Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:30, доклад

Краткое описание

Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы
1.2 Еліміздегі бекіре тұқымдас балықтарға жалпы сипаттама
1.3 ЖСАҚ-да бекіре тектес балық түрлерін өсіру биотехникасы
1.4 Су аэрациясы
1.5 Судың сутектік потенциалы, судың сілтілігі және қаттылығы
1.6 Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында суды дайындау жолымен ауруларды алдын- алу
1.7 ЖСАҚ-ны су қалдықтарынан тазарту
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 БШҒЗ ортылығының сипаттамасы
2.2 Судың гидрохимиялық режимін зерттеу
2.3 Сүйрікті азықтандыруда қолданылатын шетелдік және отандық құрама азықтарды салыстыру
2.4 Сүйрік шабақтарының ЖСАҚ-да өсу динамикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

общий.docx

— 703.40 Кб (Скачать файл)

Дон мен Құбанда да басым көпшілігі жаздық балықтар, олар уылдырық шашуға сәуір-мамыр айларында келеді. Шоқырдың уылдырық шашуы созылмалы келеді. Еділде мамырдан тамызға дейін, Құрада сәуір айының ортасынан қыркүйекке дейін. Уылдырық шашу температурасы 18-240С. Ұрығының инкубациялық кезеңі 230С температурасында 50 сағ., ал, 190С -100 сағ.

Шоқырдың уылдырық шашуы өзеннің ұсақ жұмыртасты жерлерінде жүреді, әдетте бекіренің уылдырық шашу алаңынан төмен. Уылдырық тастарға жабысып, кейін сумен шайылып, тастың астына түседі. Шоқырдың әр популяцияларының биологиясындағы басқа да маңызды айырмашылығын көрсетуге болады. Құбан мен Құра өзендерінде личинкасы, уылдырықтан шыға сала, судың бетіне қалқиды  да, мамыр - маусым айларында ағыспен төменге кетеді. Еділ өзенінде шоқыр төлі кейінірек сырғиды - шілде айының  екінші  жартысы - тамыз айларында - 2-3 айлық жасында.

Шоқыр төлі ағыспен теңіздегі жайылымдарына сырғиды. Каспий теңізінде негізгі жайылымдар солтүстік жағында орналасады. Каспий теңізінде маусымдық миграциялары байқалады: көктем мен жазда басым көпшілігі солтүстігінде негізгі жайылымдарында шоғырланады, ал күзде және қыста, орталық – оңтүстік жағына қарай бағыттайды (Баранникова және б.,1995).

Шоқыр, теңіз жиегі мен өзендер ойпанындағы, әдетте, бентофаг (Шубина және б.,1989). Бекірелердің басқа тұқымдарына қарағанда, шоқыр тек қана түбінде  емес, судың беті мен ортасында жақсы игереді.

Популяция жағдайы. Шоқыр популяцясының көлемі туралы мәліметтер жоқ. Ең көп деген популяция Еділ-Каспий бассейнінде мекендейді. Левиннің (1996) бағалуы бойынша соңғы жылдарғы Еділге келетін уылдырық шашу популяция, шамамен, 160 мың жетілген  особтардан тұрады, орта жасы 10-14 жас. Бирстеиннің (1993) хабарлауынша 1998ж. Орал өзеннің уылдырық шашу алаңдарында 90 мыңға жуық особтар байқалған. Басқа өзендерден мәліметтер жоқ, бірақта кейбір авторлардың (Власенко,1996; Левин,1996) пікірі бойынша, оларда уылдырық шашу популяциялары өте аз.

Қара және Азов теңізіндегі мекедейтін шоқыр популяциялары туралы жаңа мәліметтер жоқ. Воловик әріптестерімен  (1993) байқауынша, Азов теңізін мекендейтін бүкіл бекірелердің жалпы биосалмағы 59 мың т, бұл 80-і жылдардың орта шеңбері  ал,бұның ішіндегі шоқырдың өзіндік салмағы  21%, яғни 12390 т. Бірақта 1990 жылы бекірелердің жаппай қырылуы байқалған, онда жағалауда 55 мың особтардың өлігі тіркелген, одан кейін қазіргі популяция көлемі туралы мәлімет жоқ.

Шоқырдың кәсіптік ауламы төмендеуі жалпы популяция саны азайғаның  көрсеткіші. Ең көп деген Еділ - Каспий аймағында ауламы 13350 тоннадан (1997ж) 5600т (1589) дейін төмендеген, яғни 2,4 есе (Власенко, 1990).  А.В.Левиннің байқауынша Еділге кірген ең ірі популяция саны соңғы жылдары 500 мыңнаң 116 мыңға дейін азайған, яғни 4,3 есе. Ең үрейлентетіні табиғи көбею деңгейі төмендеуі.

И.А.Баранникованың (1995)айтуынша Каспий теңізінің Ресей бөлігінде 1993жылы бүкіл ауланған шоқырдың 30%  зауыттық текті. Қара және Азов теңізінде жағдай бұдан да мүшкіл: 1993 ж ауланған шоқырдың 80%  зауыта, яғни қолдан  көбейтілгеннен болып отыр. Нашарлаған орта репродуктивті жүйелерін терең өзгергіштікке әкеліп отыр. В.Г.Шагаева және б.көрсетуінше 1989ж. Еділдің ойпаңындағы шоқырда алынған уылдырықтан түгелі личинка кезеңінде аномалия көрсетіп, 100% (табиғи және зауыттық) өмірге қабілетсіздігін көрсетті. 1990 жылдағы  Азов және  Қара теңізіндегі бекірелердің жаппай қырылуы да сол қоршаған ортаның қолайлысыздығының әсері. Бұны бәрі қалған популяцияға өзінің әсерін тигізеді, табиғи көбею деңгейі төмендеуі бара - бара  мекен ареалындағы   популяцияның  төмендеуіне әкеледі. А.В.Левиннің (1995) көрсетуінше қолдан көбейту өз әсерін тигізседе толық табиғи көбеюін толықтыра алмайды.

Шоқыр азаю себебі орыс бекіресі жағдайымен бірдей, яғни ең басты себеп өзендердегі  бөгеттер.

Түрдің экожүйедегі рөлі. Бұл да анадромды түр,  ұзындығы  2,18 м, салмағы 54кг барады (Борзенко, Шубина және б., цит, 1989). Мекеніне байланысты шоқыр бентос ағзаларымен қоретенеді. Негізгі қоректері ұлулар полихиттер, олигохеттер, насекомдар личинкалары және ұсақ балықтар (көбінесе тасбастар).

Шоқыр төлі, көбінесе, ұсақ өзеннің шаянтәрізділерімен  қоректенеді. Ал, ересек балықтардың қоректену спектрі мекеніне байланысты. Мысалы, Каспийдің батыс жағалауында ересек шоқыр  тағамы көпшілігінде омыртқасыздар: 59,6 % - хирономид личинкалары; 9,2 % - шаян тәрізделер, қалғаны балықтар .

Оңтүстігінде шоқырдың басты тағамы балық: 55,9 % - бұзаубас, 5,7 % -- басқа балықтар; 14,3 % - хирономида личинкалары; қалғандары  - шаян тәрізділер.

Шоқырға  жыртқыштар әсері дамуының басында ғана тиеді. Уылдырығын  тұқылар (көбінесе табан балық, қылышбалық), бұзаубас және сүйрік жем қылады. Личинкалары  мен бір жазғылары жайын, көксерке, бұзаубастыларға жем болуы мүмкін.

Ал енді, шоқыр азаюы бұл балықтар түріне қандай әсерін беретіні айту қиын.

Парсы бекіресі A. persicus Borodin ағылшынша Persian sturgeon, (түрдің биологиясы мен таралуы). Парсы бекіресінің таксономиялық статусы 1974 жылға дейін түсініксіз болып келді. Құра және Сефид- Руд өзендеріндегі бұл балықтардың популяциясы орыс бекіресінің түр тармағы  болып  саналды  және Берг бойынша (1993) A.gueldenstadti  persicus деп аталады.

Еділ мен Оралдағы парсы бекіресінің популяциясын орыс бекіресінің ерекше топтары деп санаған. 1973 және 1974 жылдары кейбір ғалымдар (Власенко және б.,1989) Құра мен Еділдегі особтардың қан сарысуының  белоктар антигендік  компоненттерін зерттеуге алғанды, олар бір - біріне ұқсап ғни идентивті болған, бірақ орыс бекіресінен ерекше келген.

Орыс бекіресі - ең кәсіптік маңызы бар үш түрдің арасында орнын алып  отыр, оның аулам деңгейі бірінші орында (бұл жерде ескерту- ресми түрде тіркелген орыс бекіре ауламында 6-7- ден 10-15%-ға дейін парсы бекіресі бар).

Екінші орында шоқыр, үшінші - қортпа. Бұл үш түр бүкіл бекірелер ауламының 90% құрайды. Дегенмен, ұлттық масштабта бұларды ажырату қиын, өйткені ресми статистикада түрлерімен көрсетілмейді.

Сібір бекіресі - Acipenser baeri Brant ағылшынша Siberien sturgeon, Baikal sturgeon (түрдің биологиясы және таралуы). Сібір бекіресі сібір өзендерінің басым көпшілігінде мекендейді (Соколов,Васильев,1989). Меридианалды бағытта ареалы Лена өзенінің бассейні мен Обь кірмесі, яғни Солтүстік ендіктің 73-700-нан қара Ертіс пен Селенга өзендерінің бассейніне дейін, яғни солтүстік ендіктің 48-400-на дейін, ал байлық бағытта Обь өзенінің бассейнінен Колыма өзеніне дейін, шамамен 970-қа (Рубин, 1996). Бұл балықтар негізінен, өзендердің орта және төмен ағыстарында шоғырланады. Олар тұздылау суларға дейін шығып Солтүстік Мұздақты мұхит шығанақтарымен миграция жасайды.

Калуга – Huso dauricus Georgi, ағылшынша Kaluga sturgeon, Kaluga. Калуга – Амур өзенінің эндемигі, ол тармақтары мен көлдерімен қоса атырауынан көз қайнарына дейін кездеседі (Берг,1948; Никольский, 1956). Жас особтары жаз айларында Охотск және Жапон теңіздеріне шығады, олар Сахалин аралының солтүстік шығысына, Татар бұғазының солтүстігіне, Хоккайдо және Хоншу аралдарының жағалауына дейін барады.

Амур бекіресі – Acipenser shrenki Brandt ағылшынша Amur sturgeon (түрдің биологиясы мен таралуы). Амур бекіресі – Амур өзендік жүйесінің эндемігі, ол жерде ол атырауынан жоғарғы аудандарына дейін, Аргун және Шилка тармақтарымен қоса кездеседі.

 

1.3 ЖСАҚ-да бекіре тектес балық түрлерін өсіру биотехникасы

 

Мен тәжірибелік практикамды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының арнайы балық өсіретін зертханасында өттім. Бұнда арнайы балықтарды өсіруге арналған барлық құрал жабдықтармен қамтамассыз етілген. Балықтарды өсіру кезеңінде оларды азықтандыру және олардағы барлық құрылғылардың жұмыс барысынын бақылау үшін кафедра қызметкерлері кезекшілік жүргізеді. Бұған қосымша, магистранттар, өзім сияқты практиканттар балықтардың өсу барысын, дамуын бақылап жалпы балықтарды бақылауда ұстайды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің негізінде арнайы «БШ» ҒЗО орталығы бар. Бұл орталықтың негізгі мақсаты еліміздегі балық шаруашылығының балық аулау және аквакультураның өзекті даму бағыттарын ғылыми тұрғыдан айқындап беріп оның дамуына ат салысады. Сонымен қатар бұл ғылыми зерттеу орталығы түрлі балық шаруашылығындағы ғылыми жобалармен айналысып, халықаралық ғылыми жобаларға қатынасып жас ғалымдардың ғылыммен шұғылдануына жол ашады.

Қазіргі таңда біршеше халықалалық жобалармен жұмыс істей отырын бірнеше магистранттар, ғалымдар осы салада жемісті еңбек етуде. Онда жұмыс атқарып жатқан кдрларды балық шаруашылығы мамандығында білім алған жас мамандар, магистранттар, докторанттар толықтырып отыр.

Ғылыми зерттеу бағыты келесі ғылыми бағыттарға бөлінген:

- гидробиология және ихтиология  зертханасы;

- мини-балық өсірілетін  цех;

- сәнді балықтар зертханасы;

«Балық шаруашылығы» ғылыми зерттеу орталығының қызметкерлерін жұмысқа қабылдануы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрасы бекітеді. Бұл орталықтағы ғылыми қызметкерлер ондағы әдістемелік нұсқауларды, ғылыми күнтізібелік жоспарларды орындауға құқылы. Сондай- ақ ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша есеп беріп, шешім қабылданар кезінде дауыс беруге құқылы.

 

1.4 Су аэрациясы

 

Аэраторлардың жалпы сипаттамасы. ЖСАҚ-да суды ерітілген оттегімен қамтамасыз ету қажет. Оған қол жеткізудің екі жолы бар:  суды атмосфералық ауамен (аэрация) немесе таза оттегімен (оксигенация) байытады.

Аэрация – суға атмосфералық ауаны жіберу әдісі. Бұл әдістің негізінде диффузия әдісі жатыр, диффузия процесінің барысында су ауадан суға өтеді (оттегі концентрациясы жоғары болып келетін).  Әдетте ЖСАҚ үшін балық өсіруге арналған бассейндегі судың қарапайым араласуы жеткіліксіз.  Мұндай әдісте, оттегінің мөлшері су ағысымен шектеледі. Аэрацияның қосымша, қарқындылығы жоғары әдістерін қолдану қажет. Судың атмосфералық ауамен қарым-қатынас жасау уақыты мен ауданын арттыру қажет. Аэрацияны тиімді пайдалану барысындағы балықтардың тығыздығы 40 кг балық/м3 жетуі мүмкін. Мұндай шектеу балықтың көптеген түрлерін өсіру кезінде қолданылады.

ЖСАҚ-да аэраторларды орнатуға арналған орын. Суды оттегімен қанықтыру қажет болатын ЖСАҚ-ғы орынды анықтау өте маңызды болып келеді. Аэрацияны балық өсіруге арналған бассейннің өзінде тәуелсіз түрде жүргізуге болады. Бірақ бұл еріген оттегіні жүйеге жіберуге арналған ең жақсы орын емес. Оттегіні аэратордан тасымалдаудың тиімділігі еріген оттегінің деңгейі судың қанығу концентрациясына жақындаған сайын арта түседі. Судың қанығуы бассейндерде жүзеге асуы тиіс болғандықтан, мұндай жағдайда аэраторлардың жұмысының тиімділігі төмен болады.

Қайта айналымы қар жүйелерде аэрация және суды газдауға  арналған ең жақсы орын ретінде суды бассейнге жіберудің алдындағы судың кері ағысы саналады. Жүйенің бұл орнында оттегінің шоғырлануы (оттегіні балықтар, балық өсіруге арналған бассейндер, сонымен қатар биосүзгідегі бактериялар да пайдаланғандықтан) аз мөлшерде болады, ал көміртегі – (балық өсіру бассейндерінде көмірқышқылын суға балықтар, ал биосүзгіде – бактериялар бөледі) көп мөлшерде.  Дәл осы жерде судағы еріген газдардың құрамын реттестіру қажет және жағымды газбен толтырылған таза суды балығы бар бассейнге, одан кейін биосүзгіге бағыттау қажет.

Кейбір жүйелерде оттегіні суға жіберетін орындардарды бөледі. Бактериялардың белсенді түрде жұмыс істеуі үшін суды биосүзгіден өткізбес бұрын және балықтардың тыныс алуы үшін оны қанықтырады.          

Оксигенация (таза оттегіні кірістіру)

Дұрыс түрде жүргізілген аэрация жұмыстарының нәтижесінде балық өсіру бассейніндегі балық тығыздығы 40 кг/м3 жетеді. Алайда, балықтың тығыздығын атмосфералық ауаны (оттегіні мөлшері 21% ) емес, таза оттегіні (оттегі мөлшері 100%) кірістіру арқылы арттыру әдісі бар. сол арқылы балық өсірушілер балық құрамының тығыздығын немесе тауарлық балық өсірудің бір циклінің балық өнімділігін 200 кг/м3-қа дейін (суда еріген оттегімен тыныс алатын балықтар үшін) арттыру мүмкіндігіне ие болады.

Таза оттегіні суға оның диффузиясы арқылы енгізуге де болады. Судың оттегімен толық қанығуы атмосфералық ауамен салыстырғанда жылы температура жағдайында 8,75 мг/л (су температурасы 200 0С және одан жоғары) деңгейінен аспайды. Судың таза оттегімен диффузиялық жүйе көмегімен  қанығуы жағдайында оттегінің деңгейі жоғары – 1 атмосфералық қысым кезінде 43 мг/л құрайды.  Бұл жүйені судың атмосфералық оттегімен толық қаныққан (7 мг/л артық) жағдайында да қолдануға болады.         

Газ тектес оттегіні жіберу көзі ретінде сығылған оттегісі бар баллондар, сұйық оттегісі бар баллондар және оттегі генераторлары қолданылады. Газ тектес оттегісі бар баллондар аз болғандықтан, қаржылай ЖСАҚ-да әдетте сұйық оттегісі бар баллондар немесе оттегі генераторлары арасында таңдау жасалынады. Аталмыш таңдау, жергілікті нарықтағы сұйық оттегінің бағасы (толтыру) мен оттегімен толтыру станциясына дейінгі ара-қашықтығымен, сонымен қатар оксигенератордың жұмыс істеуіне қажетті электр энергиясының құнына байланысты жасалады.

Газ тектес оттегінің диффузер/сепкіштер арқылы тікелей бассейнге келіп түсуі – оттегіні суға жіберудің ең тиімді әдісі емес. Ең жақсы жағдайда мұндай жүйенің тиімділігі 40% құрайды, ал қалған оттегі судан ауаға көпіршік түрінде шығып кетеді. Аквамәдениетте осигенацияға арналған арнайы жабдықтар пайдаланылады.

Көмірқышқыл газы

Көмірқышқыл газы суда химиялық реакцияларға қатысады, сондай-ақ су қоймаларының биологиялық процесстеріне қатысады. Осының нәтижесінде судың құрамындағы көміртегінің екі тотығы балықтың қалыпты тіршілік етуі үшін өте маңызды болып келеді. Оның судағы мөлшері артқан сайын, балықтардың қанындағы оттегіні жұту қабілеті төмендейді,  тынысы жиілейді, бірақ газ алмасуы қарқынды түрде баяулайды.

Көмірқышқылы балықтар мен бактериялардың тыныс алу қорегі болып табылады және ЖСАҚ-да жинақталуы мүмкін. Егер суда еріген оттегі мөлшері көп болатын болса, онда балықтар үшін көмірқышқылының жоғары деңгейде болуы аса қауіпті емес. Көптеген балық түрлері үшін олардың тиісті түрде өсуін қамтамасыз ету үшін бассейндегі көмірқышқыл газының концентрациясы 20 мг/л аспауы тиіс.

Информация о работе Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы