Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2015 в 18:14, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген.Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту дұрыс жолға қойылған.

Содержание

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
А) Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
Б) Тіл бұзылысы бар балалардың сөйлеуі тілін дамыту

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Асанханова 1 СРСП.docx

— 43.89 Кб (Скачать файл)

Жасы жетпеген балаға кітапты көп оқуға болмайды. Әсіресе түнге қарай қорқынышты ертегілерді оқу зиянды. Өйткені бала қатты қорқып, түсінде түрлі қорқынышты нәрселерді көруі мүмкін. Бала түсінде қорқып, шошып оянады, ал бұл, орталық нерв жүйесіне әсер етеді, осының өзі тұтығуға әкеледі.

Баланы жазалау мақсатында қорқыту әдісі де көп қолданылады. Бірақ, қорқытудың да жөні бар. Шамадан тыс қорқыту, үйде жалғыз қалдырып кету, осының бәрі баланың үрейленгіш болып өсуіне септігін тигізеді. 

Тұтығатын бала күдікшіл болады, өзінің құрдастарының алдында сөйлеуге ұялады. Тұтыққан баланы өзге балалардың мазақтауынан сақтау керек. Мүмкіндігнше, дұрыс күтім жасап, баланың ойнауына, оқуына ыңғайлы жағдай туғызу керек. 

Тұтығу асқынбастан арнайы мамандарға көрсетіп, уақытылы кеңесіп  отыруы қажет, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылуы мүмкін.

Дисфония – дауыс шығаратын аппараттың патологиялық кінәратқа шалдығуынан дыбыстың мүлдем болмай қалуын немесе әуезділік үннің бұзылуын сипаттайды.

Брадилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының патологиялық сылбырынан дыбыстар  созылып шұбалаңқы айтылады.

Тахилалия – сөйлеу тілі мүшелерінің бірқалыпты жылдамдық қимылдарының патологиялық ауытқуынан дыбыстардың қарқындық ырғағы бұзылып, быдықтанып айтылуы.

 

 Афазия – мидың белгілі бір жерінің жинақталып зақымдануынан бұған дейін қалыптасып, дұрыс жетіліп келе жатқан сөйлеу тілінің толық немесе ішін-ара жойылып кетуін сипаттайды. Афазия көбінесе ересек адамдарда кездеседі.

Афазия екіге бөлінеді: моторлы және сенсорлы. 

 Моторлы афазия – ауру тек қана ымдау арқылы түсінеді. Кейде, бұндай ауруларда 1-2 сөз қалып, осы арқылы қарым-қатынас  жасайды. Жеңіл түрінде ауруда 10 шақты сөз қалып, сол арқылы қысқа сөйлемдер құрайды. Сөйлемде сөздердің не әріптердің түсіп қалуы мүмкін немесе орындарын ауыстырып айтуы мүмкін (қала – лақа, стол – скол) . Сөйлемдері телеграфтық стилде болады, тек қана зат есім мен етістіктен тұрады. (Мысалы, Папа барды завод). Оқыған кезде, сөйлемдері түсініксіз, түрлі қателер кездеседі.

  Сенсорлық афазия – біреудің айтқанын түсінбейді. Есту органы қалпында. Айтқанды естісе де, оны дұрыс орындамайды. Мысалы, «Орындықты алып, бері әкел, сөйтіп үстелге отырып, оң қолыңды көтер» деген тапсырманы алып, оның тек кейбіреуін ғана түсінеді. Ал, кейбіреуін түсінбей бірден екі қолын көтеріп тұра береді. Өздерінің айтқан сөздерін- де, сөйлемдерінде де түрлі кемістіктер болады. Контаминация – екі сөзді біріктіріп, бір сөз етіп оқу (мысалы, мектепке бару – мекбар).

Дислексия – оқу процесінің ішін-ара бұзылуының өзіне тән ерекшелігін сипаттайды.

Дисграфия – жазу процесінің ішін-ара бұзылуының өзіне тән ерекшелігін сипаттайды.

Дисграфиялық  қателердің ерекшеліктеріне жататындары:

Ерекше фонетикалық алмастырулар.   Бұл қателер сөйлеу  мүшелерінің  және әуезінің  нәзік  белгілерімен ғана  айыруға  болатын бір топқа жататын дыбыстарды айыруының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған ысқырық және ызың, ұяң және қатаң, жуан және жіңішке, Р және Л дауыссыз дыбыстарды  алмастыру  және орындарын жаңылыстыру, сонымен бірге, дауысты  дыбыстарды да алмастыру жатады.

Сөздің буындық құрлысының  бұзылуы. Бұған дыбыстарды  ажыратуды және бөлуді ғана емес, сонымен бірге  олардың жүйелілігін анықтауды да білмеуі   жатады. Бұнда  жекелеген дыбыстарды және тұтас буындарды түсіріп  қалдырады, дыбыстардың немесе буындардың орынын ауыстырады, бір сөзді бөліп екі сөзді қосып жазады.

Грамматикалық қателері. Бұл қателер жазылуының грамматикалық жағының қалыптасу барысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл жалғаулардың, көмекші сөздердің, септік жалғауларының түсіп  қалуы немесе дұрыс қолданылмауы.

Дисграфияға ілеспелі қателер:

  • Орфографиялық қателер.
  • Екпін түспейтін дауысты дыбастарда  ұяң және қатаң дыбыстар әріпін сөздің аяғында дұрыс жазбау.
  • Графикалық  қателер.
  • Әріптердің жазылуындағы ұқсастықтар (И-дің орнына Й жазу,
  • Н-әрпінің орнына М жазу және  жазылуындағы белгілері бойынша Т-ның орнына Д жазу, т.б.)

Дисграфия мен дислексиясының пайда болуы  фонематикасының толық дамымауының есебінен екендігі  ғылыми түрде  дәлелденген.

Сонымен, балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлдеу тілінің дамуынан, фонематикалық  түйсігінің толық қалыптаспағандығынан  немесе сөйлеу тіл мүшелерінің  барлық сыңарлары, фонетика-фонематикасының  және  лексико-грамматикасының  толық  дамымауының нәтижесінде  пайда болатындығы кейінгі уақытта дәлелденді.  

 

 

 Балаларды оқу мен жазуға үйрету оп – оңай шешілмейді. Әсіресе тіл кемістігі бар баланы мектепке дейін, яғни 4-5 жасында логопедке көрсету керек. Баланың сөйлеу жүйесінің бір ғана құрылымдық құрамдасының бұзылуы басқа да ауытқуларға, атап айтқанда тіл кемістігі оқу ғана емес, жазу процесінің, зейін қою, есте сақтау мен ойлау қабілетінің бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл кемістіктерді мектепке дейінгі түзетуге болады. Оның басты бағыттары – дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, фонетикалық есту қабілетін жетілдіру, сауат ашу оқуына дайындық және байланыстырып сөйлеуін дамыту. Қазіргі уақытта баланың сөйлеу кемістігінің екінші, үшінші ауыр түрлеріне оқу мен жазуды меңгерту өте қиынға соғатыны тәжірибеде анықталып отыр. Бұндай – баланы жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек. Сөздік қоры өте кедей бала қарапайым сөздің мағынасын түсінбейді, оны жиі шатастырады, алмастырады. Сөйлеу тілі граматикалық құрылысы қалыптасуының жеткіліксіздігінен бала жазуында дыбыстарды түсіріп алады немесе алмастырып жібереді. Себебі бала қалай атайды, солай жазады, жазудағы қателік айтудағы кемістіктен. 
Сөйлеу кемістігі бар балалар арнаулы түзету мектептерінде оқытылып, онда әр оқушының жеке ерекшеліктері ескеріледі. Дегенмен ең дұрысы, жоғарыда айтқанымыздай, тіл кемістігі бар баланы 4-5 жастан логопедке көрсету керек.

 

Тіл кемістігі бар балалар –  қалыпты естуі және ой өрісінің дамуы бар балалардың тілінің дамуында кемістік бар балалар. Тіл кемістігі әртүрлі, ол дыбыстауда,тілдің грамматикалық құрылымында,сөздік қорының төмендігінде және сөйлеу қарқыны мен қалыптылығында байқалады.

Тіл кемістігі күрделегі жағынан  қарағанда жалпы оқытуда кедергі тудырмайтын және ауыр, арнаулы оқытуды талап ететін түрі болады.

4-6 жас аралығындағы балалардың  тіл дамуының нормативтік көрсеткіштері: 
1.    Тіл дамуының көрсеткіштері. 
2.    Зат атауларын қолданады. 
3.    Адамның мамандығын білдіретін жұрнақтарды қолданады. 
4.    Сөздерге антоним таңдай біледі. 
5.    Сөзжасау жалғастырады. 
6.    Бір фонеммен ерекшеленетін сөздерді айыра алады. 
7.    Сөздің құрамындағы  дыбыстарды санын анықтай алады. 
8.    Сөздегі дыбыс орындарын 3 позицияда таба алады (басында,аяғында, аяғында). 
9.    Сурет немесе суреттер бойынша әңгіме құра алады. 
10.  Дыбыстаулары нормаға толық сәйкес келеді. 
11.  Іштей жоспарлап сөйлеуді қалыптастыру басы бар.

3-4жас аралығындағы балалардың тіл дамуының нормативтік көрсеткіштері: 
1.   Тіл дамуының көрсеткіштері 
2.   Белсенді тілінде зат бөліктерінің атауын қолдану 
3.   Кішірейте-еркелететін мағналы жұрнақтарды қолданады 
4.   Сөз алды қосымшалар  қолданады 
5.   Сөз жасамдық қабылеті байқалады 
6.   Бір фонеммен ерекшеленетін сөздерді айыра алады(жук –лук сияқты) 
7.   Ш,Ж,Щ,Ч,Л.Р дыбыстарын айта алады 
8.   Өз тілдеріндегі қате дыбыстауды байқай алады 
10. Ересектерді ертегіде өзімен бірге ойнауға еліктіре алады, рөлдерді бөледі.

 

Логопедиялық кабинетке қойылатын негізгі талаптар

 

Жұмыстың топтық және жеке сипаты есепке алынып, логопед-

мұғалімге жеке кабинет бөлінуі керек. Оптимальді ауданы – 20 м2.

Кабинеттің есігіне логопедтің аты-жөні, жұмыс уақыты жазылған

кесте ілінеді. Мысалы:

Логопедиялық кабинет

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі 14:00-18:00               Бейсенбі 13:00-17:00

Сейсенбі 13:00-17:00              Жұма 14:00-18:00

Сәрсенбі  14:00-18:00

Логопед-мұғалім: Алибекова Әсия Балтабайқызы

 

Логопедиялық кабинетте келесі жабдықтар болуы керек:

  • Оқушылардың саны бойынша тегіс бетті үстелдер, парталар.

Қалам, қарындаш қоюға арналған орын.

  • Бастауыш сынып оқушыларының бойына сәйкес биіктікте

орналасқан сынып тақтасы. Тақтаның бір бөлігін 1 сынып оқушыларына арналған жазу дәптері сияқты сызып қою қажет.

  • Көрнекілік құралдар, оқу материалы мен әдістемелік әдебиеттерге   арналған сөрелер.
  • Терезе қасында орналасқан дыбысты айтуда жеке жұмыс жасау

үшін арналған 50 *100 см өлшеміндегі қабырғалық айна. Егер бұндай жағдай болмаса, онда арнайы жарық түсірілген қабырғада ілініп тұруы керек.

  • Дыбыс айтуды түзету тобындағы балалар санына сәйкес 9*12 см

өлшеміндегі айналар.

  • Қабырғадағы айна алдына жарық лампасы қойылған үстел,логопедке және балаларға арналған бірнеше орындықтар.
  • Логопедиялық зондтар, шпательдердің жиынтығы, этил спирті,ü

мақта, дәке (бинт), орамал.

  • Фланелеграфтар, жиынтық полотно.
  • Фильмоскоп, диапротектор, диафильмдер, диапозитивтер.
  • Сынып тақтасының үстінде жиналған түрде орналасқан
  • диафильмдер мен диапозитивтерді көрсетуге арналған экран.
  • Әріптердің қабырғалық кассасы. Барлық дыбыстардың профилі.
  • Топтағы әр балаға әріптер мен буындардың жеке кассасы.
  • Тақта үстіне бекітілген жазба және бас әріптердің стандартты кестесі.
  • Жеке конверттерге, жәшікшелерге салынған, лексикалық және

фонетикалық топтар бойынша орналасқан оқушылардың ауызша және жазбаша тілін зерттеу кезінде қолданылатын көрнекі материалдар.

  • Тақырыптар бойынша жүйеленген тіл дамытуға арналған көрнекі материал.
  • Карточка-символдар түріндегі (мысалы, дыбыстың, сөздің,сөйлемнің графикалық бейнеленуі) оқу құралдары, жеке тапсырмасы бар карточкалар, дыбысты айту жұмысы бойынша альбомдар.
  • Түрлі тілдік ойындар, лото, конструкторлар.
  • Есту және көру қабылдауын дамыту материалдары (музыкалды

ойыншықтар, құстардың дауысының жазбасы, т.б.)

  • Негізгі психикалық процесстерді түзету және дамыту бойыншаü

материалдар.

  • Демдік ағымды қалыптастыру үшін жаттықтырғыштар.
  • Қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін жаттықтырғыш.
  • Әр балаға түсті қаламдардың (қызыл, жасыл, көк түсті)ü
  • жиынтығы.
  • Қазақ тілінен кітаптар.
  • Логопедтің оқу-әдістемелік әдебиеттері. Сөздіктер, анықтамалар.
  • Оқытудың техникалық құралдары: кодоскоп, ойнатқыш,
  • пластинкалар жиынтығы, магнитофон немесе видеомагнитофон,
  • компьютер (білім беру мекемесінің мүмкіншілігіне қарай).
  • Арнайы құралдар: құм сағат, секундомер, метроном.
  • Қабырғаға ілетін сағат.
  • Үстел лампасы.
  • «Логопед бұрышы» - сабақ кестесі, топтардың толықтырылуы;

сөйлеудің, жазудың ережелері; сөздің, сөйлемнің дыбыстық-әріптік анализінің жобасы; сабаққа арналған материал, көрнекі құрал, т.б. ілініп тұратын стенд.

  • Орамал, сабын. Шелек, сыпырғыш, еден жууға және шаң сүртуге арнал ған шүберектер.
  • Логопедтің кабинеті эстетикалық жағынан жақсы безендірілуі керек    бөлме гүлдері өсіп тұруы қажет. Түзету процесімен байланысты емес   материалдардың ілініп тұруы қажет емес.

 

 

 

 Оқу жылының басына 15 қыркүйектен кейін мектеп

директоры логопед-мұғалімнің жұмыс уақыты, логопедиялық

сабақтар кестесі, оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың жалпы

жоспары, логопедиялық топтардың толықтырылуы және осы топтарға

перспективалы-тақырыптық жоспарлар бекітілген «Логопункттегі

жұмысты ұйымдастыру туралы» бұйрығын шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау» Заңына сәйкес Қазақстанда өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ дамуында мәселесі бар балаларға диагностикалық-түзете дамыту көмегін көрсету үшін ерте жастағы балаларға ерте көмек көрсету жүйесі ендіріле бастады.Балалар емханаларында және алғашқы медициналық-санитарлық мекемелерінде балалардың психофизиологиялық даму ерекшеліктерін анықтауды ұйымдастыру: балалардың кемшіліктерін дер кезінде анықтап, қажет болған жағдайда кешенді түрде терең зерттеу және көмек көрсету үшін оларды ПМПК-ке жіберу.Баланы скринингті тексеруден өткізген дұрыс. 
Скринингті тексерудің міндеттері: сөйлеу тіл кемістігі бар балаларды анықтау;оларды терең зерттеп, кешенді тексеру және түзете дамыту,тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерге жолдама береді.Сөйлеу тiлiнiң бұзылуын саралауды, сөйлеу тiлiнiң даму ерекшелiктерi мен деңгейiн, сондай-ақ оның интеллектуалдық даму деңгейiне сәйкестiгiн анықтауды логопед басқа мамандармен жүзеге асырады.Сөйлеу тіл кемістіктерін анықтау үшін невропатолог дәрігердің тексеруінен өткен дұрыс.Себебі бұл сөйлеу тіл кемістіктерінің себептерін анықтап,балаға қажетті емдеу жолдарын көрсетеді.Сөйлеу тіл бұзылымдарының себептерін анықтағаннан кейін, психофизиологиялық еркешелігін,олардың потенциальды (ықтимал,болуы мүмкін) -ішкі мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып, мүмкіндігінше кемістігінің орнын толтыруға, қалпына келтіруге жағдай туғызып, түзету жолдарын қарастырады.Тіл кемістігі бар балаларды ПМПК жағдайында диагностикалау және кеңес беруді ұйымдастыруда, жұмысын құрудың жалпы қағидаларына (тәртіпаралық және отбасы-орталық) сүйенеді.Тәртіпаралық тексеру ПМПК пен әр саладағы мамандардың бірлесіп тексеруі, оның нәтижесін талқылағаннан кейін шыққан ақырғы қорытынды мен нұсқауды бекітуді ұсынады.Дамуында кемістігі бар балалармен емдеу және түзету жұмыстары ертерек басталса,соғұрлым жетістіктері сәтті болады.Баланың дамуындағы ерте кезеңінде көрсетілген психологиялық-педагогикалық көмектер кемістіктерді жартылай немесе толықтай жеңуге мүмкіндік туғызып,балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуін дамытып, мүмкіншілігі шектеулі балалардың санын азайтады.Қорытындылай келе ерте коррекциялық араласу медициналық-психологиялық-педагогикалық абилитация және реабилитация көзқараста ғана емес, сонымен әлеуметтік-экономикалық және этикалық көзқараста тиімді демекпін.

Информация о работе Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру ерекшеліктері