Инвестициялар туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:01, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялардың көзі болып жаңадан қалыптасқан құны немесе жаңа табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табыс есебінен және капиталдар нарығындағы несиелердің есебін жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның қарамағында қалған табыс болып саналады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Содержание

Кіріспе

I- Бөлім. Қаржы инвестицияларының түсінігі

1.1. Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері

1.2. Қаржы инвестиция есебі нарығының пайда болу себептері


II-Бөлім. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы және қайта бағалануы

2.1. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы

2.2. Инвестицияның құнын анықтау және түгендеу

2.3. Қаржы инвестицияларын шығару, сату және аудару

2.4. Қаржы инвестицияларын қайта бағалау есебі

III- Бөлім. Қаржы инвестицияларының талдануы және аудиті

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері 27-бет.doc

— 152.50 Кб (Скачать файл)

Опцион дегеніміз  – алдын ала келісілген мерзім ішінде, яғни қандайда бір уақыт аралығында белгіленген баға бойынша немесе келісілген баға бойынша белгілі бір активтерді сатып алу, сату үшін құқық беретін екі жақты жасалған келісім-шартты білдіреді.

Фьючерс дегеніміз  – сатып алу және сату келісім-шарты жасалған кезде белгіленген баға бойынша онда көрсетілген мөлшердегі өнімдерді жеткізіп беру немесе қабылдап алу міндеттемесін білдіретін биржалық метзімді белгілі бір үлгідегі құнды қағаз болып табылады.

Инвесторлар - ұзақ мерзімді пайдаланылатын активтер құру, өз қаражаттарын инфляциядан сақтау мен акциядан дивидент түрінде, облигациялардан сыйақы түрінде табыс алу мақсатында өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салатын субъектілер.

Егер эмитенттер- меншік және айналысатын қызметі мен  сала түрлеріне қарамастан әр уақытта  тек заңды тұлғалар болса, инвесторлар өз алдына екі топқа бөлінеді:

  • жеке инвесторлар, яғни жеке және заңды тұлғалар;
  • институттандырылған инвесторлар, былайша айтқанда қаржы институттары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары т.б.

Инвестициялық мақсаттарын шешуге байланысты венчурлік, төте және портфельдік инвесторларға ажыратылады.

Венчурлік инвесторлар- қауіпті тәуекелге байланысты және тез қайтарымды күрделі салым инвесторлары.Бұл жаңа құрылып жатқан мұнай және газ компанияларына, жаңа компьютерлік жүйелер мен бағдарламалық өнімдерге, технологияларға т.б. салынатын салымдар.

Портфельдік инвестициялар- қауіпті тәуекелдік жағдайында өте жоғары табыс алуды қамтамасыз ету немесе төменгі тәуекелділікпен белгіленген нормадағы табыс алу мақсатында активтерін тиімді үйлестіре отырып орналастыру, яғни әр түрлі санды инвестицияларға иемдене отырып оптималды табыс табу.

Инвестициялар- бұл ұйымның табыс алу (мысалы, сыйақы (мүдде), роялти, дивиденттер мен төлемі), инвестицияланған капиталды өсіру немесе басқа да пайда алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәтижесінде) мақсатында иеленетін активтері.Инвестицияларға сонымен қатар қолданылмай тұрған қозғалмайтын мүлік те жатады.Оған басқада тиімді инвестицияларға инвестор өзі шығарып өндіретін өнімге қажет шикізат алатын жабдықтаушы кәсіпорындардың акциясын сатып алу жатады.Мұндай салым инвестордың өндіріс процесін бұзылудан,тоқтап қалудан сақтайды.Инвестициялар бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес иелену мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Инвестициялар үлестік және борыштық бағалы қағаздармен  берілуі мүмкін.

Операцияларды есепке алу және инвестицияның қолда  бар болуы мен қозғалысы туралы ақпаратты кеңірек түсіну үшін қаржылық- шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есептің  бас шоттар жоспарының 14 «Инвестициялар» және 40 «Қаржылық инвестициялар» бөлімшелерінің шоттары арналған.

Бухгалтерлік  есеп стандартының инвестицияларды  иелену мерзімдері туралы ақпараттарды ұсыну туралы талабы берілген бөлімшелердің  шоттарына сәйкес субшоттардың ашылуымен орындалады.Үлестік бағалы қағаздар әдетте жәй және артықшылығы бар акциялармен көрсетіледі.Бірақ үлестік бағалы қағаз ретінде акциядан басқа иелену мен мүліктегі үлесін сату құқығын растайтын кез- келген қаржылық құралы болуы мүмкін (коорпорация – эмитенттен шығарылып, кейіннен қайта сатып алған облигациялар мен акциялардан сонымен қатар өтелуге ұсыныла алатын артықшылығы бар акциялардан басқа

Ұйымның иелігіндегі  бағалы қағаздардың жиынтығы инвестициялық портфель деп аталады.

Қысқа мерзімді инвестициялар тез өткізілуі мүмкін және 1 жылдан көп сақталынбайды деп болжанатын инвестициялар.

Субъект өзінің есеп саясатында инвестицияны бағалау  әдісін және қайта бағалау кезеңдерін белгілеулері керек.Олар есеп саясатының есеп беру кезеңдерінде басшылыққа алулары керек.

Кез- келген қаржылық инвестицияны есепте сатып алу құнымен  есепке алынады.Сатып алу құнына тек жеке қаржылық инвестицияның  құны ғана кірмейді.Оған комиссиондық және диллерге, брокерге, қор биржасына, тәуелсіз тіркеушілерге ,т.б. төленетін сыйақылардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қаржылық инвестицияның жіктелуі мен бағалануы және  қайта бағалануы.

2.1 Қаржылық инвестицияның жіктелуі және бағалануы.

Қандай да бір  кәсіпкер құрылысты сату үшін қаржы  керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс  нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біеулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрін болмасын алғанда  қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокқа сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияға жіктеледі:

а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін;

б) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық болып келеді.

Бағалы қағаздардың  құқығы кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін, оларды былайша  бөледі:

-бағалы қағазды ұсынушыға – құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (индентификациялауды) талап етпейді, ұсынушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушыға бағалы қағаздарды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым тапсыру жолмен беріледі;

-ордерлік бағалы қағаз – оны бірінші болып иеленушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл оларда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп – индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына емес,  сонымен бірге оның жүзеге асуына дажауап береді.

Бағалы қағаздардан алынатын табысы жөнінде оларды борыштық және инвестициялық деп бөлуге болады.

Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды төлеу және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.

Инвестициялық бағалы қағаздар оның иесіне эмитенттердің активтерінен өз үлесін иемденуге құқық береді. Инвестициялық бағалы қағаздарға эмитенттердің барлық типтерін қоса алғандағы акциялардың барлық түрлері жатады.

Бағалы қағаздардың  эмиткнттік сипаттамасы бойынша  ол: мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелерІ), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.

Мәмлелерге  тәуелді етіп шығарылатын бағалы қағаздар: қор, яғни фондалық (Үкімет пен Ұлттық Банкінің борышкерлік міндеттемелері) және судалық (комерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.

Фондалық бағалы қағаздар эмиссиялардың көптеп шығарылуымен ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

Судалық бағалы қағаздар комерциялық бағытқа ие. Олар негізінен суда операциялары бойынша есеп айырысу үшін және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Нарықтағы айналыс  ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық және нарықтық емес етіп бөінуі мүмкін.

Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықтық екінші рет еркін сатылуы немесе сатып алынуы мүмкін.

Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұл, мысалы, шығарылу кезінде эмитенттің өзі ғана сатып алуы тиіс деп шарт жасасқан бағалы қағаздарға қатысты болады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздарды да осы топқа жатқызуға болады. Мысалға, жабық АҚ акциялары жатады.

Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша, ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдың бағалы қағаздары болып бөлінеді.

Ақша  нарығы дегеніміз – қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі – бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар әдетте төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болсы ғана шығарылады. Ақша нарығынның бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, комерциялық қағаздар жатады.

Бағалы қағаздар ұсынған капиталдар нарығы бір жылдан астам әрекет етеді. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін.

Бағалы қағаздардың  атқаратын ролі бойынша негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) болып бөлінеді және негізгі 0бағалы қағаздардың алынуы мен сатылу құқығын куәландыратын бағалы қағаздардың қатарына: варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып алу құқығының артықшылықтары жатады.

Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеттерімен, жіктеу мақсатына сәйкес, басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтаылатын және қайтарылмайтын, тіркелген немесе табыспен бірдей тербелісте болатын) етіп бөлуге болады.

Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей  жүріп, олар салымдардың талаптандырылатын  принціпін ұсынуы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттарын бірнеше компаниялардың кацияларына салатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық портфелі деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

Қоржындық инвестициялаудың объектілері ретінде: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері  сияқты әр түрлі бағалы қағздар әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау, ол өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың құрамын да, көлемін де инвестор өзгерте алады.

Қоржынды құрастыру  кезінде инвестор келесі факторларды  есепке алуы тиіс: тәуелділікті, табыс  дәрежесін,орындалу мезімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық мақсатқа тәуелді белгілі бір типтегі қоржындарды қалыптастырады. әдетте қоржынның келесі типтерін: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип- табыс қоржыны.

Қоржынның бірінші  тип мақсаты өсімді көбіне дивиденттер  мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздар курсының өсімі есебінен алуы болып табылады. Олар негізгі салымды, акция есебінен салғанды қалайды. Капиталдың күтілетін өсімі және тәуекелділіктің арасынан: агрессивті, консервативті және орташа өсімді етіп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне бағдарланады. Бұл қоржынның үлкен тәуелділікпен байланысты екенін көсетеді, бірақ эмитенттер кәсіпорындардың қолайлы даму барысында ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Бұл қоржынның құрамы әдетте тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен толтырылуы мүмкін. Қоржынның орташа өсіміне агрессивті және консервативті қоржындардың бір мезгілдегі инвестициялық ерекшеліктері ие болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса, даму үстіндегі жас кәсіпорындардың  да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жоғары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.

Қоржындардыңекінші  типі дивиденттер мен порценттер есебінен табыс алу. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нолге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар әрекет етеді. Оның құрамына енетін инструменттер олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелінетін қоржындар: ақша акциялары мен облигациялардан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен, егер бұған нарықтық коньюктура мүмкіндік беретін болса, онда жай акциялардың өзі де қосымша табыс әкеледі. Басқаша жағдайда, қоржындық инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.

Ақша нарығының  қоржындары капиталды толық сатуды мақсат тұтады. Оның құрамына ақшалай  қаражат пен сатылуы тез активтер кіреді. Егер ұлттық валютаның бағамы төмендеу тенденциясын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп салған капитал нольдік тәуекелділігін сақтайды. Облигациялардың қоржындары облигациялар есебінен қалыптасады және нольдік тәуелділігінде орташа табыс әкеледі.

Информация о работе Инвестициялар туралы түсінік