Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:30, доклад
Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы
1.2 Еліміздегі бекіре тұқымдас балықтарға жалпы сипаттама
1.3 ЖСАҚ-да бекіре тектес балық түрлерін өсіру биотехникасы
1.4 Су аэрациясы
1.5 Судың сутектік потенциалы, судың сілтілігі және қаттылығы
1.6 Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында суды дайындау жолымен ауруларды алдын- алу
1.7 ЖСАҚ-ны су қалдықтарынан тазарту
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 БШҒЗ ортылығының сипаттамасы
2.2 Судың гидрохимиялық режимін зерттеу
2.3 Сүйрікті азықтандыруда қолданылатын шетелдік және отандық құрама азықтарды салыстыру
2.4 Сүйрік шабақтарының ЖСАҚ-да өсу динамикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
01.07-11.07 аралығында шығын саны 1 дана, №2 бассейннен, №1-ші бассейнге 10 дана дернәсіл көшірілді. №1 бассейнге тәуліктік азық беру нормасы 2,7 грамм, ал № 2-ші бассейнде 0,3 грамм құрады. Қоқыстарды жинауды жақсарту мақсатында арнайы құрылғы орнатылды. Орташа салмағы 9,3 грамм, ұзындығы 10,6 см-ді құрады. Осымен қоса тірі азықпен күніне 2 мезгіл азықтандырылды. Химиялық көрсеткіші О2-7,8, рН-7,5
11.07-21.07 аралығында балықтардың қоректенуі қарқынды жүрді, бірақ азық қалдықтары қалып отырды. Тәуліктік азықтандыру мөлшері тірі дене салмағымен 3%-ға дейін төмендетілді. Судың органалептикалық көрсеткіштері жаксармады. Сонымен қатар судың жалпы көлемінен 10-15% су ауыстырылды. Оттегідегі басқа гидрохимиялық режимі қалыпты жағдайда. №2-ші бассейн оттегі мөлшерін жақсарту үшін тағыда бір арнайы компрессор орнатылды. Содан кейін оттегі мөлшері жақсарып орташа салмағы 20,7 грамм, қоңдылығы 0,58 грамды құрады.
21.07-31.07 аралығында шығын саны болған жоқ, азықтандыру және гидрохимиялық режимі қалыпты жағдайда, органолептикалық режим өзгеріссіз.
31.07-09.08 Орташа салмағы 38,3 грамм, қоңдылығы 0,68 грамм, шығын болған жоқ. Күніне бірнеше рет су ауыстырылып тұрды.
09.08-19.08 аралығында шығын болған жоқ. Гидрохимиялық және органолептикалық көрсеткіштері қалыпты жағдайда, судың жалпы көлемінен 7-10% су ауыстырылып отырды.
19.09-29.09. аралығында шығын болған жок. Ғылыми қызметкерлермен ақылдаса отырып азықтандыру мөлшері 20%-ға дейін төмендету ұйғарылды, себебі балықтар азықты толық жемей, қалдық көп қалды. Су температурасы 24,5-18оС төмендеді.
2.2 Судың гидрохимиялық режимін зерттеу
Жабық су айналымды құрылғыдағы гидрохимиялық режимі (1 кесте)
1 кесте– ЖСАҚ гидрохимиялық режимі
Күні |
t, °C |
Гидрохимиялық көрсеткіштер | |||
О2, мг/л |
рН |
NO2 |
NO3 | ||
02.06.14 |
21,7 |
8,5 |
8,0 |
0,5 |
10,0 |
08.06.14 |
22,0 |
7,5 |
7,5 |
0,5 |
10,0 |
13.06.14 |
23,0 |
8,0 |
7,6 |
0.7 |
15,0 |
18.06.14 |
22,0 |
7,5 |
7,6 |
0,5 |
15,0 |
22.06.14 |
23,0 |
7,5 |
7,7 |
0,7 |
15,0 |
27.06.14 |
22,0 |
8,0 |
7,7 |
0,7 |
17,0 |
01.07.14 |
22,5 |
7,5 |
7,7 |
0,5 |
10,0 |
07.07.14 |
23,5 |
7,5 |
7,8 |
0,5 |
10,0 |
12.07.14 |
24,5 |
7,5 |
7,6 |
0,5 |
12,0 |
17.07.14 |
24,8 |
7,7 |
7,7 |
0,6 |
12,0 |
21.07.14 |
24 |
7,7 |
7,64 |
0,6 |
11,0 |
26.07.14 |
24,1 |
7,8 |
7,76 |
0,5 |
10,0 |
31.07.14 |
24,1 |
7.76 |
7,76 |
0,5 |
11,0 |
05.08.14 |
24 |
7,68 |
7,68 |
0,6 |
10,0 |
09.08.14 |
23,5 |
7,64 |
7,66 |
0,6 |
10,0 |
13.08.14 |
22,5 |
7,74 |
7,74 |
0,5 |
11,0 |
17.08.14 |
21,2 |
7,68 |
7,62 |
0,5 |
10,0 |
22.08.14 |
18,6 |
7,72 |
7,76 |
0,5 |
11,0 |
26.08.14 |
19,2 |
7,72 |
7,64 |
0,6 |
10,0 |
30.08.14 |
18,6 |
7,64 |
7,64 |
0,5 |
10,0 |
Бірінші кестеде көрсетілгендей, барлық параметрлер апта ішінде сүйрік шабақтардың өсуіне сәйкестендірлді. Айта кететін жайт, судың температурасы 21,7 (21.06.)°C - 24,0 (19.08.)°C аралығында болды. Яғни сыртқы ортаның температурсына сәйкес болды.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде ЖСАҚ гидрохимиялық режиміне айтарлықтай физиологиялық өзгерістер байқалған жоқ.
2.3 Сүйрікті азықтандыруда қолданылатын шетелдік және отандық құрама азықтарды салыстыру
Тәжірбиелік жұмыстарды жұмыстарды жүргізу үшін, жергілікті өнімдерден жасалған азық түрі мен шетелдің азықтары пайдаланылды. Оның біреуі «КазАӨҒЗИ» ЖШС және «КазБШҒЗИ» ЖШС әзірлеген толық құнды құрама жеммен азықтандыру іске асырылды, біреуі «Copens» Голландияда дайындады (3-4 сурет). Жасанды жемдердің барлығы да барлығы да бекіре тұқымдас балықтарға арналған ОТ-6 өнімдік жем негізінде жасалды. Осы аталмыш ОТ-6 жемі тәжірбие барысында сыналып жатқан жемдерге бақылау болды.
3 сурет - № 1 сынама Голландиялық «Copрens» фирмасы азығы
Тәжірбиеге жүзден аса балық өсіретін әуіттер пайдаланылды, шабақтар онда нормативке сәйкес 90 данадан 2 топқа бөлініп отырғызылды. 1-ші топ сүйріктердің шабақтарының жалпы салмағы 737,5 г, ал 2-ші топ 749,3 г құрайды (5- сурет).
1-ші топ сүйрік шабақтары №1 сынамалы, яғни Голландиялық «Copрens» фирмасы азығымен азықтандырылса, ал 2-ші топ шабақтары №2 отандық қолдан жасалған азық азықтандырылды.
5 күнде бір мәрте балықтарды 25 данадан судан шығарып өсуі мен даму көрсеткіштерін бақыланды. Шабақтардың өсуі мен дамуын аңғарып, кестеде келтірілген мәліметтеріне бойынша ортаның параметрлері соған сәйкес екені анықталды.
2 кесте - Отандық және шет елдік азықтарды қолдану барысындағы балықтардың өсуі мен даму көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Сынама № | ||
№1 |
№2 | ||
Өсіру кезеңі, тәулік |
30 |
30 | |
Өсіруге бағыттаған балық, Дана |
180 |
180 | |
Балық көлемі, см |
Сынаққа Дейін |
12,4 ± 0,97 |
12,3 ± 1,07 |
Сынақтан Кейін |
22,2 ± 1,71 |
22,7 ± 2,16 | |
Балық салмағы, г |
Сынаққа Дейін |
12,7 ± 1,08 |
12,5 ± 1,23 |
Сынақтан Кейін |
36,2 ± 2,56 |
38,3 ± 2,34 | |
Өміршеңдігі, % |
100 |
100 | |
Абсолюттік өсімі, г |
23,5 |
25,8 | |
Орташа тәуліктік өсімі, г |
0,76 |
0, 86 | |
Салыстырмалы өсімі |
185,03 |
209,40 | |
Азықты қорек етуі, % |
90,1 |
89,7 |
2- ші кестедегі мәліметтерге сәйкес олардағы өзгерістер 1 ай бойы байқауда болды. Нәтижесіне келетін болсақ, зерттелінген балықтар арасында өлім байқалған жоқ. Тек № 2-ші сынаманың азықтық құнарлығы жақсы болғандықтан, бұл топта бақыланған балықтардың басқа балық топтарымен салыстырғанда дене салмағы мен көлемі көрсеткіштердің өсуінің анықталды. Дегенмен №1 сынамның азықтық құнарлығы нормаға сай болса да, бұл топтағы балықтардың дене салмағы мен көлемінің интесивтілігі баяулауы байқалды.
2.4 Сүйрік шабақтарының ЖСАҚ-да өсу динамикасы
3 кесте – Жабық су айналымды құрылғы жағдайында сүйрік шабақтарының өсуі мен дамуы
Мерзімі |
М, г |
l, см |
Қоңды лығы, F |
Абсолютті өсуі, А |
Салыстыр малы өсу жылдамдығы, R |
Тірі қалу ықтималдылығы, % |
02.06.14 |
0,4 |
2,5 |
2,65 |
- |
- |
- |
11.06.14 |
0,6 |
3,2 |
1,83 |
0,04 |
40,0 |
95,8 |
20.06.14 |
0,8 |
4,1 |
1,16 |
0,04 |
28,5 |
88,8 |
29.06.14 |
1,8 |
5,3 |
1,20 |
0,2 |
76,9 |
95,8 |
08.07.14 |
3,2 |
6,6 |
1,11 |
0,28 |
56,0 |
91,1 |
17.07.14 |
4,6 |
7,9 |
0,93 |
0,28 |
35,9 |
91 |
26.07.14 |
7,2 |
9,2 |
0,92 |
0,52 |
44,0 |
94,9 |
04.08.14 |
9,3 |
10,6 |
0,78 |
0,42 |
25,5 |
100 |
3 кестеде көрсетілгендей шабақтардың өсіп дамуы жабық су айналымды құрылғыларда табиғи көлдерге қарағанда ерекше даму заңдылықтарымен өтетіндігі байқалады. Біздің зерттеулерімізде шабақтардың өсіп даму жабық су айналымды құрылғының гидрохимиялық жағдайы мен азықтандыру режиміне тікелей байланысты болды. Шабақтарды 1,5 мм грануламен тәуліктік азықтандыру дене салмағының 10% құрағанда, тәуліктік салмақ қосуы 5% тең болды. Тірі қалу ықтималдығы 88-100% аралығында болды.
5 сурет - Жабық су айналымды құрылғыдағы бекіре шабақтарының өсу барысы
2 Отандық және шет елдік балық
азықтарымен азықтандыруы
5 Бекіре тұқымдас балықтардың санын осындай жабық су айналымды құрылғыларда өсіріп, олардың табиғи су көздерінде санының молаюына немесе тікелей тұтынушыларға сатылымға шығаруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.
Республикаға балық және балық өнiмдерi 43 шетелдiк мемлекеттерден келiп түседi. Негiзгi балық жеткiзушiлерге Ресей, Норвегия және Қытай жатады.
Соңғы бес жылдағы балық және балық өнiмдерiнiң импорты 2005 жылы көлемi бойынша да, құны бойынша да ең жоғары болды және 2001 жылмен салыстырғанда 34,7 мың тонна және 16,0 миллион АҚШ долларының орнына сәйкесiнше 41,9 мың тонна және 23,3 миллион АҚШ долларына жеттi. 2005 жылы әкелiнген өнiм көлемi негiзiнен мұздатылған, дайын және консервiленген балық болды, яғни әкелiнген өнiмнiң 95 %-ын құрады.
Аталған жайттарды ескере отырып, осындай жабық су айналымды құрылғыларда балықтарды, оның ішінде әсіресе бағалы балықтарды өсіріп халықты сапалы да арзан балық өнімдерімен қамтамасыз етуде толық мүмкіндік бар. Жабық су айналымды құрылғыларда бекіре балықтарын өсіру қазақстанда балық шаруашылығының дамуына тың серпін береді. Бекіре тұқымдас балықтардың жасанды жабық су қоймаларында өсірілуі сиреп бара жатқан балық тұқымдастарының санын қалпына келтіріп, елімізде қара уылдырықтың өндірілуіне көмек болары хақ. Жаңа жұмыс көздерінің ашылып, халықтың сапалы тағаммен қамтамасыз етілуіне жаңа жолдар ашылып елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосыла бермек.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын қорытындылай келе, табиғи жағдайда сүйрік балық шабақтарының тірі қалу ықтималдылығы 1% аспаса, жабық су айналымды құрылғыларда сүйрік балықтарын өсіп өнуі анағұрлым жоғары екендігі, яғни 88-100% жететіндігі белгілі болды. Шабақтардың өсіп даму жабық су айналымды құрылғының гидрохимиялық жағдайы мен азықтандыру режиміне тікелей байланысты болды. Болашақта бекіре тұқымдас балықтардың санын осындай жабық су айналымды құрылғыларда өсіріп, олардың табиғи су көздерінде санының молаюына немесе тікелей тұтынушыларға сатылымға шығаруға болады.
Жабық су айналымды құрылғыда бекіре балықтарын өсіру еліміздегі балық шаруашылығындағы келешегінен зор үміт күттіретін, дамушы саланың бірі боларына толық сенуге болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының балық
шаруашылығын дамытудың
2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы.
Астана, 2006 ж.
2 Барызлова Н.С., Федоров Е.В.,
Койшибаева С.К. и др. Рекомендации
по технологии выращивания
3 ҚР Үкіметі 2006 жылдың 6 қазанда №963 қаулысы
Информация о работе Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы