Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:30, доклад
Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы
1.2 Еліміздегі бекіре тұқымдас балықтарға жалпы сипаттама
1.3 ЖСАҚ-да бекіре тектес балық түрлерін өсіру биотехникасы
1.4 Су аэрациясы
1.5 Судың сутектік потенциалы, судың сілтілігі және қаттылығы
1.6 Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында суды дайындау жолымен ауруларды алдын- алу
1.7 ЖСАҚ-ны су қалдықтарынан тазарту
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 БШҒЗ ортылығының сипаттамасы
2.2 Судың гидрохимиялық режимін зерттеу
2.3 Сүйрікті азықтандыруда қолданылатын шетелдік және отандық құрама азықтарды салыстыру
2.4 Сүйрік шабақтарының ЖСАҚ-да өсу динамикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Су көмірқышқылының екі тотығын көп мөлшерде жұтуға қабілетті болып келеді: 15 0 С температура жағдайында 1 л суда 1 литрден астам
СО2 ертіуге болады; алайда табиғатта судағы еркін СО2 болмайды, себебі ол кальциймен байланысқан түрде болады. Егер олай болмаса, онда балықтар көмірқышқыл екі тотығымен улана бастайды. Әр түрлі балықтар үшін СО2 мөлшерінің артуына төтеп беру қабілеті әр түрлі болып келеді. Осылайша, бахтах,тұқы, мөңке балық және қарабалыққа қарағанда сезімал келеді. Еріген көмірқышқылының қауіпті деңгейлері: бахтах үшін 120-140 мг/л, дөңмаңдай үшін -200 (құртшабақ) – 300 (үлкен балық), тұқы үшін – 200, қарабалық үшін – 400 мг/л артық.
ЖСАҚ дизайны үшін ерітілген оттегінің қажетті мөлшерін қамтамасыз ету мен ЖСАҚ судағы көмірқышқылының концентрациясын азайтуға ерекше мән беріледі, олай болмаса барлық балықтарды жарты сағат ішінде жоғалтуға болады. Көмірқышқылының атмосфералық ауаға диффузиялану механизмін құруға болады.
Азот
Газ тектес азот суда ери алады, ол су қоймасында болатын химиялық реакцияларға қатыспайды, және пассивтілік танытады (инертті газ – аргон сияқты). Алайда азот иологиялық процесстерге қатысады.
Еріген азот газының жинақталуы суы жылы аквамәдениетте мәселелі болып келеді. Сонымен қатар, атмосфералық азотпен қанығу болмас үшін герменевтикалық жүйелерде қауіпсіздікті сақтау қажет.
Газсыздандыру
Кейбір жағдайларда судың қандай да бір газбен қанығуы мәселе туғызуы мүмкін, яғни судың берілген қысымы мен температурасы жағдайында газдың концентрациясы аса жоғары болады. Газдалған сусынның қақпағын ашқан кезде газдың шығатыны сеекілді, газ көпіршік түрінде сыртқа шығуы мүмкін (оның ішінде балықтың тыныс алуы барысында). Сол сияқты судың шамадан артық газбен қанығуының нәтижесінде газ-көпіршіктік ауру пайда болуы мүмкін (газ көпіршіктері балықтың желбезектерінде, жүзгіш қанаттарында, денесінде, қан тамырларында болады, тіпті қантамырларын газ бітеп қоюы да мүмкін). Оның нәтижесінде балық өлімінен шығатын қалдық көп болады. Мұндай шығынға балық дернәсілдері мен құртшабақтары жиі ұшырайды (газ көпіршіктері олардыі қан тамырлары үшін өте үлкен). Мұндай жағдай қоршауға алынған суларда, бассейндерде жиі байқалады. Ондағы газ әр түрлі болуы мүмкін – азот, көмірқышқыл газы, инертті газ, қышқыл. Аталған ауру туындағанда оның алдын-алу шараларына тоқталсақ: мұндай суды балығы бар бассейнге жіберместен бұрын (мысалы озонатордан кейін) оны газсыздандыру қажет болады. Қарапайым әдіс – суды газы жоқ колонна арқылы өткізу. Су тамшы немесе аз ғана ағыспен субстрат арқылы өткен кезде, су бетінің ауданы үлкен болғандықтан артық газ шығып кетеді. Егер ЖСАҚ жүйесінде тамшылай биосүзгі немесе аэратор-колонна бар болса, онда қосымша колоннаны жасау қажет емес (суды жүйеге колоннаға дейін жіберу керек).
Судың температурасы, сілтілігі, рН және басқа да қасиеттері
Су температурасы
Балықтар дене температурасы тұрақты емес, қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отыратын пойкилотермді жануарлар қатарына жатады. Ал балықтар үшін қоршаған орта бұл – су болып табылады. Көптеген балықтардың дене температурасы су қоймасындағы температурадан 0,5-100С-қа айырмашылығы бар. Нәтижесінде, балықтардың тіршілік етуінің барлық процесстері су температурасына байланысты болады.
Әр түрлі балықтардың су температурасына деген қажеттілігі әр түрлі. Жоғарғы емес температуралық өзгеріске төтеп бере алатын балықтарды стенотермді деп атайды. Мұндай түрге тропикалық және субтропикалық (үнемі жылы суда өмір сүретін), сонымен қатар арктикалық немесе таулы (салқын суда өмір сүретін) аймақтарда тіршілік ететін балықтар жатады.
Су температурасының үлкен шамаға ауытқуына төтеп бере алатын балықтарды эвритермді деп атайды. Эвритермді балықтардың ішінде жылыны және суықты жақсы көретін балықтар бар. Суықты жақсы көретін балықтар теріс мәнді температурадан 18-200С-қа төзеді, бірақ өсіп-жетілуі үшін ең оптимальді температура 14-180С құрайды. Жылу сүйгіш балықтар, сондай-ақ салқын суда да өмір сүре алады (10-120С-қа дейін), бірақ осы кезеңде олар өспейді, тек қыстайды, олардың өсу процесі су +160С шамасына жеткенде басталады, ең жақсы өсіп-жетілу 20-300С кезінде болады.
ЖСАҚ-да нақты балық түрінің су температурасына деген қажеттілігін ескеру қажет. Бірақ ЖСАҚ-да ескеру қажет болатын тағы да бір қажеттілікті айта кеткен жөн. Нақты балық түрінің қалыпты өсу жағдайында температураның маңызы өте зор. Суға енгізілетін оптимал жем қоры мен су температурасы арасында тәуелділік бар. Судың оптимал температуралық жағдайында, балықтың жылдам өсуін және жем коэффициентінің төмен болуын қамтамасыз ету мақсатында жем қорын белгілі бір деңгейге дейін арттыруға тура келеді. Оптимал қоректендіру мөлшерін әдетте балық өсіретін бассейндегі балықтың жалпы биомассасының пайызы арқылы есептейді. Қазіргі таңда жем өндіретін алдыңғы қатарлы өндірушілер, олар өндіретін жем түрлерінің әрбірі үшін қоректендіру режимін анықтайды. Мұндай нұсқаулықтарда судың әр түрлі температурасында әр түрлі өлшемді топтардағы балықтар үшін қандай мөлшерде жем қолдану қажет екені көрсетіледі. Мұндай кеңестерге құлақ түрген дұрыс, өйткені олар нақты әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде алынған.
Осылайша, ЖСАҚ-ғы су температурасын, тек балықтардың өсуі үшін қажетті деңгейде ғана емес, сонымен қатар олардың өсуіне ең оптимал болатын деңгейде ұстап тұру керек.
Алайда ЖСАҚ–ғы су температурасы, тек балықтарға ғана емес, сонымен қоса биосүзгідегі микроағзаларға да әсерін тигізеді. Нитрифицирлеуші бактериялар 20-300С температурада жақсы жетіледі. Бірақ су температурасы артқан сайын, қышқылдың еруі төмендейді, оның ішінде суды тазарту тиімділігі бойынша (нитрификация). Аталмыш нәрсені ЖСАҚ-ны жобалау барысында ескере кеткен жөн. Су неғұрлым суық болған сайын, биосүзгінің көлемі соғұрлым үлкен болуы тиіс.
1.5 Судың сутектік потенциалы (рН) судың сілтілігі және қаттылығы
Судың молекулалары диссоциацияға душар; су сутегінің катионына (Н+) және гидроксил анионына (ОН-) ыдырайды.10 миллиондаған литр суда 18г су диссорцияланады(1 мольға сәйкес).Оның ішінде 1г –бұл сутегі ионы және 17г- гидроксил ионы. Егер осы мөлшерді судың литрына қайта есептесе, онда сутегі ионының 10-17 моль және гидроксил ионының 10-7 моль болады. Сандарды мұндай дәрежелермен қолдану өте қиын. Қолданысқа ыңғайлы болу үшін дәреженің көрсеткіші ғана алынатын болған, сонымен қатар ол тек оң көрсеткішпен алынады, ондай көрсеткішті сутек потенциал не рН- сутегі ионының қарама-қарсы аумақтық концентрациясы деп атайды.
Таза суда рН 7-ге тең. Табиғатта су әртүрлі болуы мүмкін, себебі өзінде көп заттарды еріте алады. Осылайша , егер су мысалға рН =6 болса, онда бұл ерітіндіде сутегі 10 есе көп болады, ал судағы еріген қышқылды барлығының нәтижесі (барлық қышқылдарда сутегі бар). Егер рН=5 болса онда таза суға қарағанда жай суда негіздің бар екенін көрсетеді. Демек бейтарап судың рН-ы 7-ге жақын болады, қышқыл су (қышқыл көп)-рН<7, сілтілі су- рН>7 тең.
Суда қышқылдар сияқты негіздер де болады. Егер суда осы екі топтың да байланыстары біруақытта болса, онда олар бір-бірімен әрекеттесіп толықтай немесе біртіндеп бейтараптанады. рН мағынасы екі топтың құрылымының барлық өкілдерін ( қышқыл және негіздердің) және реакция нәтижелерін көрсетпейді. рН корсеткіші тек қайсысы қатысушы артық екенін көрсетеді.
Сутегі ионының кесімді концентрацияланған рН мағынасы. Су қоймаларындағы тұрғындарға сыртқы ортаның маңызды абиотикалық факторларының бірі табылады. рН-тың балықтардың өмір сүруіне әсері гемоглобиннің суда еріген оттегіні қолдану қабілетіне байланысты, себебі әртүрлі концентрацияда сутектік иондар бірдей мөлшерде емес. Осының әсерінен судың рН-ның өзгеруі дем алудың интенсивтілігінің өзгеруіне және оттектік жетіспеушілік өзгеруіне әкеледі. рН-қа байланысты су қышқылы (рН<7 ), бейтарап (рн>7) болады.рН-пен судың да параметрлері және көптеген химиялық және биологиялық процестердің жүру деңгейлеріне байланысты. Сол себептен, аквакультурада рН-ты қадағалап отыру керек.
Балықтардың көпшілігі үшін дем алуға рН-тың бейтарап болғаны жақсы. рН-тың қышқыл немесе сутегі жаққа қатты жылжуы дем алуы қиындайды. (Сонымен қоса сутегі ионының концентрациясы көбейіп немесе азайғанда), оттектік жетіспеушілік өседі, қоректену интенсивтілігіәлсірейді. рН ортаның тербеліс қатынасына байланысты балықтарды стенотерімді және эврионотерімді деп бөлінеді. Теңіз суларында рН аз өзгеруі (25-8,5), теңіз балықтарының стенотерімдіге жатқызады. Тұщы сулар теңіз суларына қарағанда рН-қа тұрақты болмауымен сипатталады. Бұл су қоймасындағы биохимиялық процестердің жүрісін бағыттаушы әр түрлі факторлар рөлінде болуына байланысты: шалшық топырақ және су жинау сипаттамасының су бастауының химиялық құрамымен, өсімдіктің фотосинтетикалық қабілеттілігімен, әсіресе судың «гүлденуі» уақытында. Нәтижесінде өткен жылдың маусымдық және тәуліктік рН тербелістер байқалады. Сондықтан тұщы судағы балықтардың көпшілігі рН өзгерістерін өткізуге қабілеттеніп алған және эврионотерімді болып табылады.
Алайда тұщы су балықтары өмір сүре алатын рН-тың мүмкін шекаралары бірдей емес және басқа да тең жағдайларда ең алдымен оның түріне байланысты. Балық өсіру обьектілер ішіндегі шыдамдысы мөңке мен тұқы; шортан рН-тың 4,0-8,0, ручьевая бахтақ-4,5-9,5, тұқы-4,3-10,8 мөлшеріндегі тербелістерге шыдамды мөңке рН-тың 4,5-ге дейін төмендеуіне шыдай алады.
Судағы буферлік жүйелер деген түсінік бар, бұл дегеніміз- әлсіз қышқыл ерітіндісінде бір уақытта осы қышқылдық тұзы да болды. Осының нәтижесінде қышқылдың әсерін азайтатын тепе-теңдік орнайды. Біз бұл берілген процестің химиясына тоқталмаймыз. Тек ең маңызды буферлік жүйе су қоймасында көміртегі қышқылы мен оның тұздарының жүйесі екенін, демек карбонатты буферлі жүйе екенін атап өтеміз.
СО2 суда бар екені түсінікті, себебі ол жақсы ериді және атмосферадан суға оңай түседі. Еріген көмірқышқыл газы суда көмір қышқылына (Н2 СО3 ) өтеді. Сондай көп мөлшерде болмаса да проценттің ондық бөлігі. Қышқылдың пайда болуы рН-тың төмендеуіне әкеледі. Суда көмір қышқыл көп түзеді: Н2СО3 →Н3О+ +НСО3- , бұл гидроксо ионы және гидрокорбанат ион сілтілі – жер металлдарымен әрекетеседі, әсіресе кальцимен. Кальций гидрокарбонаты суда жақсы ериді - бикорбанат деп аталады- Са(НСО3)2. Басқа қатысушы әк (СаСО3) болып келеді, ол ерігенде карбонат- СО32- береді.
Сілті-қышқылды бейтараптай алатын,судың мөлшері өлшемі. Гидрокарбонат (НСО3-) және карбонат (СО32-) иондары көптеген су қоймаларындағы сілтінің бастауы болады. Сілтілеу сулардан рН өзгеруіне қарсы мықты буфер, әрине сілтілігі аздау буферге қарағанда карбонатты жүйе буферлі әсері рН 7 болғанда анығырақ көрінеді, рН<5 кезінде қышқылдың әсері байқала бастайды.
Су қаттылығы сілті-жер металдардың иондарының еруі нәтижесінде пайда болады, ең алдымен кальций және магнийдің. Қаттылық көбіне судың сапасын мықтайды. Тұщы су балықтарына қаттылау су жақсы келеді.
Жалпы қаттылық- бұл судағы т екі валентті металдардың көбіне (Са және Мg) иондарының жалпы концентрация мөлшері және ррm-да (тг/л) СаСО3 эквиваленттерінде білдіреді. Бастаушы балықшылар үшін судың қаттылығын білуде келесі жағдайлармен шектеуге болады:
-Оптимальды концентрация 20-300мг/л
-20мг/л-дан төмен
-300 мг/л-нан жоғары судың жалпы қаттылығы да қиындық туғызады.
Қатты суда (көп мөлшерде кальций мен магний құрамында) көбірек карбонаты бар, демек жұмсаққа қарағанда үлкен буфер сыйымдылығы бар.
Нитрификация–қышқыл өндіруші
процесс. Нитрлейтін бактерияларымен
аммоний нитриттерге
Балықтар метаболизмі
және бактериялық нитрификация
судың буферлі төмендететін
Сілті жоғалуын қалпына
1.6 Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында суды дайындау жолымен ауруларды алдын- алу
Айналмалы сумен қамтамассыз
ету құрылғысында балық
Осыдан, балықтың стресске ұшырауын әркез бақылап отыру керек немесе стресске душар балықты ақырындап шығарады. Бұл үшін су бассейіндеріндегі су сапасын қадағалап отыру керек. Тіпті жарық пен шу балықтар залында мұндай аз су көлемінде сулардағы балық тапшылықтарында стресс тудыруы мүмкін. Көптеген айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында залдарды жарықтандыру минимум, зал шектелген жерлердің әрбіреуінде өзіндік жеке жарықтар орнатуға ұмтылады. Балық өсіруші өзі залда болмаса да өзіне қажет деген сол керек бассейін жақтағы әлсіз жарықты қосуға мүмкіндігі бар.
Информация о работе Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы