Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 20:34, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom,
Тәуекелдерді басқару әлуетті қолайсыз факторлардың алдында банктің қаржылық әлсіз тұсын ескертуді қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстанның келешектегі тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру мәселесінде Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі аудит тәжірибесінен алыс кетуді және көрсетілген жүйе банктерінің өзін-өзі бағалау механизмін енгізуде. Банктердің өзін-өзі бағалауы ҚҚА – ға тәуекелдерді басқару жүйелеріндегі кемшіліктерді барынша жедел бағалауына және жалпы алғанда алғашқы сатыларда-ақ қосымша тәуекелдерге қамтылуын анықтауға мүмкіндік береді. Банктік тәуекелдер жүйесінде несие тәуекелділігі маңызды орын алады, ол қарыз алушының банк алдындағы міндеттемелерін орындамауы немесе орындағысы келмеуімен тығыз байланысты. Осы ретте кредитор несие ұсына отырып немесе қарыз міндеттемелерді сатып ала отырып тәуекелділікке ұшырайды, бұл тәуекелділік негізгі қарыз және ол бойынша сыйақылардың уақытында өтелмеуі, не болмаса жартылай немесе толықтай төленбеуі болып саналады.
3 сурет - Қолданылып жүрген несие қабілеттілікті бағалаудың әдістемелері мен тәсілдері
Ескерту - Зерттеу материалдары негізінде автормен құрастырылды.
Несие тәуекелділігін басқару жүйесі бірнеше элементтерден тұрады және стратегиялық басқару, яғни банктің стратегиялық жоспарының, оның несие саясатының және несие тәуекелін бақылау мақсатында ұйымдастыру бөлімшелері жұмысының деңгейінде жүзеге асырылатын нақты іс-шаралар арқылы атқарылады. Несие тәуекелі несиенің «ерекше назар аудару» тізімін жасау арқылы басқарылады.
3 суретте ұсынылғандай, банктің қарыз алушысының несие қабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру бойынша жалпы ұсынымдар мен қолданылып жүрген әдістемелер келесі негізгі процедуралардың орындалуын ұсынады: қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау; қарыз алушыға несиелік рейтинг бекіту және банктің меншікті несиелеу лимитін белгілеу. Қарыз алушының несие қабілеттілігі сұрағы жеткілікті зерттелген мәселеге жатпайды. Бүгінгі күннің несиелік мекемелері үшін де «несие қабілеттілік» сұрағы өзекті болып отыр. Қарыз алушының несие қабілеттілігі түсінігін екі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады қарыз алушы тұрғысынан – несиелік мәмілені аяқтау және алған қарызды өтеу мүмкіндігі; кредитор тұрғысынан – ұсынылатын несиенің мөлшерін дұрыс анықтау және осы несиеге қатысты тәуекелдің алдын алу.
Несие қабілеттілікті анықтауда несие қағидаларының барлығы қатыстырылады және құрылыммен өткізілетін үдеріс болғандықтан жүйелілік қағидатын да алғышартқа қою қажет. Жүйелілік кешенді экономикалық талдауға қатысатын жүйелер мен жүйешелердің өзара байланысын, ол байланыс болмай жағымды нәтиже болмайтынын көрсетеді. Жүйедегі әрбір элемент аналетикалық көрсеткіштерден тұрады, жүйе элементтері арасында өзара логикалық байланыс қалыптасады.
Қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау барысында банк бірінші кезекте мына факторларға аса назар аударады: несиелік мәміле жасауға қарыз алушының жеке бас қабілеті, рухани сипаты және іскерлік беделі; құқылық қабілеті; өтімді және құнды қамту нысандарының болуы; тұрақты табыс көзінің болуы. Сонымен, біздің пайымдауымызша «Несие қабілеттілік – қарыз алушының банк алдындағы өз міндеттемелері бойынша туындауы мүмкін несие тәуекелділігінің алдын-алу және жою қабілеті».
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың көптеген әдістері мен тәсілдерін оқып зерттей отырып, оның басымдылықтары мен қатар өзіндік жетіспеушіліктері мен кемшіліктеріне көз жеткіздік. Банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігіне қатысты тәуекелдерді төмендету үшін келесілерді жүзеге асыру қажет
Банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз қабілеттілікті анықтауға және несиелеуге байланысты тәуекелдерді басқаруға несие тәуекелдерін құқықтық реттеу және несие тәуекелдерін төмендету әдістері мен тәсілдерін кешенді қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Іске асырылған диссертациялық зерттеу мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: