Контрольная работа по "Экономике"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 06:30, контрольная работа

Краткое описание

1. Ауыз қуысы, cavitas oris, 2 бөлімге бөлінеді: ауыз алды және нағыз ауыз қуысы. Ауыз алды деп сыртынан еріндер мен жақтар арасындағы, іш жағынан тістер мен қызыл иектер арасындағы кеңістікті айтады. Ауыз тесігі, rima oris, арқылы ауыз алды сыртқа ашылады.

Вложенные файлы: 1 файл

шпор анатомия рк2.docx

— 54.43 Кб (Скачать файл)

2 Қалқаншакөмей қақпашығы  б\е : көмейдің кіретін тесігін  кеңейтіп ашу.

 Дауыс саңылауын тарылтатын б\е:

1Латеральді жүзікожаутәрізді б\е: бұлшықеттік өсіндіні алға ж\е төм тартып, дауыстық өсіндіні ішке қарай бұрып, дауыс саңылауын тарылтады.

2Қалқаншаожаутәрізді б\е: жиырылған кезде ожаутәрізді шем\ң бұлш\еттік өсіндісі алға қарай жылжып, дауыстық өсінділері бір біріне жақындап, дауыс саңылауының жарғақтық бөлігі тарылады.

3Көлденең ожаутәрізді б\е тақ б\е:дауыс саңылауының шеміршектік бөлігін тарылту.

4Қиғаш ожаутәрізді б\е: дауыс саңылауын тарылтып, көмей кірісін тарылтып, көмей қақпашығын төм тартыады.

Дауыс байламын керетін б\е:

1Жүзікқалқанша  б\е: жиырылған кезде қалқанша шем\ті алға қарай тартып, дауыс байламын керіп, ожаутәрізді шем\тің дауыстық өсіндісі мен қалқанша шем\ң аралығын алшақтатады.

2Дауыс б\е н\е  ішкі қалқаншаожаутәрізді б\е: дауыс байламын керу  

Көмей қуысы cavum laringis, көмей кірісі тесігінен басталады. Көмей қуысының сыртқы пішіні құмсағатқа ұқсас, жоғ кіреберіс бөліктен, ортаңғы бөліктен, дауысасты қуысынан тұрады.

Көмейдің ішкі құрылысы tunica mucosa жұқа түсі қызғылт,дауыстық қатпардың тұсында ақшылдау болып орн. Шырышты без\р мен лимфа түйіндеріне бай.

 

14. Кеңірдек, trachea, іші қуыс ауаны өкпеге өткізіп, ұзынд 9-11см, көлдеңені 15-18мм түтік тәрізді мүше. Көмейдің жалғасы, 6 мойын омыртқаның төм жиегінен басталп, 4 кеуде омыртқаның тұсында айырылып, оң ж\е сол басты бронхтарға бөлінеді.

Кеңірдектің топографиясына байл мойындық, кеуделік бөліктерге бөлінеді.

Мойындық бөлігінің pars cervicalis, алд беті қалқанша безбен, тіласты сүйегімен шектелген б\еттермен шектелген, бүйір беті жалпы ұйқы артериямен, ішкі мойындырық венамен, кезбе нервпен, артқы беті өңешпен шектелген. 

Кеуделік бөлігі pars thoracica алд беті қолқа доғасымен,айырша безбен, артқы беті өңештің кеуделік бөлігімен, бүйір қапталы оң ж\е сол көкірекаралық өкпеқаппен шектеледі.

Кеңірдектің құрылысы

Қабырғасы талшықты дәнекер  тінді сақиналы байламдар арқ  өзара байл\қан 16-20дай жарт сақиналы шем\терден тұрады. Кеңірдек шем\ренің  артқы беті жалпақтау келген жарғақтар  арқ байланысқан. Кеңірдек жарғағының терең қабаты дәнекер тіннен ж\е  бойлық ж\е көлденең орналасқан бірыңғай салалы б\ет талшығынан тұр. Кең\тің  ішкі беті шырышты қабық шырышты  бездер мен лимфа түйіндеріне  өте бай, кірпікшелі эпителиймен  қапталғ. Сыртқы беті дәнекер тінмен көмкерілген.

 

15. Өкпе(pulmones).Оң өкпе сол өкпеге қарағанда көлемді,әрі біршама қысқа.Әрбір өкпе,pulmo, конус пішінді, оның төмен қараған негізі, basis pulmonis, және дөңгелектенген ұшы, apex pulmonis, деп аталады. өкпенің 3 бетін ажыратады: төменгі беті,facies diaphragmatica, кең қабырғалық беті, facies costalis, медиальді беті, facies medialis. Ол көкірекаралыққа жанасатын алдыңғы бөлікке, pars mediastinalis, және омыртқа бағанасы жанасатын артқы бөлікке, pars vertebralis, бөлінеді. Беттер жиектермен бөлінген: негіздің төменгі үшкір жиегі, margo inferior, ал facies medialis пен costalisті бөлетін жиек, margo anterior. Әрбір өкпенің медиальды бетінде өкпе қақпасы, hilum pulmonis, орналасады.Ол арқылы бронхтар мен өкпе артериясы өкпеге енеді, ал екі өкпе венасы және лимфа тамырлары өкпеден шығады, бәрі қосылып өкпе түбірін, radix pulmonis құрайды. Әрбір өкпе үлестерге, lobi, бөлінген. Оң өкпеде 3 үлес болады: lobi superior, medius et inferior. Сол өкпеде 2 үлесті ажыратады: lobi superior et inferior. Бронх ағашы. Қызметі: ауа өткізу. 1)басты бронх; 2) үлес бронх; 3) сегмент бронх; 4) үлесше бронх; 5) терминальды бронх. Альвеола ағашы. Қызметі: газалмасу. 1)респираторлы бронхтар; 2)альвеола жолдары; 3)альвеолалы қапшықтар. Өкпенің қызметі:газ алмасу(қанды оттегімен байытып, одан көмірқышқыл газын бөліп әкету). Өкпені физиологиялық рөлі газ алмасумен шектелмейді. Оның күрделі анатомиялық құрылысына қызметтерінің көптігі сәйкес келеді. Тынысалу кезіндегі бронхтар қабырғасының белсенділігі, секрет бөліп шығару қызметі зат алмасуға қатысу(су, липидті және хлорлы байланысты реттейтін, тұз алмасу), бұның организмдегі қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтауда маңызы бар.

 

16. Өкпеқап. Өкпенің сыртқы бетін жауып орналасқан тұйық сірлі қабық pleura.

Топографиялық орн-на қарай: қабырғалық н/е париетальді pleura parietalis, мүшелік н/е висцеральді pleura visceralis. Висцеральді өкпеқап өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып орн-тан өкпелік өкпеқап pleura pulmonalis деп те аталады.

Өкпенің төменгі жиектерінде  құйғыштәрізді өсінділерді құрап, өкпе қақпасының төменгі қапталының тұсында бүктеліп, вертикальді бағытта  көкетке өтіп, өкпелік байламды, lig.pulmonalis құрап, париетальді өкпеқапқа pleura parietalis жалғасады.

Париетальді өкпеқап, pleura өкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасы болып саналады.Сыртқы беті тұйық ішкі кеуделік шандырмен fascia endothoratica,  тығыз байланысып, өкпеқап қуысына қараған беті сірлі сұйықтықты бөлетін мезотелий жасушаларымен көмкерілген.

3 бөлімге бөлінеді:

Pars costalis- қабырғалық өкпеқаптың ең ауқымды бөлімі, ішкі жағынан қабырғалар мен қабырғааралық кеңістікті жабады.Оның астында,онымен кеуде қабырғасының арасында жұқа фиброзды қабық,fascia endothoratica,жатады, ол  әсіресе өкпеқап күмбезі аймағында күшті дамыған.

Pars diaphragmatica-көкетке тікелей жүрекқап жанасып жататын ортаңғы бөлігін қоспағанда көкеттің жоғарғы бетін жауып жатады.

Pars mediastinalis- алдыңғы-артқы бағытта орн-н, төстің артқы беті мен омыртқа бағанасының бүйір бетінен өкпенің түбіріне келіп,көкірекаралық ағзалардан латеральді шектейді.Артқы жағында омыртқа бағанасында және алдында төсте көкірекаралық өкпеқап тікелей-қабырғалық өкпеқапқа,жүрекқап негізінде-көкеттік өкпеқапқа,ал өкпе түбірінде висцеральды қабыққа ауысады.

Шекарасы: Өкпеқаптың алдыңғы жиегі оң және сол жағында бірдей, өкпенің ұшынан apex pulmones, төмен медиальді бағытта өтіп, төс- бұғана буынының articulation sternoclavicularis, артқы бетіне өтеді.Одан әрі параллель бағытта II– қабырғадан IV қабырғаға дейін параллель төмен өтеді.

  • Oң өкпенің алдыңғы жиегі, төс-бұғана буынының артқы бетінің тұсынан, алдыңғы орталық сызықтың linea mediana anterior, оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді. Одан әрі, төмен бағытта қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндісінен , processus xiphoideus төмен оң жаққа өтіп, оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады.
  • Сол өкпеқаптың алдыңғы жиегі, оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі сияқты, төс-бұғана буынның артқы қапталының тұсынан төмен, төс сүйегінің сол қырының бойымен IV-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол IV- қабырғаның тұсында, жүректік тілікті, incisura cardiaca, (pulmonis sinistri)құрап, төмен бағытта өтіп, қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпеқаптың төменгі жиегіне ұласады.

Төменгі жиегі, қабырғалық өкпеқаптың көкеттік өкпеқапқа жалғасқан жиегі немесе қыры болып саналады.

  • Оң өкпеқаптың т.ж., алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы.Төмен латеральді өтіп, емшектік сызықта,linea mamillaris,VII- қабырғаны, ортаңғы қолтық сызықтың,linea axillaris mediana, IX-қабырғаны кесіп өтіп,одан әрі горизонтальді бағытта X және XI-қабырғаны кесіп өтіп, XII-қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.
  • Сол өкпеқаптың т.ж., оң өкпеқаптың т.ж-не қарағанда,жоғарыда көрсетілген сызық б-ша бір қабырға төмен орналасып, оң XII-қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

Артқы жиегі қабырғалық өкпеқаптың көкірек-аралық өкпеқапқа ауысу сызығына сәйкес тұрақты болады, ол омыртқа бағанасы бойымен созылып, XII қабырғалардың бастарында аяқталады.

Өкпеқап қуысы. Өкпеқаптың париетальды және висцеральды бөліктерінің аралығындағы саңылау өкпеқап қуысы cavum pleuralis д.а.Өкпеқап қуысының аралығында 1-2 мл сірлі сұйықтық бар.Ол үйкелісті жеңілдету қызметін атқарады.

Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі кеуде қуысынан жоғары, мойын аймағына өтіп,өкпенің ұшымен беттесіп, өкпеқап  күмбезін cupula pleurae,құрайды.Алдынан қарағанда 1-қабырғадан 3-4 см жоғары орн-сып,арқа жағынан VII-мойын омыртқаның қылқанды өсіндісіне сәйкес келеді.Өкпеқап күмбезінің алдыңғы беті, бұғана-асты артерия және венамен беттесіп, артқы беті иық өрімімен,plexus brachialis шектелген.

Өкпеқаптың қойнаулары. Өкпеқап синустары н/е қойнаулары,recessus pleuralis,деп париетальді және висцеральді өкпеқаптың аралығындағы қуыс. Екі өкпеқаптың төменгі бөлігінде,қабырғалық өкпеқап пен көкеттік өкпеқаптың түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы,recessus costodiaphragmaticus; Қабырға-көкірекаралық қойнау, recessus costomediastinalis,сол өкпенің алдыңғы жиегінің тілігінің,incisura cardiaca, бойында орн-н.

17. Көкірекаралық, mediastinum, екі өкпкқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы. Көкірекаралық, mediastinum, алдынан төспен, артынан омыртқа жотасының кеуде бөлігімен, бүйірінен оң және сол көкірекаралықпен шектеледі. Көкірекаралық жоғарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасына, төменде көкетке дейін жетеді.

Париж номенклатурасы бойынша көкірекаралықты шарты түрде жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.

Жоғарғы көкірекаралық, mediastinum superius, төс сабын IV және V кеуде омыртқаларымен қосатын шартты  көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталатын тамырлар, кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі,кеуде түтігінің сәйкес бқлігі, оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасады.

Шартты горизантальді  жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық, mediastinum inferius, орналасады.Ол өзі 3 бөлінеді: Алдыңғы-алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңға қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары, төс маңындағы, алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады. Ортыңғы- жүрек және ірі қантамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап, басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкет-жүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латеральды жүрекқаптық лимфа түйіндері бар. Артқы- алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген. Онда: төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылайсыңар веналар,ішкі мүшелік нервтер, кезбе нерв, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері, артқы көкірекаралық, алдыңғы лимфа түйіндерінен тұрады.

Базель  номенклатурасы бойынша: Алдыңғы көкірекаралықта- жүрек және жүрекқап, жүрекке кіріп, шығатын ірі артерия мен вена қантамырлары, айырша без, көкет нерві, Артқы көкірекаралықта- өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түтігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, кезбе нерв, оң және сол симпатикалық сабау. Алдыңғы көкірекаралық пен артқы көкірекаралықтың межелік шекарасы фронтальды жазықтықтың бойында орналасқан өкпе түбірі,radix pulmonis,болып саналады

 

18. Бүйрек, ren, несеп жасап шығаратын ішастардың артында іш қуысының артқы қабырғасында жататын жұп экскреттік мүше. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауда сыртқа шығару мүшелері маңызды рөл атқарады. Сыртқа шығару мүшелері арқылы қажет  емес сулар, тұздар, улы заттар ағзадан  шығарылады. Бұл заттар ағзадан өкпе, ішек, бүйрек, тері арқылы шығарылады Бүйректер омыртқа жотасының бүйңр жақтарында соңғы арқа және екі жоғарғы бел омыртқа деңгейінде орналасады. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен орташа 1-1,5 см төмендеу жатады. Әр бүйректің массасы 120-150 г. Бүйрек тұтастай алғанда бүйрек тостағандары мен түбектің жоғарғы бөлігі орналасқан қуыстан, sinus renalis, қақпаларды қоспағанда синусқа барлық жағынан жанасатын меншікті бүйрек затынан құралатындығы көрінеді. Бүйректе қыртыс затын, cortex renis, милы затты medulla renis, ажыратады. Ми заты бүйрек пирамидалары, pyramides renalesдеп аталатын конус пішінді түзілістерден құралады. Пирамидалардың кең табандары мүшенің бет жағына, ал төбелері синус жаққа қарайды. Төбелері екеуден немесе одан көбіректен бүртіктер papillae renales деп аталатын дөңгелектенген қыраттарға бірігеді. Барлық бүртіктер саны орташа алғанда 12-ге жуық. Әр бүртікте ұсақ тесіктер, foramina papillaria бар. Қыртыс заты пирамидалар арасынан өтіп, оларды оларды бір-бірінен бөледі: олар columnae renales деп аталады. Бүйрек күрделі экскреттік мүше болып табылады. Онда бүйрек өзекшелері,  tubuli renales, деп аталатын түтікшелер болады. Бұл түтікшелердің тұйық ұштары қосқабырғалы капсула түрінде қан капиллярлары шумақтарын қамтиды. Әрбір шумақ, giomerulus, терең тостағанша тәрізді капсулада, capsula glomeruli, жатады, несеп өзекшесінің басы болып табылады. Glomerulus оны қаусыратын капсуламен бірге бүйрек денешігін corpusculum renis құрайды. Бүйрек денешіктері қыртыс затының pars convolute-сында орналасқан иілген өзекше – tubulus renalis contortus шығады. Содан кейін өзекше пирамидаға түсіп, ол жерде нефрон тұзағын жасай кері бұрылып, қыртыс затына қайта келеді. Бүйрек өзекшесінің ақырғы бөлігі – жинағыш түтікше бірнеше өзекшелерді қабылдап, қыртыс затының pars radiate-сы мен пирамида арқылы тура бағытпен  tubulus renales rectus жүретін жинаушы түтікшеге құяды. Тік түтікшелер бірте-бірте бір-бірімен қосылып 15-20 қысқа өзектер, ductus papillares түрінде cribrosa аймағында бүртік төбесінде foramina papillarіа ашылады. Бүйрек денешігі мен оған жататын өзекшелер бүйректің құрылымдық-функциональдық бірлігін – нефронды құрайды. Нефронда несеп түзіледі.

 

19. Несепқуық-vesica urinaria-дара қуыс мүше, несептің жиналатын орын. Ересек адамдарда несепқуықтың орташа сиымдылығы 500-700мл-дей.

Несепқуығы толғанда оның жоғарғы бөлігі пішіні мен көлемін  өзгертіп, қасағадан жоғары көтеріліп,қатты  созылған жағдайда кіндікке дейін жетеді. Несепқуық несеппен толған кезде  жұмыртқа пішінді және оның төменгі, кең бекіген бөлігі-түбі,fundus vesicae,төмен және артқа, тік ішек немесе қынап бағытына қарайды; ол мойын, cervix vesicae, түрінде тарылып, несеп шығаратын өзек жолына ауысады, алдыңғы жоғарғы жағындағы үшкір ұшы, apex vesicae, іштің алдыңғы қабырғасының төменгі жағына жанасып жатады.

Ұшы мен түбі арасында жатқан ортаңғы бөлігі денесі,corpus vesicae, деп аталады.

Несепқуық қабырғалары: шырышты, шырышасты негізі, бұлшықетік, дәнекер тінді немесе сірлі.

Шырышты қабығының ішкі беті қызыл-сұрғылт түсті, шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады. Шырышасты негізі- несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады. Б/еттік қабығы-бірыңғай салалы үш қабаттан тұрады:сыртқы,ішкі-бойлық;ортаңғы-циркулярлы.

Бос күйінде несепқуық  ішастарға байланысты-ретропериотениалді орналасады, ал толған күйінде несепқуық мезопериотениалді орналасады.

Несепағар-ureter - жұп мүше,ол бүйрек түбегінің тарылған жерінен несеқуыққа дейінгі аралықта орналасқан. Ұз-ғы:30-35см, ені:4-8 мм. Несепағардың 3 тарылуы бар:1)Бүйрек түбегінен несепағардың басталған жерінде;2) Несепа-ң іштік бөлігінің жамбас-астау бөлігіне өткен жерінде;3) несепағардың несепқуыққа ашылған жерінде;

Топографиясы:3 бөлікке бөлінеді: іштік,жамбас астау, қабырғаішкі.

1).Іштік бөлік: pars a+bdominalis – белдің үлкен бұлшықеттерінің m.psoas major алдында орналасқан.оң несепағардың проксималді бөлігі он екі елі ішкетің төмендеген бөлігінің pars descendens duodeni артында. Сол несепағар он екі елі- аш ішек иілімінің flexura duadeno-jejnalis артында орналасқан.Алдынан аталық без артериясы мен венасы және париеталді ішастар орналасқан.

2)Жамбас астау  бөлігі:Кіші жамбас астауда әрбір неспағар ішкі мықын артерияларының алдынан және жапқыш артерия мен венадан медиалді орналасқан.Несепағардың жамбас астау бөлігіндегі қуыс тарылған.Әйелдерде:аналық бездің артынан,жатыр мойнын бүйір жағынан орап,қынаптың алдыңғы қабырғасы мен несепқуықтың аралығында орналасады.

Ерлерде:шәует шығаратын  түтіктің сыртында орналасып,оны қиып, шәует қуықшасының жоғарғы жиегінен кішкене төмен,несепқуыққа ашылады.  

3)Қабырғаішкі бөлік: жамбас астау бөлігінің соңғы бөлімі несепқуық қабырғасына 1,5-2см қиғаш бағытта өткен жері.

Қабырғалары 3 қабықтан тұрады:шырышты қабық шыhышты бездерге өте бай,бойлық қатпар құрайды. Бұлшықеттік қабық: жоғарғы бөлік 2 қабаттан – сыртқы бойлық,ішкі циркулярлық. Төменгі бөлігі 3 қабаттан: сыртқы ж\е ішкі бойлық, ортаңғы циркулярлық.

Информация о работе Контрольная работа по "Экономике"