Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 15:48, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3

1 Инфляцияның теориялық аспектілері, түрлері мен факторлары 5

1.1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері 5
1.2 Инфляцияның түрлері және оның факторлары 7

2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары 11

2.1 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлырының теориялық аспектілері 11
2.2 Әлемдік тәжирибедегі инфляция салдарлары 13
2.3 Қазақстандағы инфляцияның тигізген әлеуметтік-экономикалық зардаптары 21

3 Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары 27

3.1 Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру жолдары 27
3.2 Қазақстан Республикасының инфляция салдарларының алдын алуға бағытталған 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары 32

Қорытынды 35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс Макроэкономика.docx

— 127.56 Кб (Скачать файл)

 

, (6)

 

мұнда M – экономикадағы ақша көлемі;

P – бағалардың орташа деңгейі;

V – ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;

Y – нарықта айналыста жүрген тауарлар мен қызметтер массасы. /11, 38б./

Инфляция  бағалардың өсуінен көрініс табатындықтан  және осы өсім пайыз түрінде болып  келетіндіктен, бұл формула инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды  көрсетеді.

Бұл, біріншіден, тауар массасының көлемі. Дәл соғыс кезеңдерінде өндірісті  азаматтық салалардан бөліп әкету  орын алады, демек, инфляция – соғыстар мен төңкерістердің тұрақты серігі.

Нарықтық  қатынастарға енудің Ресейлік және Қазақстандық жолы басынан бастап тауарлардың  да, мемлекеттік бюджеттің де тапшылығының жоғары деңгейімен, яғни мемлекеттік  шығындардың мемлекеттік табыстардан  асып кетуімен айқындалды. Сондықтан  да инфляцияның орын алуы таңқаларлық  жағдай емес еді. Төменде келтірілген 1-кестеде оның көлемі көрсетілген.

 

 

1-кесте  – Экономикалық реформа барысындағы  Ресей мен Қазақстандағы инфляция

 

 

Жылдар

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

Ресей

84,4

36,5

20,2

18,6

15,1

13,6

11,0

10,6

11,5

Қазақстан

12,5

17,8

9,8

6,4

6,6

6,8

6,7

7,5

8,4

Ескерту – ҚР Статистика агенттігі материалдары бойынша құрастырылған.


 

Инфляция  ақша белгілерінің айырбастаудың үздіксіз үдерісін және қоғамдық капиталдың ұдайы  өндірісін қамтамасыз етуге қажетті  мөлшермен салыстырғанда басы артық  санының шығарылуымен байланысты құнсыздануы  болып саналады десек, онда Филлипс  қисығы бұл үдерісте жұмыссыздық  деңгейі мен инфляция қарқыны  арасындағы тәуелділікті сипаттайды.

Филлипс еңбек өнімділігі өсуінің шамамен 2%-дық қарқыны кезінде Ұлыбританиядағы  жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны арасындағы ара қатыс графигін жасап шықты (-сурет).

 

 

3-сурет – 1960 ж. Ұлыбритания үшін Филлипс қисығы

 

1-суреттен  көрінгендей, Ұлыбританияда баға  деңгейінің тұрақтылығы жұмыссыздық  деңгейі жылына 2%-дан төмен түспеген  жағдайда ғана сақталуы мүмкін, егер жұмыссыздық 2%-ға дейін  қысқарса, онда баға 1%-ға көтеріледі, ал 1,5%-ға дейін қысқарса, онда  бағаның өсуі 2,5%-ды құрайды. 

АҚШ-қа арналған Филлипс қисығы Ұлыбританияға арналған Филлипс қисығынан шығатын нәтижелерден анағұрлым өзгеше нәтижелер көрсетеді. Бағалар тұрақтылығына жұмыссыздық  деңгейі 5,5%-ға тең болғанда қол жеткізіледі. Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі 2,5% болған кезде ғана баға тұрақтылығы  сақталса, АҚШ-та 5,5%-да ғана инфляция көрініс  табады. Басқа сөзбен айтқанда, Филлипс  қисығы инфляция мен жұмыссыздық  арасындағы балама (альтернатива) деп  болжанады десек, онда мемлекеттік  экономикалық саясаттың дилеммасы, яғни 1) жоғары инфляция кезінде жұмыссыздықтың төмен деңгейін қолдау немесе 2) инфляцияның  төмен деңгейінде жұмыссыздықтың жоғары деңгейін қолдау мәселесі алдан шығады. Инфляцияның салыстырмалы түрдегі  жоғары қарқынымен күресу үшін мемлекет жиынтық сұранысты сығымдау бойынша  іс-шаралар кешенін өткізуі тиіс. Бұны ақша көлемін азайту және мемлекеттік  шығындарды қысқарту көмегімен жүзеге асыруға болады. Зерттеу икемді бағалар  жағдайында жиынтық сұранысты ынталандыру  арқылы шығарылымды арттыруға бағытталған  саясат инфляцияға әкеп ұрындыратынын  көрсетті.

Инфляциямен күресу үшін Үкімет табыс саясатын, яғни жалақы мен бағаларды тікелей  бақылауды іске асырады. Егер табыс  саясаты бюджет тапшылығын қысқарту және ақша массасын бақылау бойынша  шаралар енетін экономикалық саясат іс-шараларының тұтас кешенінің  құрамдас бөлігі болып табылса, онда ол тиімді.

Бағалар мен  еңбекақының тұрақталуы инфляцияның  төмендеуіне, яғни бағалар өсімінің орташа қарқынының қысқаруына алып келеді, бірақ бұл жағдайда бағалар ресурстарды  тиімді таратуда белсенді рөл ойнаудан тысқары қалады. Қысқа мерзімде шығындар шамалы ғана болуы мүмкін, алайда егер еңбекақы мен бағалар ұзақ уақытқа  белгіленсе, онда еңбек ресурстары мен жекелеген тауарлар тапшылығы  пайда болады.

Диссертациялық жұмыста экономикалық өсімнің тұрақты қарқынына ұзақ мерзімді факторларды тарту жолымен қол жеткізілетіні атап өтіледі, ол факторлар бағалар төмендеуінің, нақты еңбекақы деңгейін арттыру және халықтың өмірін жақсартудың алғы шарты болып табылатын еңбек өнімділігінің ұдайы өсірілуін қамтамасыз етеді. Төмен еңбек өнімділігі – аз деңгейлі еңбекақының басты себебі. Бүгінгі таңда уақыт бірлігі ішінде Ресейдегі жұмыскер Германия мен Жапониядағы өз әріптесіне қарағанда 5-6 есе аз өнім шығарады.

Субсидия беру жүйесі кәсіпорындардың  белгілі бір топтарын нарықтық механизм қысымынан қорғауға бағытталған. Субсидиялар  кәсіпорындардың кей шығындарға назар аудармауына және нарықтық жағдайдың өзгерістеріне көңіл  бөлмеуіне мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік саясат мемлекеттік  корпорацияларды немесе тіпті тұтас  салаларды да ресми қаржыландыруды көздейді, олар стратегиялық немесе саяси  тұрғыдан қажет деп танылады. Осы  салалардың (металлургия, энергетика, әуе және кеме жасау) көпшілігінде көлемнен үнемдеу бар болғандықтан, үкімет фирмаларды ірілендіруге қол жеткізеді. Өнеркәсіп саясаты субсидия, мемлекеттік  тапсырыстар, сауда саясаты сияқты түрлер қабылдауы мүмкін.

Сауда саясаты  импорттық квоталар мен тарифтерді, сатып алу саясатын, экспорттық несиелерді анықтайды. Ресей мен Қазақстанның алдағы ДСҰ-на кіруіне байланысты отандық  кәсіпорындарға өз өнімдерін осы  халықаралық ұйымның талаптарына  сәйкестендіруіне көмек көрсету  қажет.

Диссертациялық  зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қаржылық тұрақтылыққа және соған сәйкес елдегі инфляциялық үдерістердің дамуына  сыртқы факторлар елеулі әсерін тигізеді.

Дамушы нарықтарға үздіксіз келу үстіндегі капитал  ағыны үшін негізгі тәуекелдер мыналар  болып есептеледі: АҚШ-тағы пайыз  мөлшерлемесінің күтілген деңгейден  асып кету мүмкіндігі, валюталардың айырбас  бағамының деструктивті тербелістері, тәуекелді инвестицияларға кедергі  келтіруі мүмкін жаһандық қаржылық дисбаланстарға қатысты алаңдаушылық, геосаяси тәуекелдер, сол сияқты әлемдік нарықтағы  мұнай ұсыныстарында орын алуы мүмкін секірістер. Бұл қалыптасу үстіндегі  нарықтардағы активтер бағасы әлі де болса сыртқы әсерлерге тәуелді  екендігін дәлелдейді. Сондықтан  әрбір жекелеген елде инфляцияны реттеу негіздері оның тарихи даму ерекшеліктерінен, сонымен қатар  экономикалық, әлеуметтік және саяси  жағдайының өзгешелігінен туындауы тиіс. Алайда бар айырмашылықтарды ескергеннің өзінде де инфляцияны реттеу көп елдерде ортақ сипатқа  ие. Ол радикалдығы, мерзімі және өткізілу бір ізділігі бойынша ғана ажыратылады. Жалпы мемлекеттің үдеу үстіндегі  инфляцияға жауабы екі түрлі болуы  мүмкін:

  • халық оған неғұрлым зиянсыз бейімделетіндей жағдай қалыптастыру;
  • оған қарсы тұруға қабілетті шаралар жүйесін жасау.

Инфляция  тауар мен қаржы нарықтарында жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан  тұрақты түрде артуына алып келетін  деформациялармен байланысты болу себепті  антиинфляциялық реттеу шарасы міндетті түрде үш блоктан, яғни жиынтық сұранысты реттеу, жиынтық ұсынысты реттеу және валюталық реттеуден тұрады.

Макроэкономикалық аспект ақша-несие, бюджет-салық және валюталық саясаттың тауар, ақша және валюта нарықтарына әсер ету  мәселелерін қамтиды. Антиинфляциялық  саясаттың қандай да бір құралын  қабылдау нақты экономикалық жағдайдың  ерекшеліктерін сипаттайтын шарттардың неғұрлым үлкен көлемін бағалау  нәтижесі болып табылады. Антиинфляциялық  саясат әлемдік тәжірибеде әр түрлі  бюджет-салық, ақша-несие іс-шараларын, тұрақтандыру бағдарламалары мен ресурстарды  реттеу және бөлу бойынша іс-қимылдардың  бай ассортиментіне ие деп саналады. Сұраныс инфляциясы туындағанда, оны  бақылау үшін шектеуші немесе тойтарушы  бюджет-салық саясаты қажет. Бұл  жағдайда үкімет мемлекеттік шығындарды азайта және салықтарды көтере алады.

Валюталық реттеу – валюталық саясатты іске асыру  құралдарының бірі. Валюталық саясаттың  келесідей негізгі нысандары  қолданылады: дисконттық, девиз саясаты  және оның бір түрі – валюталық  интервенция, валюталық қорларды әртараптандыру, валюталық шектеулер, валютаның  айырбасталу дәрежесін реттеу, айырбас  бағамының режимі, девальвация, ревальвация.

Валюталық саясат нысандарының бірі ретінде валюталық  шектеулер оқтын-оқтын пайдаланылады. Олар валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады, оған мемлекеттің  көрсетілген операцияларды қадағалау, тіркеу, статистикалық есепке алу  бойынша шаралары кіреді.

Антиинфляциялық, әрі тұрақтандыру бағдарламасын  жүзеге асыруда инфляцияны реттеудің  ортодоксалды және гетеродоксалды әдістеріне баса назар аударылады.

Ортодоксалды  әдісте мемлекеттік бюджет тапшылығын мемлекеттік шығындарды (басқару, қорғаныс салалары, әлеуметтік мақсаттар, мемлекеттік  секторды қолдау, мемлекеттік субсидиялар  мен күрделі қаржы, т.б.) азайту ғана емес, сондай-ақ салықтық ауыртпалықты күшейту есебінен қысқартуға ерекше көңіл бөлінеді. Қатаң бюджет-салық  саясаты ақша-несие саясатын күшейту  жолымен қабаттаса жүреді, бұл  «қымбат ақшалар» саясатында, яғни ақша эмиссиясын шектеу, ОБ несиелерін қысқарту, пайыздың есептік мөлшерлемесін арттыру, резервтік талаптар нормасын ұлғайту, мемлекеттік бағалы қағаздарды қор нарығында сату, т.б. іске асады.

Ортодоксалды  әдістің экономикалық тұрақтандырушыны («зәкір» деп аталынатын стабилизаторды) таңдауымен байланысты екі негізгі түрі бар. Бірінші жағдайда ақша зәкірі таңдалады, яғни негізіне қалқымалы айырбас бағамына ие қатаң бюджет-салық және ақша-несие саясатына негізделген монетарлық әдістер қаланады, бұндайда антиинфляциялық шаралар ретінде жиынтық сұраныстың қысқаруы мен ақша массасының шектелуі алға шығады. Екінші жағдайда валюталық зәкір таңдап алынады, онда басты назар басқарылатын девальвация, валюталық дәліз орнату, белгіленген бағам жолымен айырбас бағамын тұрақтандыруға аударылады; көрсетілген шара инфляциялық күтілімді төмендетуге, экономикалық субъектілер іс-әрекетін алдын ала болжау дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді, ішкі бағаларды жария етілген бағамға байлап тастайды, сөйтіп антиинфляциялық салдар иеленеді.

Гетеродоксалды әдісте бағалар  мен табыстарға қатысты қолданылатын тұрақтылық саясатына баса назар  аударылады, дегенмен бұл кезде ортодоксалды әдістің екі зәкірін де, басқаша  айтқанда, монетарлық саясат пен айырбас  бағамын тұрақтандыруды өз ішіне  тартуы мүмкін. Әңгіме бағалар мен  табыстардың шын мәнісіндегі (көбінесе, уақытша) тұрақталуы жайында қозғалып отыр, бұл қаржылық тұрақтылықтың  үшінші «зәкірінің» пайда болуын білдіреді.

Инфляцияның өсуі өндіріс көлемін қысқартады. Жоғары инфляцияның экономикаға  ұзақ мерзімді әсері жағымсыз болмақ. Елдердің көп бөлігін қамту жолымен  жүргізілген зерттеулер жоғары инфляцияның  он жылдық кезеңге, әсіресе жылына 10–20%-дан  асатын түріне есептелуі экономикалық өсімнің үдеуімен емес, қайта тежелуімен байланысты. Бұрын орталықтандырылған жоспарлы экономика иеленген елдердің көбінде инфляцияны салыстырмалы түрдегі  төмен деңгейде тұрақтандырғаннан  кейін ғана жағымды экономикалық өсімді қайтадан қамтамаыз ету мүмкін болды.

Талдау керсеткендей, инфляция деңгейін төмендетуге көмектесетін механизмдерді (тетіктерді) таңдау әр елде қатаң, әрі жеке-жеке іске асырылды. Инфляцияның әр елдегі өз себептері  де, сол сияқты өсу қарқыны да әр түрлі. Олар уақыт жөнінен де бір-бірінен  алшақ. Егер Латын Америкасы елдерінде  инфляцияның өсу қарқыны 70–80 жылдарда 300%-ға жетсе, Жапонияда олар нөлге  тең дерлік болды. Сонда да инфляция қарқыны көрінуінің ең шеткі көрсеткіштеріне  көңіл бөлсек, онда соғыстан кейінгі  кезеңге тоқтаусыз да біркелкі инфляция тән болған.

Егер антиинфляциялық  саясат тәжірибесіне тікелей назар  аударсақ, онда әр түрлі дамыған  да, дамушы да батыс елдеріндегі  жоғары инфляциямен күрестің басым  көпшілік мысалдары олардың бұл  жолда аралас бағдарламаларды пайдаланғандығын көрсетеді. Бұнда ортодоксалды да, гетеродоксалды да бағдарлама шаралары үйлесім тапқан.

Ресейлік  реформаны, әдетте, қаржы тұрақтылығының ортодоксалды типімен байланыстырады. Сонымен қатар гетеродоксалды сипатқа  ие шаралар да қолданылған. Олардың  кейбірі ашық сипат иеленді (энергоқорлар, темір жол транспорты, коммуналдық  қызмет, т.б. бағаларын біртіндеп  жіберу; 1994 жылға дейін еңбекақыны арттыруға салынатын салықтың өмір сүруі; бюджеттік ая жұмыскерлерінің  жалақысы бойынша біртұтас тарифтерді енгізу); басқалары көбіне-көп әлеуметтік тұрғыдан зиянды сипат (бағаларды ырықтандыру  нәтижесінде халықтың ақшалай салымдарының құнсыздануы, жалақының жаппай төленбеуі) иелене отырып, жанама түрде іске асырылды.

Инфляцияны  ауыздықтаудың қажеттігі бюджет-салық  және ақша-несие саясатын қатайтуды  талап етті. Осымен сәйкес 1995 жылдың ортасынан бастап валюталық дәліз орнату жолымен рубльді долларға бір жақты байлап қою режимі енгізілді, бұл сол кезде елдегі инфляциялық күтілімді шектеуге мүмкіндік берді.

Информация о работе Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары