмкін.

Сонымен қорыта келе, инфляциялық  таргеттеу принциптеріне көшу процесі, көптеген элементтердің институционалдық негізі инфляцияның бағыт көрсеткішінің Қазақстанда жұмыс жасауымен және осы режимді орнықтыруға барлық жағдайлар жасалғанымен жеңілдетіледі. Бірақ, тек қана практика жүзінде ғана қорытындыға келіп, осы режимнің ақша-кредит саясатындағы орнын анықтауға болады

 

1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары

 

Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.

        Баяу немесе жылжымалы инфляцияда  бағаның өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға қауіп туғызбайды.

Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке         ( Кэган бойынша айына 50% ) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.

Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. /14, 105б./

Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды;  және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын  нарықтық шаруашылық жағдайында пайда  болатын белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді. /14, 106б./

Нарықтық экономиканың механизмі  — бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың  банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сүранымның темендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, нарықта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.

Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.

«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген. /2, 98б./

Жоғарыда келтірілген  себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.              

 

 Шығындар инфляциясы  график түрінде  2 - суретте көрсетілген:   

Информация о работе Инфляциялык таргеттеу