Негізгі құралдар аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 07:39, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдар аудитінің мақсаты - негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

Содержание

Кіріспе 4
1 Аудиттің сипаттамасы, мақсаты және қызметі 6
1.1 Аудиттің маңызы және мақсаты. Аудиттің дамуы 6
1.2 Аудиттің пәні, обьектілері және субьектілері, олар¬¬дың құқықтары, міндеттері және жауапкер¬шіліктері
11
1.3 Аудиттің функциясы және түрлері 13
2 Негізгі құралдардың аудиті 17
2.1 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты, міндеті және ақпарат көздері
17
2.2 Негізгі құралдармен болған операциялардың аудиті 20
3 Тәуелсіз аудиторлардың есебі 26
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер 39

Вложенные файлы: 1 файл

аудитор.docx

— 86.79 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

 

Кіріспе

4

1

Аудиттің сипаттамасы, мақсаты  және қызметі

6

1.1

Аудиттің маңызы және мақсаты. Аудиттің дамуы

6

1.2

Аудиттің пәні, обьектілері және субьектілері, олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері

 

11

1.3

Аудиттің функциясы және түрлері

13

2

Негізгі құралдардың аудиті

17

2.1

Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты, міндеті және ақпарат көздері

 

17

2.2

Негізгі құралдармен болған операциялардың аудиті

20

3

Тәуелсіз аудиторлардың есебі

26

 

Қорытынды

37

 

Қолданылған әдебиеттер

39


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі кезде, нарық жағдайында ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметін бақылаудың маңызды, сонымен қатар перспективті және тиімді түрі – тәуелсіз аудит. Тәуелсіз аудит өз қызметін келісім шарт негізінде тапсырыс беруші клиенттің, ал кейбір жағдайларда бюджет есебінен жүзеге асыратын аудитормен, аудиторлық ұйымдармен жүргізіледі.

Кәсіпкерлік ұйымдардың қызметін аудиторлық тексерудің басты мақсаты олардың  қаржылық есебінің көрсеткіштерінің дұрыстығын растау (бекіту).

Нарық жағдайында ұйымдардың қызметінің нәтижесі және қаржы жағдайы туралы ақпарат  әртүрлі пайдаланушылардың көңіл  қоятын мәселе болып табылады. Барлық келісім-шарт жасаушылар негізделген  шешім қабылдау үшін өз серіктері  туралы дұрыс ақпарат алуға және пайдалануға тырысады. Сонымен қатар, ұйымдардың қызметінің нәтижесі туралы ақпаратты және олармен заңдылықтардың сақталуын тәуелсіз растау мемлекетке экономика және салық салу саласында  шешім қабылдау үшін қажет. Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп боғандықтан әртүрлі ұйымдарды  тексеретін аудиторлар қаржылық есеп берудің дұрыстығына аудиторлық дәлелдер және кепілдемелер, бизнес-жоспарлардың жобаларын, өндірісті жетілдіру, шығындар, қаржы жоспарларын жасау және қызметті басқарудың тиімділігін арттыру  мақсатында басқа іс-шараларды жүзеге асыру тиянақты ақпаратын алу  үшін тексерудің арнайы әдістері мен  тәсілдерін қолдана білуі керек.

Міне, осының бәрі, сонымен  қатар аудитті жоғарғы оқу  орындарында және бухгалтерлер мен  аудиторды аттестациялау кәсіби ұйымдарында өзінше пән ретінде  оқып үйрену, нарық жағдайында аудит  негіздері, кәсіпорындарда аудиторлық тексеруді жүргізуді ұйымдастыру, әдістемесі мен практикасы (тәжірибесі) қазақ тілінде түсіндірілген  оқу құралының қажеттілігін тудырды.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс  саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

Оларға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.

Негізгі құралдардың нақты бар  жоғын анықтау және олардың сақталуына ішкі бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқада актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып негізгі құралдарға мүліктік түгелдеу жүргізіп отырады.

Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік  қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартына сәйкес әрбір шаруашылық жүргізіші субъект өз бетінше жұйелі түрде түгелдеу жұмысын жүргізіп отыруды белгілейді.

Негізгі құралдар аудитінің мақсаты - негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.    Аудиттің сипаттамасы, мақсаты және қызметі

1.1 Аудиттің маңызы және мақсаты. Аудиттің дамуы

 

Аудит біздің елімізде жақында пайда  болғанымен, оның жеткілікті үлкен  тарихы бар және әр түрлі аудармада  «audio» деген латын сөзі «ол  тыңдап тұр» немесе «тыңдаушы» деген  мағынаны білдіретін «аудит» түсінігін  береді.

Дүние жүзінде ең бірінші болып  аудиторлық қызметті құрған ел-Қытай  мемлекеті.

Ежелгі Қытай тарихи жазбалары  біздің эрамызға дейінгі 700-ші жылдары  мұнда Бас Аудитор қызметінің болғанын білдіреді. Оның негізгі міндеті: мемлекеттік ақша мен мүлікті  пайдалану құқығы бар өкімет шенеуніктерінің  адалдығына кепілдік беру еді.

Кейбір авторлар аудиттің пайда  болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми білімінің бір саласы ретінде  қалыптасу кезеңіне апаруға болады деп санайды. Бухгалтерлік есеп туралы алғашқы кітапты атақты итальян  математигі Лука Пачоли (1445-1515) жазған.

Алғашқы тәуелсіз аудиторлар ХІХ ғасырда  Еуропа акционерлік компанияларында  пайда болды. Аудиттің пайда болуы  компанияларды басқарумен тікелей  шұғылданушылардың мүддесін қолдаумен және олардың қызметіне ақша салушылармен (акционерлер, инвесторлар) байланысты. Әр түрлі компаниялардың жиі зиян шегулері, әкімшілік тарапынан алдаулар қаржы салымдарындағы тәуекелді жоғарылатты. Акционерлер әкімшілікпен ұсынылған есеп беру компанияның шын мәнісіндегі қаржы жағдайын толық көрсететіндігіне, оларды алдамайтындығына кәміл сенімде болғысы келді.

Қаржылық ақпараттың дұрыстығын тексеру  және қаржылық есеп беруді растау үшін адамдар шақырылды, оларға акционерлердің пікірлері бойынша, сенуге болатын еді. Аудиторға қойылатын басты талаптар: - мұнтаздай әділдік және тәуелсіздік. Бастапқыда бухгалтерлік есепті білудің негізгі мәні болған жоқ, бірақ бухгалтерлік есептің күрделіленуіне байланысты кәсіби аудиторларды даярлау қажетті шарт болып табылады.

Аудиттің тарихи отаны Англия. Өйткені  мұнда 1844 жылы «компания туралы» заң шыққан, соған сәйкес акционерлік компанияның басқармасы жылына бір рет арнайы адамды бухгалтерлік шоттарды тексеру және акционерлер алдында есеп беру үшін шақыруға міндетті.

1854 жылы Шотландияның астанасы  Эдинбургте бухгалтерлер мен аудиторларды біріктірген «Бухгалтерлер» қоғамы құрылды.

1862 жылы алғаш рет «Аудит туралы»  заң қабылданды. Ол аудиттің әрі  қарай дамуына жол ашты.

Ресейде аудитор қызметі І Петрмен  енгізілген. Аудитор қызметі іс қағаздарын жүргізушінің, хатшының және прокурордың кейбір міндеттерін атқарған. Ресейде аудиторларды ант (серт) берген бухгалтерлер деп атаған. Аудиттің институтын ұйымдастырудың әрекеттері (1889, 1912 және 1928 жж.) сәтсіз болды.

1929-1933 ж.ж. әлемдік экономикалық  дағдарыс бухгалтерлер-аудиторлар қызметінің қажеттілігін күшейтті. Бұл кезеңде аудиторлық тексерудің сапасына талаптар тез арада күшейе түсті және оның міндеттілігі, осы қызметке нарықтық қажеттілік көтерілді. Бұл дағдарыс біткеннен кейін барлық елдер іс жүзінде жылдық есептегі ақпараттың көлеміне міндетті талаптар және бұл есептер мен аудиторлар қорытындыларының міндетті түрде жарық көруін енгізе бастайды. Аудит алаяқтыққа қарсы күшті құрал болады.

Әлемдік практикада аудит өз дамуының үш кезеңінен өтті.

Аудиттің  дамуының бірінші кезеңі 40-шы жылдың аяғына дейінгі кезеңді алады  және ол көбінесе құжаттарды тексеруден жазылған ақшалай операцияларды дәлелдейтін және бұл операцияларды қаржылық есепте дұрыс топтастырудан тұрды. Бұл растайтын деп аталатын аудит еді.

Әлемдік аудитті дамытудың екінші кезеңі 1949 жылдан басталады. Бұл кезде  тәуелсіз аудиторлар компанияларда  көңілді ішкі бақылау сұрақтарына бөле бастады. Аудиторлық фирмалар тікелей аудиторлық тексерулерден гөрі, көбінесе ақыл-кеңес беру қызметімен айнала бастады. Бұл кезеңде аудит жүйелі – бағытталған аудит, - деп аталды.

Үшінші, аудитті дамытудың қазіргі заманғы  кезеңі 70 жылдардан басталады, оның бағыты – тексеруді жүргізудегі  мүмкін тәуекел немесе ақыл-кеңес  беруде, тәуекелді ескерту және есеп беруде қате тәуекелінен аман болу, бұл кезеңде клиенттің бизнесінің шарты бойынша таңдамалы тексеру жүргізіледі, көбінесе қателер және алаяқтық тәуекелі өте жоғары. 70 жылдардың басында аудиторлық стандарттар құрастыру басталды.

Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты аудит туралы алғашқы еске алу 1987 жылы Одақ үкіметінің № 48 және № 49 қаулыларында пайда болды, мұнда бірлескен  кәсіпорындарды Советтік аудиторлық ұйымымен тексерудің қажеттілігі көрсетілді.

Жарты жылдан кейін ССРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысымен алғашқы  советтік аудиторлық ұйым «Инаудит»  құрылады. 1987-1989 жылдар бойы аудит бойынша көптеген заңды нормативтердің жобалары даярланды және ұсынылды, бірақ олардың қабылдануы әр түрлі себептермен кейінге қалдырылып отырылды. Тек 1990 жылдың соңында ғана аудит өкіметтің есіне түсті. Қазіргі кезде Ресейде аудиторлық қызмет РФ Президентінің 1993 жылғы 3 қарашадағы № 1105 «Ресей Федерациясында аудиторлық қызметті реттеу туралы» нұсқауымен және РФ Президентінің 1993 жылы 22 желтоқсандағы № 2263 «Ресей Федерациясындағы аудиторлық қызмет туралы» Жарлығымен бекітілген Ресей Федерациясындағы аудиторлық қызметтің уақытша Ережелерімен реттелінеді.

Қазақстанда аудиттің пайда болуы 1990 жылы ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінде құрылған шаруашылық есептегі аудиторлық орталықтан басталады. Кейінірек бұл орталық «Қазақстанаудит» акционерлік компаниясына айналды. Мемлекеттік емес – Аудиторлар Палатасы құрылды. Ол ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарды жүргізеді.

1993 жылы 18 қазанда Жоғарғы Кеңеспен  «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заң қабылданды. Ал, 1998 жылы 20 қарашада № 304-1 қазіргі кездегі күштегі Қазақстан Республикасындағы «Аудиторлық қызмет туралы» Заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізіліп қайта қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесіндегі мемлекеттік органдармен заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасындағы қатынастарды реттейді. 1995 жылы 20-21 шілдеде өткен конференцияда Аудиторлар этика Кодексі және 12 аудит бойынша Қазақстандық стандарттар қабылданды.

2000 жылдың мамыр айында Эдинбургте (Шотландия) Халықаралық бухгалтерлер федерациясының «IFAC-2000» кезекті конференциясында ТМД елдерінің арасында бірінші болып Қазақстан Республикасы Аудиторлар Палатасы әлемнің 125-тен аса алдыңғы қатарлы елдерін қамтитын, осы беделді ұйымның толық құқықты және шын мәнісіндегі мүшесі болып қабылданды.

Қазақстан Республикасында кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты құрылды. Ол еліміздің практик бухгалтерлерінің біліктілігін жоғарылатады және қайта дайындауды жүзеге асырады. Аудиторлар Палатасы аудиторларға кандидаттарды дайындайды «аудитор» мамандығын беру туралы куәлікті алуға Мемлекеттік Мамандық комиссияға кәсіпқойлық емтихан тапсыру үшін дайындық жүргізеді.

Қазіргі кезде халықаралық практикадағы сияқты бухгалтерлерді сертификациялау жүргізілуде. Осы бағытта жұмыс істейтін барлық ұйымдардың түпкілікті көздеген мақсаты – бухгалтерлік мамандықтың мәртебесін көтеру және қаржы – шаруашылық қызметті бақылаумен қамтамасыз ету.

2002 жылдың наурыз айында сертификацияланған  бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кеңесі ресми түрде тіркелді. Ол Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей және Украина бухгалтерлері мен аудиторлары кәсіби ұйымдарымен құрылды. Қазақстанда Қазақстан Республикасы бухгалтерлер Палатасы мен Қазақстан Республикасы аудиторлар Палатасы ресми түрде тіркелінді. Сертификацияланған практик бухгалтердің немесе сертификацияланған халықаралық кәсіби бухгалтердің сертификатын алудың шарттарының бірі – бухгалтерлер Палатасындағы немесе аудиторлар Палатасындағы мүшелік болып табылады. Аудиторлар Палатасының мүшелері – мамандық комиссиясымен сертификацияланған аудиторлар. Мамандық комиссиясы аудиторларға халықаралық деңгейде тест жүргізеді және сертификациялайды. Бұл кәсіби ұйымдардың негізгі қызметі – бухгалтерлік есеп пен аудитті мамандық ретінде алға жылжытуға бухгалтерлер мен аудиторлардың мүддесін қолдауға, бухгалтерлік есеп және аудит саласында білімді таратуға, тестілеуге, сертификациялауға, кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларға қойылатын талаптарды анықтауға бағытталған.

Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі «Аудиторлық қызмет туралы» заңмен анықталады. Осы заңға сәйкес «аудиторлық қызмет дегеніміз- аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есеп берудің аудитін жүргізу бойынша кәсіпкерлік қызметі»

Аудиторлық қызметтің негізгі  принциптері:

  • тәуелсіздік;
  • объективтілік;
  • кәсіби біліктілік;
  • құпиялылық.

Информация о работе Негізгі құралдар аудиті