Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 15:11, автореферат
Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға төмендеді. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет қатысты.
Айтылғанды көрнекі түрде көрсету үшін кәсіпорындарды
саралайық, яғни оларды аддитивтік әдіс
бойынша анықталған бәсекеге қабілеттіліктің
интегралдық көрсеткішінің мағынасына
орай орындарға орналастырайық
(8-кесте).
Осылай көрсетілген ақпараттан кәсіпорындар мен олардың интегралдық көрсеткіш бойынша құрылған рейтингтегі жақын қарсыластарының жалпы деңгейі жөнінде пікір қалыптастыруға да, сонымен бірге бәсекеге қабілеттіліктің әрбір параметрі бойынша құрылған рейтингті талдау негізінде бәсекелестікке қабілеттіліктің «нашар жақтарын», сондай-ақ резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.
8-кесте. ҚР кондитерлік саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің 2007 жылғы рейтингі
Параметр |
«Баян сұлу» АҚ |
«Рахат» АҚ |
«Қарағанды кәмпиттері» АҚ |
«Ақтөбе тәттілері» АҚ |
Шаруашылық қызметтен түскен пайда |
3 |
1 |
4 |
3 |
Басқарудың тиімділігі |
4 |
1 |
3 |
2 |
Іскерлік белсенділік |
1 |
2 |
3 |
4 |
Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық |
4 |
2 |
1 |
3 |
Өндірістің көлемі мен шоғырлануы |
4 |
1 |
2 |
3 |
Төлемге қабілеттілік |
3 |
2 |
1 |
4 |
Бәсекеге қабілеттіліктің интег |
4 |
1 |
2 |
3 |
Ескерту – Автор есептеген |
Бәсекелестік стратегиясының тұрпаттамасын (типологиясын) пайдалана отырып, кондитерлік кәсіпорындар пайдалана алатын бәсекелестік стратегиясының келесі түрлерін жеке атауға болады: 1) төмен шығынның есебінен нарықта көшбасшы болу стратегиясы; 2) өндірісті әртараптандыру стратегиясы; 3) жергілікті нарықты саралау стратегиясы; 4) нарықтың шағын сегменттеріне қызмет көрсету стратегиясы; 5) интеграция мен кооперациялану стратегиясы. Осы саладағы бәсекелестік ортасы мен тауар нарығының ерекшеліктерін және кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктерін саралай келе атап өтілген стратегияның бірін қолдануға болады.
Сөйтіп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастығы тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа өңірлік кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әдістемесі мен механизмін әзірлеудің елеулі ұйымдастыру-экономикалық маңызы бар ғылыми міндет қалыптастырып шешілді.
Өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру механизмін әзірлеу ұзақ уақыт бойы (3-5 жылға) бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру-экономикалық механизмін пайдаланып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға, оның келешектегі жай-күйін болжап, осы өнім ұйымның бәсекеге қабілеттілігіне қалай ықпал ететінін білуге болады. Ұйымның өсу стратегиясы өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелеріне негізделеді.
Осы жұмыста кондитерлік өнім нарығындағы бәсекелік ортаны талдау орта және ірі өңірлік өндірушілер; жергілікті шағын кәсіпорындар; ірі ресейлік өндірушілер, сондай-ақ Украинаның кәсіпорындар деп аталатын шартты түрде үш негізгі топқа бөлінетін кәсіпорындардың арасында бәсекелестік қарқынның өршігенін растады. Сондай-ақ талдау шағын өндірушілер ұннан жасалған кондитерлік өнім, әсіресе бисквит-крем өнімі сегментінде өздерінің қатысуын арттырғанын байқатты. Ірі ресейлік және шетелдік өндірушілердің өңірлік нарықтарды басып алуы жалғасқан жағдайда ірі жергілікті өндірушілердің нарықтағы үлесінің одан сайын кемуіне әкеп соқтырып отыр.
Диссертацияда кондитерлік нарықтың күннен-күнге өршіп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп орта және ірі кәсіпорындардың дамуының екі жолы бар екені анықталды.
Әзірленген ұйымдастыру-
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссертациялық зерттеудің нәтижелері бойынша келесідей тұжырымдама жасауға болады.
1. Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңдегі даму процесінде бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу қиындық туғызады.
2. Елімізде қалыптасқан жағдай дәстүрлі нарық елдерінен ерекшеленуіне байланысты қазақстандық тұтынушылық тауарлар нарығын талдау қажеттілігі туындайды.
3. Бәсекелестік артықшылықтар – бұл ұйым қызметінің экономикалық, техникалық, ұйымдастыру саласында бәсекелестерден экономикалық көрсеткіштермен (қосымша пайда, жоғары пайдалылық, нарықтағы үлесі, сату көлемі) өлшеуге болатын артықшылықтың барлық жағынан асып түсуін білдіреді.
4. Бәсекелестік стратегиясы өндірістік-шаруашылық ұйымның бәсекелік жайғасымын сақтауға не болмаса оны өзгертуге бағытталады.
5. Бәсекеге қабілеттілікті талдау мен бағалау әдістерінде көп жағдайда жекелеген нарықтардың ерекшеліктері ескерілмейді.
6. Кондитерлік саланың бәсекелік ортасының біз жүргізген мониторингі осы ерекшеліктің нарықтағы өзгерістердің ықпалынан туындаған әр түрлі макроэкономикалық және әлеуметтік-саяси факторлардың, яғни экономикалық дағдарыстың салдарының, нарықтың инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуының, инвестициялық белсенділіктің төмендігінің және т.б. ықпалымен қалыптасқанын көрсетті.
7. Кондитерлік саланың бәсекелестік мүмкіндіктерін бағалау үшін рейтингтік тәсілдемеге негізделген әдістеме әзірленді.
8. Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың отандық және шетелдік өндірушілерді, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ғылыми мәселесі қалыптастырылып шешілді.
9. Жұмыста кондитерлік өнімнің, сондай-ақ кондитерлік кәсіпорын-дардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда бәсекелік ортаның өзгеруіне орай көрсеткіштер ескерілді.
10. Диссертацияда орта және ірі өндірушілердің кондитерлік нарықтың және үдеп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп дамуының екі жолы ұсынылды.
11. Әзірленген ұйымдастыру-
Диссертациялық жұмыста кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ұйымдастыру-экономикалық маңызы белгіленді.
12. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері:
Кондитерлік өнеркәсіптің отандық кәсіпорындары жұмыс істейтін кондитерлік сала мен кондитерлік ортаның дамуының негізгі үрдістерін экономикалық талдау нәтижесінде кондитерлік өнімнің өңірлік нарықтарында бәсекелестік өршіген жағдайда Қазақстанның кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары айқындалды.
Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кондитерлік өнімнің өңірлік нарықтарының құрылымын, кондитерлік өнеркәсіптің өңірлік ірі және орта кәсіпорындарының сыртқы және ішкі ортасының ерекшеліктерін ескеруге және ұлттық және шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-экономикалық механизмі әзірленді.
Диссертацияда кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі мен кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемесін ұлттық және шетелдік өндірушілердің, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік өршіген жағдайда ірі және орта кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім әзірлегенде пайдалануға болатыны атап көрсетіледі.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ
БОЙЫНША
ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР
1. Проблемные вопросы современной экономики Казахстана // Жас ғалымдар – Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына. Халықаралық конференциясының еңбектері. ҚазҰТУ. – Алматы, 2001.– 30-35 б.-0,3 б.т.
2. Развития конкуренции в кондитерской промышленности Казахстана // Материалы международной конференции Состояние и перспективы конкурентоспособности экономики Республики Казахстан: современная методология промышленного маркетинга, финансировании и управления». – Алматы, 2007. – №1. – 150-154 б. -0,4 б.т.
3. Формирования государственный инновационной
политики в зарубежных странах и в Республике
Казахстан // Материалы международной
конференции: Состояние и перспективы
конкурентоспособности экономики Республики
Казахстан: современная методология промышленного
мар-кетинга, финансировании и управления».
– Алматы, 2007. – №2. – 143-145 б.
-0,3 б.т.
4. Республикадағы кондитерлік сала кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігінің ерекшеліктері // Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция. «Көлік коммуникациялық кешені дамуының қаржы-экономикалық механизмін жетілдіру». – Алматы, 2008. 231-233 б. -0,2 б.т.
5. Кондитерлік тауарларды жылжытуға тауарлық саясатпен стратегияны қалыптастыру // Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция. «Көлік коммуникациялық кешені дамуының қаржы-экономикалық механизмін жетілдіру». – Алматы, 2008. – 229-231 б. -0,2 б.т.
6. Методика оценки конкурентоспособности
хозяйствующих субъектов // Материалы
международной научно-практической конференции,
посвященной 75-летию КазНУ им. аль-Фараби.
«Конкурентоспособность экономики Казахстана:
ускоренная модернизация национальной
экономики и развития корпоративных структур».
– Алматы, 2008. – №2. – 176-182 б.
-0,7 б.т.
7. Кондитерлік саладағы кәсіпорындардың
бәсеке қабілеттігін көтеру // Т. Рысқұлов
атындағы ҚазЭУ хабаршысы. – Алматы, 2008.
– №2. 86-88 б.
-0,3 б.т.
8. О комплексной оценке конкурентоспособности
предприятия //
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы.
– Алматы, 2008. – №6. – 247-253 б.
-0,8 б.т.
9. Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекелік қабілеттілігін бағалауға арналған көрсеткіштер жүйесін дамыту //АльПари экономикалық журналы.- Алматы, 2009.– №4. 183-188 б. – 0,7 б.т.
Резюме
Арзикуловой Рахат Калмахамбетовны
Пути повышения
конкурентоспособности
(по материалам кондидерских предприятий РК)
На автореферат диссертации на соискание ученой
степени кандидата экономических наук
по специальности
08.00.05 – Экономика и управление народным
хозяйством
(по отраслям и сферам деятельности)
Целью диссертационной работы является исследование эконо-мического механизма повышения конкурентоспособности предприятий и выявление основных направлений его совершенствования на основе обобщения и систематизации существующих теоретических подходов и анализа практической деятельности предприятий, выявление конкурентных преимуществ фирм и принципов формирования их конкурентоспособности.
Объект исследования – предприятия кондитерской промышленности Казахстана.
Предмет исследования – процессы управления конкурентоспособ-ностью промышленного предприятия.
Теоретико-методологической основой явились работы зарубежных и отечественных ученых по проблемам формирования долговременных конкурентных преимуществ, а также труды классиков экономической теории, монографии и статьи современных исследователей по вопросам конкуренции, стратегического планирования и управления конкуренто-способностью, анализа и оценки хозяйственной деятельности предприятий кондитерской отрасли, проблемам рейтинговой оценки, а также нормативно-правовые акты Республики Казахстан. В диссертации использованы общенаучные методы познания: системный, статистический, логический, сравнительный, диалектический и другие.
Информационной базой исследования послужили справочные материалы Национального Агентства РК по статистике, результаты маркетинговых исследований, а также данные учета, отчетности, обследуемых кондитерских предприятий, а также публикации об их деятельности, собранные автором в ходе исследования.
Информация о работе Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары