Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 21:29, реферат
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….1
ІІ–БӨЛІМ. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту….14
2.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ……………………...14
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………16
2.3.Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері…………19
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..3
Кез келген отбасылық бизнес – бұл отбасы мен бизнестің симбюзы. Отбасының мақсаты – балаларды тәрбиелеу және отбасы мүшелеріне қарау. Бизнестің мақсаты - өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп пайда табу. Бұл екі мақсат көбінесе бір-бірін толықтырып отырады, бірақ ұрыс-керіс жағдайлар да болуы мүмкін. Менеджер қызметкерді жұмысқа кешігіп келгені үшін сөгуі мүмкін, бірақ сол кешігіп келген қызметші өз отбасының мүшесі болса, онда бұл проблематикалық жағдайға айналады.
Отбасылық бизнестің басты артықшылығы – кез-келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді. Жұмысқа берілгендік, жоғары әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей жауапкершілік – отбасылық бизнестің негізгі критериялары екендігі белгілі. Кәсіпорын отбасылық бизнестің тағы бір артықшылығына, ірі корпорацияларымен салыстырғанда жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы жатады.
Отбасылық бизнес
кәсіпорындары көлемдері
Франчайзингтік
қарым-қатынастардың
№ |
Термин |
Анықтама |
1 |
Франчайзинг |
Бір тарап (франчайзер) өз құқықтарының бір бөлігін (сауда маркасын, технология, «ноухоу» өнімдерін және т.б.) екінші фирмаға (франчайзи) белгілі төлемақыға беретін екі тарап арасында келісімнің жасалуын ұйғаратын нарықтық өзара қарым-қатынас жүйесі. |
2 |
Франчайз |
Құқық беретін
(франчайзер) фирма мен осы құқықтарды
алатын (франчайзи) фирма арасындағы
арнайы келісімде ескерілетін |
3 |
Франчайзи |
Арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын. |
4 |
Франчайзер |
Өз құқықтарын
басқа кәсіпорынға беретін |
5 |
Франчайзингтік шарты |
Франчайзи мен франчайзер арасындағы заң және құжат. |
6 |
Франчайзингтік өнім және сауда маркасы |
Бұл франчайзердің франчайзи фирмаға пайдалалануға беретін құқықтары, өнім және сауда маркасы |
7 |
Бизнестің Франчайзингтік моделі |
Франчайзер пайдалану құқығын тең өнімге, қызмет көрмсету, сауда маркасына ғана емес және де бизнес концепциясының өзін де беретіндігін көрсететін келісім. |
8 |
Бөлшек Франчайзинг |
Ірі дүкендердің (франчайзер) бөлшек сауда құқығын басқа фирмаға (франчайзи) беруі. |
9 |
Франчайз сатылымы бойынша қызмет |
Франчайзерлер мен қажетті кеңестерді жүзеге асыру және оларға франчайзингтік операциялар құқығын беретін лицензия сату жүргізу мақсатында франчайзер атынан әлеуетті франчайзерлерді іздестірумен айналысатын фирма немесе жеке агенттер. |
10 |
Мультифранчайзи |
Фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше бөлімдерден тұрғанда және франчайзингтік қарым-қатынастардың жүйесін өзінің барлық бөлімдеріне таратқанда пайда болады. |
2.3.Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері
«Дока-хлеб», «Дока-пицца»
фирмалары ретінде Қазақстан-
Франчайзингілік жұмыс жасау үшін төмендегідей қадам-дарды жасаған дұрыс:
- белгілі нарықтық
кеңістіктегі бәсекенің
- тауардың ерекшелігін табу;
- сұраныс пен ұсынысты анықтау;
- нарықтың сыйымдылығын нақты белгілеу;
- инвесторлар түрінде франчайзерлердің тарту мүмкін-шілігі.
Осыларға жауап тапқан кезде ғана франчайзер де, сол сияқты франчиза да келісімшартқа отыруға болады. Франчайзинг жаңа техниканы пайдалануға, бухгалтерлік қызметтерді көрсетуге, жүкті тасымалдауда және тағы сол сияқты жұмыстарда өте ыңғайлы болып табылады. АҚШ-та франчайзинг, әсіресе, сауданы, көпшілікті тамақтандыруда, ұйымдастыру мәселелерінде тиімді болып есептеледі.
Кесте 3-ден франчайзинг қатынастарының құрылуының ең көп динамикасы жапондық фирмалар франчайзингтерінде кездесетіндігін байқауға болады.
Егер де франчайзер тауардың жабдықтаушысы болса, онда франчайзи ұсынатын негізгі жеңілдіктер:
- күшті жарнама
- қоғамдық мойындау
- бастапқы кезеңде үйрету, көмектесу
- орталықтандырылған сауда
- франчайзингілік кәсіпорынды дайындау және оның орналасу жерін таңдау
Кесте 3 – Әлемдік кеңістіктегі франчайзингті қолдану масштабтары (салқын сусындар мен
автомобильдік бизнестен басқа)
Мемлекет атаулары |
Мәлімет-тер түскен жылдар |
Басты фирма-лардың саны (франчай-зерлер) |
Операторлар, кәсіпорын-дардың саны (франчайзи) |
Өткізу көлемі (млн $ АҚШ) |
Австрия |
1995 |
320 |
1360 |
- |
Австралия |
1997 |
230 |
1033 |
- |
Бельгия |
1995 |
77 |
4045 |
2,0 |
Канада |
1998 |
1000 |
45000 |
38,4 |
Дания |
1999 |
60 |
500 |
3,31 |
Франция |
2001 |
675 |
19698 |
10,0 |
ФРГ |
2001 |
180 |
9000 |
3,38 |
Италия |
2001 |
197 |
11560 |
2,10 |
Жапония |
2002 |
812 |
122450 |
32,7 |
Голландия |
1998 |
244 |
8252 |
3,6 |
Норвегия |
1999 |
120 |
850 |
0,3 |
Испания |
2001 |
215 |
20000 |
- |
Швеция |
2001 |
60 |
1000 |
1,5 |
Ұлыбритания |
2002 |
385 |
19800 |
5,5 |
Бұл тізімнің қатары өзара келісімшартта толықтырылуы мүмкін. Көптеген жағдайда франчайзи жаңа жабдықты немесе оны қолдануды сатып алса, техникалық көмек пен қызмет көрсетуді талап етуге мүмкіншілігі болады. Франчайзи бірнеше жылдан кейін бұл бизнес туралы франчайзерлермен тең дәрежеде меңгеріп, қарым-қатынастарда қайшылықтар мен келіспеушілікпен қатар, бәсекелестік пайда болуы мүмкін.
Франчайзинг батыс нарығы үшін бизнестің көптен бері етене таныс формасы болса, Қазақстан үшін жаңа форма болып табылады. Кәсіпкерліктің бұқаралық топтары қалыптасып, жүздеген адамдары өзінің бизнесімен айналысуға ұмтылыс білдіріп жатқан біздің ел үшін франчайзинг тәжірибесі өте маңызды. Олар (кәсіпкерлікпен шұғылданбақшы тұлғалар) бастапқы кішігірім капиталдың бар болуымен, бірақта білімдері, тәжірибелері, алдын ала сақтандырулары жағынан жетіспеуші-лікпен сипатталынады. Бүгінгі таңда ел экономикасында франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың біріккен формасы бола отырып, негізгі ілімдік және әдістемелік тұрғыларын өңдеу қажет болып табылатын салыстырмалы түрде құбылыс болып саналады.
Біздің ел қатарлы нарықтық экономикасы дамушы елдерде лайықты, әйгілі тауарлармен меңгеріліп, қолданылған технологиялардың иегерлері – әйгілі фирмалар шегінде, өздерінің құқықтары үшін белгілі бір сыйақыға келісушілік танытып, басқа жеке-дара кәсіпорынға осы технологияны және өзінің тауар маркасын сол тауарларды сату мен қызмет көрсету үшін рұқсат беру қатынасының жүйесі кең таралуда. Осы қатынас франчайзингтік қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасында франчайзингті іс жүзіне асырумен байланысты қатынастарды 2002 жылдың 24 маусымындағы қабылданған «Кешендік кәсіпкерлік лицензиясы (франчайзинг) туралы» (18) заң реттейді. Осы заңмен қоса Қазақстанда франчайзингті дамыту және франчайзингтік компаниялар мен оған қызығушылық, мүдделік танытушы заңды тұлғаларды біріктіру мақсатында 2002 жылдың ақпанында Қазақстандық франчайзинг ассоциациясы (ҚФА) құрылды.
Ассоциацияныц
негізгі міндеті –
Біздің ел үшін бизнесті жүргізудің тұжырымды түрде жаңа форматы – франчайзингпен біріктірілген жаңа бизнес-қауымдастығын құру арқылы республиканың шағын және орта бизнесін дамытуға әрекет ету. ҚФА-ның бүгінгі әріптестерінің арасында ҚР-да франчайзингті дамытуға мүдделі экономикалық ұйымдар, консалтингтік және басқа да мекемелер бар.
Франчайзинг, біздің ойымызша, қазақстандық нарыққа өте оңды болып табылатын, тауар мен қызметтерді үлестірудің және маркетингтің бірегей жүйесі болып табылады. Франчайзинг франчайзермен (табысты қызмет атқарушы компания) франчайзи (тәуелсіз кәсіпкер не компания) арасындағы әріптестік қарым-қатынасты бекітуден басталады.
Ең алдымен, бұл жағдай сауда-саттық және әр түрлі қызмет көрсету аясына тән сипатқа ие болуда. Франчайзингтің франчайзер үшін артықшылығының түпкі мәні – бизнесті кеңейтіп, тармақтаудың ең тиімді жолы болып саналуы. Франчайзи үшін артықшылық – олардың әріптестерінің беделі, тәжірибесі және қалыптасқан жетістігін атап айтуға болады.
Франчайзер және франчайзи бірге жұмыс істей отырып, бір-бірінің жетістігін алмастыру арқылы және жіберген қателіктерін төмендету шарасында бизнеске инвестиция жасап, пайда алады.
АҚШ, Канада, Ұлыбритания сияқты елдердің бюджетінің үшке жуық бөлігін ШБО-тары арқылы қызмет атқарушы франчайзингтік компаниялар қамтамасыз етуде. Жақын арада Халықаралық франчайзингтік ассоциация осыған дейінгі қарқыннан да жоғарғы деңгейде дамитыны сөзсіз. Франчайзерлер шет елдерде, сонымен қатар Қазақстанда, әлеуетті франчайзиларды іздестіруде, ал көптеген жеке тұлғалар мен фирмалар өздеріне белсенді түрде басқа елдерден әйгілі, лайықты компаниялардың лицензиясы мен құқықтарын, олардың қаржылық демеушілігінің арқасында, өндіріс пен қызмет көрсету технологиясын игеру кезінде пайдалы бизнес құру үшін франчайзерлерді іздестіруде.
Соңғы уақыттан бері Қазақстанда франчайзингтік формада дамуға шешім қабылдаған кәсіпкерлер ортасы белсенді түрде калыптасуда. Үш жыл ішінде оңтүстік астанада осындай компаниялардың бірнешеуі құрылып, жалпы елімізде әйгілі фраичайзннгтік брэнділер пайда болып, сәтті түрде тіршілік танытуда. Мысалы, «1С», «МахМага», «Ваllу», «Dоlсһе & Gаbbana», «Патио Пицца», «Планета Суши», «Американский Бар и Гриль», «Хесбургер», «Баскин 31 Робинс», «Wогld Сlass» – фитнес клуб, Вrіtіsһ Аіrwауs, Еuго Саr т.б. атап өтуге болады.
Франчайзинг шартында өз бизнесін интернациолдандыруда келесі талаптарды қолдануы мүмкін: шетелде орналасқан фирмаға франчайзингілік келісімді құруға құқық беру. Ол үшін арнайы елшіліктер франчайзер және оның тауары туралы қажетті мәліметтерді білуі керек және ол келесі қадамдардан тұрады:
Франчайзимен келісім жасау мүмкіндігі
бар басқа
елде тәуелді фирма ашу мүмкіншілігінің
болуы.
Бірнеше елде франчайзерлермен тікелей келісімге отырып, басқа мемлекетте франчайзимен келісім жасау мүмкіншілігінің болуы .
Бірлескен кәсіпорын
құру, оның бөлімшесі шет
елдердің біреуінде франчайзинг принципі
негізінде жұмыс
істеу мүмкіншілігінің болуы .
Халықаралық франчайзингілік келісімдер құру кезінде көптеген мәселелерді ескеруі қажет. Сондықтан шетелдік юристік фирмалар және Қазақстан республикасының Сыртқы істер министрлігі коммерциялық негізде франчайза келісімін құруға құқығы міндетті түрде тіркелуі қажет. Қажетті заңды негізді құрғанда халықаралык тәжірибені, франчайзингтің Халықаралық ассоциациясының этикалық кодексін ескеру керек және оның негізгі принциптері төмендегідей: