Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 16:31, реферат
Осы рефераттың негізгі мақсаты – кеден ісінің, кеден заңнамаларының жеткен деңгейі және оның құрылымы мен мазмұны жайында, кеден ісін құқықтық реттеу сұрақтарымен қызығатын тұлғалардың барлығына түсінік беру.
Қойылған мақсатқа жету, келесі мәселелерді шешуді талап етеді:
- Кеден ісі жүйесінің қазіргі жағдайын көрсету;
- Кеден ісі жүйесінің мәнін, мазмұнын және принциптерін қарастыру;
- Кеден ісі жүйесінің құрылымы мен құрылысын талдау;
- Ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарын іске асыру;
Кіріспе
Кеден органдарының басқарылуы...............................................................5
Кеден органдарындағы басқарудың негіздері............................................6
Басқарудың технологиялық аспектілері.....................................................7
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың негізгі принциптері.....................................8
ТМД-на және Кедендік одаққа қатысушы елдердің кедендік бақылауын ұйымдастыру ерекшеліктері......................................................................10
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Менің мәнжазбам кіріспеден және «Кеден органдарының басқарылуы», «Кеден органдарындағы басқарудың негіздері», «Басқарудың технологиялық аспектілері», «Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді ұйымдастырудың негізгі принциптері», «ТМД-на және Кедендік одаққа қатысушы елдердің кедендік бақылауын ұйымдастыру ерекшеліктері» тарауларынан және қорытындыдан тұрады.
Осы рефераттың негізгі мақсаты – кеден ісінің, кеден заңнамаларының жеткен деңгейі және оның құрылымы мен мазмұны жайында, кеден ісін құқықтық реттеу сұрақтарымен қызығатын тұлғалардың барлығына түсінік беру.
Қойылған мақсатқа жету, келесі мәселелерді шешуді талап етеді:
- Кеден ісі жүйесінің қазіргі жағдайын көрсету;
- Кеден ісі жүйесінің мәнін, мазмұнын және принциптерін қарастыру;
- Кеден ісі жүйесінің құрылымы мен құрылысын талдау;
- Ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарын іске асыру;
- Кеден және кеден
бекеттерін осы замаңғы
ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы 16 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз, әрі экономикасы өтпелі, демократиялық мемлекет екенін танытты. Өзінің толық тұрақты дамуы үшін Қазақстан бір жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.
Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қолдануына алып келді. Осындай бағыттардың бірі – кеден жүйесі. Кеден саласын ғылыми негіздеу үшін Қазақстандық қана емес, сондай-ақ бұрыңғы одақтың және халықаралық кеден заңдарынң негізінде қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуінің орны мен рөлін, ерекшелігін анықтау өте маңызды.
Кеден саласын монополиялық мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы, кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдарының, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесінің қалыптасуына алып келеді.
Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден аумағында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады.
Кеден ісін жалпы түрде алғанда: мемлекеттің кеден саясатынан, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі мен жағдайынан, кедендік төлемдерді алудан, кедендік ресімдеуден, баылаудан тұратынын айтқан жөн.
Қазақстан Республикасының кеден қызметін реттейтін нұсқаулар, жаңа заңнамалар өңделген және әрекетке енгізілген. Кедендік инфрақұрылым құрылып, жұмыс істеуін бастады. Тауарлар мен көлік құралдарын тіркеу және өткізу пунктерін, кедендік бақылау аймақтарын орнықтыру жұмысы басталды және әр күн сайын жұмыс қарқындап жатыр.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі болып кеден ісі бойынша жазылған еңбектер, кеден ісі проблемалары және оның қоғамдағы, экономикалық рөлі туралы жазылған ғалымдардың еңбектеріне, кеден кодексына негізделген.
Заңдық түсініктер (категориялар) заңдық құбылыстың ашатын қысқа анықтаулар екені белгілі. Кеден органы түсінігін, оның іс - әрекетінің құқықтық негіздерін және мемлекеттік биліктің атқарушы органдары жүйесіндегі орнын анықтауды еліміздің Конститутциясында белгілінген атқарушы биліктің іс - әрекетінің құқықтық негіздеріне сүйене отырып зерделеуге болады. Конституция мәтінінде кеден органдары нақты аталмаған. Дегенмен, Конститутцияда бүкіл мемлекеттік механизмнің құрылымының, іс - әрекетінің негізгі параметірлері белгіленген және Қазақстанның жеке тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің құқықтық реттелуінің негізгі базалық, іргетас идеялары мен қағидалары айқындалған.
Қазіргі жалпы әлемдік ғаламдасу процесі жүріп жатқан кезде мемлекеттік басқару жүйесіндегі кеден органдарының маңызы мен мәні артып, оған жүктелетін қызметтің де түрі мен бағыты үнемі өзгеруде, түптеп келгенде, «кеден органы» түсінігінің өзі жаңаша мәнге иеболуда. Жалпы «кеден органы» түсінігін айқындағанда оның белгілі бір мемлекеттік басқару жүйесіндегі орны және нақты тарихы кезендегі атқарып отырған қызмет аумағын, функцияын да есепке алу керек. Себебі, Әрбір тарихи кезеңде «кеден органы» түсінігіне кіретін мемлекеттік мекемеге жүктелетін міндеттер (кез келген мемлекеттік органның нақты бір міндеттерді атқару үшін құрылатыны белгілі), оның құзіреті, құрылымы, іс - әрекетінің әдістері мен түрлері, т.б. параметірлері үнемі тарихи өзгерісте болатыны мәлім. Бұл, әсіресе, мемлекеттің құрылу, қалыптасу дәуіріне тән.
Әрбір басқару органының мемлекеттік механизімі құрамында белгілі бір саланы басқаруда туындайтын қажеттілікке байланысты құрылатыны белгілі. Кеден органын құрудағы басты мақсат мемлекеттің кедендік егемендігін қорғау, мемлекеттік дербес кеден саясатын жүргізу десек, «кеден егенмендік» ұғымы аясына кең ауқымды міндеттер мен мақсаттар енетінін байқауға болады. Жалпы, егемендік (суверенитет – француздың souverainete сөзінен – жоғарғы билік деген ұғымды білдіреді) мемлекеттік биліктің халқаралық қатынас саласындағы тәуелсіздігін, сондай – ақ ел ішіндегі өзгеде биліктерден тәуелсіздігін, әрі үстемдігін білдіреді десек, кеден органдары мемлекеттік басқару механизімінің бір бөлігі ретінде өзіне белгіленген құзіреттілік аумағында монополистік үстемдік жүргізеді.
Кеден органдары түсінігін анықтағанда оны мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, басқа мемлекеттік басқару органдарына берілетін жалпы өкілеттіктер кеден органдарына да қатысты екенін байқауға болады. 2000 жылдың 27 қарашасында жарық көрген «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 – бабында:
Мемлекеттік орган деп Конституция, заңдар, басқада нормативтік – құқықтық актілер бойынша мемлекеттің атынан төмендегі функйияларды атқаруға;
- баршаға бірдей міндетті
жүріс – тұрыс тәртібін
- әлеуметтік мәні бар
қоғамдық қатынастарды
- мемлекет орнатқан баршаға
бірдей міндетті жүріс – тұрыс
тәртібінің сақталуын
- өкілеттік алған мемлекеттік мекемені түсінеміз, - деп атап көрсетілген.
Кеден органдарын құрудағы негізгі мақсаттардың бірі мемлекеттің тәуелсіз кеден саясатының мақсаттары:
- Қазақстан нарығын қорғау;
- Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларын қорғау;
- Экономиканың дамуын ынталандыру;
- Экономикада құрылымдық
қайта құру жүргізуге
- Бәсекені ынталандыру және монополимге қарсы әрекет ету;
- Экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
- Сауда саясаты міндеттерін шешу; деп көрсетілген.
Бұл мақсаттар мемлекеттің кеден саясатына жатады. Кеден саясаты – мемлекеттің саясатының маңызды буыны. Ол заңдар, басқада құқықтық – нормативтік актілер, ұйымдастыру шаралары арқылы жүзеге асырылады. Демек, мемлекеттің кеден саясатының іске асырылу жолдарын, бағыт – бағдарына: Президент, Поарламент, Үкімет, т.б. басқару органдары анықтайды.
Кеден саясаты тек кеден органдары арқылы атқарылмайды. Айталық, жоғарыда кеден саясатының құрамдас бөлігі ретінде аталып өтілген шетел инвестициясын тарту мәселесі кеден огандары қызметі аумағынан шығып кетеді және ол атқарушы және заң шығарушы биліктің ауқымды және үйлесімді жұмыстарын қажет етеді. Сонымен мемлекеттің кеден саясатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы экономикалық және саяси жағдайынан туындап, өзгеріп, дап отыратын күрделі, кешенді түсінік деуге болады.
Белгілі бір кезеңдегі кеден саясатының негізгі параметірлерін ішкі экономикалық субъектілердің потанциалдық іс - әрекеті мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, елдің жалпы экономикалықкеңістігіндегі құбылыстарды өзара үйлестіре отырып үкімет белгілейді. Ал кеден саясатының заңи негіздері Парламенттің немесе Президенттің нормативтік актілері арқылы жасалады, сондай – ақ ағымдағы іс әрекетте үкіметтің қаулылары, ережелері, т.б. арқылы жүзеге асырылып отырады.
Дегенмен, мемлекеттің кеден саясатының ең негізгі атқарушы құралы ретінде іс - әрекет жасайтын кеден органдарының нақты іс - әрекет аумағы мен міндеттері де үлкен – ол елдің экономикалық мүдделерін, кедендік шекарасын қорғайды; тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысына кедендік бақылау жасайды, келісім – шарт жасасқан тараптардың кедендік аумақтары шеңберінде экспорт және импорт операцияларына, валюта қозғалысына кедендік бақылау жасайды.; елдің заңдары белгіленген мөлшерде кедендік баждар, төлемдер мен алымдар алып отырады; мемлекеттің кеден заңдарын бұзған заңдық және жеке тұлғаларды жауапкершілігінің шегін белгілейді, т.б. Осы міндеттердің бәрін атқару үшін арнайы мемлекеттік орган – кеден құрылып, ол мемлекеттің механизмінің құрылымдық элементтерінің бірі ретінде биліктік және мәжбүрлеушілік өкілеттілікке ие болады.
3. Басқарудың технологиялық аспектілері
Персоналды басқару жүйесінің мазмұнды аспектісі, персоналды басқару функциясын, оның ұйым шеңберінде қызмет ету мақсаттары мен міндеттерін ерекшелендіруге негізделе отырып, кадрлар саласындағы жұмыстарға – іріктеу, пайдалану, біліктілігін арттыру, еңбегін төлеу және т.б. – қатысты міндеттер мен шешімдердің барлығын қамтиды. Бұл тұрғыдан TQM-ге бағытталған персоналды басқару, персоналды басқару және сапа менеджментінің бірлігін нақты қамтамасыз ету үшін, қандай іс-әрекеттер, жеке (жалпы ұйымға қатысты) процестер жүзеге асырылуы керек екендігін көрсетуі керек.
Персоналды басқарудың технологиялық процессуалды аспектісін қарастыра отырып, акцент ұйымның өз қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне, процедураларына, бағдарламаларына ауысады. Оның мақсаты TQM концепциясының қағидаларын жүзеге асыру үшін қызметкерлердің потенциалын барынша пайдалану. Яғни, персоналдың сапалық және сандық сипаттарын сапаны басқарудың жалпыға ортақ талаптарына сәйкестендіру үшін персоналмен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін нақты әдістерді, ұйымдастырушылық іс-шараларды анықтау және пайдалануға акцент жасалады. Персоналды басқару жүйесінің аталған құрамдас бөліктерінің барлығы бойынша трансформациялау мәселелерін қарастыруға көшуден бұрын, бұл жүйе құрылымын бөліп көрсетудің тағы бір аспектісін атап өтейік – жүйені құру, қызмет етуі және дамыту процестері тұрғысынан. Персоналды басқару жүйесінің TQM концепциясына қажетті деңгейде сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін, ол, бұл аспектіде, «тұрақты түрде жақсарту» қағидасына толық сәйкес болуы керек. Бұл ретте мыналар маңызды болып табылады:
- қолда бар персоналды
басқару жүйелерін ұйым
- персоналды басқару қызметінің
қызметкерлерін ұйымның
- ұйымның жоғары басшылығының
персоналды басқару жүйесін
- персоналды басқару қызметінің
жұмысын ұйым жұмысының
Персоналды басқару жүйесінің аталған құрамдас бөліктерінің барлығы бойынша трансформациялау мәселелерін қарастыруға көшуден бұрын, бұл жүйе құрылымын бөліп көрсетудің тағы бір аспектісін атап өтейік – жүйені құру, қызмет етуі және дамыту процестері тұрғысынан. Персоналды басқару жүйесінің TQM концепциясына қажетті деңгейде сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін, ол, бұл аспектіде, «тұрақты түрде жақсарту» қағидасына толық сәйкес болуы керек. Бұл ретте мыналар маңызды болып табылады: