Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:30, доклад

Краткое описание

Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы
1.2 Еліміздегі бекіре тұқымдас балықтарға жалпы сипаттама
1.3 ЖСАҚ-да бекіре тектес балық түрлерін өсіру биотехникасы
1.4 Су аэрациясы
1.5 Судың сутектік потенциалы, судың сілтілігі және қаттылығы
1.6 Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында суды дайындау жолымен ауруларды алдын- алу
1.7 ЖСАҚ-ны су қалдықтарынан тазарту
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 БШҒЗ ортылығының сипаттамасы
2.2 Судың гидрохимиялық режимін зерттеу
2.3 Сүйрікті азықтандыруда қолданылатын шетелдік және отандық құрама азықтарды салыстыру
2.4 Сүйрік шабақтарының ЖСАҚ-да өсу динамикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

общий.docx

— 703.40 Кб (Скачать файл)

4  Қазақстан Республикасы Статистика  агенттігі.- Қазақстаның ауыл, орман  және балық шаруашылығы.-2009.- 213-219б

5  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1457 Қаулысы.

6  Р.Д. Сейдахметов, М.С. Батырханов. Жергілікті азық өнімінен дайындалған  құрама жемнің қолданылуының  нәтижесі. Жаршы, 2008, №2, 41-44б

7  Куржыкаев Ж. К. Рыбоводство. – Астана: КазАУ, 2003.-130с.

8  Алекин O.A., Семенов А.Д., Скопинцев Б.А. Руководство по химическому анализу вод суши. - Д.: Гидрометеоиздат, 1989.-351б.

   9 Мартышев Ф.Г. Прудовое рыбоводство. -М.: Высшая школа, 1973. -427 б.

  10 Исаев А.И. Рыбоводство / А.И. Исаев, E.H. Карпова. - М.: Пищевая промышленность, 1980.— 303 б.

  11 Бойков Ю.И. Ветеринарно-санитарная  оценка рыбной кормовой муки  Северного бассейна / Ю.И. Бойков, Г.П. Яснова // Труды ВНИИВС, 1969.-Т. 32. 203-211 б.

 

 

 

 

 

 

 

                                      КІРІСПЕ

 

Қазіргі таңда балық және балық өнімдерін пайдалану әлем бойынша оның ішінде Қазақстанда да күрт өсіп отыр. Елімізде жүргізілген оңтайлы реформалар халықтың әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар олардың сапалы тағам түрлеріне, яғни балық өнімдеріне деген қызығушылығын арттырып отыр.

Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамыту саласындағы 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған бiрыңғай мемлекеттiк саясатын қалыптастыру бағыттарын айқындайды.

Осы Тұжырымдамада балық шаруашылығы су тоғандарының балық және басқа да су биологиялық ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға, өсiмiн молайтуға және ұтымды пайдалануға, балық шаруашылығын дамыту саласындағы әлемдiк практикада қолданылатын ең жаңа әдiстер мен қазiргi заманғы технологияларды ескере отырып, балық өндiру және балық өңдеу салаларын, тауарлық балық шаруашылығын дамытуға бағытталған негiзгi мақсаттар мен мiндеттер тұжырымдалған.

Аквакультура - бұл балықтардың өнімдерін көбейту мақсатымен  әр түрлі жасанды әдістермен балықтарды өсіру; бұндай әдістерге балық өсіру суқоймаларына балықтарды жерсіндіру, маңызды балық объектілерін қоректендіру, судың сапасын қадағалау, объектіні аурулардан және жыртқыштардан қорғау және т.б. жатады. Балық шаруашылығын рационалды жүргізу объект мекендейтін жердің гидроэкожүйесін сол немесе басқа да деңгейде қадағалай алады. Бұл дәстүрлі балық аулауға  және сол сияқты аквакультураға да қатысты. Бұл екі балық шараушылық бағыттарының айырмашылығы  балық өсіру жүргізілетін жердің гидроэкожүйесін қадағалау деңгейінен тұрады. Кәсіп жүргізілетін су қоймаларды басқару дәстүрлі түрде балық аулауда жоқ немесе тәжірибе жүзінде жоқ болып келеді. Бұнда тек жабайы балық үйірін аулау жүргізіледі.

Балықтың құнды түрлері Шығыс – Қазақстанда (өзен бахтағы), Атырау мен Қарағандыда бекіретәрізділер өсіріледі. Қазақстанның өзіне жетпесе де ТМД елдеріне 2000 жылы 10,2 мың тонна  импорттелінген. 1988 жылы Қазақстанда  балық шаруашылығын дамыту жайында бағдарлама жасалған онда су қорын тиімді қолданып балық өсіру шаруашылығын әрі қарай дамытып болашақта пайдалану. Бірақ ТМД құрастырылып және Қазақстанда экономикалық қиыншылықтарына байланысты балық өсіру шаруашылықтарды дамытуға мүмкіндік болмаған. Қазіргі кезде экономикалық жағдай түзелген соң қайта балық өсіру шаруашылықтарды дамыту сұрақтары өзекті болып болып саналады.

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы