Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 15:48, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3

1 Инфляцияның теориялық аспектілері, түрлері мен факторлары 5

1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері 5
1.2 Инфляцияның түрлері және оның факторлары 7

2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары 11

2.1 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлырының теориялық аспектілері 11
2.2 Әлемдік тәжирибедегі инфляция салдарлары 13
2.3 Қазақстандағы инфляцияның тигізген әлеуметтік-экономикалық зардаптары 21

3 Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары 27

3.1 Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары 27
3.2 Қазақстан Республикасының инфляция салдарларының алдын алуға бағытталған 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары 32

Қорытынды 35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс Макроэкономика.docx

— 127.56 Кб (Скачать файл)

Бұл жерде  қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатын  белгілі Италия экономисі есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін  тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді процент  жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Біраз батыс  экономистерінің пікірінше, «Пигу  әсері» экономикада нақты болатын  жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді. /11, 106б./

Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.

«Сұраным  инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген. /2, 98б./

Жоғарыда  келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным  сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.              

 

 Шығындар  инфляциясы график түрінде  2 - суретте көрсетілген:  

Айтылған  себептерге байланысты өндіріс шығындары  өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды. /2, 99б./   Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.  

ХХ – ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы  әлемнің бірде – бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз  өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың  соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында  бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы  циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл  құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады. /2, 105б./ 

Батыс  елдерінде  жинақталған  тәжірибе  көрсеткендей,  инфляцияға  қарсы  ұзақ  және қысқа  мерзімдік іс – шаралар  саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің  ұзақ  мерзімдік саясаты:

Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады. /13, 503б./

Инфляция  сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл - импортталатын жөне экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

Экспортталатын  инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

Инфляцияныц көріну нысаны — ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығының тиісінше төмендеуі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

ІI. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары

 

2.1 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық  салдарлырының теориялық аспектілері

 

Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен  тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі  мүмкін емес.Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға  әкеп соқтырады.

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз  қайта бөлуіне мәжбүр етеді.

Қаражаттар  жеке сектордан мемлекет тарапына қайта  бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының  барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені  инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады.Инфляциялық  салық нақты ақша қалдығы құнының  төмендегенін көрсетеді.

Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол- ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша  басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің  басып шығарған ақша үшін алатын нақты  ресурстарының санына тең болады. Сеньораж халықтың өздерінің ақша қалдықтарының  нақты құнын ұстап тұрған жағдайдағы инфляциялық салыққа тең болады.

Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты табыстардың  төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау  жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан  қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің  нақты табысын өсіре алады.

Нақты активтер иелерінің инфляциядан қорғанысы  молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның  жалпы дәрежесінен артық болып  отырады.

Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляция нәтижесінде кредиторлар  ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер  қарыз ставкасын жоғарлатады. Осы  жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін төмендетеді. Бұл ситуация ұзақ мерзімді аспектіде ЖҰӨ нақты  көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.

Салық салудың  погрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан  қаражаттар алынуын шапшандатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қоғамның кәрімүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.

Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын  қиындата түседі. Ңәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер  көбейеді. Осының төлемі ретінде процент  ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар  қысқы мерзімдік сипат ала  бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде  күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта  бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл- ауқатын  және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.

Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның  өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қаблетін төмендетеді. бұның нәтижесінде  импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық  көбейеді және тауар өндірушілер  ойсырады.

Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге  кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. осылар бағаның өсуін  жылдамдатады.

Алтыншыдан, ақша формасында жасалған жинақтың нақты  құны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде  осы тауарлардың бағасы, бағаның  жалпы дәрежесінің өзгеруінен шапшаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі  экономикадағы сұраныстың өсуіне дем  береді, ақшадан қашуға жол береді. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты  активтер сатып алу үшін қосымша  шығын жасауға мәжбүр болады.

Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымыөзгереді және нақты табыстары төмендейді. мемлекеттің экспонсионистік фискалдық  және монетарлы саясат жүргізуге  мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осыларды ұдайы өндіру механизмі іске қосылады.

Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген  жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек және бұрынғыдан да жақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экокномикалық өсудің төлемі және оның стимулы болып табылады. Дефляция керісінше жұмспен қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдаланылуын төмендетеді.

Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өіруге мүмкііндік бермейді. Бірақ инфляциямен бір жақтан өндіріс көлемін және жұмыссыздықтың, екінші жақтан арасында тікелей өзара байланыс болмайды. /15, 83б./

 

2.2 Әлемдік тәжирибедегі  инфляция салдарлары

 

Нарықтық  экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың болып өткен түрлерімен салыстырғандағы  артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда нарықтық экономика бұрын  болмаған апаттармен де байланысты. Сөз  ең алдымен инфляция және жұмыссыздық  туралы болып отыр.

Инфляция  тауарлар мен қызметтерге қатысты  ақшаның құнсыздануы болып есептеледі және бағалардың өсуі түрінде көрініс  табады. Егер өткен жылдардағы бағалар  индексі мәлім болса, онда инфляция қарқыны ағымдық және базалық  кезеңдер бағалары индекстері айырмасының  базалық кезең индексіне қатынасы ретінде анықталады, ол пайызбен өрнектеледі:

 

 (1)

 

мұнда π – инфляция қарқыны;

Р – ағымдық кезең бағаларының көрсеткіші;

Р0 – базалық кезең бағаларының көрсеткіші.

Инфляция  қарқынының кіші мәндері үшін «70 санының  ережесін» қолдануға болады. Инфляцияның  кішігірім қарқыны кезінде (жылына 5%-дан аз), егер 70-ті бағалардың жыл  сайынғы өсу қарқынына бөлсе, онда бұл – инфляция қарқыны екі  еселенетін шамамен алынған жыл  саны:

 

, (2)

 

мұнда – шамамен алынған жылдар саны, осы уақыт ішінде инфляция қарқыны екі есеге ұлғаяды;

π – ТБИ-дің жыл сайынғы өсу қарқыны, %.

«70 санының  ережесі» көбіне-көп нақты жалпы  ішкі өнімнің немесе жеке қор жинақтарының екі еселену уақытын анықтау  үшін қолданылады.

Сандық тұрғыдан алғанда, инфляция төмендегі түрлерге бөлінеді: біркелкі – шамамен жылына 5–10%-ға дейін, шоқырақтаушы – 20-50%-ға дейін  және гиперинфляциялық – жылдық көрсеткіші 100%-дан астам.

Әлемдік тәжірибеде инфляцияның гиперинфляцияға ұласуының  көптеген мысалдары бар.

Инфляция  деңгейін өлшеу үшін статистер ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) дефляторының көрсеткішін қолдануды ұсынады. Осы жағдайда «таразы» ретінде ағымдағы ЖІӨ-нің көлемі алға шығады. Бұл – Пааше бағалар индексі:

 

 (3)

мұнда – Пааше бағалар индексі;

 – ағымдағы кезең бағаларында  берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі;

 – базистік кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі.

Инфляцияны  өлшеудің басқа әдісі Ласпейрес  бағалар индексі болып табылады. Ол бағаларды өлшеу үшін «таразы» ретінде ЖІӨ-нің базалық көлемін  қолданады.

Берілген  әдіс тұтыну және көтерме бағаларын  және т.б.өсімін өлшеу үшін кеңінен  пайдаланылады. Ласпейрес көрсеткішінің  формуласы:

 

 (4)

 

мұнда – Ласпейрестің бағалар индексі;

 – ЖІӨ-нің ағымдағы кезең  бағаларымен есептелген базалық  көлемі;

 – базистік кезең бағаларымен  есептелген ЖІӨ-нің базалық көлемі.

Тәжірибе  көрсеткендей, Ласпейрес бойынша  өлшенген бағалар көрсеткіші бағалардың өсуі жағдайында тым жоғарылатылған мәнді береді. Ал ол Пааше бойынша  өлшенсе, онда инфляция деңгейін төмендетіп жібереді.

Біздің  ойымызша, осындай жағдайда орташа мәндерді пайдаланған жөн. Олардың  бірі орташа геометриялық көрсеткіш  ретінде есептелетін Фишер индексі  болып саналады:

 

, (5)

 

мұнда – Фишер индексі.

Ақшаның сандық теориясы айналым үшін қажетті  ақша саны баға деңгейіне және нарықта  айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер  көлеміне тікелей пропорционалды тәуелділікте және ақша бірлігінің айналым жылдамдығына кері тәуелділікте екенін көрсетеді:

Информация о работе Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары