Негізгі және айнымалы капитал. Инвестиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2015 в 15:37, реферат

Краткое описание

Нарықтық қатынастарға көшкен кезде “капитал” сөзі жиі қолданады. Сонымен қатар капитал деп кез-келген ақшаны түсінеді. Рас, қандайда бір капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша соммасы түрінде бастайды. Алайда ақшаның және ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақша өз бетінше капитал бола алмайды. Егерде ақшаны құнды көбейту құралы ретінде қолданса, яғни алғашқы салынғанға қарағанда көп құн алу үшін болса, онда ақша капитал бола алады. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты- ақша иегерінің нарықта сондай тауарды табу мүмкіндігі болып, ол жаңа құнды жасауға қабілетті, одан да көп құнды жасайды. Сондай тауарға- жұмыс күші тауары жатады.

Вложенные файлы: 1 файл

1.docx

— 39.74 Кб (Скачать файл)

маржинализм (французша mагgіпаІ- шекті).яғні мәні барлық нәрсенің шегі бар. өкілдері - К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер.

кейнстік теория. Оның негізін қалаған ағылшын экономисі- Джон Мейнард Кейнс. Оның «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегі бар. Осы еңбегінде Дж.М.Кейнс экономиканы дағдарысты жағдайдан шығару үшін макроэкономикалық құралдарды, «тиімді сұраныс» қағидасын қолданып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.

Қызметтері 1)Танымдық – қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең әрі жан-жақты зерттеу және түсіндіру. 2)Практикалық – іс жүзінде зерттелген теорияларды қолдану, нақты принциптер мен шаруашылықты жүргізудің тиімді әдістерін жасау, мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіру. 3) Болжамдық – экономиканың және жалпы қоғам дамуының ғылыми болжамын жасау. 4) Дүниетанымдық – ғылым негізінде қоғам өміріне белгіленген көзқарастар жүйесін құру. 5) Методологиялық – экономиканың ғылым жүйесі үшін теориялық және методологиялық негіз болады. Оларға салалық экономика (ауыл шаруашылық экономикасы, өнеркәсіп экономикасы, құрылыс, көлік экономикасы), қызметтік ғылымдар (қаржы мен несие, ақша айналымы, бухгалтерлік есеп, статистика), әртүрлі білім салалары тоғысатын ғылымдар (экономикалық тарих, экономикалық география, тұрғындар экономикасы, табиғатты пайдалану экономикасы), қолданбалы ғылымдар (маркетинг, менеджмент, жоспарлау, болжау) жатады. Әдістері 1) Ғылыми абстракция – зерттеліп отырған құбылыстардың тұрақты қасиеттерін тауып көрсету. 2) Тарихи және логикалық әдіс- құбылыс пен процестің пайда болуы мен олардың даму жолдарын көрсету. 3)Экстраполяция – болашаққа лайықталған тенденциялар негізіндегі экономикалық даму болжамы. 4) Индукция (синтез)– көптеген деректерді зерттеу нәтижесінде жалпы қорытынды жасау. 5) Дедукция (анализ)– жалпы ережелер негізінде жеке қорытынды шығару. 6) Гипотеза (болжам) – алдын ала тексерілмеген қағида.

 

 

 

2Э-ның негізгі түсініктері:қажеттілік, игілік ресурстар шектеулілігі  эк-ның негізгі 3мәселесі. Экономикалық  әдебиеттерде “игілік” категориясы  әртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, ағылшын экономисі, Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл (1842-1924 ж.) “Саяси экономия принциптері” (1890 ж.) кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған заттарын түсінген және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Игілік экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді. Экономикалық игіліктер әрқашан шектеулі болады. Алғашқы рет

“экономикалық игіліктер” ұғымын ғылымға енгізген итальян экономисі А. Пезенти (1910-1973 жж.) енгізген. Табиғатта белгілі игіліктер (ауа, жер, жарық, климат) бар және оларды адамдар күш- қайратын жұмсамай-ақ, қолдануға болады. Осы игіліктерді экономикалық емес игіліктер деп атаймыз.

Экономикалық ресурстар – бұл өндіріс факторлары, табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді. Оған: көмір, газ, мұнай, темір рудасы, болат, машина, станок және т.б. жатады. Ал еңбек ресурстарына- адамның дене еңбегі, кәсіпкерлік қабілеті жатады. Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады. Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу, таңдау мәселелерінің қажеттілігін тудырады. Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулілігі кезінде өндіріс қоғамдағы барлық сұранымды қамтамасыз ете алмайды: аштық, ауру, кедейлікті жоя алмайды, оларды сырттан келетін апаттан қорғай алмайды.барлық ресурс түрлерінің шектеулі болуы, кез-келген қолда бар тауарды өндіру туралы шешім, сол ресурстарды қандай да бір басқа бұйымдарды шығару үшін қолданудан бас тартуды қарастырады. Сондықтан да барлық шығындар балама шығындар бойынша көрсетіледі.

Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырды: жеке тұтынушы мен өндірушулер нарық арқылы өзара іс - әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені шешуді мақсат етеді. Оларға: нені, қалай және кімге өндіруді жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз.

Не өндіру? Тұтынушы кез-келген тауарда таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда ол тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке шақырып, бірақ ретсіздікке жол бермейді. Нарықтық шаруашылық механизмнің іс-әрекеті автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және тауар өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтады. Кейде кері құбылыс болуы әбден мүмкін.

Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндіруші бір ғана арзан әрі сапалы өнімді шығару қажет. Оларға өндірісте ҒТП элементін кең қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеу, білікті кадрлары бар тауар өндірушілер жатады. Нарық ҒТП-ті енгізіп, тұтынушыға бағасы мен сапасы көңілінен шығатын өнімдерді шығаруға өндірісті барынша итермелейді.

Кімге өндіру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның ара қатынасымен байланыс тырылады. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы, олардың табыс деңгейі және т.б. параметрлеріне байланысты сұранымға ие болатын, қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарларды тұтынушыларға, халыққа өндіру

 

 

 

3 Өндірістің дамуына өндіріс фактор/ың қолдану әдістері. Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс - тауарлар өндіру және қызметтер көрсету мекемесі болып табылады. өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік. Капитал бұрын өндірілген игіліктер болып келеді

Капитал ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген.

негізін салушылар А.Смит пен Д.Рикардо және қазіргі белгілі американ экономистері П. Самуэльсон, У. Нордхауздың ойынша, капитал- бұл өндіріс құрал - жабдығы. Француз экономисі Жан Батист Сэй және ағылшын экономисі Джон Робинсон т.б., капиталды -бұл ақша соммасы, бағалы қағаздар, қаржылар деп есептеген.Капитал ұғымына бұдан басқада көзқарастар жасалған: капитал-бұл өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал – бұл уақыт, ал уақыт-фактор ретінде табысты жасаушы. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі көптеген экономистердің көзқарасын жинақтап қарасақ, онда өндіріс құрал- жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола аладыБірақ капиталдың мәнін толыққанды етіп К. Маркс ашқан. Маркс былай деп жазған:

Өзінің басты еңбегі “Капиталда” К.Маркс капиталдың бірқатар анықтамасын берген: “Капиталдың” бірінші томында: капитал-бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп көрсетілген. “Капиталдың” екінші томында: “капитал- бұл қозғалыс” екенін дәлелдеген. Капиталдың

толыққанды мәні: “Капиталдың” үшінші томында ашады. Ол капиталды заттар жиынтығы (өндіріс құрал-жабдығы) ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал- бұл зат еместігін, ол адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар екендігін айтады. Капитал үнемі қозғалыста болады. Ол көптеген түрде болады -материалдық, заттық және ақшалай. Тауарлар сатылады -ақша пайда болады, сол ақшаға тағы да тауарлар сатып алынады және тағы солай қайталана бермек.Өнерістік капитал - өнеркәсіп саласына жәнс ауыл шаруашылғына, құрылысқа, көлікке бағдарланған капитал. Сауда капиталы - сауда пайдасын алу мақсатында сауданы ұйымдастырумен айналысу. Қарыз капиталы - қайтарымдылығы және пайызды төлеу кағидалары негізінде қарызға берілетін капиталдың ерекше ақшалай нысанын көрсетеді.

Жер – табиғи фактор. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер жатады. Жерді жалға беру арқылы үстінен түсетін пайда рента деп аталады. Жердің өзі жақсы, орташа және нашар болып бөлінеді, бұл географиялық аумағына байланысты.

Еңбек – адамның ақыл- ойы және дене қызметтері. Еңбек-1табиғат заттары мен күштерінің түрін өзгертуге бағытталған адамның мақсатты қызметтері, оларды өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бейімдеу.2адамның күш жігерінің жумсауы.

 

 

 

4 ҚР да меншік қатынастарының дамуы. меншіктің мәні , қызметі ,жеке меншік. «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылады. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады.

Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ(1694 – 1774 жж) «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты.

Уильям Петтидің «еңбек – байлықтың атасы, жер – оның анасы» деген қанатты сөздері өзінің мәнін осы күнге дейін жойған жоқ.

Француз экономисі

Прудон «Меншік – бұл ұрлық» деген анықтама берген.

К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуілсіз өмір сүреді.

Меншік – бұл өндіріс құрал – жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі.

Меншік қатынастарының қызметтерді:

Ø иелену (затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);

Ø пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);

Ø бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау – сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.)

Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстарғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipalis» немесе немістің «munizipalitet» сөздерінен шыққан, «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» «сөзі қаланы өзін – өзі» басқару құқықын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік - аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады. Меншіктің экономикалық турлеріне мыналар жатады: жеке, ұжымдық және мемлекеттік

 

 

 

5Кәсіпкерлік ұйымды құқықтық  нысан/ы

Кәсіпкерліктің тарихы орта ғасырдан басталады. Сол кезде саудагерлер, көпестер алғашқы кәсіпкерлер қызметін атқарды.

Ең алғашқы болып Ресеймен сауда қатынасы үшін ағылшын сауда компаниясы құрылды Кәсіпкерлік ұғымның қазіргі мәнін ең алғаш 17 ғасырдың аяғы 18 ғасырдың басында ағылшын экономисы Ричард Кантильон қолданды. Ол “кәсіпкер дегеніміз-тәуекел жағдайларда қызмет ететін адам” деген. Кейін 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың басында француз экономисі Жан Сэй өзінің “Саяси экономия” трактатында кәсіпкерлік анықтамасын 3 өндіріс факторларының яғни, (жер, капитал, еңбек) араласуы, бірігуі деген тұжырым жасады.

Акционерлік қоғам деп -

өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаларды айтамыз. Акция дегеніміз- акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуы, ол бойынша дивидент және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Дивидент дегеніміз- акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша үстінен пайда түсіретін кіріс. Акционер- акцияның меншік иесі болып табылатын адам. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып бөлінеді. ААҚ акционерлер саны шексіз болып келеді және олар акцияларын басқа акционерлердің келісімінсіз нарыққа сатуға құқылы. Ал ЖАҚ-да акционерлер саны 100 ден аспау керек. Олар акцияларын тек өзара бір-біріне ғана сата алады. Шаруашылық серіктестіктер-коммерциялық ұйым, заңды тұлға, жарғылық қоры салымшыларының үлесіне бөлінген және басты мақсаттары пайда алу болатын кәсіпорындар. Шаруашылық серіктестіктер түрлері: толық серіктестіктер- кем дегенде 2 қатысушы болу керек; жеке меншік серіктестіктер- қосымша және т.б. серіктестіктердің қатысулары, азаматтар және заңды тұлғалар бола алады; командиттік серіктестіктер- толық және жеке меншік серіктестіктерінің бірігуі. Өндірістік кооперативтер- заңды тұлға, коммерциялық ұйым, заттай немесе қаржылай біругуі негізінде құрылады. Құрылтайшылары кем дегенде 2 адамнан тұрады. Өндірістік кооперативтің басшысы 16 жасқа толған кез келген азамат бола алады. Шаруа және фермер қожалығын – жеке тұлға, жанұя еңбек бірлестігі және жеке кәсіпкерлер құрайды. Олардың мүшелері- туыстары, ағайындары бола алады. Шаруа немесе фермер қожалығына 18 жасқа толған кез келген азамат басшы бола алады. Шаруа және фермер қожалықтарының құқықтары:сырттан жұмыскер жалдап алу; банктен есеп шотын ашу; жер пайдалану құқығымен несие алу; салық жеңілдіктерін алу; бірнеше қожалық бірлесіп басқа заңды форманы құру.

 

 

 

6Дәстүрлі, әміршіл әкімшіл, нарықтық және аралас экономика.

Дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады.Еш қандай жаңалықтар еңізілмейді,жаңа техникаменмен технология/ қолданбайды.

Әміршіл әкімшіл эк. Кеңес одағындағы орган/, ә.ә экда адамдар мемлекет үшін жұмыс істеген.Артықшылық/ы;1ашық түрде жұмыс болған жоқ;2Өндірісте қулдырау болған жоқ;3дағдарыс кезінде адамдар материалдық ж/е заттық қорларын мем/ке өткізген.Кемшіліктері:1барлығы жоспар негізінде жүргізілген;2жалған ақпарат берілген;3тауар тапшылығы болған;4барлық меншік мем-т қарамағында болған. Қазіргі нарықтық экономика аралас экономика ретінде болады. Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді.

 

 

 

 

 

7Қоғамдық шаруашылықтың  нысандары.

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі қалыптасып келеді. Олар: натуралдық шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды шаруашылық; қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал- сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін

 

жасауға мүмкіндік береді. Натуралды шаруашылық алғашқы қауымдық, құлиеленушілік және феодалдық өндіріс әдісінде басым болады. Тауарлы шаруашылықта адамның өнімді өздері үшін емес басқа біреуге тұтыну үшін өндіреді;

Тауар өндірісінің үш белгісі бойынша жүзеге асады:

1. ең ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;

2. алғашқы тұрмыстық қауымдастықта жеке меншіктің пайда болуы;

3. тауар өндірушілердің  экономикалық оқшаулануы.

Тауар өндірісінің екі түрі бар: жай және капиталистік. Жай тауар өндірісінде өнім тауар өндірушінің еңбегімен жасалады. Мұнда жұмыс күшін жалдау жоқ. Капиталистік тауар өндірісінде өнімді өндіріс құрал- жабдығы жоқ жалдамалы жұмысшы жасайды.

 

 

 

8Ақша мәні, ақшаның қызметі, эволюциясы. Ақша дегеніміз- кез- келген уақытта басқа

бір тауарға айырбастала алатын жалпылама эквивалент. Кез- келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаның маңызы оның қасиеттерінен байқалады: жалпыға тікелей айырбасталу формасы; құнның дербес формасы; еңбектің заттық сыртқы өлшемі.

Ақша келесідей қызметтер атқарады:

Құн өлшемі- ақшалар бұл қызметті тауардың бағасын анықтағанда атқарады, өйткені ақшаның көмегімен тауарды өндіруге кеткен шығындар өлшенеді.

Айналым құралы- ақшалар бұл қызметті қолма- қол түрінде атқарады, яғни, тауарды сатушы мен сатып алушы арасында делдалдық қызмет атқарады, себебі, тауар соңғы тұтынушысын тапқанша ақшамен қатар айналыста болады. Төлем құралы- ақшалар бұл қызметті сатылған тауардың ақысы кейінге қалдырып төленген жағдайда атқарады

Информация о работе Негізгі және айнымалы капитал. Инвестиция