Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 21:29, реферат
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….1
ІІ–БӨЛІМ. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту….14
2.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ……………………...14
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………16
2.3.Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері…………19
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..3
Ең бастысы,
Қазақстанға мақсатпен
Барлық заңды мәселелер мен бюрократиялық қасиеттерге қарамастан қазақстандық кәсіпкерлер франчайзингке шын көңілмен қарайды, ал шетел брэндтері бұл жерде жылдан-жылға көбеюде және олардың иелері өктемдік жүргізуін ұзартуға бел байлаған. Күткеніміз сияқты, қарқынды өспелі төлемге қабілетті сұраныс барлық минустарды қайтадан таразылайды, өзіне тән дамушы елдерге біздің көршімізді жатқызуға болады. Тіпті Қазақстанның қаржылық секторы да Ресейден ешбір кем дамы-маған. Соңғы жылдары еліміз жеке бизнестің де, мемлекеттің де қолында қаржы ресурстарының қайта артылуына толығымен үйренді деуге болады.
Министрліктер, әкімдер және т.б. ведомстволар жылдан-жылға мол бюджеттік салымдарды игере алмай жатыр, сол үшін де олар үнемі үлкен сынға ұшырайды. Қаржыгерлер несиелеу және инвестициялау объектілерін үнемі іздестіру үстінде. Республикадағы ірі «АТФ Банк» жақын уақыттан бері әлемдік деңгейдегі компаниядан франшизаны сатып алып, қазақстандық компанияларға мақсатты несиелерді бере бастады. Бұл несиелеу бағдарламасы тек франчайзи үшін тағайындалған, кепілдік ретінде сатып алатын франшизаның өзі немесе ұзақ мерзімдік активтерді жіберу үшін алынған құрал-жабдықтар мен/немесе 6 түріндегі жылжымайтын мүліктің болуы мүмкін. «АТФ Банк» таяудағы 2-3 жылда өзінің несиелік портфеліндегі шағын және орта бизнестің үлесін қазіргі 35%-дан 50%-ға дейін арттыруды ниет етуде.
Осы өсімнің айтарлықтай бөлігі «Қазақстандағы Франчай-зинг» – жаңа бағдарламасымен байланысты болуда, яғни оны банкирлер франчайзингтің қазақстандық ассоциациясымен бір-лесе отырып жүзеге асырууға кіріскен. Қазақстан Республика-сының 11 қаласында банктің филиалдары жұмыс істейтінін атап өткеніміз орынды. Айтылған мақсатты бағдарламалар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының франшизалардың өзінен сатып алуды және оның жіберілуі үшін айналым капиталын қаржыландыруға қаражаттар алуына мүмкіндік береді. РАФ президенті А.Захаровтың мәліметі бойынша несиелеу мерзімі нарықтан төмен мөлшерде 5 жылдан 7 жылға дейінгіні құрайды. Бұл бағдарлама бойынша банктің лимиті жоқ – ол жақсы құрылымданған жобаларына несиенің шексіз санын ұсынуға дайын.
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуындағы бірінші кезеңі (1994-1999ж.ж.) жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастардағы франчайзингтік қатынастар жүйесін (ФҚЖ) пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг та-мақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханалар-ға арналған құрал-жабдықтар саласында дами бастады. Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады.
1994 жылы Қазақстанның
сусындар нарығына америкалық
«Coca Cola» компаниясы өз
Алайда, маманданған кадрлар және франчайзинг бойынша толық ақпараттың болмауынан, көптеген фирмаларда бұл іс эксперимент жүзінде ғана қалып қойды.
Жоғарыда атап
өткен сервистік франчайзингтің
Қазақстан-дағы тағы бір нысаны ретінде
«Kodak» компаниясының қызме-
Қазақстан нарығында «Kodak» компаниясы 1997 жылдан бастап қызмет етеді.
Франчайзингтің
тағы бір мысалы 1999 жылы ресейлік «Дока»
компаниясының желілерінің
Франчайзингтің дамуының екінші кезеңі (2000-2004жж.) – Қазақстанға ірі франчайзингтік фирмалардың келуімен, қазақ-стандық франчайзингтік заңнамасының қабылдануымен, соның нәтижесінде қазақстандық франчайзингтік қауымдастығының қалыптасуына себеп болған бүкіл елдің кәсіпкерлері мен аймақ басшыларына франчайзингтік семинарларын жүргізу бойынша USAID шараларының жүзеге асырылуымен байланысты [4].
Осы жылдары франчайзинг экономиканың әр түрлі салаларында қалыптасты: қоғамдық тамақтандыру, ақпараттық технологиялар, бөлшек сауда, туризм, мұнай өндіру, денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтері, биологиялық белсенді қоспалар, емдік косметика.
Осы кезеңнің орта шенінде 2002 жылдың ақпан айында Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы құрылды. Қауымдас-тықтың миссиясы Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту, қолдану ауқымдарын кеңейту және қолдау. Қауымдас-тықтың мақсаты – франчайзингтің танымалдығын жоғарлату және жылжыту, қауымдастық мүшелерінің мүдделерін қоғам-дық, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда қорғау [5].
2002 жылдың 24 маусымында
Қазақстан Республикасының «
Франчайзингтің дамуының осы кезеңінде Қазақстан нарығында мынадай франчайзингтік кәсіпорындар өз қызметін жүзеге асырды: «ІС» – бағдарламалық жабдықтау; «World Class» – фитнес клуб; «Scot Holland Estates» – жылжымайтын мүлік, рекрутинг, «Business Consult» – консалтинг; «Баскин 31 Роббинс» – балмұздақ; «Пятерочка» – азық-түлік дүкендерінің желісі; «MaxMara», «Sela» – киім сату дүкендері; «II Patio», «Планета Суши», «Американский Бар и Гриль» – қоғамдық тамақтандыру.
Үшінші кезең 2005 жылдан басталып осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Қазіргі уақытта мамандардың берген бағасы бойынша қазақстанда 100-ге жуық оператор – фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, қазақстандық франчайзинг қауымдастығына біріктірілген, 15-20-ға дейінгі бас фирмалар қызмет етеді. Сервистің салалары бойынша франчайзингтік қатынастар жүйесінің таралу аумағы алуан түрлі, бірақ тұтастай алғанда жалпы әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді. Әлемде франчайзинг бойынша дамып келе жатқан 70-тен астам бизнес түрі бар. Алайда, Қазақстанда франчайзинг жеткілікті дәрежеде әртараптандырылмаған (диверсификацияланбаған), ол негізінен жылдам тамақтандыру, мейрамханалық бизнес, сауда және қызмет көрсету салалары жүйесіндегі кәсіпорындарды қамтиды.
Франчайзингтің дамуының үшінші кезеңінде оның қолдану салаларының кеңейе түскенін байқаймыз. Франчайзинг әдеттегі қоғамдық тамақтандыру, бөлшек саудаға қосымша, тұрмыстық қызмет көрсету саласында да қолданыла бастады.
Қазақстандағы франчайзингтік негізде қызмет етуші фирмалардың қызметін және даму эволюциясын талдау, оның нарықтағы атқарылатын келесідей рөлін сипаттауға мүмкіндік береді:
-Қосымша жұмыс орындарымен қамтамысыз ету;
-Инновацияларды
өндіріс қызметіне енгізу
-Кәсіпорын қызметіне
жаңа ойлар мен өнімдерін
Мемлекеттік бюджетті толықтыру. Франчайзингтің отан-дық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету салаларын-да пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономи-калық, құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан, қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материал-дық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшелік-терін ескеретінін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге болады.
Екіншіден, отандық
франчайзинг нарығының
Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым, Мысалы, «РосИнтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т.б.
Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Соны-мен бірге еліміздегі ірі шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктердің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарлама-сында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернентегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда.
Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік нысанды таңдаған бірқатар компаниялар нарықта белсенділік танытуда. Қазақстан франчайзинг қауымдастығы мәліметтерін жинақтап, оларды зерттеу барысында еліміздегі франчайзингтік жүйелердің қызмет ету салалары бойынша даму қарқыны мен үлесі 1-кестеде сипатталады.
1-кестеде көрсетілгендей, франчайзингтік компаниялардың ең дамыған салалары – қоғамдық тамақтандыру және бөлшек сауда саласы. Франчайзингтік фирмалар жылдам тамақтандыру кәсіпорындарының санындағы үлесі 2007 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 3,9 есе, ал 2004 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге өсіп – 4,3%-ды, ал фирмалық бөлшек сауда үлесі сәкесінше 8,6 және 3 есесге ұлғайып – 8,2%-ды, азық-түлік өнімдерінің ерекше түрлерін сату -2,4%-ды және денсаулық сақтау және фитнес 2,4 есеге артып – 3,3%-ды құрады. Бұл мәліметтер жоғарыда қарастырылған еліміздегі франчайзингтің ерекшелік-терінің негізгі сипаттамаларын растайды.
1-кесте – Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік кәсіпорындарының үлесі
(сәйкес салалар бойынша)
Сала |
Сәйкес қызмет ету салалары бойынша франчайзингтік кәсіпорындардың үлесі % |
2007 жылды
алдың-ғы жылдармен | |||
2001ж. |
2004ж. |
2007ж. |
2001ж. |
2004ж. | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Жылдам тамақтандыру кәсіпорындары |
1,1 |
2,3 |
4,3 |
3,9 |
1,9 |
Мейрамханалар |
0,31 |
1,2 |
2,8 |
9,0 |
2,3 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Фирмалық бөлшек сауда |
0,95 |
2,7 |
8,2 |
8,6 |
3,0 |
Азық-түлік өнімдері бөлшек саудасы |
- |
1,6 |
3,8 |
- |
2,4 |
Денсаулық сақтау және фитнес |
1,0 |
1,4 |
3,3 |
3,3 |
2,4 |
Консалтингтік және аудиторлық компаниялар |
0,87 |
1,8 |
3,2 |
3,7 |
1,8 |
Телекоммуника-циялар және бай-ланыс құралдары |
0,35 |
0,3 |
1,0 |
2,9 |
3,3 |