Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ерекшеліктері мен салық төлеушілерінің құқықтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 17:05, курсовая работа

Краткое описание

Салықтар мемлекет үшін маңызды функцияларды орындауға қажетті мемлекеттің ақшалай табысын қалыптастырумен байланысты қаржы қатынастарының бір бөлігі. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде салық экономикалық негізге жатады. Салық объективті қажеттілік немесе қоғам дамуының негізіне реттеледі. Мемлекет осы объективті қажеттілікке сәйкес салық жүйесін қалыптастырады. Елдің қаржы жүйесіне қызмет ету механизмін оның құрылымын жасақтайды. Әлеуметтік және экономикалық салық факторлары салыққа байланысты өндірістік қатынастардың жаңаруына ықпал етеді. Яғни нарықтық жүйеге көшу мемлекеттің салық жүйесіне және бюджет саясатына түпкілікрі қайта құруды жүргізуді талап етеді.

Содержание

Кіріспе ......................................................................................................................3
1 Бөлім. Салықтар және салық салу механизмімен теориялары....................5
1.1 Салықтардың экономикалық мәні және маңызы..................................5
1.2 Салықтың атқаратын қызметі. Лаффер қисығы.....................................7
1.3 Салық салу механизмі.............................................................................10
2 Бөлім. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтың түрлері.....................................................................................................................11
2.1 Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы.........................................11
2.2 Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы...........................................13
2.3 Қосылған құнға салынатын салық. Акциздер........................................15
3 Бөлім. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ерекшеліктері мен салық төлеушілерінің құқықтары........................................................................18
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы ұғым.....................18
3.2 Қазақстан Республикасының салық реформасының кезендері............20
3.3Қазақстан Республикасының салық төлеушінің міндеттері мен құқықтары..............................................................................................................26
Қорытынды............................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

Салыктар курсавой.docx

— 69.75 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 21-желтоқсанында  қабылданған  Заң күші бар      "Қазақстан  Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  Жарлығы 1996   жылдың     1-қаңтарынан    бастап   салық   жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді.

Қазақстан Республикасының  салық жүйесін құруда ең алғашқы  тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген  заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен орны ерекше.

Салық жүйесінің бір орында өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел экономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономикасы дамыған елдердің тәжірибелерін  талдап-жиынтықтау барысында салық  жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара  түсуі тиіс.

Салық  жүйесінде басты  орынды  салықтардың  түрлері  алатыны сөзсіз. Жаңа  салық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасындағы  салықтар  жалпы  мемлекеттік  және жергілікті салықтар болып үлкен  екі топқа бөлінеді.

Жалпы мемлекеттік салықтар:

• заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;

•  қосылған құнға салық;

• акциздер;

• бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;

• жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері;

Жергілікті салық пен  алымдар:

• жер салығы;

• заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

• көлік құралдарына салынатын салық;

• кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;

• жекеленген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін алынатын алымдар;

• аукционда сатудан алынатын алым;

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлімінің 70 процент шамасы салықтардан түсетін  түсімдерден құралады.

 

 

3.2 Қазақстан Республикасының салық реформасының кезендері.

    Салықтар - өркениеттік  қоғам үшін, қоғамда өмір сүруге  және салық жүйесінің әділдігі  үшін төлем.

Қазіргі уақыттағы экономисттер дамушы елдердің тәжірибесін зерттеу  және жалпылауға ерекше назар аударады. Мұнда реформаларды өткізудің түрлі  тәсілдерін талдай отырып, олардың  қуатын, реформадан кейінгі процесстерді, нәтижелердің сәйкестігін қарастырады. Енді жасалған қорытынды басқа дамушы елдердің билік органдарына сәйкес жағдайда не істеу керектігіне көмектеседі. Нәтижесінде нағыз дұрыс, экономикалық жағынан ұтымсыз, бұрынғы реформаторлардың қателіктерінсіз шешімге келуге болады.

Бұның маңыздылығын мынадан  көруге болады: Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі жарты ғасырда ешқандай мемлекет әлемдік кризистің алдында  бола тұрып, өзінің соғысқа дейінгі  салықтық жүйесін сақтап қалған жоқ. 1945 жылдан бастап, Азия, Латын Америкасы, Африкада, кейін Шығыс Еуропада жүзге  жуық салық реформаларын жүргізді.

Бұл зерттеу дамушы елдердің соғыстан кейінгі жүргізген реформаларының бай тәжірибесін жүйелі түрде  қарастыру негізінде пайда болды. Реформаларды жүргізу әдістерінің, даму кезеңінің ерекшеліктеріне  қарамастан, біз ортақ, мақсаттары және нұсқалары көп салықтық реформаны  құрдық.

Көптеген соғыстан кейінгі  салыктық реформалардың жоспарлары өз құрастырушыларының үміттерін ақтамағандығының себептері осында. Олардың жартысы  қүрып кетсе, кейбіреулері қысқа  уақыттық пайдасын ғана әкелді.

«Салықтық реформа» ұғымының бірнеше мағынасы бар. Салықтық жүйені түбінен өзгерту әдіс-тәсілінің  әрқашан дамытуға талпыныс белгілі  бір тұрақсыздылыққа алып келеді. Егер де, өзгерістер тек ағымдағы салықтық заңның белгілі бір бөліктерін нақтыласа, оның негізгі бөлігін қалдырса, өзгерістер - салықтық түзетулер деп аталады.

Қазақстан Республикасы салықтық жүйесі әлі де даму барысында. Сонымен  қатар, салықтық механизм де дамып келеді. Еліміздегі салық салудың заңдық бағдарлануы өзінің 3 кезеңін өтіп болды:

Салықтық реформаның бірінші  кезеңі ( 1992 жылдан бастап 1995 жылдың маусымына  дейін)

Мемлекетте салықтың 40 түрі қызмет атқарды:

- жалпы мемлекеттік салықтар;

- жалпыға міндетті жергілікті салықтар;

- жергілікті салықтар.

Салықтық реформаның екінші кезеңі. ( 1995 жылдың шілдесінен 1999 жылға  дейін).

Бұл кезеңде салық саны 11-ге дейін азайды. Олар жалпы мемлекеттік  және жергілікті болып бөлінді. 1996 жылдан бастап «Салықтар және басқа

міндетті төлемдер туралы»  заңға 1996 жылдан бастап 30-ға жуық өзгерістер еңгізген.

Алым-салық саны 18 түрге  дейін көбейді.

Салықтық реформаның үшінші кезеңі (2000 жылдан 2001 жылға дейін).

Жаңа Салық Кодексін құрастыру  үш бөлімнен түрады: жалпы бөлігі, ерекше бөлігі, салықтық әкімшілдендіру.

1 кезең.

Салықтық жүйені құрастыруда  өзіндік тәжірибенің жоқтығынан Қазақстан өз салық жүйесінің  негізіне көрші елдердің, әсіресе, Ресей  Федерациясының тәжірибесін қолданды. Шынына келгенде, 24 желтоқсанда қабылданған  «Қазақстан Республикасы салық жүйесі туралы» заңы Ресей заңының көптеген бөліктерін көшіріп алған. Нәтижесінде, Қазақстанда федеративті мемлекеттердегідей үш буынды салық жүйесі құрылды.

 

 

 

 

 Ол өзінің құрамына салықтың 3 тобын біріктірді:

- жалпы мемлекеттік;

- жалпыға міндетті алым - салықтар;

- жергілікті алым-салықтар.

Салықтардың санының көптігі (43 түр; оның 16 жалпы мемлекеттік, 10 жалпыға  міндетті , 17 жергілікті алым-салықтар), заңның тұрақсыздығы, есеп айырылысатын базалар арқылы төленетін төлем, біршама жеңілдіктер қолданылуы салық жүйесін пайдасыз және бақылануға келмейтін дәрежеге жеткізді. Қазақстан  Республикасы салық жүйесін дамыту 1992 жылдан басталды.

Қазақстан Республикасы салық  жүйесінің даму тарихында 1994 жылды  ерекше атап кетуге болады. Осы жылы салық жүйесін реформалауда нақты  қадамдар жасала бастады. Екі ірі  салық өзгерістерге ұшырады. Олар: кіріс  салығы және мекемелер табысына салынатын  салық. Осы негізгі екі салықтардың  есептелу механизміне түбегейлі  өзгерістер еңгізілді.

Сонымен, кіріске салынатын  салықтарда алғашқы рет ғаламдық жылдық табысқа негізделген салық  салу эдісі кабылданды. Салық төлеушілер қатарына бюджеттік мекемелер де келіп қосылды. Жеңілдіктер реттелді: бүрындағы 30 жеңілдіктің орнына 6-ы  қалды. Бірақ, осындай нақты шешімдерге қарамастан салық түсімі 1993 жылмен салыстырғанда 8,4% азайды.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының  келесі реформаларына мынандай негізгі  мақсаттар қойылды:

- Рыноктік қатынастарды реттеу, оның ішінде:

- Кәсіпкерлікке белсенді түрде қолдау көрсету;

- Салық төлеушілерді ынталандыру, келетін кірісті кәсіпкерлікке жұмсау;

- Салық салу туралы кең ауқымды, дүрыс ойластырылған заң қабылдау;

- Кірістерден екі, үш рет қатарынан салық алудан қорғану механизмін ойластыру;

- Салық салуда белгілі бір әділдікке жету, оның ішінде:

- Кедейлерді әлеуметтік жағынан қорғау;

- Кіріс көзіне қарамастан, салық салудың біріңғай жүйесін құрастыру;

- Мемлекеттің ұлттық және территориялық мүдделерін есептеу;

- әлемдік салық салу қүрылымын құрастыру тәжірибесін шығармашылық түрде қолдануға талпыну.

Бұл мақсаттарды көздей отырып, бүкіл Қазақстан Республикасының  салық жүйесін өзгертіп, оны әлемдік  стандарттарға жақындату белгіленді.

2 кезең.

Екінші кезеңнің мақсаттары мынадай болды: салықтық ауыртпалықты азайту, салық санын азайту, Қазақстан  Республикасы салық жүйесін әлемдік  стандарттарға жақындату. Негізінде  бүл талаптарға 1995 жылғы 24 сәуірде  қабылданған Қазақсатан Республикасының  Президенті қаулысы - «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті түрде  төленетін төлемдер туралы» заңы сай келеді.

Жалпы мемлекеттік:

- Азаматтардан алынатын кіріс салығы;

- Қосымша құнға төленетін салық;

- Акциздер

- Құнды қағаздармен операциялар атқарғаны үшін төленетін салық;

- Пайдалы қазбаларды қолданушылардан алынатын әлеуметтік салықтар;

Жергілікті алым — салықтар: Жер салығы

Азаматтардың мүлкіне  салынатын салық Транспортке  салынатын салық

Кәсіпкерлікпен айналысатын  азаматтардан тіркеу үшін алынатын салықтар;

Түрлі кәсіпкерлікпен айналысу құқығы үшін алынатын салық; Аукциондық сатылудан алынатын салықтар.

1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жалпы мемлекеттік алым-салықтар  құрамына мыналар кіреді: жол  салығы, әлеуметтік салық, әлеуметтік  қамсыздандыру жэне автомобильдердің  Қазақстан Республикасына кіру  құқығын алу үшін алынатын  салықтар. Ертеде бұл төлемдер  бюджеттен тыс қорлардың көздері болды, кейін жол салығы және әлеуметтік сақтандыруға салықтар алынып тасталды.

1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданған  Қазақстан Республикасы Президентінің  №440-1 «Салықтар және бюджетке  міндетті түрде салынатын төлемдер  туралы» қаулысы 1995 жылдың 24 сэуірінен  бастап Қазақстан Республикасы  Заңы статусына ие болды.

ҚР салық жүйесі жоғарыда аталған құжат бойынша мынадай  алым-салықтарды және басқа да міндетті түрде төленетін төлемдерді қамтиды:

- Азаматтардан алынатын кіріс салығы;

- Қосымша құнға салынатын салық;

- Акциздер

- Құнды қағаздарды тіркеу және мемлекеттік тіркеуге тиісті емес бағалы қағаздарға ұлттық анықталған нөмірдің берілуі үшін төленетін салықтар;

- Пайдалы қазбаларды қолданушылардан алынатын арнайы салықтар;

- Әлеуметтік салық;

- Қазақстан Республикасы территориясында автомобильмен жол жүру үшін төленетін алым-салықтар;

- Жер салығы;

- Азаматтардың мүлкіне төленетін салықтар;

- Транспортке салынатын салықтар;

- Біріңғай жер салығы;

- Кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарды тіркеу үшін төленетін алымдар;

- Түрлі кәсіппен айналысу қүқығы үшін алынатын лицензиялық алымдар;

- Аукциондағы сатулардан алынатын салықтар;

- Тауарды сату қүқығы үшін төленетін алымдар;

Азаматтардың немесе кәсіпкерлердің өзінің тауар белгісінде, қызмет көрсету  белгілерінде жэне т.б. Аламаты символикасын қолдану құқығы үшін алынатын алымдар;

Азаматтардың (мемлекеттік  мекемелерден басқа) «Қазақстан», «Республика», «¥лттық» сөздерін тауар, қызмет көрсету  белгілерінде қолдану құқығы үшін алынатын төлемдер;

 

3 кезең. тұрақтылықты  және ағымдағы салық жүйесінің  өзгермеуін көздейтінін атағ 

Үшінші кезеңнің негізгі  міндеті мемлекеттік органдармен  салық төлеушілердің арасындағы қарым-қатынастардың заңды аспектілерін күшейту болып табылады. Негізі 1995 жылы қүрылған салық қүрылымын қолдану  ең дұрыс шешім болды. Бүгінгі  күнде, алым-салықтың 17 негізгі түрі бар. Оларды әлі де дамыту қажет. Сондықтан  салық туралы заңды реформалау қажеттілігі  туады. 2002 жылдың 1 қаңтарыда Қазақстан  Республикасы Кодексі («Салық жэне басқа  да бюджетке міндетті түрде төленетін  төлемдер туралы») өз жұмысын атқара бастайды.

Салық Кодексінің қүрылымы 3 ірі бөлімнен құралады:

- Жалпы

- Ерекше

- Салықтық экімшілдендіру

Жалпы бөлім салық кодексінің «конституциясы» деп есептеуге  болады. Мүнда салық заңының құрудың  негізгі принциптері көрсетілген, осыған сәйкес, заңға өзгертулер тек  бюджет қабылданғаннан кейін еңгізілуі  мүмкін, ал өз міндетіне тек жаңа жылдан кейін кірісуге құқығы бар  делінеді. Бірақ, оның кеден салығына, акциздерге еш қатысы жоқ.

Ал, ерекше бөліміне келсек, мемлекеттің әрқашан ан жөн.

Салықтық әкімшілдендіруде іс жүргізу сұрақтарын анықтайды. Қазіргі  уақытта берілген бөлім туралы нақты  пікір айту қиын, себебі осы құқықтық реформаның екінші кезеңі басталып келед.

 

 

 

3.3 Қазақстан Республикасының салық төлеушінің міндеттері мен  құқықтары.

            ҚР-ның салық заңдылығы ретінде  оның Салық Кодексі және осымен  байланысты нормативтік құқықтық  актілер болып табылады. ҚР- ның  салық заңдылығында көрсетілген  салықтар бойынша міндеттемелер  жүктелуі мүмкін емес. Салық және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдер салық кодексінде  белгіленген тәртіпте және жағдайларда  белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі  немесе күшін жояды. Келесі  маңызды жағдай салықтық қатынастарды  реттейтін нормаларды салықтық  емес заңдарға енгізуге тиым  салынады. Салық заңдары Қазақстан  бүкіл аумағында бөлімшелеріне  бірдей қолданылады. 

             Салық міндеттемесі дегеніміз-  салық заңдылығымен байланысты  болатын мемлекет алдындағы салық  төлеушінің міндеттемесі.

Салық төлеушілердің құқықтары:

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ерекшеліктері мен салық төлеушілерінің құқықтары