Негізгі құралдар аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 07:39, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдар аудитінің мақсаты - негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға тиіс.

Содержание

Кіріспе 4
1 Аудиттің сипаттамасы, мақсаты және қызметі 6
1.1 Аудиттің маңызы және мақсаты. Аудиттің дамуы 6
1.2 Аудиттің пәні, обьектілері және субьектілері, олар¬¬дың құқықтары, міндеттері және жауапкер¬шіліктері
11
1.3 Аудиттің функциясы және түрлері 13
2 Негізгі құралдардың аудиті 17
2.1 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты, міндеті және ақпарат көздері
17
2.2 Негізгі құралдармен болған операциялардың аудиті 20
3 Тәуелсіз аудиторлардың есебі 26
Қорытынды 37
Қолданылған әдебиеттер 39

Вложенные файлы: 1 файл

аудитор.docx

— 86.79 Кб (Скачать файл)




 

 

2.2 Негізгі құралдардың аудиті

 

Негізгі құралдардың сақталуының, пайдалануының және есебінің аудитінің барысында аудитор:

  • негізгі құралдардың нақты бары мен сақталуын бақылау мен қамтамасыз етілгенін;
  • заттардың негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғанын және олардың пайдалану мақсатына, сипатына, заттық нысанына, меншіктік қатынасына, болмыстық құрамдарына қарай дұрыс топтастырылғандығын;
  • негізгі құралдардың есепте дұрыс бағаланғанын;
  • негізгі құралдардың тозуының және жөндеуінің дұрыс құжатталғанын және есепте дұрыс көрсетілгенін;
  • негізгі құралдардың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс құжатталғанын және есепте дұрыс көрсетілгенін;
  • негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;
  • негізгі құралдардың нақты бары мен қозғалысы туралы мәліметтердің есепте және есеп беруде дұрыс көрсетілгенін;
  • мүлік салығы бойынша бюджетпен дұрыс есеп айырысқанын анықтауы қажет.

Аудитор аналитикалық есептің мәліметтерінің негізінде негізгі құралдардың  құрамы және құрылымымен танысуы  қажет (негізгі құралдардың мүліктік есеп карточкалары, ведомость-машинограммалары). Ол үшін аудитор бірінші кезекте  негізгі құралдардың сипаты және ұйымның қызметінде пайдалану мақсатына, заттық құрамына, иеленуіне қарай  дұрыс топтастырылғанын және негізгі  құралдар белгілеріне қарай кіріске  алынып, техникалық құжаттары мен  мүліктік карточкаларының негізінде  топтастырылғанын анықтайды:

  • негізгі құралдар өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдарға өндіріске арналған, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Өндірістік емес негізгі құралдарға шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізігі құралдар жатады;
  • негізігі құралдар сипаты мен ұйымның қызметінде пайдалану мақсатына қарай былай бөлінеді: жер; үйлер мен ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; кемелер; ұшақтар; автокөліктік құралдар; жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік және кеңсе жабдығының жекелеген түрлері;
  • пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, жұмыс істемей тұрған және қорда тұрған болып бөлінеді;
  • заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктік негізгі құралдарға заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатын негізгі құралдар жатады. Ал мүліктік емес негізгі құралдарға пайдаланылатын жерге, орманға, суға күрделі қаржы салымдары жатады;
  • меншігінде болуына қарай негізгі құралдар субъектіге тиісті және оның балансында есепке алынған негізгі құралдар, яғни меншікті және ұйыммен уақытша жалға алынған негізгі құралдар болып бөлінеді.

 Негізгі құралдардың нақты  бары мен сақталуы бақылаумен  қамтамасыз етілгенін тексеру  үшін аудитор :

  • ұйым басшысының бұйрығымен материалды жауапты тұлғаның бекітілгенін;
  • материалды жауапты тұлғамен толық жеке материалдық жауаптылық туралы жазбаша келісім шарттың жасалынғанын;
  • материалды-жауапты тұлғаға материалдық құндылықтарды сақтау үшін жағдайлар жасалынғанын;
  • ғимаратты өрттен-қорғау сигнализацияларының орнатылғанын;
  • ұйым басшысының бұйрығымен материалдық құндылықтардың сақталуына үнемі бақылау жүргізіп отыру үшін тұрақты комиссияның құрылғанын;
  • негізгі құралдарға түгендеу жүргізілетінін және оның нәтижелері құжатталынғанын анықтау қажет.

Сонан соң аудитор негізгі құралдардың  бағалануының және қайта бағалануының дұрыстығын тексеруі қажет.

Негізгі құралдардың есебін дұрыс  ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған біртұтас принципі болып табылады. Қаржылық есеп берудің 16 Халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар бастапқы құн, ағымдағы құн, баланстық құн, , қалдық (жойылу) құн, келісілген құн бойынша бағаланады.

Негізгі құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру келіп түскен негізгі құралдар бойынша бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

Кәсіпорындарға негізгі құралдар қаржылық салымдар, басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан сатып алу, тегін  беру, жарғылық қорға салымдар салу, негізгі құралдардың артық шыққандарын  балансқа есепке алу және т.б. нәтижесінде  кірістеледі.

Аудитор негізгі құралдардың кіріске  алыну тәртібінің сақталуын тексеру  барысында мыналарды:

  • келіп түскен негізгі құралдарды кәсіпорын жетекшісімен бекітілген комиссия қабылдайды;
  • қабылданған негізгі құралдарды рәсімдеген кезде әр объектіге акт жасалынғанын, мұнда объектінің түрі, пайдалануға берілген жылы немесе зауыттан шығарылған жылы, объектінің қысқаша сипаттамасы, бастапқы құны, инвентарлық нөмірі, объектіні қолдану (пайдалану) орны және басқа да мәліметтердің толық көрсетілгенін;
  • негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, объектілер бір типті, олардың құндары бірдей болып, бір күнтізбелік ай ішінде қабылданған болса ғана рұқсат етіледі;
  • актіге объектінің техникалық құжаттары (паспорт, сызбалар және т.б.) тіркелінгенін;
  • негізгі құралдардың қабылдау-тапсыру актісі толтырылып рәсімделгеннен кейін оның кәсіпорын бухгалтериясына берілгенін;
  • қабылдау-тапсыру актісіне бас бухгалтердің қолы қойылып, ұйымның жетекшісімен бекітілгенін;
  • қабылданған негізгі құралдарға инвентарлық карточкалар ашылып, әр негізгі құралға инвентарлық нөмірлер берілгенін;
  • кіріске алынған негізгі құралдардың тұрған және пайдалану орындары бойынша материалды жауапты тұлғаларға бекітілгенін, олармен шарт жасалғандығын анықтап алуға тиіс.

Аудитор негізгі құралдардың бағалануының және қайта бағалануының дұрыстығын тексеру барысында үлес қосушылардан жарғылық капиталды толтыру мақсатымен кіріске алынған негізгі құралдардың  бастапқы құны, тозуы және жарғылық капиталға салым ретінде есепке алынатын келісілген құнының көрсетілген  тізіміне аса назар аударуы қажет.

Егер келіп түскен бірнеше бұйымдар, құрал-саймандар, тағы басқалары қосылып  бір мүліктік объектіні құрайтын болса, онда осы мүліктік объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың  тізімі көрсетілуі тиіс.

Сатылатын негізгі құралдар бойынша, оларды өткізу кезінде баланстық  құнынан төмен емес нарықтық құны анықталуы қажет.

Негізгі құралдарды тегін берген жағдайда қосылған құн салығы есептелінуі  тиіс. Салықты негізгі құралды  сатушы жақ төлейді.

Тозған, бүлінген, істен шыққан негізгі  құралдарды есептен шығарған кезде  іске жарайтын материалдар, бөлшектер  бухгалтерлік есептің 1315 – «Басқа да материалдар» шотында есепке алынуы тиіс.

Негізгі құралдардың қозғалысы  туралы ақпаратты талдап қорыту үшін 2400 – «Негізгі құралдар» бөлімінің 2410 – «Негізгі құралдар»,   2420 – «Негізгі құралдардың амортизациясы  және құнсыздануы» шоттарының мәліметтері  қолданылады.

Аудитор негізгі құралдардың бағалануының есебін тексеру барысында шоттар корреспонденциясының дұрыстығына  назар аударуы қажет. Қайта бағалау нәтижесіндегі негізгі құралдардың бағасының өсуі 2410 – «Негізгі құралдар» шотының дебетінде және 5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв» шоттың кредитінде жазылуы тиіс. Қайта бағалау нәтижесіндегі негізгі құралдардың бағасының кемуі бұрынғы жүргізілген қайта бағалау сомасының көлемінде бастапқы құнды түзеткенде 5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв» шоттың дебетінде және 2410 – «Негізгі құралдар» шоттың кредитінде, ал жинақталған амортизация сомасына түзету жүргізілгенде 2420 шоттың дебетінде            5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв» шоттың кредитінде көрсетілуі тиіс. Ал бұрынғы жүргізілген қайта бағалау сомасынан жоғары бастапқы құнды түзеткенде 7420 – «Активтердің құнсыздануынан болған шығыстар» шоттың дебетінде және 2410 – «Негізгі құралдар» шоттың кредитінде, жинақталған амортизация сомасына түзету жүргізілгенде 2420 – «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттың дебетінде және 7420 шоттың кредитінде көрсетілуі тиіс.

Аудитор негізгі құралдарды қайта  бағалау нәтижесін тексерген  кезде егер негізгі құралдардың  құны өсетін болса, онда бұрын 7420 шоттың дебетінде есепке алынған сома табыс  ретінде қайта қалпына келтіріліп 2410 шоттың дебетінде және 5320 шоттың кредитінде көрсетіледі, ал егер бағалауға  дейінгі сома бұрын осы объект бойынша 7420 шоттың дебетінде көрсетілген  сомадан артық болса, онда бұл  сома 2410 шоттың дебеті мен 5320 шотының  кредиті бойынша көрсетілетіндігін  ескеру қажет бухгалтерлік жазуы  беріледі.

Аудитор негізгі құралдардың аудитінің  барысында ерекше назарды бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығына және негізгі құралдар бойынша есеп берудің  дұрыс толтырылғандығына аударылуы  қажет.

Аудитор негізгі құралдардың қозғалысын қадағалау кезінде негізгі құралдардың  кірістелуі, ішкі орын ауыстыруы және есептен шығарылуына байланысты шаруашылық операциялардың корреспонденциясының дұрыстығына назар аударуы тиіс.

Негізгі құралдар ұзақ уақыт (бір жылдан жоғары) бойы өндіріс процесіне қатысып, өзінің қасиетін, қалпын сақтай отырып біртіндеп тозады.

Қаржылық есеп берудің № 16 халықаралық  стандартына сәйкес бухгалтерлік есептің  стандартына сәйкес тозу – бұл  негізгі құралдардың күш-қуаты  мен моральдық сипаттамаларын жоғалту  процесі.

Амортизация – жұмыс істеу мерзімі  бойынша активтің амортизацияланатын құнын жүйелі түрде бөлу түріндегі  тозудың құнмен көрсетілуі. Амортизациялық аударымдар шығындар ретінде танылып, табыстан тікелей немесе жанама шегеріледі. Олар активтің пайдалы қызмет мерзіміне  сүйене отырып анықталуы тиіс.

Қаржылық есеп берудің №16 халықаралық  стандартына сәйкес пайдалы қызмет ету мерзімі – бұл негізгі  құралдарды пайдаланудан экономикалық пайда табу көзделіп отырған кезең.

Осы стандартқа сәйкес негізгі құралдардың  сондай-ақ нормативтік қызмет мерзімі  де анықталынуы тиіс. Нормативтік  қызмет мерзімі – бұл ұйым белгіленген  нормаларға сәйкес негізгі құралдардың  тозуын есептейтін кезең.

Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған шығындарды қоспағандағы қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.

Қаржылық есеп берудің №16 халықаралық  стандартына сәйкес амортизация  есептеуде әр түрлі әдістер қолданылады:

1) құнын бір қалыпты есептен шығару;  

2) құнын атқарылған жұмыстардың  көлеміне пропорционалды түрде  есептен шығару (өндірістік әдіс);

3) жедел есептен шығару:

  • қалдықты азайту;
  • сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (кумулятивтік әдіс).

Негізгі құралдардың әр түріне амортизация  есептеудің әр түрлі әдістерін қолдануға  болады. Бірақ жыл бойында негізгі  құралдардың бір түріне бір ғана әдісті қолдану керек.

Ұйымдар негізгі құралдардың күй-жайын  жақсартатын, Яғни қызмет мерзімін ұзартатын  бұдан былайғы шығындарды, сондай-ақ осы мерзімді қысқартатын технологиялық  Басқа дарістерді ескере отырып, негізгі  құралдардың пайдалы қызмет ету  мерзімін қайта қарай алады.

Амортизация есептеудің таңдап алынған  әдісі есеп саясаты арқылы айқындалып, бір есеп беру кезеңінен екіншісіне дейін дәйекті түрде қолданылып отырады.

Негізгі құралдардың тозуының дұрыс  есептелгенін тексеру үшін аудитор  мыналарды:

  • есептік саясатта бекітілген амортизация есептеу әдісіне сәйкес амтортизация есептеу тәртібінің сақталғандығын;
  • есептеуде амортизация нормаларының дұрыс пайдаланылғанын;
  • негізгі құралдардың тозуын есептеу ведомосінің дұрыс есептелініп толтырылғандығын;
  • жолаушы және жүк тасымалдайтын автокөліктерге тозу есептеу ерекшеліктерінің сақталынғандығын;
  • негізгі құралдар есепке алынғанда және есептен шығарылғанда тозу есептеу және оны тоқтату тәртіптерінің сақталынғандығын;
  • пайдалы қызмет ету мерзімі бітуіне қарамастан, әлі өндірісте пайдаланылып жүрген негізгі құралдарға тозу есептеудің жалғасуын немесе тоқтатылғандығын;
  • негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімі (ұзартылғанда, қысқартылғанда) қайта қаралып, тозу есептеу тәртібіне Басқа дарістер енгізілгендігін;
  • тозу есептеудің жедел әдістерін қолданудың негізделгеніне және амортизация сомаларының тікелей мақсаты, бағыты бойынша жұмсалғандығын;
  • күрделі жөндеуге және қайта жарақтандырып, жабдықтауға тоқтатылған негізгі құралдарға тозу есептелгендігін;
  • құрылысы толық аяқталмай пайдалануға берілген негізгі құралдарға тозу есептеу тәртібінің сақталынғандығын;
  • тозу есептелмейтін негізгі құралдарға тозудың есептелінбеге<span class="Body_0020Text__Char" style=" font-size: 14pt; le

Информация о работе Негізгі құралдар аудиті